Шығармалары деректі дүниелер


атанса, көптік етпесі хақ. Өйткені, Баян бауырымыздың алмас-



Pdf көрінісі
бет28/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

атанса, көптік етпесі хақ. Өйткені, Баян бауырымыздың алмас-
тай жарқылдаған сан қырлы хас асыл өнердің иесі екендігі әмбеге 
аян ғой. Баякеңнің қайталанбас қасиеті оның әлемдік эпостың 
інжуі «Манасты» меңгеруінен де аңғарылады. Біз сұхбат үстінде: 
«Манастың қазақ перзенті Баянғали Әлімжанов қалай дүниеге 
келді?» деген сауал қойдық.
– Осыған орай 1986 жылғы желтоқсан дүрбелеңінен кейінгі бір 
оқиға ойға оралады. Әнші Бекболат Тілеухановты, ақын Әбубәкір 
Қайрановты және мені комсомолдың Орталық Комитеті шақырып 
алып, тапсырма берді. ҚазМУ-ге барып студенттермен кездесу өт-
кізуіміз керек. Үшеуміз ақыл қостық. Жасып қалған жастарға қай-
рат берудің амалын ойластырдық. Әбубәкір «Дауыл», «Қасқыр» 
дейтін өлеңдерін оқитын болды. Бекболат Ақтамбердінің толғауын 
айтпақшы. Ал мен «Манастан» «Манастың Көкетай ханның асына 
келуі» деген жырын толғамақ болдым.
Мен «Манасты» М. Әуезовтің редакциясымен жарық көрген 
үш томдығы арқылы бала кезімнен бастап білемін. Манас-содан 
бері менің жебеуші пірім, рухани серігім. 1995 жылы Манастың 
мың жылдығына үкімет делегациясы құрамында Қырғызстандағы 
тойға қатыстым. Назарбаев бастап апарды. Оның алдында 1993 
жылы «Манасты» жырлаушылардың арасында өткізілген халықа-
ралық сайыста бәйгеге тігілген үш бас жүлденің бірі – ақтайлақты 
қырғыз бауырларымыз маған берді. Оны Бішкектегі Қазақстан ел-
шілігіне байлап кеттім. Жоғарыдағы «Манастың Көкетай ханның 
асына келуі» деген жырын Манастың мың жылдығы құрметіне 
Алматыда 1995 жылы өткен, Ғылым академиясы ұйымдастырған 
конференцияда Шыңғыс Айтматовтың алдында жырладым. Шың-
ғыс аға «саған шоң рахмет!» деп, қолымды алды. Зейнолла Қабдо-
лов ағамыздан «қазақ па, қырғыз ба?» – деп сұраса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет