111
болған. Сырттан келген осындай жақсылы-жаманды жаңалықтар-
ды мемлекет тарапынан да тежеу керек емес пе?!
– Ол тежеу – цензураға айналып кетпей ме?
– Жоқ. Ол – басқа дүние. Анайы көріністерді көрсететін кино-
ларды түсіруге қаржы бөлеміз. Сонда ондай киноны көргісі кел-
мейтін ұяты бар қазақтың құқығын шектеп отырғанымызды неге
сезінбейміз? Бекболат бауырымыз бұл туралы шырылдап жазды.
Толық қолдаймын. Міне, мені толғандырып жүрген нәрсе осы. Та-
ғы бір сөз. Дүниежүзінде
қанша ұлт болса, баршасы өзін ең жақ-
сылардың қатарында санайды. Санай берсін. Реніш жоқ. Эскимос-
қа «Сен ақ адам сияқтысың» десең, ер-тоқымын бауырына алып
тулайтын көрінеді. Ақ адамдар дүниежүзін билеп отырмыз деп
алшаңдайды, ал, эскимос ақ нәсілдіден өзін артық санайды. Ол –
оның табиғи сезімі. Якуттар тайгада жүрген орыстарды: «Үйсіз-
күйсіз жүр ғой, бізге қонақ қой» деп мүсіркейді екен. Өздері сол
орыстардың бодандығында отырғанында жұмысы жоқ. Иншалла,
біз де жақсы халықпыз. Қазақ өз тарихында ешбір халыққа зор-
лық-зомбылық көрсетпеген.
Ешкімнің жерін тартып алмаған, еш-
кімге басқыншылық жасамаған. Қайта, өз жерімізге бар әлемді
сыйдырғанбыз. Біздің жолымыз – мейірбандық, жақсылық жолы.
Бірақ, мейірбан екен деп бізге де тиісе берудің, мейірбандығымыз-
ды сынай берудің қажеті қанша? Бірде, теледидарды қоссам, Қы-
тайдың ыдысын, ойыншықтарын көрсетіп жатыр. Бедеулікке алып
келу мүмкіндігі мол екені анықталып, былтыр он бір рет қытай
тауарын қайтарып жібергенбіз дейді сарапшылар.
Өтіп кеткені
қаншама? Неге ондай қауіпті заттарға шекараны ашып қоямыз?
Бұл тікелей мемлекеттің, қауіпсіздік комитетінің шаруасы емес пе?
Біздің экономикалық байлығымызға көз алартып отырғандар енді
рухани дүниемізде де таңбасын қалдырғы келеді. Мен осыған күй-
інемін. Бізге осындай теріс пиғылдар көбейген уақытта, қанша-
лықты мейірбан, кең халық болсақ та, біз де ренжиміз...
– Демек, қоғамға көңіл толмайды...
– Бірақ, осыған бола тым түңіле берудің де қажеті жоқ шығар
деп жұбатып қоямын өзімді. Себебі, екі дүниенің иесі Қытай емес,
Құдай ғой.
– Мұндай қоғамдық мәселелерді алдын ала бақылап, байқап,
ескертіп отыратын тұлғалар жайлы не айтасыз?
112
– Иншалла, қазақ дана ұлдарға да, қыздарға да кенде емес.
Бірақ, көңілге қаяу салатын бірдеме бар. 1932 жылдары қазақтың
ұлы деген қайраткерлерінің бәрінің көзі тірі тұрды. Солардың бәрі
қазақты қалайша аштықтан алып қала алмады? Қолдарынан кел-
меді, демек. Бүгін де біз мақтайтын үлкен-үлкен ағаларымыздың
да қолдарынан ештеме келмей отырғанын көзіміз көрді. Абылай
хандар, Кенесарылар өткен соң бодандық қамытын кидік те, саясат
дегенмен айналыспай кеттік. Қоғамдық ой-пікірімізге,
санамызға
хандар, батырлар, билер, болыстар жаман деген сөз сіңді. Қайта,
ақын-жазушы, өнер адамдарын әспеттеп, солар жақсы дегенге кел-
тірді. Өз көзқарасымда ақын да, жазушы да, өнер адамы да тарих
жасамайды. Олар рухани дүниенің ғана жасаушылары. Әрине, өз
рөлі бар. Бірақ, шешуші, жетекші рөлді солар ойнайды деп адасып
жүрміз. Бізге үлкен-үлкен саясаткерлер, саяси тұлғалар керек.
Мемлекеттік барлаушылар, мықты ҰҚК қызметкерлері, мықты
дәрігерлер, эпидемиологтар, санитарлар, мықты әскер қажет. Осы
күні солдатта жүргендерді байлардың
қорасын тазалауға апарады
дейді. Одан кейін ол солдат қайтіп Отанын қорғайды? Баяғыда
патшаның киімін киіп келе жатқан солдатты қатты қадірлеген,
патшаның киімін киген солдат болу арман болған. Патша таққан
орден-медалін соғыста жүрсе де кеудесінде тағып жүреді екен.
Бізде не – полициямызды да боқтап кетеміз, басқаны да мазақтап
өтеміз. Әрине, полиция қызметкерінде де, әскерге баратын азамат-
тарда да сондай сана болуы керек.
Ақын-жазушылармыз көп деп мақтанамыз. Құдай көп көрмесін.
Барлығы аман жүрсін. Баяғыда Тұрсынбек ағамыз: «Әдебиетте ақша
көп, оның үстіне, сөз деген қазаққа жақын. Қолынан келсін-
келмесін, әдебиетке ағылып келіп жатыр. Талантты мен талантсыз-
ды ажырата біліңдер» деп үйрететін. Ақындыққа, әдебиетке жақын-
дығы бар адамдар жақындығы бола жүріп, басқа салада қызмет ете
берсе, сонысы бізге пайдалырақ. Біз, мысалы, саясат дегенді көп
игермеген халықпыз. Қазіргі замандағы саясатқа Махамбеттен гөрі
Макиавеллилер керек. Макиавеллиді білесіз, ол өзі қу, айлакер бол-
ған. Екінің бірі саясатпен айналыса бергені де дұрыс емес, саясатпен
саясаткерлер, ұлттық рухы бар, саналы азаматтар, ұлтының мүдде-
сін қорғайтын, есесін жібермейтін адамдар айналыссын.
– Биліктің кем-кетігін түзеп, жақсылығын қолдап отыратын
да солар болмақ демексіз ғой.
113
– Біздің биліктің де үлкен қателігі бар.
Сын пікірге құлақ ас-
пайтын болды. Кім үкіметтің саясатын сынаса, соны жау көреді.
Олай емес қой. Қытайдың бір философиясын айтайын. «Таудан
мыңдаған бұлақ ағады. Соның біреуі ғана өзен болып, мұхитқа
құяды. Мұхитқа құятын бұлақ бәрінен төмен ағады. Ол бәрінен
төмен болып, бар бұлақтың суын құйып алады да, өзенге айнала-
ды». Ал біздікілер тасқа шыққан теке құсап, ештеңені көрмейді.
Тасқа шыққанды неғып ұнататынын да білмейсің.
Достарыңызбен бөлісу: