Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет47/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– «Манастың» ғұмырын ұзартуда қырғыз ағайындар тағы не 
істеп жатыр екен? 
– Қырғыз бауырларымыз қазіргі манасшылардың орындауында 
«Ұлы Манас баяны», «Ұлы елдің ұғылы – ер Манастың тұқымы, 
Семетей батыр баяны» деген екі альбом шығарыпты. Әрқайсы-
сында үш дискіден бар. Мұнда осы заманғы манасшылар түгел 
қамтылып отыр. Әрине, «Манастың» бәрін қалдырмай қамту қиын 
іс дегенмен, алты дискіге топтап, үлкен жұмыс атқарылды. Оны 
шығаруға «Айгине» мәдени-зерттеу орталығының директоры, фи-
лология ғылымдарының докторы Гүлнәр Айтбаева мұрындық бол-
ған. Гүлнәр өзімізбен қандас қазақтың қызы. Ата-бабасы 30 жыл-
дары ашаршылық заманында қырғыз еліне өтіп кеткен. Әкесі – 
қазақ, шешесі – қырғыз. Мені көргенде, «Ой, ағамыз келді» деп 
ардақтап, бүкіл қырғыздың арасында асқақтатып отырды. Ол қыр-
ғыз мәдениетінің үлкен қайраткеріне айналған адам екен. Сол кісі-
нің ұйтқысымен «Ұлы Манас баяны – ұрпақтарының аузында», 
«Ер Манастың тұқымы, Семетей батыр баяны» сияқты қазіргі за-
манғы манасшылардың айтуында дискісі шығарылған. Осыған қо-
са тағы бір айта кететін нәрсе, бізде де батырлар жырының мәтіні-
мен және жыршылардың орындауымен жарық көрген дискісі бар. 
Көлемі өте үлкен. Жекелей Сағымбай Оразбақовтың, Саяқбай Қа-
ралаевтың, Тыныбектің, Шапақ Рысмендиевтің орындауындағы, 
Қытайда тұратын манасшы Жүсіп Мамайдың жазуындағы «Ма-
насты» том-том кітап етіп басып шығарып жатыр. Мысалы, Са-
ғымбайдың кітабы 2 мың беттен тұрады екен.
– «Манасты» жырламайды, негізінен айтады деген пікірді ал-
ға тартып отырсыз. Бұл екеуі екі түрлі нәрсе ме

– «Манасты» жырлайды деу өте қате ұғым, себебі, оны қырғыз 
бауырлар айтады деп түзетеді. Біз кейде өзіміздің сөзімізге салып, 
қырғыздар «ырлайды» деп қоятынымыз бар. Жоқ. Олай айту тура-


137
лыққа жанаспайды. Турасы – «Манас» айтылады. «Манас» туралы 
айтады, жанынан қосып толғайды.
«Манастың» ұлылығы мен құдіреті – ғасырлар бойғы қырғыз 
халқының талантты ұл-қыздарының ақыл-ойы мен парасаты, ру-
хани қуаты бір арнаға тоғысқан. Алып бір дүние, таудай, мұхиттай 
поэзия туындысы жаратылған. Әлемдегі ең ұлы, ең мәртебелі 
эпостардан артық демесеңіз, кемдігі сезілмейді. Көлемі жағынан 
«Манасқа» теңдесетін әлемде бірде-бір эпос жоқ. Мазмұн-қуаты, 
тағдыр-тайқысы жөнінен келіп сөйлесек, онда неше түрлі бейне-
лермен қатар Манастың тумай жатып қуғын-сүргін көргені, туған 
елінің ар-намысы мен азаттығы жолындағы күресі баяндалады. Өзі 
өмірден озғаннан кейін әйелі мен бала-шағасы шырылдап, Бұқарға 
дейін өтіп кетеді. Семетей жат елде ер жетеді. Қырғыздың тари-
хын тапжылмай баяндайтын тарам-тарам оқиғалар мен тарихтар 
жатыр мұнда. Мен осыған кішкентай болсын қатысым болғанына 
қуанамын.
– Қырғызстаннан сырт аймақтарда «Манасты» айтушылар 
көп пе? 
– Қытайда біраз манасшы бар деп естідім. Бір әңгіме есіме тү-
сіп отыр. Қытайда, Хайян өңіріндегі бір ауылда түгел қырғыздар 
тұрады екен. Бірақ, олар қытайға әбден сіңіп кеткен. Себебі, аты-
жөндеріне дейін қытайша. Сонда жасы егде тартқан екі кемпір тұ-
рады. Біреуі қырғызша бірден жүзге дейін санауды біледі, ал екін-
шісі қырғызша екі жыр біледі-міс. Қызығы – «Манас» туралы әң-
гіме қозғалып, әлгілердің құлағына жетпей ме? Жүсіп Мамайдың 
шығарған «Манасын» тыңдап, ЮНЕСКО-ға енгендігін құлақтары 
шалған болуы керек. Қытай болып кетті деген қырғыздар мұны 
естіп: «Манас біздің атамыз екен. Неге бұл кісіні ұлықтап, ерекше-
леп еске алмаймыз?» деп мәселе қояды. Қысқасы, сол жердегі тұр-
ғындар бас қосып, мемлекеттік бағдарламаға енгізіп, ер Манастың 
ескерткішін тұрғызыпты. Не деген рух! Неткен халық! Мұны ма-
ған «Манас жаңғырығы» телекомпаниясының бас директоры Те-
мірбек Тоқтағазиев айтып берді. Телеарна менен бір сағат сұхбат 
алып, аяғында «Манасты» айтқызды.
– «Манас» жыры негізінен қандай музыкалық аспаптың сүй-
емелдеуімен орындалады? Манасшылар музыкалық аспапты пай-
далана ма? 


138
– «Манасты» орындау дегеннен гөрі, айту деген қисынды. Оны 
ешқандай аспапсыз, ақырын ғана отырып айта береді. Ал мен:
«Атамнан қалған жерімді,
Атасы басқа дұшпанға.
Алдырсақ Құдай ұрмай ма?» деп келетін жерін, Шоқан жазған 
үлгіні – «Көкетайдың керезін (қоштасуын)», «Манас батырдың 
Көкетайдың асына келуін», «Қосай дәу мен Жолай дәудің күресін» 
айттым. Талас сапарының шуағына жылына бергің келеді. Сонда-
ғы дискілердің бәрін көздің қарашығындай сақтап жүрмін. Өйтке-
ні, бұл кейін баға жетпес байлыққа айналуы мүмкін.
– Соңғы уақытта кино өнеріне айтарлықтай тер төгіп жүр-
сіз... Қанша фильм түсірдіңіз? 
– Кейбір замандастарым басқа өнеріңіздің бәрі дұрыс-ау, ал 
енді кинода неңіз бар деп қызық сұрақ қояды. Кітапты қазір біреу 
оқыса, біреу оқымауы мүмкін. Ал кино арқылы көп нәрсені айтуға 
болады, көп мәселені көтеруге болады. Қазір жаңа технологияның 
шарықтап дамыған заманы. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. 
Сондықтан мен де заулаған заманға ілесіп еңбек еткім келеді. Бірі 
тасада қалып қойғанмен, басқа біреуі іздеген жүректің ұясына қо-
нарына күмәнім жоқ.
Операторлыққа ВГИК-ті бітіріп келген жігіттерді қабылдадым. 
Қазір кино түсіріп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды.
Біздің студиямыздың өнімдері – «Аран», «Асау толқын», «Ай-
хан» фильмдері көрермен көзайымына айналып үлгерді.
– Отбасыңызда өнер жолын қуған кімдер бар? 
– Ұлым Нұрлан Әлімжанов, қызым Ақкенже Әлімжанова белгі-
лі актерлер, көптеген фильмдерге түскен. Көрермен жақсы біледі.
Әңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан», 10 қазан, 2013 ж. 
 
 
 



139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет