237
Сөзден сөз шығып, Ибатолла ағамыз: «Бұлақбасында тұрған
ағайынды Абит пен Жағыпар – Тұрлыбектің тікелей ұрпақтары!» –
деді. Бала күнімізде көріп өскен кісілеріміз! Абит ақсақал ұзын
бойлы, арықша, қара торы кісі еді. Ал
Жағыпар дөңгелек қызыл
сары жүзді, толықша, аппақ қалың сақалды, нұрлы кісі болды.
Абит атамыз Бұлақбасында ағаштан алты бөлмелі үй салған. Әке-
шешеммен бірге, кішкентай күнімде қонаққа барғаным есімде.
Бөлме-бөлме, кең, жарық үй жайнап тұратын. Енді қазір ойлай-
мын: тегіне тартып салдырған-ау! Жағыпардың баласы Асқар аға-
мыз да тегін емес, ескінің аңыздарын жақсы білетін әңгімешіл кісі.
Ақсары Керей, Ақымбеттің байы Кеңесбай айдалада малын
жайып жүргенде, секперайдың (сибкрайдың қазақша нұсқасы) ба-
зарына, Омбыға төрт жүз жылқы айдап
бара жатқан кісілер кез
болыпты. Жаз ортасы болса керек.
– Базарға салуға тым ертелеу емес пе, жылқының күйі әлі кө-
теріле қойған жоқ, арзанға кетеді ғой, – депті Кеңесбай.
– Амал жоқ, сатуымыз керек, – дейді аналар.
– Олай болса, сол Омбының осы уақытта беретін бағасын мен бе-
рейін, әуре боп қанша жол жүргенше, маған сатып кетіңдер, – дейді.
Аналар қуана-қуана келіседі.
– Ал, ақшаларыңды асықпай ауылға барып, қонағасыларыңды
ішіп, аунап-қунап аласыңдар ма,
жоқ әлде жолдарыңнан қалдыр-
май, осы қазір беріп жіберейін бе? – дейді Кеңесбай.
– Ойбай, жолымыздан қалмайық, бере алсаңыз, қазір бере
қойыңыз! – дейді әлгілер.
– Олай болса, біреуің бері келіп, көпшігімді көтере қойыңдар,
– дейді Кеңесбай ат үстінде отырып. Біреуі келіп, көпшікті көтере-
ді, сонда көпшігінің астына
тыққан қапшықты суырып алып, Ке-
ңесбай сол жерде, айдалада, төрт жүз жылқының ақшасын санап
беріп, қалғанын қайта құйрығына басып алып, малды айдап жүре
береді! (
Достарыңызбен бөлісу: