Орман шетінде тұрған апа-жездеміздің қыстауына қысқы ка-
никулда қыдырып барып, орман аралап, құдағиымыз Алтын апа-
ның ғажайып ертегілерін тыңдау – біз үшін ертегілер еліне саяхат
жасаумен бірдей болатын!
Қой базы бізге қызық көрінеді.
Ағаш арасындағы жалғыз үй бізге тұтас бір әлем.
Қысқы орманның суреті қандай!
Кенебай атамыз қойды қораға қамап келгесін, кешкі шайды
ішіп, көңіл жайланғасын, біз Алтын апамыздан ертегі сұраймыз.
Әсіресе, немерелері, біздің жиен Шегей бір ертегіден кейін бір ер-
тегі сұрап, мазасын алады. Апамыз соған көніп, небір қызық ерте-
гілерді, діни қиссаларды, ғажайып аңыз, хикаяларды, «Мың бір
түнді» майын тамызып айтып беретін. Пайғамбар мен Әзірет Әлі
(апамыз Ғазірет Ғалы деп айтатын) және жердің тұтқасы туралы
сонда естіген аңыз да, боранды кештегі ескі қыстау, ертегі де бер-
тінде сағынышты өлеңге айналды.
Ағамыз Мейрам 1940 жылы төртінші қарашада туып, 1989
жылы, қырық тоғыз жасында кенеттен қайтыс болды. Ақкөңіл, аң-
қылдаған кісі, «аузын ашса көмейі көрінетіннің» нағыз өзі еді. Біз
ол кісіні ес білгелі Бөкә дейтінбіз. Неге десек, кезінде қатарласта-
рымен футбол ойнағанда ылғи қақпашы болады екен. Жақсы ой-
нап, допты қағып ала берген соң, замандастары риза болып:
«Борька! Борька!» – деп атап кетіпті. Борька деген сол уақытта бір
жақсы қақпашы болса керек! Біз, Борькаға тіліміз келмей, Бөкәға
айналдырып алыппыз.
Мамандығы – экономист. Әуелі, мектеп бітірген соң, Қотыр-
көлдегі техникумда оқыды. Техникумда оқып жүрген кезінде бір
212
топ жолдастарымен үйге қыдырып келгені есімде. Сонда бір әдемі
боялған, ағаштан жасалған, үлкендігі орташа шахматтары болды.
Жарысып ойнайды бәрі. Мен сонда жеті-сегіз жаста шығармын-ау,
беймәлім, жұмбақ ойынға қызыға қараймын. Әсіресе, боялған ағаш
фигуралар қатты қызықтырады. Кетерде Кенжебай деген курстасы
өздерінің ойнап жүрген шахмат тақтасын ішіндегі тастарымен тү-
гел маған сыйға берді. «Шахматты жақсылап үйреніп ал! Кім берді
десе, студент Кенжебай берді деп айт!» деген даусы әлі құлағым-
да. Сол шахматты әкем, ағам Мейрамбай бәріміз таласа-тармаса
ойнайтынбыз. Қайран балалық-ай десеңші, жеңіліп бара жатсам,
еркелікпен қиястанып, жанжал шығарып, шахматты шашып жібе-
ріп, жата қалып жылайтынмын. Ол аз болғандай, белі қылдырық-
тай король, ферьз, офицер, пешкалардың қолыма түскенін бырт
еткізіп сындырып, қырт еткізіп тістеп тастайтынмын. Мамам бәйек
болып: «Бәкөшті жылатпай, неге жеңіле салмайсыңдар?!» – деп,
әкем мен ағама ұрсып қояды. Бірақ, мен жылады екен деп, олар
жеңіле салмайды! Қолы шебер әкем мен сындырған фигуралардың
ортасын жіңішке темір сыммен жалғастырып, бекітіп, қайтадан
ойнаймыз. Бірақ, тағы да шындап ойнаймыз. Өтірік жеңілсе, тағы
бәле қыламын, шындап ойна деп! Ақыры, не керек, өстіп жанжал-
дасып жүріп, қайтсем де бұларды жеңемін деп ширығып жүріп,
шахматты жақсы ойнайтын болдым, мектеп бітіретін жылы үшін-
ші разряд алып, оқушылар арасындағы республика біріншілігіне
де қатыстым.
Бөкәм демалысқа келгенде, кәдімгідей қарсылас болатынмын.
Ол кісі де қызық еді. Мейрамбай ағаммен, ол жоқта менімен
«Степняк-Көкшетау!» – деп, жиырма төрт партиядан тұратын матч
өткізетін!
Оқуын бітірген соң, Бөкәм біраз уақыт Кеңащыда бухгалтер
болып істеді. Содан соң Көкшетау қаласына қызметке кетті де,
сонда тұрақтап қалды. Сырттай оқып, Алматыдан институт (Нар-
хоз) бітірді. Обкомда жұмыс істеді. 1966 жылы Ғалия Хамитқызы
Мұхамединаға үйленді.
Жеңгеміз Ғалия әдемі кісі еді, руы қыпшақ. Әкесі Хамит үлкен
қызметкер болған кісі, ерте қайтыс болған. Бөкәм үйленгенде құ-
дағиымыз Нұрқатша Чистополье ауданында тұрады екен. Біздің
Степняктан үш жүз шақырымнан артық жер. «Алыс екен, жердің
түбі екен!» деп, құдалыққа барып келген аталарымыздың, шешем-
нің айтқаны есімде. Кейіннен, Бөкәмнің кіші қызы Әйгерім Қы-
213
рықмылтық Адайдың жігіті Мелиспен Маңғыстауға, Ақтауға кет-
кенде: «Міне, саған алыс жер керек болса!» деп, көк теңіздің жаға-
сында тұрып, осының бәрін еске алып едік.
Ғалия жеңгеміз орыс тілі мен әдебиетінің маманы, мұғалім
болды. Біраз жылдар Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы
үшінші мектептің директоры болып қызмет істеді. Зейнеткерлікке
шыққан соң, Алматыда балаларымен бірге тұрды.
Бөкәмнің бір қасиеті – ғажап әңгімеші болатын. Әңгіме айт-
қанда майын тамызып, әрбір ұсақ-түйек детальдарға дейін мән бе-
ріп, акцент жасап айтқанда, әлгі ұсақ-түйектің өзі қызық болып
көрінетін. Ол кісінің бұл қасиеті баласы Бауыржанға қонған.
Орысша сөйлейтін Бауыржан әңгімені айтқанда жандырып жібе-
ретін. Ол мектепте оқып жүргенде дзюдо күресімен айналысқан.
Оқушылардың жарыстарына қатысып, бүкіл Совет одағы бойынша
жарыстарға барып, ел көріп, жер таныған бауырымыз интеллектісі
жоғары эрудит еді. Харьковте оқып, ұшу инженері мамандығын
алып, лейтенант болып шықты. Сол кезде Одақ ыдырап, үлкен өз-
герістер, аласапыран болып жатқан соң, қақтығыстардың біріне
жіберуі мүмкін-ау деп қауіптендік. Бәріміздің тілегімізді ескеріп,
Бауыржан әскери мамандығымен қош айтысып, Көкшетауға келіп,
бейбіт өмірге араласты. Кластастарымен кәсіпкерлік әлеміне кіріп
кетті. Табыссыз болған жоқ. Біраздан соң Алматыға көшті. Онда
да кәсіпкерлікпен айналысты. Қара базар, қайнаған өмірдің орта-
сында жүріп, сырына қанықты, пісіп, жетілді. Маңдай тердің баға-
сын білді, өз ісі үшін қаймықпай күреске түсті. Қоғам тіршілігі
жайлы, әлеуметтік теңсіздік, қиянат пен әділеттілік жайлы өткір
ойларын батыл айтатын. Ағамыз Мейрам сияқты мейлінше адал,
тіпті, максималист еді.
Кейіннен сырқаттанып, Москваға барып, бүйрегін ауыстырды.
Сонымен он үш жылдай жүргенде де, қандай қатты ауырғанда да
бір еңсесін түсіріп, уайымдап, қайғырған емес. Қайраттанып, түк
болмағандай әңгімесін айтып, жұмысын істеп жүре берді. Жан-
жары, Амантай құдамыз бен әуелде «квадрат», кейіннен «куб» құ-
дағи атанған Тұрсын құдағиымыздың қызы Жанар оған сүйеніш
бола білді. Амал не, ақыры айналдырған ауру алып тынды, 2014
жылы 46 жасында Бауыржан бауырымыз өмірден озды. Жарты
жылдан кейін анасы Ғалия да қайтыс болды. Екеуі қатар, Рахия
апамыз жатқан қорымға жерленді.
214
1949 жылы жиырмасыншы қаңтарда туған Мейрамбай ағамыз
ұзын бойлы, зор денелі, сымбатты, сұлу жігіт болатын. Спортқа
күшті еді, штанга көтеретін, бокс, күреске де бар еді. Шахматты
мықты ойнайтын. Кітапқұмар еді, бізді кітап оқуға қызықтырып
үйреткен де сол Мейрамбай ағамыз болатын. Амал не, 1968 жылы,
он тоғыз жасында, политехтің екінші курсын бітірген жазда Алма-
тыда суға кетіп қайтыс болды. Ол туралы мен «Қыр астындағы
құлын» деген поэмамда ,» Бақыттың бір үлесі» деген әңгімемде
жаздым.
Сәбитен ініміз 1958 жылы туып, сегіз-ақ күн тұрып, қоскіндік
деген аурудан шетінеп кетті.
Осы жеті баладан қазір апам Сұлушаш екеуміз ғана қалдық.
Сұлушаш 1951 жылы маусым айының он үшінде туған. Ләйла
тәтеміз сияқты, ол да физика-математика мұғалімі мамандығын
алып, өзі түлеп ұшқан Абай атындағы орта мектепте өмір бойы
сабақ беріп, зейнеткерлікке сол жерден бір-ақ шықты! Сары ал-
тындай жездеміз Талғат екеуінің не бір қызық әңгімесі менің кі-
таптарымда жазылып жүр.
Хрущевтің заманында біз мектепке енді барған баламыз. Нан-
ның кезегіне жұрт таң алдында барып, таласып жатыр екен деген
әңгімелер есімде. Бір күні Сұлушаш, көп болса он-он бір жаста
шығар, дүкенге барып, нанға таласқан көпшіліктің жан-жақтан
қысқанына шыдай алмай, талып қала жаздап, әрең дегенде аман
шығыпты. Үйге еңіреп жылап келді. Нан жоқ, жаны аман келгені-
не қуандық. Содан кейін шешеміз бізді нанға жібермей, қолдан
таба нанын пісіре берді.
Анамыз Бәтима соғыс кезінде «Красная Звезда» деген артельде
тігінші болып жұмыс істеген. Ісмер, қолы шебер болатын. Жоқ-
шылық, таршылық уақыт қой, біздің киімдерімізді көбіне қолдан
өзі тігіп беретін.
Бір жолы мамам Аманжол атамыздың бәйбішесі Қалиман апа-
мыз екеуі Құдықағашқа, жақын туыстарының үйіне барады. Қай-
тарда көлік болмай, жұмыстан қалып қоймау үшін түн ішінде Сәу-
ле арқылы, Құрттыкөлді жағалай жаяулап тартады. Жиырма ша-
қырымдай жерден таңертең уақытында келеді жұмысқа. «Ол
уақытта жұмыстан бір кішкене кешіксең, бітті, қуып шығады! Тіп-
ті, халық жауы деп, соттап та жіберетін» дейтін жарықтық анамыз.
215
Әкем мен шешем екеуі өле-өлгенше қол ұстасып, жұбын жаз-
бай өтті. Жұмысқа, қонаққа бірге барғаны былай тұрыпты-ау, тіп-
ті, қораға шықса да бірге шығатын. Кеңащының кісілері екеуін
Қыз Жібек пен Төлеген деп, әдемі әзілге айналдыратын. Менің
«Қайран кемпір-шалдар-ай!» деген пьесамдағы ата мен апаның
бейнесін көрген, білетін адамдар ата-анаңызға ұқсайды екен деп
жатады. Жаны бар сөз, сол кісілерге деген, жалпы, енді қайтып
келмейтін, уақыт желімен белгісіздік әлеміне ұшып кеткен көненің
көздеріне деген сағыныштан туған дүние ғой! Негізі, менің ауыл
әңгімелерімде, өлең-жырларымда қайран кемпір-шалдардың біраз
хикаялары көркемдік әлемге айналғаны да рас.
Әкемнің бір керемет хоббиі – сағат жөндеу еді. Ауыл түгілі, бү-
кіл ауданның ескі механикалық сағаттары біздің үйден табылатын.
Шал қайтқанда, сандықшасында жүзден астам ескі сағаттар қалды.
«Әр нәрсе – дәмімен!», «Дүниенің кілті – сабыр!» дегенді әкем
жиі қайталап айтып отыратын бала күнімнен. Кейін оқыдым, көне
заманғы философ Солонның девизі: «Ничего чрез меру!» – болған
екен. Осыны қалай аударуға болады? Әр нәрсе дәмімен! Дәмінен
асып кетсе, дәрі де уға айналады! Даналықтың бәрін дала өмірінен
үйренген жарықтықтар-ай! Анамыз Бәтима – Арғын, Қылды Қа-
рауылдың қызы, «Қалқаман-Мамырды» жатқа айтатын! Шәкәрім
ақталмай тұрғанда, аты аталмайтын уақыттың өзінде бізге әндетіп
айтып отыратын! Бала күнінде әкесі Қожас, ағалары Серғожа, Қай-
ырғожалардан естіп, жаттап алған екен. Одан арада қанша жыл ғұ-
мыр, аумалы-төкпелі арпалыс заман өтсе де, қалай ұмытпай келген!
Менің анам қайтыс болған кезде Шәкәрім атамыз ақталды!
Бертінде, оқу бітіріп, Алматыда, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз-
да» жұмыс істеп жүріп, елге келгенде әке-шешемнен өткен заман
жайында әңгіме сұраймын. Бірде әке-шешемнің біраз әңгімелерін
магнитофонға жазып алғаным да бар.
Мамам бала күнінде, 40-50 жыл бұрын ағасы Серғазыдан есті-
ген мына өлеңді әндетіп айтып берді. Өлеңнің мазмұнынан жұтқа
ұшырап, қиналған елдің жайын аңғаруға болады.
Үшкілбай өзім атым, әкем Сасық,
Бітті ғой қалың байлық асып-тасып,
Соғымға тай-тайшаны соймайтын басым
Бір тайды әрең сойдым қорқып, сасып, – деп келетін өлеңді
созыңқы, мұңды әуенмен айтып берді.
216
Жұтағаны Үшкілбайдың биыл болды,
Сойғаны соғымына сиыр болды,
Тай-тайша өзімізге жарар еді,
Келгенде сый қонақтан қиын болды!..
... Қайтейін, әттең менің биелерім,
Артыңда жылап қалды-ау иелерің...
Қайтейін, әттең, менің дөнендерім,
Баспа-бас қызға бермес кемеңгерім...
Қайтейін, әттең менің қызыл атым,
Жылайды үйде отырып қыз бен қатын...
Қайтейін, әттең, менің аттарым-ай,
Базарға айдап барып сатпадым-ай,
Базарға айдап барып сатып-сатып,
Қалталы бай көпен боп жатпадым-ай!
Кәмпеске кезінде ағайынды үш жігіттің үлкендерін айдап әке-
тіп, кішісі ғана үйде қалыпты. Сонда үлкен ағасы інісімен қошта-
сып тұрып, былай деген екен:
Қарағым, айналайын інішегім,
Алдымда екі ағам деп сенуші едің,
Мал-мүлік бір өзіңе қалды қарап,
Шырағым, тастағайсың еріншегің!
Шотидың өлеңі деп біраз өлеңдерді айтатын... Шоти біздің ел-
де, Құдықағаш жағында жасаған өнерлі адам болса керек. Етік ті-
гетін деген сөз есімде қалыпты. Өзі суырыпсалма ақын, ауыл ара-
сында, той-думанда өлеңді бұрқыратып шығара береді екен. Өзінің
өлеңдерін өз әуенімен айтқан сияқты.
А-ал!
Қыздары Құдықағаш шетінен сал,
Салдығы бәрінің де адырам қал,
Ішінен жеті қызды таңдап ал да,
Қалғанын Құрттыкөлге құлата сал!
Ойдағы ой не болса да болып жатыр,
Үш килі ет бұ қазанда қайнап жатыр,
Көпәйкені жамылып шығып кеткен,
Қазизасы құрғыры неғып жатыр!
217
Насыбай су салмаса ашымайды.
Жақсыға айтқан сөзің жасымайды,
Ойыма алған ісім орындалмай,
Көңілім сірә менің басылмайды!
Әкемнің майдан даласында серігі болған қара дәптері әлі сақ-
таулы. Брезент сияқты қара тысты, қағаздары әбден сарғайып кет-
кен. Ескі, сырты жезбен қапталған, кілті қолағаштай ағаш қобдида
жататын. Оның ішінде неше түрлі дүниелер бар: ұрыс даласынан
елге жазған хаттары, сағыныштан туған өлеңдері, керекті деген
әңгіме, сөздері жазылған. Одан басқа көптеген, қазақ, орысы бар,
жауынгерлердің адрестері жазылған. Мен бала күнімде ол дәптерді
қолыма ұстаған сайын сонау соғыс майданының иісін сезінгендей
болатынмын. Сол дәптерден «Кекті бала» деген поэманы оқып
бергені де есімде! Бала көңіліме керемет әсер еткен! Авторы жа-
зылмаған, кейін жобаладым, жаңылмасам, Қайнекей Жармағамбе-
товтың шығармасы болу керек. Ол уақытта ұнаған шығармаларды
көшіріп жазу, қолжазба күйінде тарату сияқты жақсы дәстүр бол-
ған ғой!
Әкеміз Шалабай, Әкімжан, Аманжол аталарымыздың ықпалы-
мен 39 жасынан бастап намаз оқып, ораза ұстады. Төрт-ақ кластық
білімі бар, арабша әліпті таяқ деп білмесе де, құран аяттарын қа-
риялардан кирилицамен қойын дәптеріне жазып алып, ерінбей-
жалықпай жаттап, дауыстап оқып отыратын. Дініміз бен тіліміз
қысым көріп, тынысы тарылған заманда көне діндарлардан жүрек
қалауымен құранды осылай үйреніп, алып қалып, жоғалтпай сақ-
тап, ұрпаққа жалғап кеткендер арнайы діни білімі бар ғұламалар
емес, ауыл-ауылдың қарапайым ғана қазақтары, көзі қарақты, кө-
кірегі ояу құлақ молдалар болатын! Осы күні дін оқуын оқып, жас-
тайынан тақуа боп алған тақыр бас балалар ауыл қарттарын құран-
ды дұрыс білмейді, қате оқиды, шала молда деп айыптап, білім-
пазданып, ділмарсып, мән үйретіп отырады. Ал егер сол қате оқы-
са да, құран оқыған қариялар болмағанда, соғыстан кейінгі, тың-
нан кейінгі ұрпақтар шоқынбаса да, соған жақын таскерең, мәң-
гүрт болып шығар ма еді, кім білсін! Жарықтықтар-ай десеңші,
намаздарын оқып, оразаларын ұстап, бітір, садақаларын беріп, дү-
ниеден қайтқан қазақтардың барлығын, тіпті, партия, совет қыз-
меткерлерін де, мұсылман қазақ жолымен ақ жуып, арулап, жаназа
218
намазын шығарып, жөнелтіп отырды ғой! Тіпті, партия мүшесі
болып, өмір бойы совет қызметін атқарып, зейнетке шыққасын дін
жолына түсіп, молда болып кеткендері де аз емес еді. Сол шалдар-
дың бір кереметі, дұғасын оқып болғасын, қол жайып: «Иа, Алла,
дұғамыздың қатесін өзің түзетіп, артық-кемін өзің толтырып, бір
өзіңе деген шын ниетімізді қабыл ете көр, аллаһу әкбар!» деп бет
сипайтындары қандай шынайы, қандай табиғи, қандай қазақы еді!
Сол шалдар бізге «құлқуалланы» үйретіп, санамызға бекітіп кет-
кен! Сауаптан болсын, пейіште нұрлары шалқысын!
Темір заманда компартия мен кеңестің құрған шеңберінен шы-
ға алмай, шығуға да талпынбай, солардың тәртібімен өмір сүріп,
соғысып, жұмысын істеп жүрсе де дін мен тілін жоғалтпай, жо-
ғалттырмай, келешекке жалғап кеткен де осы момын батырлар
емес пе!? Мына қайшылықты қараңыз: Берлинді алған менің әкем
өле-өлгенше Сталинді құрметтеп өтті. Мен қызылкеңірдек болып,
Сталиннің қанды қырғынын, жауыздықтарын, репрессияны айтып,
дәлелдеп-ақ бағамын. Әкем үндемей тыңдап, арасында өзі көзімен
көрген «үндеместің» оқиғаларын да айтып қойып, аяғында: «Бұ-
ның бәрін істеген – Берия!» – дейтін. «Берияға істеткен Сталин
ғой!» деп мен одан сайын қайнаймын келіп. «Өйтіп миымды ауыр-
тпаңдар! Сталин Берияға сеніп, ештеме білмей қалған!» деп көсем-
ге шаң жуытпайтын. Партияның саяси насихаты санасына ұялап,
көсемдер кіршіксіз болады деген ұғым бойын билеп алған кісіге не
дейсің?! Бірақ, солай алданған шалдардың ең керемет қасиеті – дін
мен тілге келгенде, ешқандай партияңа да, советіңе де, Сталиніңе
де қараған жоқ! Олар үшін дініміз бен тілімізді сақтау, келешекке
жалғап, ұрпаққа аманат қылып қалдыру – ең басты мәселе, өмірлік
мұрат, мағына болатын! Үндемей-ақ, үйде отырып өз үрдістерін
сақтап, жалғай берген шал-кемпірлердің жандары не деген сірі
болған!? Үлкен саяси машинаның жолына қарсы тұрмай-ақ, темір
табанына түспей, жалтарып кетіп-ақ, жан сақтай отырып, бала-
шағасын өз құнарында өсіріп, өз жолына үндемей тәрбиелей бер-
гендері не деген қарапайым өмірлік даналық! Жалпы, бұл аз ха-
лықтардың өзін-өзі сақтау жолы, күрес тәсілі болар-ау, сірә?! Мі-
не, момын батырлардың мықтылығы да осында!
Әке-шешеміздің бізге үйреткені, үлгі-өнегесі ұшан-теңіз. Ең
бастысы, имандылықты, «бісміллә-аллаһу әкбарды» сәби күніміз-
ден құлағымызға құйып, жанымызға сіңірді. Атеистік жүйенің бү-
219
кіл насихатынан сол артық болды бізге. Қазір ойлап қарасам, ком-
партия мен кеңес үкіметін біздің кемпір-шалдар үйде отырып-ақ
жеңіп шыққан екен ғой! Ай, жарықтықтар-ай! Анам Бәтима 1988
жылы жетпіс жасында, әкем Тақан 1996 жылы жетпіс бес жасында
өмірден озды.
Менің әкем Тақанның
Ерлігі көп айтатын.
Жауған оқтың астында
Жау тылынан «тіл» іздеп,
Түнде талмай жортатын.
Тоғыз танкі талқандап,
Таң атқанда қайтатын.
Бейбітшілік заманда
Бір телешке шөп сұрап,
Қолтықтап ап шалдарды,
Канторға қарай тартатын.
Барлығын жеңген батырың
Қайран анам Бәтима
Марқұмнан жаман қорқатын!
Менің әкем Тақан шал
Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты.
Қиратушы еді оны да,
Қырық шақырым қалғанда,
Соғыс бітіп қалыпты.
Гитлер менен Геббельс:
«Тақан келсе болмайд, деп,
Жағдай енді оңбайд!» – деп,
Атылып өліп қалыпты!
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын
Халық қылған халықты!!!
Біржан сал атамыздың немересі Мұхаметқали Теміртасұлымен
алғаш Біржан салдың 160 жылдық тойында, Степнякта кездестім.
220
Ол кісі ұзын бойлы, ірі денелі, қара торы, келбетті, ірі кісі еді. Жа-
сы сексеннен асқан шағында да білектері сойылдай берік, сіңірлі,
сом болатын. Өмір бойы шопыр болып жұмыс істеген Мұхаметқа-
ли ағамыз қоңыр даусымен ән де салатын. «Хабар» телеарнасы
2000 жылдары Бурабайда, көл жағасында «Теміртас» әнін айтқы-
зып, түсіріп алған.
– Теміртас ұзын бойлы, ірі денелі, өте күшті кісі болатын. Атқа
мінгенде, созылып отырса, екі аяғы жерге тиетін. Қиянатшыл ке-
лімсектермен көп төбелесті. Қалың тобына жалғыз өзі төтеп беріп,
жайпап тастайтын. Ақыры, сондай өшіккендер ақкөңіл адамды
«ақша жеп қойды» деген жаламен жазықсыз соттатып, итжеккенге
жер аударып жіберіп тынды ғой! – деп, өзегі өртене сыр шертетін
аяулы әнші Кәрім Ілиясов ағамыз.
Ал, дүние, – деп, Біржан атамыздың өзі айтқандай, «Теміртас»
әні қандай қасіретті болса, Теміртастың тағдыры да сондай қасі-
ретті болған. Мұқаметқали ақсақалдың айтуынша, Теміртас сол
кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс бо-
лып, топырақ сол Сібірден бұйырған. Балалары боранды, аязды
күндердің бірінде адасып кетіп, содан аман келгені жалғыз Мұқа-
метқали.
Мұқаметқалидың балалары – Серік, Шәріп, Орал, Маралдан
тараған немере, шөберелері бар.
Солардың бәріне ұйтқы, басшы болып жүрген – Біржан салдың
аталас ағайыны Ермек Нұғыманов. Ол Зерендіде, аудан әкімінің
орынбасары болып жүрген кезде, бір үлкен жиында жүздестік.
Сөйлесе келсек, өзі менің нағыз інім болып шықты. Степнякта
туып-өскен, Ақсарының ішінде Нұралы. Мен оқыған Абай мекте-
бінде оқыған, үш жас кіші. Өзінің түріне қарасам, иман жүзді, құ-
дайға қараған момын, сөзінің түріне қарасам, арғы-бергіден хаба-
ры бар, елім, жерім, тарихым, қазағымның тілі, өнері деп өліп-
өшіп тұрған сирек әкімдерден екені байқалады. Содан жақын тар-
тып, сырлас, сыйлас болып кеттік.
Біржан салдың аталары бес Бертіс атанған: Қожағұл, Қожам-
құл, Ақшуақ, Байшуақ, Жаншуақ.
Біржан сал Қожағұлдан тарайды. Ал Ермек Қожамқұлдан та-
райды. Әкесі Бекен ақсақал елге еңбегі сіңген ардагер еді.
Ермек Малайзияның даңқты басшысы Мұхаммед Махатмирдің
«Малайская дилемма» деген кітабының кейбір керек жерлерін
221
ағылшыншадан тікелей аудартып алып оқыған ғой. Орысшасында
ұлтқа, ұлттық мүддеге, ұлтжандылыққа қатысты жерлері ықшам-
далып, қысқартылып, тігісі жатқызылып аударылған екен. Соны
сезген Ермек ерінбей, жалықпай соңына түсіп, іздеп жүріп аудар-
тып оқып, дана басшының шын сөзін санасына тоқып, насихаттап
айтып жүреді. Мұхаммед Махатмирдің жете аударылмай, бізге
жетпей қалған сөзіне қарағанда, кез келген елдің экономикасы,
экономикалық заңдылықтарды сақтай отырып, алдымен өз ұлты-
ның мүддесіне қызмет етуі керек екен! Өзге ұлттарды кемсітпей,
теңдік бере отырып, өз туған жерінде, өз мемлекетінде, заңды түр-
де малай ұлтына ерекше қамқорлық жасауы, сөйтіп елінің еңсесін
көтеріп, елдігін сақтап, қарыштап дамытуы қандай құрметке де
лайық! Сан қырлы саясатта, нақты қоғамдық өмірде ойландыра-
тын, өнеге болатын-ақ іс! Осындай күрделі дүниелерге ой жүгір-
тіп, басын ауыртып жүрген әкім ініміздің ұлттық сана-сезімінің
сергектігіне сүйсінетініміз де рас. Айтпақшы, баласы Еркебұлан
сол Малайзияда оқып келді!
Тұрсекең, Тұрсынбек Кәкішев ағамыз сексенге толғанда, Ер-
мек Бұланды ауданының әкімі болатын. Сонда ол ауданда бұрын
болмаған Бұланды ауданының құрметті азаматы деген атақты қа-
былдауға ұйтқы болып, бірінші нөмірлі «Құрметті азамат» атағын
Тұрсынбек ағамызға бергізгені бір мерейлі, игілікті іс болды.
Бес Бертістің тағы бір бұтағы Нұрлан – кәсіпкер, іскер азамат.
Оның апасы Еңлік – менің жиенім Тәстембектің зайыбы.
Ермектің өзі де тегін емес, атасы Біржаннан бірдеңе жұқпай
қоя ма, ептеп домбыра тартып, ән де салады. Өнерге, әсіресе,
Көкше өңірінің өнерпаз түлектеріне, қаламгерлеріне қолынан кел-
генінше қамқорлық жасап жүретін азамат әкім қарапайым халыққа
да жақын тұрады.
Зайыбы Майра Әшімқызы өзіміздің көкшетаулық, руы – Қа-
рауыл, Сәберлі. Аңқылдап жүретін, саңқылдап сөйлейтін жүзі
жарқын келініміздің әңгімесі де қызық.
Ермек бір совхозда қызмет істеп жүргенде, бір күні пешке сала
қоятын отын болмай қалып, Майра аулада тарсылдатып ағаш жа-
рып жатса, өткен-кеткен кісілер көреді. Содан, қатарластары Ер-
мекті әзіл-шыны аралас: «Әйеліңе отын жарғызып қойғаның қа-
лай?!» – деп қағытпай ма? Ермек үйге келген соң, Майраға:
«Отынды жұртқа көрсетіп жарғаның не? Көзге түспей, қорада
222
жармайсың ба ?» – деп кейіген көрінеді. Бастықтың бұлай дегені-
нің өзі, «отынды сен жарма, мен өзім жарып берейін!» дегенімен
бірдей ғой!
– Ол кезде заманның ағымы солай болды ғой, мен орыс мекте-
бінде оқып шықтым, – дейді Майра. – Шыны керек, жас кезімде
қазақшаны шала-бұла білетінмін. Ермекке қосылғаннан кейін де
орысша сөйлеп жүрдім. Бір күні Ермектің бір жақын апасы, үлкен
кісі, менің орысшалау болғанымды ұнатыңқырамай, үйден сөйлеп
шығып барады: «Ермек жақсы ғой, шіркін! Құдай екі жақсыны
қоспайды ғой!» – дейді! Не күлерімді, не жыларымды білмей қала
бердім!
Сол Майра қазір – әже, қазақша ағылып сөйлегенде, ақылды
әкімнің өзі аузын ашып, басын шұлғып тыңдайды да отырады!
Амангелді ағамызбен айтыс, өнер сапарымен Қарағандыға кел-
генде кездесіп жүрдік. Алғаш көргеннен-ақ, жүзінен нұры төгіл-
ген, ақ самалдай аңқылдаған бауырмал ағамыз жан шуағын аямай,
жақын тартып кетті.
Жерлес ағамыздың ұзақ жылдар киелі Қарағанды жерінде же-
місті қызмет істеп, үлкен абыройға бөленіп, биік дәрежелерге адал
еңбек, қажыр-қайратымен жеткеніне қуанатынбыз. Университетте
ұлағатты ұстаз, профессор, ғалым, проректор Амангелді ағамыз
жан жары Айман жеңгеміз екеуі үлгілі жанұя болып, жан-жағына
қадірлі күйде жарқырап жүріп жатқанына риза болатынбыз. Ол
кісімен кездесіп, әңгімелескенде бір жасап қалушы едік. Тіпті, те-
лефонмен сөйлесіп, амандық-саулық білісіп, мәре-сәре болатын-
быз. Біз бәріміз бір елденбіз – Көкшетау, Еңбекшілдер, Құдықағаш
атаулары біз үшін ерекше ыстық.
Құдықағаш – қаймағы бұзылмаған қазақ ауылы, ескіден тамыр
тартып жатқан, айқын мінезі, жарқын келбеті бар, ана тілі мен ата
дәстүрін қадір тұтқан қасиетті ауыл. Аудан орталығы Степнякта,
Бұлақбасында туып өскен маған Құдықағаш бала күнімнен өте жа-
қын көрінетін. Біздің Дудәміз – апамыз Мәриям (Мәйміна) осы
ауылға, Ұғыш жездемізге тұрмысқа шыққан. Анам Бәтиманың не-
223
мере ағасы Құсайын нағашымыз да, немере сіңлісі Зейнеп нағашы
апамыз да осы ауылда.
Құдықағашқа, оның ар жағындағы 4 шақырым жердегі Мақ-
палдағы апа-жездеміздің қыстауына қысқы каникулда қыдырып
барып, орман аралап, құдағиымыз Алтын апаның ғажайып ертегі-
лерін тыңдау – біз үшін ертегілер еліне саяхат жасаумен бірдей
болатын!
Сол алаңсыз, бақытты балалық шақта естіген аңыз әңгімелер
көненің қазына байлығындай шежіре қарттардың көңіл сандығын-
да сақталып, бізге жеткен екен ғой! Сондай бір тарихи аңыз, қы-
зықты мазмұнды, мағыналы да маңызды әңгімелер әулие Салық
молда атамыз жөнінде айтылатын. Салық молда 19- ғасырда өмір
сүрген, Алла тағала айрықша қасиет берген, мұсылман дінін қор-
ғаушы, рухани дүниенің ірі қайраткері болған асыл атамыз.
Ұғыш жездем қызбаланып, қызық қып айтатын: Құдықағашта
Зұқа деген кісі бір күні кәшәбамен (кәшауа) Степняк жақтан келе
жатады. Өзі бір тойда болып, қызыңқырап алса керек. Көшірі бір
кезде: «Молданың зиратына кеп қалдық, тоқтап, құран оқиық!»
деген екен. Қызып алған кісі зиратты қайтсін: «Тарт айда, тоқтай-
тын уақыт жоқ!» – деп, қаттылау сөйлеп, ащылау сөздер де айтып
жіберсе керек. Содан, тоқтамай тарта береді. Үйіне кеп түскенде,
Зұқаның тілі байланып, жақ сүйегі жансыздана берді дейді. Болған
жәйтті көшірден естіген бойда, шешесі бір қойды садақаға атап
сойып, баласын арбаға жатқызып, Салық молданың басына келіп,
құран оқып, кешірім сұраған екен. Артынша, баласы жазылып,
қатарға қосылып кетіпті.
Өмірден өтерінде Салық атамыз: «Атымды тым әсірелеп, әс-
петтемеңдер!» деген өсиетін айтып кетіпті. Бұл сөзді Кәдір аға-
мыздың аузынан алғаш естігенде, өте қатты әсерлендім. Нағыз
әулиенің сөзі ғой бұл! Ертеде шалдардан еститінбіз: «Өмірден өт-
кен адамды тікелей өз ұрпақтары мадақтап, асыра мақтап жатса,
ана дүниедегі аруаққа ауыр болады екен!» деген бір мағыналы
сөзді. Ал, ар жағы бір тылсым дүние, түпсіз әңгіме!
Бірде бір топ құрметті кісілер Салық атамыздың зиратына ке-
ліп, құран оқыпты. Сонда, алыстан келген білімді, діндар бір адам:
« Сіздер әулие іздеп алысқа барады екенсіздер. Әулие жандарың-
да, міне, өздеріңнің жерлеріңде жатыр екен ғой!» деген көрінеді.
224
Ал, Амангелді ағамыз – Салық молданың тікелей ұрпағы, не-
мересі! Мен ол кісіні асылдың сынығы, атамның көзі деп, айрық-
ша жақсы көретінмін! Біз бәріміз бір Керейдің, оның ішінде Ақса-
ры Керейдің балдарымыз!
– Бауырым, өлеңдеріңді оқыдым! Күнде кешке жұмыстан кел-
ген соң, жантайып жатып, сенің кітабыңды оқитын болдым! Көп
нәрсе бар екен! – деп, ағынан жарыла ағалық тілегін білдіруші еді
жарықтық.
Бұрындары Салық молданың Қази деген бір немересі дәрігер
болды деп еститінбіз. Ол кісі де Қарағандыда тұрып, еңбек етті.
Ұғыш жездеміз аузынан тастамайтын. Ауырып-сырқап қалса, сол
кісіге баратын. «Қазиға барып келдім. Емдеді, дәрі берді!» – деп,
рахметін жаудырып отырушы еді. Сол Қазидың немересі әлде қы-
зы Гүлмира Астанада, дирижер.
Салық молданың немересі Кәдір ағамызды бала кезден біле-
тінмін. Ол да Құдықағаштан. Біздің Ұғыш жездемізбен жақсы ара-
ласып тұрды. Нағашы апам Қарлығаш екеуі он бала тәрбиелеп
өсірді. Жақсы адам еді, жарықтық. Асылдың сынығы деп құрмет-
теп, біресе аға, біресе жезде деп, әзілдеп те жүретінмін.
Бір қызық жағдайды қараңыз: 2015 жылы, тамыздың 13-і күні
түнде Салық молда атамның ұрпақтары жайлы деректі сөздерді
жазуды ойыма алып, жобасын сызып қойдым. Кәдір аға мен Қар-
лығаш тәтемнің үйінде екі бірдей киноның эпизодтарын түсірге-
німді еске алдым. Таңертең Қайыргелді Қиықов жездем звондай-
ды: Түнде Кәдір аға 75 жасында дүниеден озыпты.
Ол киноның әңгімесі былай: 2006 жылы «Ән мен анаша»
фильмін Көкшетауда түсіріп жатқанда, бір жеке үйдің ауласы ке-
рек болды. Қаланың ішінде ондай ыңғайлы орын таба алмай, түс
кезінде Әлия екеуміз шарқ ұрып жүрміз «Жигулимен». Жанымыз-
да актер Айбек Құсайынов бар. Кешке түсіру керек! Сөйтіп жүр-
генде, қаланың қақ ортасында, менің ойыма құйылып келе қалды:
Кәдір аға мен Қарлығаш тәте Құдықағаштан Көкшетауға көшіп
келіп еді ғой! Қуанып кеттім! Салық молда атамыздың ұрпағы Кә-
дір аға мен, анам Бәтиманың немере ағасы Құсайын нағашымның
қызы Қарлығаш тәтемнің үйінен артық қандай үй керек! Содан,
салып ұрып жеттік. Ол кісілер құшақ жайып қарсы алды. Киноның
керек жерін түсіріп алдық. Тіпті, аға-тәтемді немересімен бірге
киноға қосып та жібердім!
225
Арада 6 жыл өткенде Көкшетауда «Асау толқын» фильмін тү-
сірдім. Тағы да қора-жай керек болды. Тағы да Кәдір аға мен Қар-
лығаш тәтеме келдім. Өйткені, олардың тұрған жері менің кином-
ның табиғатына дәл үйлесіп тұр. «Біздің үй-жайымыз бен қора-
қопсымыз саған әбден ұнап жатса, мен қуанбағанда кім қуанады!»
деп, риза болған Кәдекең бүкіл үйін, қора-жайын түгел берді. Ал-
ғашқы кинодағы суреттерді қайталамай, басқа жақтарын түсірдік.
«Асау толқындағы» қыз бен жігітке нағашысы әңгіме айтатын
эпизодта, асүйде бала-шаға, немерелерімен отырған осы Кәдір аға
мен Қарлығаш тәтеміз. Одан басқа, сарайдың ішінде жиенмен әң-
гімелесіп, газетті ұрып жыртатын эпизод та сол үйде түсірілген.
Сондағы ағаш тіліп жатқан жігіт Кәдекеңнің ұлы. Ең бастысы, қа-
нішер қарақшыны байлап қоятын қора – сол үйдің ағаш моншасы.
Киноны түсіріп біткенше жаны қалмай қасымызда жүріп, ықылас-
пейілін аямаған аяулы аға, тәтемізге алғысымыз ұшан-теңіз! Әри-
не, бүкіл түсіру обьектілерін тегін бергені айтпаса да түсінікті!
Азғантай ғана қаржымен кино түсіріп жүрген бізге бұл да үлкен
демеу болды!
Кеңащыда тұрған кезде ауыл-ауылдарға барып, жеке концерттер
қойып жүрдім. Шамасы, 1990 жылдардың басында болар, бір жолы
Құдықағашта ауыл халқымен жеке шығармашылық кездесуім бол-
ды. Ауыл халқы қандай, дүрілдетіп қол соғып, қиқулап отыр. Әңгі-
мені де айттық, өлеңді де соқтық. Залда Кәдір ағамыз Қарлығаш
тәтеммен, Әуши жездеміз Тоты апаммен (Әбушаһман, нағашы апам
Тотының күйеуі, он баланың ата-анасы. Тоты мен Қарлығаш бірге
туған, Құсайын нағашымның қыздары. Бұлардың анасы Мәрия да
батыр ана болған) қатар отыр екен. Қастарында Әленов Құсайын
жездем отыр. (Нағашы апам Зейнептің күйеуі, жеті баланың ата-
анасы). Зейнеп тәтем келмепті. Апа-жезделерім менің сөздеріме мәз
болып, күліп отырғанда, байқап қалдым: Тоты мен Қарлығаш апа-
ларымның аузы толған алтын тіс екен де, Әуши мен Кәдір жезделе-
рімнің аузында жай металл тістер екен. Сонда әзілдеп:
Қазақы үлгі-өнеге жолы болған,
Нағашы апаларым тәлім алған,
Алтын құрсақ ана боп, ауызына
Ауылдың бар алтынын салып алған,
Арқыраған жездені жуасытып,
Тістерін түк қоймастан қағып алған!
226
Ақылды апаларға көңіл бөлсек,
Алтын сап өздеріне дәлдеп өлшеп,
Аузына толтырыпты жездейлердің
Жиып ап металломнан темір-терсек!
Ойласаң, мұның бәрі өмір екен,
Өмірді көркейтетін көңіл екен,
Аузына жездейлердің салып берген
Тістері қай ауылдың темірі екен?! –
деп едім, жұрт қыран-топан болды. Апа-жезделерім күлкілерін тыя
алар емес. Сонда қарасам, Құсайын жездемнің тіпті темір тісі де
жоқ екен, аузын ашып күлгенде көмейі көрінеді. Содан:
Құсекең тақиясын қоқырайтып,
Сөйлесе, ағылады нақыл айтып,
Бір-бірлеп тісін жұлып Зейнеп апам,
Ауызын жіберіпті опырайтып! – дедім. Ал, күлкінің көкесі
болды! Бәрі бір-бірінің мінезін білетін, дос-бауыр, ауылдас ағайын
бір арқа-жарқа болып еді-ау сол бір қайталанбас сәттерде!
Амангелді аға – осы Кәдірдің туған інісі. Былтыр Қарағанды
Ұлттық Техникалық университетінде ректор, Алаштың азаматы
Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевтың шақыруымен біздің Нұрланның
студенттермен кездесу кеші өтті. Мен балама: «Университетте
Амангелді ағамыз жұмыс істейді, көрсең, жақсылап сәлем бер!» –
деп тапсырып жібергенмін. Кездесу аяқталысымен Амангелді аға-
мыз телефон соғып, кештің өте тамаша өткенін, Нұрланға деген
ризашылығын, ағалық ақ тілегін қуана-қуана жеткізді. Телефонды
жанында тұрған ректорға бере қойды бір кезде. Сөйтіп, Арыстан
Мәуленұлы екеуміз ең алғаш телефон арқылы танысып біліскен
едік.
Арада біраз уақыт өткен соң, университет басшысы мені Қа-
рҰТУ-не, Жұмабек Тәшеновтың 100 жылдығына байланысты рес-
публикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырды. Сон-
да кездесеміз ғой деп, Амангелді ағамыз екеуміз телефонмен біраз
сөйлесіп, әбден арқа-жарқа болып едік!
Содан, ойымда ештеңе жоқ, Қарағандыға келдім. Көп жылдан
бері осы университетте жұмыс істейтін біздің Кеңащы ауылының
түлегі Нұрлыбек Маманұлы Әубәкіров бауырымыз қарсы алды.
Біраздан соң: «Иә, Амангелді ағамыз қалай? Ертең келетін шығар
227
конференцияға?!» – демеймін бе! Нұрлыбек қиналыңқырап:
«Амангелді аға қайтып кетті ғой!» – деді! Нанарымды да, нанба-
сымды да білмей, сенделдім де қалдым!
Жарықтық, Кәдір ағасының артынан, бір-екі айдың ішінде, аяқ
астынан өмірден озды. ҚарҰТУ-ң оқытушылары қимастықпен ес-
ке алып, жақсы ұстаз, тамаша азамат болғандығын аңыз қылып,
арманда қалғандарын айтып жатыр! Е, шіркін дүние, амалың бар
ма! Екі арыс бірінің артынан бірі бақиға кете барды!
Құдықағаш пен оның адамдарына, соның ішінде Кәдір мен
Амангелді ағаларыма деген ықылас, құрметімнің бір белгісіндей
«Құдықағаш ауылым» деген өлең жаздым. Әнін жазған белгілі
композитор Әшірхан Телғозиев – Құдықағашқа күйеу, Әнипаның
жолдасы. Бұл өлең Құдықағаш ауылының мерейтойына арналып
жазылған еді. Амангелді ағамыз өлеңін оқып та, әнін тыңдап та бір
риза болған шығар-ау кезінде!
Шынында да, Құдықағаш – өсіп-өнген, өнегелі ауыл. Соғыс ке-
зінде қазақтардың гимніндей болған әйгілі «Жас қазақ» әнінің ав-
торы Рамазан Елебаев та осы ауылдың түлегі. Мен ол кісінің қасі-
ретті де қастерлі тағдыры жайлы «Жас қазақ» деген пьеса жазып,
«Көкшетау» журналында, кітаптарымда жарияладым. Бірер жыл
бұрын Құдықағаш ауылының азаматтары ауылдың 80 жылдығын
тойлап, елдің өткені мен бүгінін түгендеп, тарихи деректер мен
ауыл адамдарының шежіресін, өмір жолын молынан қамтып, «Ра-
мазан Елебаевтың елі» деп аталатын үлкен кітап шығарды. Міне,
сол кітапта Амангелді ағамызды ардақты азаматтардың қатарында
мақтанышпен атап, оның өмір белестері мен еңбектегі жетістікте-
рін үлгі-өнеге ретінде жақсылап көрсетіп, Айман жеңгеміз екеуінің
әдемі суретін жариялаған. Мұның өзі Амангелді Ахметовтың туған
жер тарихында есімі құрметпен аталатындығының бір көрінісі. Біз
де азамат ердің баласы, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы аяулы
ағаларымыз – Кәдір мен Амангелдіні қимастықпен еске алып,
жандары жәннатта болсын, Алла тағала ұрпақтарына бақытты ғұ-
мыр берсін дейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |