Шығармалары деректі дүниелер


Қазіргідей өтпелі кезеңнің бар ауыртпалығын иықпен көтеріп



Pdf көрінісі
бет31/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Қазіргідей өтпелі кезеңнің бар ауыртпалығын иықпен көтеріп, 
еңсесін түсірмей, байбаламға салынбай, қайта ел рухын көтеруге 
ұмтылып, қолынан қаламын тастамай жүрген қазақ жазушыла-
рының бірі – көкшетаулық Баянғали Әлімжанов. Анау жылдары 
айтыстың жалауын желбіретіп, сатираның да садағын асынып 
көрген, қазақ драматургиясында да дарынын сынап, қырғыздың 
«Манасын» майын тамызып «ырлайтын» Баянғали – сегіз қырлы 
бір сырлы жігіт. Жазушының Маңғыстауға жолы түскенін пай-
даланып, біз онымен өз оқырмандарымызды таныстырып өткенді 
жөн санадық.
 – Баянғали, Маңғыстау өлкесіне бұл алғаш қадам басуыңыз 
емес шығар? Алдымен келу сапарыңыз туралы білсек.


93
– Маңғыстауға анау сексенінші жылдары марқұм Кемел То-
қаевпен бірге келгем. Жалпы, Маңғыстау жайлы, оның азаматтары 
жайлы бір кісідей білем деп ойлаймын. Дүйсенбі Әріпов сияқты 
ағалар есімде. Светқали Нұржанов, Сабыр Адаев, Ғалым Әріпов 
секілді талантты жастарды жақсы танып, сырттарынан тілектес 
болып жүремін. Біраз жігіттермен жолдас та болғам. Ал бұл жолғы 
келуім туысқандық сапар десем болады. Құда боп келіп жатқан 
жайым бар.
– Бұныңыз да дұрыс екен, оң болсын! Сізді қалың жұртшылық 
айтыс ақыны ретінде де жақсы біледі. Әсіресе, айтыс өнері хал-
қымызға қайта оралған анау сексенінші жылдары көзге көп түс-
тіңіз. 1993 жылы қырғыздан түйе мініп те қайттыңыз ба, қалай? 
– Иә, ақын есебінде 156 рет айтысқа шыққан екенмін. Қуа-
ныштан танаурап қайтқан да, реніштен талаурап қайтқан да кездер 
болды. Ал Қырғызстандағы «Ақтаңдай» айтысы 1993 жылы бол-
ды. Ол айтыста үш бас жүлденің бірін алып, түйе мініп қайтқаным 
рас. Тап сол жолы қайтарда Ақтөбенің Шалқар ауданына соғып
Есет Көтібарұлының асындағы айтыста бас бәйгені жеңіп алдым. 
Сөйтіп, бір сапарда екі олжа байланған кездер де болды.
– Бәке, сіздің жазушылық куәлігіңіз іспетті болған «Ұя» деген 
повесіңіз жадымызда тартымдылығымен ұялап қалды. Одан кей-
ін шыққан «Қиқыматтың хикаялары» атты сатиралық кітабы-
ңызды оқыған әр адам өзінің бойындағы келеңсіздігін әлгі кітап-
тан көргендей мырс-мырс күлер еді. Одан беріде жазылған шы-
ғармаларыңыз болса таныстыра кетсеңіз.
– Одан кейін өзің айтқан сықақ кітаптың жалғасы іспетті «Қи-
қыматтың қиссасы» деген повесім шықты. Қазір өзім Ш. Құсай-
ынов атындағы Көкшетау облыстық театрында сахна шебері боп 
қызмет істеп жатырмын. Сол себеп болды ма, соңғы кезде драма-
турияға ден қоя бастадым. «Құдалық» атты пьеса жаздым. Ол 
қойылып та жүр. Осы жүргенде «Қожанасыр» пьесасын жазу үс-
тіндемін. Мақсат – елді рухани тазалыққа шақыру.
– Е, мынауыңыз үлкен жаңалық екен. Сіз бұрыннан халықтың 
көне жыр қазыналарын қадірлейтінсіз. Бір жылдары Алматы те-
ледидарынан «Бес ғасыр жырлайды», «Халық қазынасы» деген 
хабарлар жүргізіп, халқымыздың біраз мұраларын елге басқа қы-
рынан танытқансыз. Қазақты қойып, туысқан халқымыз қыр-
ғыздың көне классикалық «Манас» эпосының бірнеше тарауын 


94
жатқа айтатыныңызды, жақсы «манасшы» екеніңізді білеміз. 
Қазақ жырларынан қандай жыр есіңізде? 
– Қырғыздың «Манасы» күрделі туынды. Ал біздің қазақта он-
дай жырлар көп-ақ. Оның қайсыбірін атап жатуға болады? Бір ғана 
«Бақтыбайдың Тезек төреге айтқаны» неге тұрады? Ақынға тән 
тапқырлық, төреге тән қатыгездік пен талғампаздық келбеті дейсіз 
бе, байлықтың салтанаты дейсіз бе, бәрін осы шағын жырдан көру-
ге болады! (Баянғали осы жерде қолына домбыраны ала сап, айт-
қан жырын орындап берді!) Жалпы біздің жыр мұраларымыз ал-
тын қазына ғой. Оны қастерлеу керек.
– Қазіргідей қиын кезеңде ел-жұртқа не айтар едіңіз? 
– Не айтамын?! (Ойланып!) Біздің халық – талай қиындықты 
басынан кешірген халық. Қазір де бір сондай қиын кезең болып 
тұр. Мұндай кезде өнер адамдары, мәдениет қызметкерлері, жазу-
шы, журналист сияқты шығармашылықпен айналысатын адамдар 
халықтың рухын көтерулері керек. Сынбау керек! Қазір сынсақ, 
қайтадан еңсе тіктеу қиын болады. Рухымызды мойытсақ, онда 
ішіп, не наркоман болып кетуіміз мүмкін. Сондықтан елдің рухын 
көтеріп, қиындықты бөлісуге, қиыннан шаршамай жол іздеуге 
тиіспіз. Еңсеміз биік, бойымыз сергек болсын! 
– Бәрекелді, Бәке, сіз осы әңгімеңізбен, жаңағы жырыңызбен-
ақ бізді рухтандырып тастадыңыз. Рахмет! Тынымсыз еңбек үс-
тіндегі жігітсіз ғой, қайратыңыз қайтпасын! 
Зәкіржан Кәлкенбаев. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет