Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет58/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
20. 02. – 24. 02. 2016 ж.
 


228
Күреңтай батыр туралы аңыз-әңгімелерді қаршадай бала кү-
німде әкем Тақаннан естіп өстім. Ол әңгімелерден ұққаным – Кү-
реңтай батыр бізге аталас, Ажы (Әжі). Ақымбетті көбіне Ажы-
Ақымбет деп қосып атайды. Ал оның баласы Ижан ашаршылық 
жылдарында қайтыс болыпты. Немерелері, ағайынды Шәріп ата 
мен Әзәу аға Бұлақбасында, бізбен бірге тұрды. Көз алдымызда 
жүрген батырдың тұқымдарына мен қызыға қарайтынмын, бала 
қиялым оларды ертегі, аңыз әлеміне қосып жіберетін.
Шәріп ұзын бойлы, ат жақты, шүңірек көз, ұзын имек мұрын-
ды кісі болатын. Құс тұмсығына қарап отырып, мен ол кісіні қы-
ран бүркітке ұқсатушы едім. Әкем айтатын, бірде біреулер кім ті-
лін мұрнының ұшына тигізеді деп бәстескен екен. Ешкім тигізе 
алмапты. Сонда жарықтық Шәкең қиналмай-ақ тілін мұрнына ти-
гізе қойып, жеңіп кетіпті. Аттан түспеген, қайратты, нағыз батыр 
мінезді болатын. Ал інісі Әзәу бойы да биік, денесі де жап-жалпақ, 
еңгезердей алып кісі еді. Жүкші болып жұмыс істеген ол кісінің 
қара күшін жұрт аңыз қылып айтатын. Шәріп атаның Сақыпжамал 
деген қарындасы болды. Оның Сатыбалды деген баласы да наға-
шы атасы Күреңтай батырға тартты ма екен, кім білсін, жас кезін-
де тентектігімен көзге түсті. Келімсектермен күні-түні төбелесіп 
жүретін батыл болды. Ол кісіні әкем: «Сатыбалды офицер, білімі 
күшті, әскери жұмыста жүре бергенде өсетін еді» – деп отыратын. 
Сатыбалдының баласы Дүйсенбек менің ағам Мейрамбаймен бірге 
өсіп, бірге оқыған жан достар болды. Кейін Алматыда кездесіп, 
сыйласып жүрдік, балалары бар.
Әлқисса, Күреңтай батыр бір күні жолаушылап келе жатады. 
Айдала, елсізде бірнеше күн жол жүріп, арып-ашып келе жатқан 
батыр, жанында екі-үш серігі бар, бір орыстың үйіне тап келеді. 
Бұл баяғы қарашекпендер ме, жоқ әлде казак-орыс па, бізге беймә-
лім. Аңызға сары орыстың бәрі орыс. Содан, әлгінің үйіне қонады. 
Өңкей салт атты қазақ үйіне өздері келіп, торға өздері түскендей 
көрген әлгі үйдің иесі пешті оңдап тұрып жағады. Жылы үйде 
бойлары балбырап, батырлар қалың ұйқыға кірді-ау деген кезде
отын жанып бола беріп, бір үйме шаласы қалғанда, пештің төбесін 
жаба салады. Есік-терезе тас бекітулі. Ұйқыдағы адамдарға біраз-


229
дан соң иіс тиіп (угар), оянбай кететінін есептеп қойған. Бірақ, 
өмір бойы ат үстінде, жортуылда, ажалмен бетпе-бет келсе де ай-
ылын жиып көрмеген Күреңтай батыр айлалы әрі сақ екенін қай-
дан білсін! Құс ұйқылы Күреңтай батыр бір мызғып алған соң, 
оянып, ойға батады. Бұл неғып тым қонақжай болып кетті, отынды 
аямай жағып жатыр, ә?! Ақырын байқап қараса, есік, терезе сыр-
тынан бекітулі, пештен иіс шыға бастаған. Содан, Күреңтай жол-
дастарын оятып, еденнің тақтайын жұлып алып, іргені қанжары-
мен қазып, ауа кіретіндей етіп теседі де, шапандарын тас бүркеніп, 
жеңін шлангі құсатып әлгі тесіктерге туралап келтіріп, таза ауамен 
тыныстап, таң атқанша тырп етпей жата береді. Таңертең әлгі орыс 
есікті ашып, үйді желдетіп, тырайып жатқан қазақтарды өлдіге 
санап, пешті қайтадан жағады. От лаулай бергенде, Күреңтай ба-
тыр орнынан атып тұрып, әлгіні желкеден бір-ақ қысып, жалында-
ған пешке тығып жібереді де, аузын жаба салады! Қанға – қан, қы-
састыққа – қысастық деген қатал заманның бұл да бір ащы шын-
дығы! Қонағын уландырып несі бар, тыныш қана шығарып салса, 
түк пәле жоқ қой! 
Тағы бірде Күреңтай батыр айдалада жортып келе жатып, бір 
жер жыртып жүрген қарашекпенге ұшырасады. Қос өгіз жегіп, жа-
сөспірім баласымен тың жердің шымын темір соқамен дырылдата 
айырып жатқан алып тұлғалы орыстан Күреңтай батыр су сұрай-
ды. Ыммен! Қарашекпен баласын үйіне жұмсайды. «Принеси 
ружье!» деп тапсырады оған. Күреңтай орысша біледі, түсінеді. 
Айласын қара – су сұрағанда орысша білетінін білдірмейді! Қара-
шекпен Күреңтайға бала келгенше, соқаның құлағын ұста, мен 
өгіздерді айдай берейін дегенді ыммен білдіріп, екеуі жерді жырта 
береді. Бір айнала бергенде, қапысын тапқан Күреңтай қарашек-
пенді кішкентай, өткір айбалтамен бастан бір-ақ тартып, өлтіріп 
тастайды. Су сұраған кісіге мылтығын оқтамақ болып несі бар, 
бір-біріне сенбей, жауласқан заманға не дерсің?! 
Өмірхан Тоқтаров ақсақал, өзі Ажы-Ақымбеттің Ажысы, жүз 
жасқа жақындап барып қайтыс болды. Жобасы, 1915 жылдары ту-
ған. Кезінде кеңестік атқамінердің бірі болған, басшы қызметтер 
атқарған. Біздің аталарымызға, туыс болған соң, біраз жақсылық-
тар жасаған екен. Жасы ұлғайған шағында, тәуелсіздік заманында 
дін жолын ұстады. Щучинск қаласындағы орталық мұсылман ме-
шітінің ашылуына ұйтқы болған, қаржы жинау, ұйымдастыру жұ-


230
мыстарына белсене араласып, үлкен еңбек сіңірген ардақты аза-
маттардың бірі. Сол кісінің тоқсан жастан асқан кезінде, өз аузы-
нан 2007 жылдары естіген әңгімем: Күреңтай батыр Құнанбаймен 
дос-жар болған екен. Ол кезде Ажы-Ақымбеттер Семей жағында, 
Тобықтылармен көршілес болыпты. Содан, уақыт өте келе, түрлі 
жағдайлармен Құнанбай мен Күреңтай батырдың арасы бұзылып, 
араздасады. Құнанбай оның үстінен арыз, қағаз жинап, пыргауар-
лап жер айдатуды ойлайды. Сонда Күреңтай батыр бір амалын 
тауып Құнанбаймен кездеседі. Бәлкім, ұлыққа бара жатқан жо-
лында қолға түсіреді, бәлкім алдап ретін табады, әйтеуір оңаша 
қалған соң Құнанбайға маған дайындаған қағазыңның барлығын 
көрсет дейді. Барлық қағазды көріп, тыңдап болған соң, Күреңтай 
батыр Құнанбайдың екі қолын қайырып, тас құрсаудай қысып 
байлап, бүкіл қағазын жанып тұрған пешке тығып, жағып жібере-
ді. Сонымен, «мен сені тірі жіберейін, сен мені қудалағаныңды 
қой» деп, анттасады.
Осы жерде мен Өмірхан атамызға: Аға, Мұхтар Әуезовтың 
«Абай жолы» романында Құнанбай Майырға осылай істеген деп 
жазылған ғой! – деп, өз күмәнімді білдірдім. Ол кісі: Мен ол жа-
ғын білмеймін, менің естіген әңгімем осы! – деді. – Содан кейін 
Күреңтай батыр өз руымен түгел көшіп кетіп, Ақсары Керейлердің 
қазіргі жайлап жүрген жеріне келіп, өзінің ақсарыларына қосылған 
– деді. (Ажы-Ақымбеттің бір бөлігі арғы заманда Семей жағынан 
келіпті деген сөзді әкем де айтып жүретін).
Өмірхан ата сөзін жалғап: Мен Күреңтай батырды сексен бес 
жасында көрдім деді. Денесі сом, тіп-тік болатын. Есік алдында 
отыр еді, бір сүзеген дөкей көк қошқар балаларды сүзіп, жұрттың 
зәресін ұшырып, мазалай берді. Бір кезде Күреңтай батырдың жа-
нына келіп, сүзуге оқтала бергенде, қария мүйізінен ұстап, сілкіп 
қалғанда, қошқар сылқ ете түсті. Сөйтсек, сексен бестегі батыр бір 
сілкіп қалғанда қошқардың жуан мойнын үзіп жіберген екен! Ал, 
жас кезінде қандай болғанын болжай бер! – деді.
Әрине, Күреңтай батырдың кеңестік кезеңде атаусыз қалуы 
заңды: отаршылдыққа қарсы аяусыз айқасып, озбырлық қылған 
отаршылдардың қанын төккен кісінің атын ашық айту ол заманда 
мүмкін емес еді. Бірақ, бүкіл совет идеологиясы, тастай қатты би-
лік жүйесі, қатал жазасы халықтың аңызын жеңе алмады. Ол ата-
дан балаға мұра болып қалды. Енді сараптап қарасақ, Күреңтай 


231
батыр – Кенесары-Наурызбай заманынан кейін шыққан, бодан-
дықта басыбайлы қалса да, ішкі азаттық рухы өлмеген өр көшпен-
ділердің отаршылдыққа қарсы күрескен жаңа буынының көрнекті 
өкілі. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда, оның бүкіл өмірінің өзегі 
– отаршылдарға деген өлердей өшпенділік және сол жолдағы бел-
сенді, айлалы, батыл, аяусыз қанды шайқас! Өмірхан ақсақалдың 
әңгімесіне зер салып, сараласақ, мынаны байқаймыз. Алдымен, 
Өмірхан ата Күреңтай батырды 85 жасында көрсе, бұл әрі қойған-
да, жобамен 1915 жылдары туған Өмекеңнің он жасар шағы деп 
алсақ та, 1925 жылға тура келеді. Сонда, Күреңтай батыр жобамен 
1840 жылдар туған болып шығады. Демек, Кенесары-Наурызбай 
соғысы кезінде ол кішкентай бала. Құнанбайдан да көп кіші. Бәл-
кім, қайратты, қайтпас батыр Күреңтай албырт жас кезінде ақылды 
һәм айлалы, әккі Құнанбайдың ықпалына түсіп, қоластындағы ба-
тыры болуы да әбден мүмкін. Яғни, соның дауын даулап, жауын 
жаулап, барымта-сырымтасының бел ортасында сойыл соғары бо-
лып жүрген де шығар. Ал, ақыл тоқтатып, ойлана бастағанда, 
олардың арасында келіспеушілік те болуы мүмкін, немесе, тіпті, 
Құнекең қарсыластарының наразылығы күшейіп, дау-дамай өрші-
ген уақытта, жас Күреңтайға бар кінәні арта салып, жер аудартпақ 
болды ма екен?! Әлде, қысым көрсетіп, жерін тартып алмақ болды 
ма!? Мұның бәрі логикаға сыятын жай ғана болжам. Ал, Күрең-
тайдың өзіне жасаған айлалы қайрат-қимылын, Құнанбай кейін, 
жылдар өте келе, аға сұлтан болған кезінде, Әуезов суреттеген 
майырға да жасаған болар.
Бәлкім, өткен ғасырлардағы батырлар, бағландар туралы аңыз-
дардың бізге толық жетпей, асыл сынықтары ғана жетіп, айрықша 
қымбат болуында да бір заңдылық бар сияқты. Негізі, өзегі жетіп, 
қалған қаншама қазына көшкендермен бірге көкке ұшып, мәңгі-
лікке кете барғанының өзінде де бір сыр бар-ау! 
Тағы да Өмірхан атадан естіген бір сөз: Күреңтай батыр жас 
кезінде Омбы барған бір сапарында орыс әпесерлерімен қарт ой-
напты. Қолы жүріп кетіп, арда қазақты ұтып аламыз деп отырған 
әпесерлерді сыпырып алыпты. Аналар қандары қайнап, жанжал 
шығарып, алтыатарларына жармаспақ бола бергенде, қойнынан 
кішкентай айбалтасын суырып алып, үйіре сілтеп, үрейлерін ұшы-
рып, жатқызып тастап, қақпадан бір-ақ ырғып кете барған. Бұл әң-
гімеге қарағанда, Күреңтай батыр өмір бойы оңды-солды соғыса 


232
бермеген, шаруа қамын да ойлаған, бейбіт тіршілік кешкен, тіпті, 
сол отаршыл орыстармен де аралас-құралас болып, ақылмен, ай-
ламен дұрыс қарым-қатынас та жасап тұрған. Ал, озбырлық көрсе-
тіп, жауыздық жасай бастағандарын, реті келгенде, қағып тастай 
берген болу керек! 
Ал, мына әңгімені өзіміздің Бұлақбасында бала күннен көріп 
өскен ағамыз Асқардан естідім. Бұлақбасында ағайынды Абит, 
Жағыпар деген кісілер тұрды. Жағыпардың баласы Асқар бүгінде 
ақсақал ата, зайыбы Сара – «Ақ апа» деген атпен елге белгілі емші. 
Кейіннен білдім, Абит пен Жағыпар белгілі тарихи тұлға – совет-
ник Тұрлыбектің ұрпақтары екен.
Асқар Жағыпарұлының әңгімесі: Күреңтай батырдың Мажыра 
деген жорықтас, қандыкөйлек серігі болған. Ол алыстан, Семей 
жағынан шыққан кісі. Бұлар Күреңтай-Мажыра деген аты шығып, 
дүрілдеп тұрған. Күреңтай мына жақтың байларынан алады жыл-
қыны, Мажыра ана жақтан айдап келеді. Сөйтіп, екеуі айырбастап 
жібереді екен де, бірде-бір жоқ іздеген байлар малын түстеп таба 
алмайды екен. Күндердің бір күні, бір жорықтан келе жатқан жал-
ғыз атты Күреңтайды бес-алты қуғыншы аңдып жүріп, айдалада 
қоршап алады. Қоршағанда да қызық, Күреңтай батыр үлкен дә-
ретке отыра бергенде төбесінен төніп тұра қалады. Сонда, Күрең-
тай күлді дейді. – Неге күлесің, қазір өлесің! – дейді өңшең қару-
лы, жас жігіттер тепсініп. – Талай жауды алған батырларды көріп 
едім, тып-тыныш тышып отырған кісіні тышқызбай жеңіп алған 
ерлерді бірінші рет көргеніме күліп отырмын! – депті.
– Әй, мынау не дейді-әй! Ал, тышып ал да, шықшы былай, 
әуселеңді көрейік! – дейді шамданып, намыстанып қалған дала 
дүлейлері. Күреңтай асықпай жайланып алады да, атына бір-ақ 
ырғып, ұрандап майданға шығады. Әлгі бес-алты жігітті ә дегенше 
сойылмен ұрып жығып, аттарын алып кете береді.
Әкемнен бала кезімде естіген бір әңгіме жадымда қалса да, ер-
тегіге ұқсап тұрған соң, жаңылыс айтылған, Сәкен Сейфуллин 
айтқандай ауысқақ сюжет, ауысқақ жәйттердің бірі болар деп жү-
ретінмін. Ал, сол әңгімені Күреңтай батырдың шөберелері, Әзәу-
дің қыздары Қаман мен Бөтән (Үмітжан) тәтелерімнен бертінде 
тағы естідім. Бәлкім, қазір ертегі сияқты болып көрінгенімен, бұл 
да баяғы заманда айдалада жалғыз жортқан талай ерлердің басы-
нан жиі кешкен шын оқиға шығар. Әлқисса, бір күні Күреңтай ба-


233
тыр айдалада келе жатып, бір томардың түбіне қонбақшы болады. 
Томар деп біздің шалдар құла дүзде жиылған кішкентай су мен 
жағасына біткен шоқ ағашты, шілікті айтады. Түн ішінде батыр от 
жағып, атып алған аңның етін пісіріп отырғанда, дыбыссыз басып 
біреу келеді қасына. Үнсіз отыра кетеді. Күреңтай батыр жер ас-
тынан шыға келгендей ойда-жоқта пайда бола кеткен бейтаныстан 
күдіктенсе де, сыр бермей, ет кесіп береді. Анау етті алғанда сау-
сақтарын көрсетпей, бүгіп, жеңіне жасырып, біртүрлі алады да, 
сол үндемеген қалпы кетіп қалады. Оның жезтырнақ екенін сезген 
батыр, етке тойып алған соң, ер-тоқымына бір түбіртек ағашты кісі 
сияқты қылып жатқызып, шапанымен бүркеп қояды. Өзі анадай 
жерге жасырынып, мылтығын оқтап, аңдып жатады. Түннің бір 
уағында жасырынып келген бір қаракөлеңке түбіртекті бас салып, 
мыжғылай жөнеледі. Сол сәтте Күреңтай батыр мылтықпен атып 
жібереді. Анау ұшып түседі. Барып қараса, шынында да жезтыр-
нақ екен. Қанжардай тырнақтары ағашқа бойлай кіріп кетіпті. Ал, 
аңыз ба, ертегі ме? Кім біледі, темір ғасырдың гүрілі алыс кезде, 
тыныш жатқан көне далада осындай неше түрлі табиғат тамашала-
ры толып жүрген шығар-ау?! 
Күреңтай батырдың аңызына жалғас бір оқиғаға ойда-жоқта
бала күнімде тікелей араласып кеткенім де бір құпия, бір қызық.
Бала күнімізде қыстың қақаған аязында далада асыр салып ой-
нағанды жақсы көреміз. Ең сүйікті ойындарымыз – доптаяқ (допты 
хоккей), кәңки тебу, шаңғымен жарысу, қыр басынан шанамен 
сырғанау, аққала соғып, қалың күртік қардың үстінде асыр салып, 
алысып ойнау. Бір күні ойынның қызығымен ақ тер, көк тер болып 
жүрсек, орталық (центр дейтінбіз) жақтан, стадионды бойлап бір 
ат шанасын сүйретіп кірді Бұлақбасына. Балаға бәрі қызық, әп сәт-
те ат-арбаны қоршап алып, жан-жағында шуылдасып келеміз. Ат-
тың иесі шанада қимылсыз жатыр. Ат әбзелі келіскен, қамыт-
сайманы, доғасы, жетегі, шананың сүйегі бәрі мықты, су жаңа. 
Божысы да, жүгені де көз тартады. Қайысы жұмсақ, жылтырап 
тұр. Ат бізге қарамай, қырға қарай тартып барады. Бір кезде әлгі 
жансыз жатқан иесі шанадан ауып түсіп қалды. Түскенде ыңғай-
сыз, бетімен қарды сүзе, етпетінен түсті. Ат та ұзамай тоқтады. Біз, 
бір топ ұсақ баламыз, әй сол кезде көп болса екінші, үшінші класта 
оқитын шығармыз, жанымыз ашып жақындап келсек, әлгінің ма-
ңынан бір жағымсыз өткір иіс шығады. Сөйтсек, арақтың, пере-


234
гардың иісі екен. Енді қайттік ? Сол кезде есігінің алдында мал 
жайлап жүрген Шәріп атамыз көрінді таудай болып. Шуылдап, 
аталап жүгіріп барып, мән-жайды айттық. Шәкең жарықтық келді 
де, әуелі атты ұстап алып, божысын шанаға тартыңқырап байлап 
қойды. Онысын кейін түсіндік, ат үркіп, қашып кетпесін дегені 
екен. Содан кейін әлгі кісіге таяп келіп, ақырын түртіп қарады. 
Оның беті, әсіресе биялайсыз екі қолы көкпеңбек боп кеткен. 
Аударып алғанда, ыңырсыды. Шәріп атамыз әлгіні тани кетті: 
«Өй, мынау Первомайкадағы Кәрәсініп қой! О, иттің баласы, өзі 
удай мас!» – деп, бір боқтап алды да, бір-ақ жұлқып көтеріп, шана-
ға төселген шөптің үстіне жатқызды. Бұл кезде күн батып, қас қа-
раюға айналған. «Әй, Кәрәсініп! Кәрәсініп!» дейді атамыз. Кәрәсі-
ніп дегенге біз кәрәсін – Керосинов екен деп ойладық басында. 
Сөйтсек, Герасимов екен. Шәкең жарықтық қанша айғайласа да, 
орыстан жауап жоқ. Сұп-сұр болып, сұлқ жатыр.
Содан Шәріп атамыз ұзын шапанының етегін беліне буып, ша-
наға отырды. «Бұл иттің үйін білемін, тамыр ғой, апарып тастама-
сам, далада үсіп өледі мынау!» деп, үстін шөппен жауып, тартып 
отырды. Первомайка Бұлақбасынан екі-үш шақырым жер, әсіресе, 
қақаған аязда жаяу қайту қарт адамға оңай да емес. Бірақ, соған 
қарамай Шәріп ата әлгі орыс – Кәрәсініп – Герасимовты үйіне апа-
рып салды. Сөйтіп, бір кезде орыс отаршылдарымен аяусыз шай-
қасып, талайын жойып жіберген Күреңтай батырдың немересі 
Шәріп батыр бір орысты ажалдан аман алып қалғанын өз көзіммен 
көрдім! Шынында да, ес-түсін білмей жатқан мас кісі бірер сағаттан 
соң сыңғырлап қатып қалатын еді. Орыстар «звенить!» дейді ғой.
Бұл оқиға біздің бала жан-дүниемізге қатты әсер етті. Біз жа-
былып аудандық газетке: Арақ сатуды тыю керек! Неге сатады 
арақты!? Ол халықты улайды! – деген сарында мақала жазбақ бо-
лып біраз өрекпідік. Әй, балалық-ай десейші, газеттің сөзін құдай-
дай көреміз ғой, оған басылған сөз жауапсыз қалмайды, онда ай-
тылған нәрсе жөнделмей қоймайды деп ойлаймыз ғой! Ақыры, 
бізді үлкендер тиып тастады ма, әлде газеттегілер ақырындап ақыл 
айтып қайтарды ма, ол арасы есімде жоқ! Бірақ, арақ сату тоқта-
тылмағаны есімде! 
Шәріп атаның бәйбішесі – Нүриям апа. Темірбай деген ұлдары 
жастай қайтыс болған екен. Алтыкен, Күмісжан атты қыздарынан 
тараған жиен немерелері бар. Інісі Әзәудің (азан шақырып қойған 


235
аты Әжмағамбет) Қаман, Үмітжан деген екі қызы бар. Тілеулі де-
ген ұлына сәби күнінде көз тиіп, қайтыс болыпты.
Қаман апай бізге төртінші класта сабақ берді. Әдебиетке, көр-
кем сөзге құмар екенімді байқап, мені ерекше жақсы көріп, сабақ-
тан тыс уақытта үйіне шақырып алып, көркем суреттерді көрсетіп, 
шығарма жаздыратын. Арғы-бергі әдебиеттен, шетел классикасы-
нан мол мағлұмат беріп, ұстаздық, апалық ақ ниетімен ықылас-
мейірін төгуші еді. Ол кездер өмірде қайталанбайтын балалық 
шақтың аяулы бір кездері екен-ау! 
Қаман апайдың жолдасы Теңдік те мұғалім, 2012 жылы қайтыс 
болды. Үмітжанды бүкіл Бұлақбасы Бөтән дейтін. Бүйрек бет, әдемі 
Бөтән тәтем, Қаман апайдан сабақ оқуға барғанда мені інім деп жақ-
сы көріп, екі бетімнен құшырлана шымшылап-шымшылап алатын. 
Ол кісі өздерімен көрші тұрған, бала кезінен бірге өскен, Әбсәләм 
қажының немересі Қасен Қабдоллаұлы Әбсәләмовқа тұрмысқа 
шықты. Қазір Көкшетауда тұрады, балалары, немерелері бар.
Керей Мүсет би бір үлкен жиында кезінде аға сұлтан болған 
Құнанбай, Алшынбай, Ыбырайлармен бас қосыпты. Намаз уақыты 
болғанда. «Ал, кім имам болады?» деседі жұрт. Біреулер Құнанбай 
немесе Алшынбай болсын дейді. Мүсет би: «Болмайды, өйткені 
шариғат бойынша бір жерінің кемшілігі бар адам намазға имам 
бола алмайды! Құнанбай соқыр, Алшынбай таз!» – деп тұрып ала-
ды. «Онда Ыбырай болсын» - дейді. «Жоқ, – дейді Мүсет би. -
Ыбырай аға сұлтан болып тұрғанда Керей Жүкен болысты мойны-
ңа патшаның берген знагын тақпадың деп жер аудартқан. Ал знак-
та креш бар! Креші бар знакты тақпағаны үшін мұсылманды жер 
аудартқан кісі қалай имам болады?!» – дейді. «Онда сіз болы-
ңыз!»- дейді жамағат. «Е-е, болсам болайын»- деп, Керей Мүсет би 
намазға имам болады. Намаз оқып болған соң, әлгі шонжарлар 
еселерін қайтару үшін Мүсет биді қыжыртып: «Бұл намаз бұзыл-
ды-ау! Сіз имам болып тұрғанда, қолыңыз кіндіктен төмен түсіп 
кетті! Намаз қабыл болмайды-ау!» деседі. Сонда Мүсет би: «Мен 
намазға ұйығанда көңілім Аллада, көзім сәждада болады! Ал сен-


236
дердің көңілдерің де, көздерің де Аллада емес, сәждада емес, менің 
ұмамның басында болған екен!» – депті.
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет