Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет61/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Ажы-Ақымбет болуы керек. Б. Ә.
)
 
тағы басқа да ауылдарда дай-
ындалды.
Белгіленген күнде қайным бастаған қонақтар да келді. Олар-
мен бірге жоғарыда аталған ауылдардың ақсақалдары, атқамінер 


243
жігіттері, қыз-келіншектері де жиналды. Мал сойылып, тоқаш-
бауырсақтар пісіріліп, саба-саба қымыз пісулі.
Астың алдында қайным төрде отырған қонақтарды ауыл адам-
дарымен таныстыра бастады. Революционер жазушы Сәкен Сей-
фуллин, Көкшетау уездік пария комитетінің бірінші хатшысы 
Хамза Жүсіпбеков, қызылтулық әнші, сері Әлкей Өтекин, Әбіл-
қайырдың әйелінің ағасы Оңғарбаев (есімі жадымда қалмаған), 
тағы басқалары бар. Қайнымның (мен оның есімін атамаушы едім) 
айтуына қарағанда Хамза 1917 жылы Ақмолада Сәкенмен бірге 
жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырған. Әлкей Омбының 
учительдік семинариясын Сәкенмен бірге оқып, тәмамдайды. Сол 
кездегі революциялық жасырын ұйымдарда бірге болады. Совет 
үкіметінің орнаған алғашқы жылдарында баспасөз қызметкерлері 
болған. Әлкейдің інісі Қаскей де Омбыда гимназиядаан білім алған.
Бір-бірімен танысып, ас ішкеннен кейін ата-бабаларымыздың 
ғұрпы бойынша қызықты әңгімелер айтылып, ән-күйлер тартылды. 
Әсіресе, Сәкен мен Әлкей сөзге шешен, өлең айтып, домбыра тар-
тудың шебері екен. Отырғандар бұрын Сәкенді сырттай білгенмен, 
жүздесуі осы еді, оның әнін естігенше асық болды. Қайнымның 
тетелес інісі Смағұлдың домбырасын Сәкен алды, бірер рет шер-
тіп, оған:
– Әбе, мына ініңнің домбырасының шегі мен тиегі қазақ арба-
сына тиеген шөптің бастырығы мен арқанындай екен, – деп, ажуа-
лап күлісті. Әрине, қонақтардан сын есту бізге де оңай болмады. 
Бірақ, дереу басқа домбыра әкелінді. Салалы саусақтары тиген 
домбыра шектерінен күмбірлеген күйлер, тамылжыта шырқалған 
әндер шықты. Әсіресе, Сәкеннің «Біржан сал», «Сырымбет», «Құ-
лагер», «Балқадиша», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көкше», 
«Көкшетау», «Тау ішінде», «Сарыарқа», «Біздің жақта», тағы бас-
қа әндері менің әлі күнге құлағымнан кетпейді...
Әлкейдің домбырамен шырқаған әні де бізді бір желпіндіріп 
тастады. Әбілқайыр мен Хамза және басқа қонақтар да қызықты 
әңгімелер, шежіре, шешендік сөздер, айтыс, ертегілер айтты...
Келген қонақтарымыз және ауыл жастары сәнді ертоқыммен 
ерттелген салт атпен аң аулап, құс ататын. Басқаларға қарағанда 
қайным өте мерген еді. Көкте ұшып бара жатқан шүрегей, қасқал-
дақ, сұқсыр секілді үйректерді атып түсіре беретін...» 


244
Қыдырбай Шәменов ақсақал Бағи әжейдің бұл естелігін осы-
дан он жыл бұрын жазып алып, Әбілқайыр Досовтың туғанына 80 
жыл толуына орай «Есімі тарихта қалған жан» деген атпен Еңбек-
шілдер аудандық «Коммунизм жолы» газетінде жариялаған. 
«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ел 
ішіндегі бағалы сөзге әрқашанда құлағы түрік, қаламы жүйрік қарт 
мұғалімге осындай қымбат естелікті дер кезінде қағазға түсіргені-
не ризашылығымызды білдіреміз. Халқымыздың аяулы азаматта-
ры бас қосқан сонау алыс күндердің елесінің өзі олардың мәдени, 
рухани биіктігінен сыр шертіп, өнеге шуағын таратып тұрғандай 
емес пе!? 
(Қыдырбай Шәменов ақсақал педагог, қаламгер. Ұяң мінезді, 
жұмсақ, мейірбанды кісі болатын. Тыным таппай, ел мен жердің 
тарихын түгендеп, көптеген мақала, зерттеулер жазып, аудан-
дық, облыстық баспасөз бетінде жариялап жүретін. Сол кісінің 
еңбектерінің басын құрап, түгендеп, кітап етіп бастыру керек. 
Онда біздің ауданның тарихына, аңыз болған тұлғаларға қатыс-
ты қаншама дерек, мағлұмат, қазына жатыр десеңізші!) 
Төлеу екеуміз әжейдің әлгі сөзінен кейін: « Енді әңгіме айтпай 
қояр ма екен?» – деген күдікпен бір-бірімізге қарадық. Әжей әдейі 
келген біздің сағымызды сындырмай, ақырындап әңгіме тиегін 
ағытты. Алыста қалған, сағымға айналған сағынышты күндерден 
үздік-үздік сыр шертті. Жасы ұлғайғанына, арада сонша жылдар 
өткеніне қарамастан, сөзі жүйелі, ойы айқын...
Бағи әжейдің сөзінен қайнысы Әбілқайырға деген құрметі ай-
қын сезіліп тұрды. Әлі күнге атын атамайды. Қайран, қазақтың 
қарапайым да қасиетті сыйластығы-ай! 
Бағи әжей Әбілқайырдың ағасы Әбілқайымға қосылғанда, 
Әбілқайыр қызметте, бір баласы бар екен.
– Онда жылда келіп тұратын. Кішіпейіл еді. Бізге көйлек, жау-
лық әкеледі. «Апамдікі бөлек, мынаның сүйгенін өзің ал, қалғанын 
Смағұлдың сұлуына берерсің!» – деп, сақылдап күлетін. Денелі, 
иықты, толық, дөңгелек жүзді еді.
Әбілқайырдың әкесі Ысқақты әжей Кәке дейді екен. Бірде 
Әбілқайырды оқуға апарып келе жатқанда, ол кісіні қасқыр қамай-
ды. Айдала. Қолында құралы жоқ. Содан, бір мая шөпті көреді. 
Соған жетіп, бір қолтық шөп алып, біртіндеп жағып, қасқырларға 
шашып отырып, аман құтылады.


245
Бала Әбілқайыр оқудан қашып келе береді.
– Кәкең қатты, қаһарлы кісі еді. «Енді қашып келуші болма! 
Жаз келсең – мал баққызамын, қыс келсең – от жаққызамын! Неге 
келе бересің дейді?» – дейді. Бала: «Бағамды дұрыс қоймайды. Са-
бақты жақсы айтсам да төмен қояды!» – дейді. Содан, Кәкең Қо-
тыркөлге алып барып, мұғаліміне жолығады. Қазақ екен. «Балам 
екі рет қашып келді. Өзім шанамен келдім, баланы жаяу әкелдім, 
ендігәрі қашпасын деп! Бағасын неге дұрыс қоймайсың ?» – дейді. 
Мұғалім: «Балаң бәрінің алды! Бірақ, оқушыларда бақастық бар. 
Жақсы баға қойсам, оқу білмейтіндер күн бермейді. Оларға көз 
қылып әдейі төмен қоямын. Бірақ, документінде бағасы дұрыс. 
Оқуға барса, жақсы бағамен барады. Оқи берсін!» – дейді.
Біз бұл әңгімеден бала Әбілқайырдың намысқой, қайсарлығын, 
әділетсіздікке төзбейтіндігін аңғарамыз. Жазықсыз жалаға ұшыра-
ғанда қанішер жендеттерге қасқиып қарсы тұрып, қарсыласып, қас 
батырларша қаза табуы да сүйегіне біткен өр мінезін танытады.
– Қалай қаза тапқанын газетке жазыпты дейді. Естігім келмеді, 
жүрегім шыдамады, – дейді әжей...
– Оқуда он үш бала бірге жатады екен. Керейдің байы Саты-
байдың Жабай деген баласы да бірге оқыпты. Сатыбай Кәкеңе: 
«Сенің балаңның дәрежесі Жабайдан артық болады!» – депті. Кә-
кең: «Неге олай дейсіз? Бай баласы мен кедей баласы бірдей бола 
ма?» – депті. Сонда Сатыбай: «Жоқ, олай емес. Бұлардың ұйық-
тайтын жерін көрдім. Ұйықтағанда сенің балаңның бір қол, бір 
аяғы Жабайдың үстінде жатыр екен, оның дәрежесі артық бола-
ды!» – депті.
Қазақтың сыншылығы дегеніңіз осы емес пе? 
– Бір жылы ауырып, Қырымға барады, – деп Бағи әжей тағы 
бір әңгімені сабақтады. – Дәрігерлер «елге барып емдел, туған же-
ріңнің ауасы жағады» – дейді. «Қызылжарға жеткенде сергіп қоя 
бердім!» – дейтін. Бурабайда дем алды... Сол жолы ақсақалдармен 
әңгімелесіп отырып: «Орнымды баса ма деп Мамырбекті оқытып 
жатырмын. (Кіші інісі, 1942 жылы қайтыс болған). Баса ма, жоқ 
па, білмеймін. Осы қалпы жүре берсем, менен жақсы жоқ, егер 
тайып кетсем, менен жаман жоқ!» – деді. Неге айтты екен деп таң-
ғаламыз кейін...
Әжей үндемей ойға шомды. Сан түрлі сауал мазалайды. Шы-
нында да бұл сөздері әлдебір шарасыздықтан туғандай. Заманның 


246
ағынын түсінген, келе жатқан алапатты сезген адамның сөзі. Еліне 
ескертуі, қоштасуы сияқты. Одан ары ашып айтуға тағы шарасы 
жоқ.
Әжейдің мына бір әңгімесі де осыған үйлеседі.
– Сәкен әрі-бері өткенде, біздің үйге соқпай кетпейтін. Кәкең-
мен әңгімелесетін. Бір жолы: «Әкем кетерімде жылап қалды. Бұ-
рын өйтпейтін», – деді. Кәкең: «Е-е, әкең кетеріңде жыласа, мен 
сияқты қартайған екен», – деді.
Былай қарағанда, әке мен баланың қимастық сезімін бейнелей-
тін, өмірде болып жататын жағдай. Үңіле қарасақ, елінің серкесі, 
азамат ұлының осы сапары қалай болар екен деген зор қаупі, үрей 
буған әке жүрегінің дүрсілі, төніп келе жатқан қара бұлттың қа-
һарлы күркірі естіліп тұр.
– Кәкең ауырғанда қайным Смағұл деген інісіне: «Келін екеуің 
күтсеңдер болды, бәрін өзім көтеремін», – деді. Кәкең қайтыс бол-
ғанда үш жарым сөткеде зорға жетті, қоюға үлгере алмады. «Басы-
на ескерткіш қоямын» деген. Содан, көп ұзамай, жаңа жылда өзі 
ұсталды.
Әжей сонау сұмдық заманның сұрапылын тағы да басынан 
кешкендей, үнсіз қалып, біраздан соң сөзін жалғады.
– Қайным ұсталғасын біз де қорқып жүрдік. Суреттерін газетке 
орап-орап, құрғақ киіздің артына тығып сақтадым. Әйтеуір үкімет 
тиген жоқ. Бірақ, көлденең сөз көп болды. Біздің балалар ойнап 
жүріп, біреумен төбелесіп қалса да, естіген сөзіміз «алашорда, ха-
лық жауы» болды. Суреттері көп еді, кейін музейге бердім. Мына 
бір суретті, ренжімеңдер, бере алмаймын, біреу-ақ. Әйелі Зоямен 
бірге, қыз бен жігіт күнінде түскен. Сағынғанда көріп тұрамын! 
Бұл – 1921 жылы, Орынборда түскен суреті екен. Әжей Әбіл-
қайыр Досовтың 1928 жылы ВЦИК секретарьларымен түскен бір 
суретін берді. Ал, әлгі суретті Төлеу екеуміз келісіп, қайта түсіріп 
алатын болдық.
– Әйелі Зоя – ноғай қызы еді (татар). Былтыр қайтыс болды. 
«Қазақ қыздары көп оқымай жатыр. Ноғай қызын оқығасын ал-
дым», – дейтін қайным күліп. Қайным ұсталғаннан кейін абысы-
ным Зоя да біржарым жыл түрмеде отырған. Үш баланы приютқа 
береді. Қыздары – Рауза, Аида, ұлы – Мұрат. Зояны ауырғасын 
түрмеден босатады. Шыққан соң балаларын тауып алады. Кейін 
бір жылдары Мәскеуде бір үйге барса, екі үлкен кісі отыр екен. 


247
Қазақтың бір үлкендері. Әлгілермен әңгімелеседі. Үлкен қызы 
Рауза сөйлесіп, жауап беріп отырады. Әлгі кісілер: «Папаң жоқ 
қой. Бұл бір үлкен кемшілік болып тұр ғой!» – депті. Қайнымның 
бұрынғы жолдастары екен. Сонда Рауза: «Әкең өлсе, өлсін, әкеңді 
көрген өлмесін» деуші еді. Баяғыда бір шаруамен барғанымда, ба-
сыңызды да көтермеп едіңіз. Оны ұмытқан жоқпын!» – дейді. Әл-
гілер үндей алмапты.
Әбілқайыр Досов семьясының тағдыры, көрген бейнеті байқа-
лады бұл сөзден.
– Зоя абысыным Ерейментаудағы қызыма хат жазыпты. «От 
жаққан жерімді көрсін, балаларды табыстырайық, анаң келсін», – 
депті. Бардық. Мәскеуде жиырма бес күн жаттық. Ер баласы орыс 
қызын алыпты, орыс құданың үйіне де бардық. Одан бері жиырма 
жеті жыл өтті! 
Әжейдің әңгімелері алыста қалған аласапыран күндерді көз ал-
дыңа елестеткендей болады. Әбілқайыр Досовтың бейнесін толық-
тыра түседі. Естелік те бір ескерткіш сияқты көрінді.
Бағи әжей баласы Ахет, келіні Шәрипа, немерелерімен бірге 
тұрады. Ертеректе қайтыс болған күйеуі Әбілқайымның да, өзінің 
де жұмыс істегені туралы документтері жоғалған. Соғыс жылда-
рында Әбілқайым ақсақал еңбек армиясында болған көрінеді. Қа-
зір әжей пенсия алмайды. Баласы Ахет пенсияда. Үйлері ескі, тар. 
Жеті кісі екі бөлмеде тұрады. Көрнекті партия қайраткері Әбіл-
қайыр Досовтың туыстарына қамқорлық жасаудың жөні бар деп 
ойлаймын.
1988 ж.
Осыдан ширек ғасыр бұрын, 1988 жылы жазылған бұл мақала-
ны сәл ғана қысқартумен, бүгінгі оқырманға өзгертпей ұсынғанды 
жөн көрдім. Қосымша айтарым: 1977 жылы Сәбит Мұқановтың 
мұражайында жұмыс істеп жүргенде, досым Құлбек Ергөбеков 
екеуміз архив ақтарып, Сәбеңнің эпистолярлық мұрасын біраз 
зерттегеніміз бар. Сонда көрнекті әдебиетші, ғалым Жайық аға 
Бектұровтың Сәбит Мұқановқа жазған хаттарын оқып, талай сырға 
қанығып едік. Онда ашылмаған құпиялар, айтылмаған сырлар тұ-
нып жатыр. Жайық аға Сәбеңе: Әбілқайыр Досовты НКВД ұстап, 
халық жауы деп түрмеде азаптағанда, балуан тұлғалы, қайратты, 
қайсар азамат қатты қарсылық көрсетіп, тергеуші жендеттермен 
төбелесіп өлген екен! – деп жазады. Ақыры жазықсыз күйіп бара 


248
жатқан соң, жай кеткенше, жастығымды ала кетейін деп, дала 
жауынгерлерінің сертін ұстады ма екен! Бұл да бір өткен дәуірдің 
жұмбағы! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет