Шығармалары деректі дүниелер


Баянғали Әлімжанов есімі аталған жерде көз алдыңа айтыстың



Pdf көрінісі
бет22/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Баянғали Әлімжанов есімі аталған жерде көз алдыңа айтыстың 
ақтангер тұлпары елестейді де, асау арынды, қуатты ақын жыр 
сәйгүлігінің жалына қол артып, аяғын алтынды ердің үзеңгісіне 
аяғын іліктірер-іліктірместе жүйтки жөнелетіндей сезіледі. 
Сондықтан ендігі сұхбат айтыс өнері төңірегінде өрбіді.
– Мен айтысты тұңғыш рет 1980 жылы теледидар арқылы та-
машалаған жанмын. Ол кезде айтыс ақыны атанып, жыр додасы-
ның ортасында жүремін-ау деген ой болған жоқ. Тек Алматыда сөз 
қадірін танитын текті ортаның тентегі атанып жүрген балаң кезім-
де реті келіп қалғанда ойымды өлеңмен суырып салып, айтып тас-
тайтын шақтар болушы еді. Сол қылығым күндердің күнінде Мә-
дениет министрлігінде жұмыс істейтін Шәрібек Алдашев ағамыз-
дың құлағына жетіпті. Әуелі «Айтысқа түс» деп қолқа салды. Көн-
бедім. Одан кейін «Аққу» кафесіне алып барып, екеуара көңіл хо-
шы кемеліне келді-ау деген тұста: «Сен айтысқа түсуге қорқып 
отырсың» деп салды. Намысқой, шамшыл мінезімді жақсы білетін 
болу керек. «Қорқақсың» дегеннен артық қорлық бола ма? Сол 
сол-ақ екен, көнбей отырған басым Шәрібек ағайдың құрығына 
қайтіп ілінгенімді білмей де қалыппын. Бірақ соның аяғы жаман 
болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет