86
қайратын ішіне жинайтын арыстай әкем жарықтық қосағының
қайғысынан мүжіліп-ақ қалған екен. Әншейін сыр бермей, қайрат-
танған болады. Бірақ бүкшиіп, бір үйде жалғыз қалғанын көріп,
жүрегім ауырды. Алматыға қайтып келдім
де, келіншегім Әлияға
айттым. «Жер жаннаты Жетісуды – туып-өскен алтын бесік төркін
жұртымды қайтіп қиып кетем?» деген жоқ, бірден Көкшетауға кө-
шіп баруға келісім берді. Аңқылдаған ағайын ақ пейілін мұнда да
танытқан, сол кездегі «Көкшетау правдасының»
редакторы Жа-
найдар Мусин ағамыз мені осы газеттің Еңбекшілдер ауданындағы
меншікті тілшісі етіп жұмысқа қабылдағанын білесіздер.
... Анам болса күннен-күнге сөніп бара жатты. Бірақ, тумысы-
нан өр, намысқой, есті еді, қашан демі үзілгенше сол қасиеттілігі-
нен айнымады.
– Құлыным, жұмысың қағаз ісі ғой, бірде алда боларсың, бірде
артта боларсың, оған ренжіме, – деді маған. Сонсоң:
– Кешегі кәмпеске кезінде бір үш ағайынды жігіт болыпты. Ба-
лапан – басына, тұрымтай – тұсына тоз-тоз болған шақта ағасы
кенже інісіне айтқан екен:
Қарағым, айналайын, інішегім,
Алдымда екі ағам деп сенуші едің,
Мал-мүлкің бір өзіңе қалды қарап,
Шырағым, тастағайсың еріншегің!
Сол айтқандай, сүт кенжем – әке ордасының ендігі адалбақаны
өзіңсің, тек арақ деген
әзәзілден аулақ бол, – деді.
Үшінші айтқаны – жан қосағы әкем болды: – Мені аттандыр-
ған соң егер орныма біреуді кіргізем десе, әкелгізбе, – деп бір-ақ
түйді.
Әкем жарықтық та қосағының өсиетіне қылдай қиянат қылған
жоқ, анамды арулап қойғаннан кейін де тоғыз жыл бізбен бірге
тұрып, өз қолымыздан ол кісіні де құтты жеріне қондырдық. «Ба-
лаларыммен бала болып отырамын» деп, үйленбеді.
Әкем төсек тартып жатқанда
қызмет бабымен Қырғызстанға
кетіп едім, үйге келсем, келіншегім Әлия әкейді аппақ қылып
жуындырып ақ төсекке салып нәрестедей аялаған екен. Әкем:
«Құлыныма, Әлияма рахмет!» деді. Әке тағдыры мені әркез тол-
ғантады. 1995 жылы Алматыда өткен айтыста:
Менің әкем Тақанның,
Ерлігі көп айтатын.
87
Жау тылынан тіл іздеп,
Түн ішінде жортатын.
Тоғыз танк талқандап,
Таң атқанда қайтатын.
Бейбітшілік заманда,
Қолтықтап-ап шалдарды,
Бір
телешке шөп сұрап,
Конторға қарай жортатын.
Сөйтіп жүрген батыр шал,
Менің шешем Бәтима
Марқұмнан жаман қорқатын.
Менің әкем Тақан шал,
Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты.
Қиратушы ед оны да,
Қырық шақырым қалғанда
Соғыс бітіп қалыпты,
Гитлер менен Геббельс,
Тақан келсе болмайт деп,
Жағдай енді оңбайт деп,
Атылып өліп қалыпты.
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын,
Халық қылған халықты! – деуімнің мәнісі осында.
... Әкейді құтты орнына қондырған соң ана жылдары Кеңащы-
дан Көкшетауға көшпекші болдық.
Шындап шашылсақ, қаладан
бір баспана сатып алуға болар еді. Бірақ атымды сатып, өнерімді
саудалап, билік басындағылардан сауға сұрауға бармадым. Осыдан
11 жыл бұрын Алматыдан Көкшетауға аттандырып тұрып қайран
Ғафаң, Ғафу Қайырбеков марқұм;
– Мен сені балам Бақыттан кем көрмеймін, – деп еді. Сонсоң
ағалық ақ мейіріммен батасын беріп:
Махаббат, шапағатты қатар жинап,
Қайтарсың аман-есен өз ұяңа, – деген.
Ғафаңның дуалы аузынан шыққандай,
Кеңащы маған қайыр-
сыз болған жоқ. «Махаббат пен шапағат тапқан» құтты мекен бол-
ды. Өзім Степнякта, Бұлақбасында туғанмын. Бірақ қайран елдің
құшағы кең, мейірімі мол, сол бауырмал аңқылдаған ақ пейілмен
88
Кеңащының жомарт көңілді қауымы бізді осы жолы қимастықпен
Көкшетауға аттандырып салды.
Достарыңызбен бөлісу: