Баянауылбаурайы – тектілерді тербеткен берекелі бесік. Ақыны мен батырын, жырауы мен жазушысын, ғалымы мен ака- демигін қатар қойғанда солардың ішінде Мәшһүрдің мәртебесі дара тұрары даусыз. Ақбеттаудың төрінде, Ескелдінің жерінде дүниеге келген әулиенің есімі ел аузынан түскен емес. Құдіретті Құдайдың құлақкесті құлын құрметтемейтін жан жоқ. Әулиелігі бір төбе, әдебиетке сіңірген еңбегі де сүбелі. Назарынан тыс қыл- май насихаттап жатады туған елі. Еңбектерін жинақтап, кітап қылып бастырып, мақала қылып таратқаннан бөлек Мәшһүрдің атында «Көне ғасыр күмбірі» деген атаумен жыршы, жырау, термешілердің байқауы өтіп келе жатқанына да біраз болды. Әулиеге арналған, тәрбиеге толы жыр жарысында қазылардың қатарынан көрініп, төрағалық етіп жүрген Қазақстан Республи-