Сол арада қазылар берген ұпай санын жинап алып қорытынды- лайтын есепшіден бір қулықтың өтіп кеткенін жүрегім сезді. Те- гінде: «Алдындағы айтыста бас жүлдені алған, соған риза болсын» деп, амалға барған болуы керек. Соны салмақтаған соң-ақ: «Бір тойда екі жарлық жүрмейді, Баянғали бас жүлдені алдыңғы бәй- геде топты жарып алып кеткен. Бұл жолы ол тіпті жүлде ти- месе де – саңлақ, біз өкпелемейміз, – дедім. Расында да сол жолы жұртшылық көрер көзге жасалған осы қиянатқа қатты шамыр- қанды. Сондықтан өз әділетсіздігі бір бүйірінде жатқан той иеле- рі кінәсін жуып-шайып, Баянғалиға ықлас пейіл көрсетіп жатты. Ал Баянғали өзінің ежелгі мәрттігіне басып, сол айтыстан алған жүлдесін Монғолиядан келген бір ағайынға тарту етті. Бұл – өзім шет жағасын байқаған жалғыз жайт. Ал осынау 14 жыл ішінде