Өткен жұма күні редакциямызда болған жүздесуге Көкшетау
халқының ардақ тұтып, мақтан ететін аяулы перзенттерінің бірі,
айтыс өнерінің дүлділі, манасшы, жазушы, сатиралы драматургия
жанрында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгер Баянғали Әлімжа-
новты шақырған едік. Осыдан 11 жыл бұрын гүл шырайлы ару Ал-
матыдан, өзін алақанына салып аялаған аға толқын зиялы қауым-
нан, құрбы-құрдастарынан жыртылып айырылғандай болып, кіндік
қаны тамған Еңбекшілдер ауданына, оның ішінде Кеңащы ауылына
табан тірегенінен дүйім ел хабардар. Сөзін де, ісін де әмсе жүрек
әміріне бағындыратын Баянғали бауырымыздың осынау қадамының
өзі-ақ оның перзенттік ақ-адал болмысынан сыр айтып тұрғанын
былайғы жұрт біле бермейді. Сондықтан, әуелден шын сөйлейтін,
Достарыңызбен бөлісу: |