Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет60/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Асқар Жағыпарұлынан естіген әңгіме
)

Ерте заманда руаралық бір тартыс кезінде Кеңесбай есесі ке-
тіп, ерегіскен бір елдің жылқысын айдатып алып, түгел сойдырып 
тастапты. Даугерлер алдарына бір төрені салып, қуып келмей ме? 


238
– Кеңесбай, малды қырып тастап, еркекпін деп отырмысың? –
деп, сұсты төре дауды бастай бергенде:
– Өз атаңның табағын өзің тепкен сен де еркекпін деп отырмы-
сың! – депті Кеңесбай жұлып алғандай.
Сайланып келген төре ләм дей алмай, тұрып жүре беріпті. Со-
нымен дау бітіпті.
Сөйтсе, әлгі бастап келген төре ертеректе бір кедейлеу ағасы-
ның үйіне келгенде, жұпыны тұратын ағасы сиырдың етін асып 
берсе керек. Сонда төре:
– Сиыр етін жемеймін! – деп, дастарханнан тұрып, кетіп қал-
ған екен.
(
Бұл әңгімені
Бұлақбасында көрші тұрған Кеңесбайдың бала-
сы Алдиярбек атаның өз аузынан бала күнімде, 1960 жылдары 
естідім
)

Кеңесбай атамыздың немересі, Алдиярбектің баласы Жәнібек 
Кеңесбаевпен бала кезімізде дос болдық, бірге оқыдық. Ботагөз 
(Қарлығаш, Кәрла дейтінбіз бала күнінде) деген немересі, Алдияр-
бектің қызы, нарық заманында саудаға кірісті. Кішкентай ғана үс-
телдің үстіне сағыз-мағыз сияқты ұсақ-түйек нәрселерді жайып 
қойып, Степнякта, бұрынғы автостанцияның алдында ертелі-кеш 
сатып тұратын. (Қазіргі мешіттің жанында). Істің ретін біліп, 
ұқыптап, үнемдеп ұстай білгендіктен, азғантай нәрседен көбейте 
берді. Әлгі үстелі үлкейіп, жеке дүкенге айналды. Аяғында, Степ-
няктағы «Алтын дала» деген ресторанның иесі болып отыр. Қа-
рындасымызға риза болып, бір кездескенде: «Атаң Кеңесбайдың 
құты саған дарыған екен, тусаң ту, айналайын!» – дедім.
Бір саудагер жоғалған түйесін Атығай Аңғал батырдың жігіт-
терінен көреді. Бұлар мойындамағасын, биге шағымданады.
Биге кіргелі отырғанда:
– Айғағың бар ма? –дейді Аңғал батыр.
Мал иесі:
– Міне! Сенің ауылыңнан, ошақтың басынан шығып отыр! – 
деп, қалтасынан түйенің тобығын суырып алып көрсетеді.


239
– Қой, өтірік айтып отырсың! Шынымен түйенің тобығы ма 
екен, қане, көрейінші! – дейді Аңғал батыр. Ана кісі: «Е-е, сенбе-
сең, мә, көр!» – деп бере қояды. Аңғал батыр түйенің тобығын қо-
лына алып, арлы-берлі аударып қарап отырып, бір кезде аузына 
салады да, қылқ еткізіп жұтып қояды! Саудагердің басқа дәлелі 
жоқ, амалы құрып, ойбайлайды да қалады.
Жүгініске барғанда, саудагер биге айтады: «Осылай да осылай, 
түйемді ұрлап, сойып жеп қойды. Тобығы осы ауылдан табылды!» 
– дейді.
– Қане айғағың? – дейді би.
– Айғақты Аңғал батыр жұтып қойды! 
– Қалай жұтып қойды! – дейді би.
– Кәдімгідей! Аузына салды да, қылқ еткізіп жұтып қойды! – 
дейді саудагер.
– Әй, сен кімді ақымақ қылып отырсың? Кісі түйе түгілі, қой-
дың тобығын жұта алмайды! Сен не деп тұрсың? Бар жайыңа, түй-
еңді даладан ізде! Ал, бұл кесімге көнбесең, қазір құнан қойды 
сойдырамын да, тобығын саған жұтқызамын! Жұтсаң, түйеңді өзім 
төлеймін, жұта алмасаң – саған дүре соқтырамын! Қақалып өлсең, 
құның сұраусыз! – дейді би.
Сонда саудагер басын сауғалап, жайына кеткен екен.
Сатыбай-Балташтың әңгімесін бала күнімізден естіп өстік.
Балташ, Сатыбай бәрі ағайын, Керейдің ішінде Тоқбай тұқым-
дары дейтін жұрт. Ақ пен қызыл арпалысқан аласапыран заманда 
шындық та, әділет те аяқ асты болып, қан-жыны араласып, дұрысы 
қайсы, бұрысы қайсы екенін бағамдаудан қалған ғой халық. Сон-
дай алақұйын заман, сан қитұрқылы саясат азаматтарды адасты-
рып, алыстырып қойған жоқ па?! Міне, естен тандырған ескі мен 
жаңаның күресі адастырған дала көкжалдары бір-бірімен әлдене-
ден әбден өштеседі. Бірде айласын асырған Балташ Сатыбайды 
тұтқындап, алдыма алып келіңдер деп, жігіттерін жібереді. Олар 
Сатыбайдың түскен үйін қапыда қоршап алады. Байға: «Жүр, Бал-
ташқа апарамыз!» – дейді. Сатыбай оны намыс көріп, қарсылық 
көрсетеді. Жігіттер оны киіз үйден сүйреп алып шықпақ болғанда, 


240
қарсыласып, есікті екі қолымен тіреп тұрған екен дейді. Сонда 
қандары қарайған жігіттер екі қолын қылышпен шауып, Балташқа 
Сатыбайдың өлігін әкелген екен деседі. Балташ қапыда болған іске 
қатты өкініпті дейді.
Содан Сатыбайдың баласы Ержан әскермен қуып, ақыры Бал-
ташты бір томардың түбінде қамайды. Атысып, қатты қарсылық 
көрсетеді. Бір аңызда Балташтың қасында Мақпал деген қызы (яки 
қарындасы) болған екен, батыр екен, әкесіне (яки ағасына) көмек-
тесіп, мылтығын оқтап, бірге атысып, оққа ұшқан екен деседі. 
Сонда, ажалдың таянғанын сезген Балташ кішкентай ұлы Шәлдік-
ті, артымда ұрпақ қалсын деп, атқа мінгізіп, атты қамшымен бір 
тартып, тағдырға тапсырып қоя берген екен дейді аңыз. Жауған 
оқтың астынан аман шыққан бала өсіп, ержетіпті. Ал Балташтың 
өзі сол соңғы шайқаста ерлікпен қаза табады. Сонда орыс коман-
дир: «Мен мұндай жігітке бір отряд жауынгерді айырбастар едім!» 
– деген екен, Балташтың батырлығы мен мергендігіне, соғыс тәсі-
ліне сүйсініп. Мұны құдам Амантай Сүйіндікұлы Жомартовтан 
тоғызыншы класта оқып жүргенде естіп едім.
Тағы бір әңгімені кластас досым Халелден естігенмін. Халиол-
ла Зейнікенұлы Құдайбергенов – Құдайберген молданың немересі. 
Атасы Құдайберген молда айтады екен: Патша заманында, базарда 
Балуан Шолақ жалғыз өзі бір топ орыспен төбелескен екен. Жа-
рықтық, арбаның жетегін суырып алып, жалғыз өзі бой бермей 
жайпаған көрінеді. Базардағы қазақтар орыстардан қаймықты ма, 
әлде ертең сотталамыз деп тайсақтады ма, әйтеуір балуанға болы-
суға бата алмай, бой тасалап тұрыпты. Сол кезде жалғыз Балташ 
қамшысын үйіріп, Балуан Шолаққа болысып, әлгі топтың бетін 
қайтаруына көмегін тигізіпті.
Балташтың немересі Қайырбек Балташевпен он жыл бір класта 
оқыдық. Оның Тұрсынбек, Тұрғынбек деген ағалары, Әлібек деген 
інісі болды. Бұлар Балташтың өлім аузында тұрғанда, артымда ұрпақ 
қалсын деп, оқ астынан құтқарып жіберген Шәлдігінің балалары.
Әбілқайыр Досовтың атын бала кезімізде ата-анамыздан естіп 
өстік. Әрине, ол уақта оның қадір-қасиетін түсінбеуіміз заңды. Әй-


241
теуір сондай бір айтулы адамның болғанын, оның осы өзіміздің 
Степняктан шыққандығын, халық жауы атанып, «үндемеске» кет-
кенін, кейін ақталғанын ғана білетінбіз. Ата-анамыз: «О-о, Досов 
күшті болған!» – дейтін. Бірақ, хас батыр революционерлерді ас-
паннан түскендей көретін балаң ұғымға өз ауылымыздан сондай 
керемет шыққандығы біртүрлі ертегі сияқты еді. Досовтың туыс-
тарының өз арамызда, Степнякта тұратындығы да сол ертегінің 
тасасында қала беретін.
Жарайды, бұл біздің балалық шағымыздың естелігі. Ал тоқы-
рау жылдарының «тапқырлықтарының» бірі – жазықсыз жалаға 
ұшырап, кейіннен ақталғандарды атауға ашық тиым салмағаны-
мен, көп насихаттай бермеуге «үйретуі». Тіпті, юбилей материал-
дарында, календарьларда да отыз жетінің ойранында опат болған-
дығын сипақтай айту немесе мүлде айтпай кету дағдыға айналды. 
Сананы осылайша «тазартудың», дәлірек айтқанда, тұмандатудың 
зардабынан айығу оңай емес. Елім деп еңіреген есіл ерлердің тиіс-
ті бағасын алмақ түгілі, сол елінің есінен шығып кете жаздағаны 
да осыдан болса керек.
Бәлкім, біреулерге бүгін бұлайша сөз саптауымыз біртүрлі кө-
рінетін шығар. Бірақ, ащы да болса шындық жақсы. Басқа басқа, 
дәл осы Еңбекшілдер ауданында, тіпті совхоздарды былай қойған-
да, Степняктың өз басында Әбілқайыр Досовтың өмірі мен қызме-
тін саралап түсіну былай тұрсын, атын да білмейтіндер толып жа-
тыр. Аудан мектептерінде көрнекті жерлесіміз туралы арнайы бір 
сабақ өткізілді ме екен? Жас ұрпақ өз тарихын, туған жерінен тү-
леп ұшқан тарихи тұлғаларды білмей өссе, оған үлкендер кінәлі 
емес пе? Әйтеуір, ауыз толтыра айтып жүрген Қотыркөлдегі Досов 
атындағы мектеп пен сол мектептегі музей болмаса, (ол да Щучье 
ауданында) оның есімін еске салатын бір белгінің туған жерінде 
болмауын қалай түсінеміз? Ол ол ма, күні кешеге дейін аяулы аза-
маттың туған жерін анықтай алмай келгеніміз, дәлірек айтқанда, 
соған құлқымыз болмағаны ұят емес пе? Әйтеуір, ардагер Тасқара 
Мұқашев алдымен аудандық газетке, кейіннен «Көкшетау правда-
сына» мақала жазып, оның Степняк маңында, Әйтен ауылында 
туғанын айтып берді...
Аяулы азаматтың тоқсан жылдығына орай ол кісі жөнінде де-
рек іздеп, бала кезімізде алыс ертегідей көрген туыстарының үйіне 


242
аудандық газеттің қызметкері, қазақ, орыс тілдерінде жазатын 
журналист Төлеу Дүйсенбаев екеуміз біре келдік.
Іздеп келген кісіміз – Әбілқайыр Досовтың жеңгесі Бағи әжей 
бізді жылы қарсы алды. Сөзімізді үнсіз тыңдап, біраз үндемей 
отырды. Сексендегі әженің әжімді жүзінен ішкі толғанысы анық 
байқалып тұр. Ерекше қадір тұтқан қайнысын еске алғанда, сонау 
келмеске кеткен жылдар сазы қайта оралды ма екен? Даусы діріл-
деп, баяу сөйлей бастады.
– Е-е, қарақтарым-ай, қазір міне қартайдық. Бізде не әңгіме 
қалды дейсің? Ертеректе көп әңгімені өзіміздің Қыдырбай сұрап, 
жазып алған...
Қыдырбай Шәменов – кезінде мұғалім болған, қазір құрметті 
демалыста. Ол кісіні кейін әдейі іздеп барып, материалын сұрап 
алдық. Әуелі қағазға ертерек түскен әңгімеге жүгінген жөн болар.
«... 1927 жылдың жазы. Ол кезде Москвада Орталық Атқару 
Комитеті жанындағы Қазақстан өкілі – қайным демалысқа шығып, 
Бурабай курортына семьясымен келді. Ең алдымен біздің үйге тоқ-
тады. Әдеттегідей сәлем-сауқаты бар. Мені қуансын дегендей, ең 
әуелі басыма әкелген шалысын салып жатыр.
– Ту, жеңешем-ай, мүлде жасарып кетті ғой! – деп әзілдеп те 
қояды. Иә, сол шалының тозығын әлі де көзіндей сақтап жүрмін.
Курортта жалғыз Әбілқайыр емес, басқа да оның достары дем 
алып жатса керек. Ерім Әбілқайым (Әбілқайырдан төрт жас үлкен 
ағасы) ауылдың азаматтарымен ақылдасып, демалып жатқан інісін 
жолдастарымен шақыруды ұйғарды.
Біздің жайлауымыз Шағалалы көлін (қазіргі «Восточный» сов-
хозының жері) бауырлай орналасқан болатын. Ондағы белуардан 
келген көгалдың өзі табиғаттың масаты кілемі іспетті. Таза ауа... 
Міне, осындай, ауылдан шеткері жерге екі ақ киіз үй тіктік. Бірі – 
қонақүй, екіншісі – ойын-сауық өткізетін мәдениет үйі. Ауылдың 
жас қыз-келіншектері киіз үйдің еденіне кілем, бөстектер төсеп, 
керегелеріне оюланған тұскиіз іліп, ішін мұнтаздай тазалап жина-
ды. Қадірлі қонақтарды шақыруға жалғыз біздің Әйтен ауылы 
емес, көршілес Байдалы, Сауытбай, Қырықбай, Тоқпай, Әжіақмет, 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет