Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет63/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

(Бұл да Қабжан нағашымнан бала күнімде естіген әңгіме).
Әбсәлам қажының азан шақырып қойған аты – Ғабдісалам. 
Халық Әбсәлам қажы деп атап кеткен. Руы – Күрсары Керей, Құр-
ман.
Әбсәлам қажы атамызды бала күнімізде көрдік. Біздің Бұлақ-
басында тұрды. Үлкен ағаш үйі күні бүгінге дейін сонда, ұрпақта-
ры тұрып жатыр. Ашаң жүзді, ұзын сақалды, еңкіш тартқан кісі 
еді. Ол кісіге сәлем бергеннің өзі біз үшін бір үлкен оқиға болатын.
Жарықтық қажы атамыз біздің елдегі дін ісләмнің тірегі сияқ-
ты көрінетін. Қазақтар ғана емес, бұл өңірдегі ингуш, балқар, татар 


252
сияқты мұсылман халықтардың дін жолындағы өкілдері келіп, ол 
кісіден құран үйреніп, шариғат сұрайды деп әке-шешеміз айтып 
отыратын.
Әкесі Жармұхамед те дін жолын ұстаған қажы болыпты. Аға-
сы Бәтік қажы, ол кісінің қызы Күлшат – біздің құдағи, Ләйла тә-
темнің енесі.
Әбсәлам атамызды қажылыққа екі рет жаяу барған деп, ел-
жұртымыз ерекше сыйлайтын.
Сол советтік саясаттың ақырып тұрған, мұсылман дінінің қу-
ғындалып, қысым көріп тұрған шағында, бір таңғаларлығы – біздің 
Степняк қаласында, Бұлақбасында молда көп болды. Нұрахмет 
молда (Ірі денелі болғасын жұрт Өгіз молда атап кеткен). Секен 
молда (Мұхамедрақым), Оразбай молда, Қарашат молда, Құдай-
берген молда, Темірхан молда... Бәрінің ұйтқысы Әбсәләм қажы 
болатын. Біздің Шалабай атамыз қайтыс болғаннан кейін (1959 
ж.), әкеміз Тақанды Әбіш әулетінің ендігі үлкені ретінде ақсақал-
дар қатарына алып, ораза, намаздан қалдырмайтын болды. Атала-
рымыздың, айрықша Әбсәлам қажының ықпалымен әкеміз отыз 
тоғыз жасында намаз оқып, ораза ұстады. Қазір ойлап отырсам, 
совет заманында бұл да бір ерекше жәйттердің бірі екен ғой.
Секен молданың баласы Мұса Абдосов ағамыз да зейнетке 
шыққан соң, тәуелсіздік заманында молда болды, қажылыққа ба-
рып келді. Әуелде милицияда қызмет істеді. Кейіннен КазГУ-дің 
журналистика факультетін сырттай бітіріп, ұзақ жылдар аудандық 
«Коммунизм жолы» газетінің редакциясында істеді. Інісі Әлі 
(Әләкөн дейтінбіз) менің ағам Мейрамбаймен бірге оқыды, бірге 
өсті. Кіші інісі Жексенбай менен екі жас үлкен болатын, бала күнгі 
досым еді. Ең алғаш «Қазақ әдебиеті» газетін Мұса ағайдың үйінен 
көріп, оқып едім. Менің ағам Мейрамбай 1968 жылы он тоғыз жа-
сында суға кетіп, қаза болғанда, әкеммен бірге Алматыға барып, 
оның сүйегін алып келуге көп қайрат жұмсаған осы Мұса ағамыз 
болатын.
Оразбай молданың немересі Мұрат Көпенов қазір Көкшетауда 
тұрады, үлкен кәсіпкер, іскер азамат.
Қарашат молданың қызы Мәза тәтемізбен (шын аты Нұрпәза) 
Кеңащыда көрші тұрдық. Жолдасы Амантай Қамысбайұлы өмір 
бойы совхозда жұмыс істеді. Екеуі де қойдың асығындай, сүйкімді 
кісілер. Амантай ағамыздың бір ғажабы – бүкіл машиналардың 


253
нөмірлерін жатқа білетін. Аймақтағы барлық танитын шопырла-
рының аты-жөнін айтсаң болды: «Ә-ә, анау кім бе, 21-18, газонда 
істейді ғой!» – деп қарап тұрады. Бір сапарға барып келсе, қай 
жерде қандай машина қарсы өткенін, не алдынан кеткенін түген-
деп, барлығының нөмірін, машинасының маркасын сартылдатып 
айтып отырады! 
Степняктың біраз аңызын, соның ішінде дін мен тіл, салт-
дәстүріміз бодандық заманында қысым көріп, қуғынға ұшырағанда 
ел азаматтарының қалай айла тауып, қалай күрескендерін өлең қы-
лып жаздым, жыр кітабымда бар.
Бала күнімде айдаладағы қыр басында болған бір үлкен жиын-
ға, (жобасы, жұма намазы, әлде айт намазы, Қазауылдың сыртында 
болған сияқты) әкем белесепеттің алдына мені мінгізіп ала барған. 
Неше түрлі кісілерді, әсіресе, шапан, бөрік, тақия киген шалдарды 
көргенде, аузымды ашып қалыппын. Маған олар ертегі, аңыздар-
дан келгендей сезілгені анық. Солардың ортасында, қақ төрінде ақ 
сақалы желбіреп, сөйлеп отырған Әбсәлам қажы атамыз айрықша 
көрінетін. Кейін түсіндім, діндар адамдар өкіметтен жасырынып, 
намазға, уағыз тыңдауға жиналған екен ғой.
Оразаны жамандап мақалалар шығатын газетке. Ауызашарға 
жиналған шалдар қауқылдасып, қарсылықтарын білдіріп отыра-
тын.
Әбсәлам қажының екі баласы Қабдолла (Кәшөн) мен Мұхаме-
дия (Мұқаш) ерте намаз оқып, дін жолын ұстады. Сол үшін қуғын, 
қысым да көрді. Бұл жөнінде «Әбсәлам қажының жауабы», «Өт-
кеннің өнегесі» деген жырларымда жаздым.
Кәшөн ағадан айналамыздағы басқа ұлттардың небір кеудесіне 
нан піскен ұрда-жықтары кәдімгідей ығатын. Ол кісі ешкімнен қо-
рықпайтын, қалың топқа жалғыз төтеп беріп, бетін қайтаратын деп 
ел аңыз қылатын, ол кісіге сенетін. Біз Көкшетауда тұрғанда, аға-
мыздың жасы ұлғайған кезінде, араласып, сыйласып тұрдық. Әзіл-
деп, әңгіме айтқызатынмын.
Кәшөн аға ертеректе, Мәтенде, пойыз билетіне кезекке тұрған-
да бір келімсек дөкей біреу қолында кішкентай сәбиі бар қазақ ке-
ліншекке күш көрсетіп, кезектен қуып шығыпты. Кәшөн араласып, 
қой деген. Қоймай, анау жанжалдаса кеткен. Кәшөн бір ұрғанда 
сұлатып тастапты. «Өзімнің өмірдегі риза болған бір төбелесім сол 
ғана!» – деп еді, талай шайқасты көрген тарлан тәубесіне келген 


254
шақта. Төбелесте ең бастысы жүрек керек дейтін. Аттың алдыңғы 
аяғын екі аяғымен қысып тұрып, тағалай беретін деп аңыз қыла-
тын жұрт ол кісіні.
Кәшөн ағамыздың үлкен ұлы Қасен елімізге белгілі азамат. 
Ұзақ жылдар «Васильков кен байыту комбинатын» басқарды.
Кіші ұлы Құсайын бізден екі жас үлкен болатын. Қайсар, өжет 
болып өсті. Машина қағып кетіп, жастай қаза болды.
Мұқаш аға жүзінен нұры төгілген ақжарқын адам еді. Кісінің 
көңілін қалдырмайтын, қатты сөз айтпайтын, жарқырап күліп жү-
ретін. Ағасы Кәшөн екеуі өмір бойы автобазда шопыр болып жұ-
мыс істеді. Біздің бала кезімізде Бұлақбасындағы алғашқы шопыр-
лар – осы Кәшөн мен Мұқаш ағаның, Шәбдан және ағайынды 
Әнуарбек, Ризабек ағалардың машиналары көшеден өткенде бала-
лар алдынан шығып, соңынан жүгіріп, бір мәз болып қалатынбыз. 
Алыс сапарларда, шаңы бұрқыраған күре жолдарда машинамен 
заулап жүру дегенің біз үшін бір жұмбақ, қызық болып көрінетін. 
Бала қиялымыз соларға ілесіп, дүниені шарлап кете беруші еді.
Мұқаш аға қайратты кісі болды. «ЗИЛ-дің доңғалағын кузовқа 
жалғыз өзі лақтыра салатын» дейтін көргендер. Кейіннен қажы-
лыққа барып келді. Ол кісінің баласы Нәжімиден де қажы болды.
Біздің елдегі дін ісләмнің нұры қысылтаяң, қаһарлы замандар-
да да үзілмей, сөнбей, атадан балаға жалғасып, бүгінге жетуінде 
Әбсәлам қажы атамыздың да еңбегі мен орны ерекше.
Бала күнімде әке-шешемнен естіген бір керемет қызық әңгімем 
– Қайдар палуан туралы. Батыр, балуандарды жақсы көріп өскен 
маған бәрі қызық. Десек те, алыс аңыз емес, әке-шешем тірідей 
көрген кісі маған тіпті жақын, қызық болып көрінді.
– Соғыстан бұрын, Бірсуатта тұрамыз. Әбіш атамыздың бар 
кезі. Кенже ағатайым (Кәрімжан атамызды әкем осылай атайтын) 
рабкопты басқарады. Бір күні кешке үйге бір кісіні қонаққа алып 
келді. Танысып, ақсақалмен әңгімелесіп отырды. Қайдар палуан 
екен, ел аралап, өнер көрсетіп жүр екен. Палуан дегесін қызығып 
қараймыз келіп, денесі ірі, сом болғанымен, ондай толық, дәу 
емес! 


255
Әкемнің осы сөзіне ой жүгіртсем, ол кездегі ауыл қазағының 
ұғымында палуан деген жуан, таудай болуы заңды. Ал, Қайдар 
палуан ол кезде жараған аттай, спорттық бабында болған сыңайлы.
– Кешкі ас үстінде Кенже ағатайым Қайдар палуанға арақ 
ұсынды. Ол уақта, советтік тәртіп бойынша, өте сыйлы кісілерге 
ғана арақ құйылатын. Сонда палуан: «Мен, негізі, анда-санда еп-
теп ішемін, бірақ, үлкен ақсақал отырған жерде мұны ішуге қос-
пайды! – деп, арақтан бас тартты. Ас ішіп, Әбіш атамызбен жап-
жақсы әңгімелесіп отырғанда, Әбиқын кіріп келсін! 
– Әбиқын деген орыс, пекарнидің бастығы болатын, – деп, анам 
Бәтима сөзді жалғап әкетеді. – Ұзын бойлы, дәу, жуан кісі еді.
– Оның қасында Қайдар палуан аласалау, денесі де шағындау 
болып көрінді! Толықтығы да ондай емес! 
Бала болсам да, мұның шын фамилиясы қалай екен деп қоя-
мын.
– Обухин ба? – деп сұраймын әке-шешемнен.
– Е-е, ит біліп пе оны! Әбиқын ба – Әбиқын, бітті шаруа! – 
дейтін әкем, бала күннен үйреншікті боп кеткен атты өзгерткісі 
келмей.
Сонымен, Әбиқын Қайдар палуанның келгенін естіп, әдейі із-
деп келген көрінеді. Өзі дәу, қараптан қарап күші тасып жүретін 
кісі, бір сынап көрмек болған сияқты. – Кел, күресіп көрейік! – 
дейді Қайдар палуанға. Қайдар палуан сол отырған күйі: – Жарай-
ды, онда кел де, екі қолыңмен менің кеңірдегімнен қыс бар күшің-
мен! – дейді. Әбиқын күректей қолдарымен Қайдарды кеңірдектен 
қысады-ай келіп. Қайдар былқ етпей отыра береді. Әбиқын қып-
қызыл боп долданып, одан сайын күшін салып бағады. «Болдың 
ба?» – дейді сол кезде Қайдар. Әбиқын басын изейді. Сол кезде 
Қайдар палуан мойнын бір жағына шұғыл бұрып қалғанда, таудай 
Әбиқын анадай жерге ұшып түсті дейді! 
– Содан, Әбиқын орнынан тұрып, біразға дейін қызараңдап 
отырды, – дейтін әке-шешем жарыса әңгімелеп. – Әрі-бері әңгіме-
лесіп, шай-пай ішіп болғасын кетуге айналды.
Кетерінде екеуі қол алыспай ма – бір жағы қоштасып, бір жағы 
достасып дегендей. Сонда, Қайдар палуан қолын қысып жіберген-
де, Әбиқынның тырнағының көбесінен қаны шығып кетті дейді! 
– Енді ертеңінде жиналған халыққа күшін көрсетуге шыққан-
да, үйдегідей емес, еңселеніп, дәу болып кетті. Бұлшық еттері бі-


256
лем-білем болып бұлтылдап ойнап, өзгеріп кетті! – деген әке-
шешемнің даусы күні бүгінге дейін құлағымда.
Бұл әңгімені мен 1989 жылдары «Көкшетау правдасы» газетіне 
жарияладым, бірақ, сол мақаламды архивімнен таба алмадым.
«Көкшетау» газетіне Қайдар палуан туралы мақала шыққаннан 
кейін маған бір азамат, атын ұмыттым, келіп, алғыс айтты. Қайдар 
палуанның ұрпақтарымыз деді. Бір ұрпағы фототілші болып істеді, 
Базарбай Бағысов. Қайдар палуан туралы бір кісілердің естелігі де 
шықты, үн қосу ретінде. Қажымұқанның жиені, силач, циркач, па-
луан болған дейді.
Кеңащыда тұрған Керей Қажым ақсақал да Қайдар палуанды 
көргенін айтқаны есімде.
– Мен Қайдармын, Қайдармын, жаудың малын айдармын, 
қайырып қолын байлармын! – деп өлеңдетеді екен! Қажымұқан-
мен нағашы, жиен болып, ойнап күрескенде, бір-бірімізді ала ал-
майтынбыз. Ал, көп алдында, кілемге шығып күрескенде ол кісі 
шақ келтірмей, ұршықтай үйіретін. Аруақтанып кететін! – дейді 
екен.
Кеңащыда тұрған Риза Сәдуақасов ақсақал, руы Қырғыз, Қай-
дар палуанды бала күнінде көргенін қызық қылып айтатын. Ауыл-
дарына келіп, күш өнерін көпшілікке көрсеткен екен. Кісі тола ар-
баны тісімен сүйреп, бірнеше кісіні ұзын сырғауылға мінгізіп, шыр 
айналдырған. Содан кейін шалқасынан жатып, төсіне үлкен диір-
мен тасты қойғызып, екі мықты жігітке кувалдамен құлаштатып 
ұрғызғанда, біраздан соң тас қақ жарылыпты. Қайдар палуан кет-
кен соң, бір күшті жігіт Қайдар палуанға еліктеп, ортаға шығып: 
«Оның істегенін мен де істеймін!» – деп, төсіне тас қойғызып, әлгі 
жігіттерге ұрғызыпты. Сонда, бір-екі рет салып жібергенде, тас 
жарылмақ түгілі, әлгінің өзі талықсып, жатып қалыпты.
Қайдар палуанның кейінгі өмірі белгісіз. Кешегі көшпенділер-
дің сынығы, тұлпарлардың тұяғы, қазағым деп еңіреп өткен алып 
күш, өнер иесі кезінде атақ-даңққа бөленіп, кейіннен қандай да бір 
себептермен аты ұмытылуға айналды ма, кім білсін? Мен үшін 
бала күнімде естіген аңыз қымбат, сол аңыздағыдай жалындап 
жүрген Қайдар палуан қашан да көңіліме ыстық! 


257
Солтүстік Қазақстанда Еменалы Керей бауырым Ерік Нұрақаев 
пен інісі Дулат тұрады. Ерік бірнеше ауданның, Петропавл қала-
сының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған. Абылайдың ақ 
үйін қалпына келтіріп, жарқыратып қоюға өз үлесін қосқан азамат-
тардың бірі. Тіл мен өнердің үлкен жанашыр қайраткері.
Ағасы Серік зейнеткер. Шебер домбырашы. Республикалық, 
аймақтық конкурстардың біреше дүркін жүлдегері болған.
Еріктің атасы Нұрақай қазақ даласында белгілі адамдардың бі-
рі болған көрінеді. Отызыншы жылы, кәмпеске, колхоздастыру 
кезінде ұсталатынын біліп, Нұрақай қашуға дайындалады. Айна-
ласына астыртын сөз таратады, Қытайға қарай кетемін, сол жақта 
руластарымыз бар деп. Содан, бір түнде жоқ болып кетеді. Өкімет 
органдары оны Қытай жақтан іздейді. Ал Нұрақай Ресейге тартқан 
ғой! Сол жақта бой тасалап жүріп, қанды қасаптан аман қалады. 
Елге қырқыншы жылы, соғыстың алдында бір-ақ оралады. Міне, 
ақыл, айла, жігер, қайрат! Әйтпесе, жолындағының бәрін турап 
келе жатқан ажал машинасынан құтылмақ қайда! Отарлаушы жүй-
енің боданы болған халқымыздың төніп келе жатқан ажалдан ама-
лын тауып құтылып, өзін-өзі аман сақтап қалғаны, өмір сүруге, 
ұрпақ жалғастыруға деген құштарлығы мен күресі қандай да құр-
метке лайық-ау! 
Бари
 
ақсақал жайлы мен Солтүстік Қазақстанға барғанда кә-
сіпкер азамат Жомарт Жақсылықұлы Омаров інімізден естідім. 
Жомарт бір мол жаралған қазақтың марғасқа жігіті. Таудай тұлға-
лы, аңқылдаған азамат ішкі жан-дүниесінің кеңдігімен адамды 
баурап алады. Көкірегі ояу, көзі ашық, әсіресе, өнерге жанашыр-
лығы, әдебиет пен бұрынғы тарихи әңгімелерді, аңыздарды білсем, 
тыңдасам деген құмарлығы айрықша. Өзі менің нағыз бауырым 
болып шықты – Ақсары Керейдің ішінде Еменалы.
Жомарттың «Аблай хан и его батыры» деген кітабымның жа-
рыққа шығуына өз қалауымен демеушілік жасағаны да ата-


258
бабаларымыздың аруағына, қазақ тарихына, рухани әлеміне деген 
азаматтық құрметі, бір үлкен игілікті ісі деп білемін.
Міне, осы Жомарттың нағашысы – анасы Татьянаның әкесі Бари 
(Шын аты Ғабдолбари). ақсақал көзі тірісінде елге аңыз болған кісі.
Қызының есімін Татьяна қойған себебі, алдында төрт сәбиі 
шетінеп кетіпті. Содан соң, ырымдап, орыстың атын қойған екен.
Қазақ әдетімен Бари атанып кеткен бұл кісі 1915 жылы туған. 
Бес жасында шешектен зағип болады.
Мына жағдайды қараңыз. Сол кезде өңкей зағип балаларды 
оқытқан Ғабдулқапар деген қари болыпты. Өзі де зағип екен. Сон-
да, өз көңілінің шуағын өзгелердің көңіліне түсіре білген Ғабдул-
қапар қаридың бұл ісі сауабы мол рухани ерлік емес пе!? Міне, 
Бари сол кісіден он бір жасында, 1926-1928 жылдары екі жыл 
оқып, құдай берген қабілетінің арқасында, құранды түгел жаттап 
алып, қари атанған. Өмір бойы молда болған. Зағип адамға дін жо-
лын ұстадың деп айып тағып, қысым жасауға биліктегілердің де 
дәті бармаса керек, Бари ел ішінде дін ісләмнің бір тірегіне айна-
лыпты. Жақын ауылдар түгілі, алыс аймақтар – Торғай, Омбы, 
Қорған, Түмен өңірлерінің баяғы аласапыран заманда елден көш-
кен көнекөз қариялары ұрпақтарына: «Имансыз кетпейік, жаназа-
мызды Бари шығарсын!» – деп, аманат қылады екен. Ұрпақтары 
алыстан ат терлетіп келіп, қариды үйінен алып кетеді екен.
Тағдырдың сынына сабыр қылып, саналы ғұмыр кешкен саң-
лақ ақсақал керек кітаптарын балаларына, немерелеріне оқытып, 
тыңдап, керегін көкірегіне құйып алады екен, яғни, бір тыңдаға-
нын жаттап алатын көрінеді. Ол кісінің жатқа соққан жырлары мен 
әңгімелерін Сәбит Мұқановтан бастап, қазақтың не бір ғалым, 
қайраткерлері қызыға тыңдаған. Міне, Бари ақсақал көкірегінде 
жатталып қалған көненің рухани қазынасын қалың елге өмір бойы 
таратушы, жеткізуші болған.
Қарап отырмай, еңбекке де қызу араласқан. Кез келген сынып 
қалған құлыпты қолма-қол ашып, шашып тастап, жөндеп, қайта 
жинап береді екен. Осындай ғажайып адам, зағип болса да, мой-
ымай, мағыналы өмір сүрген ардақты жан бертінде, 2002 жылы 87 
жасында қайтыс болыпты. Ұрпақтары Сапар, Жапар, кәсіпкер не-
мересі Медет пен жиені Жомарт қайрат қылып, ауылда мешіт са-
лып, Ғабдолбари ақсақалдың атын беріпті. Артында өнеге, із қал-
дырды деген осы емес пе?! 


259
Құдықағаштың, Қарауылдың қарағайдай қариясы Ақылбек 
Қиықов ағамыз соғыста жердегі пәшестерді қиратып жүргенде, 
орыс қызы Лидия Тихоновна Четверикова көктегі жауды атып тү-
сіре беретін зенитші болған екен. Жаудың беті қайтып, СССР тер-
риториясынан қуылған кезде, жауынгер қыздарды әрі қарай со-
ғысқа қатыстырмай, әскери госпитальға, жаралы жауынгерлерге 
көмектесуге жібереді.
Майданда жараланған Ақылбек Қиықов ағамыз сол кезде гос-
питальға түседі. Әуелде жанымен қайғы болып, қансырап жатқан 
Ақаң есін жиғасын, өзіне қамқоршы болып жүрген мейірбанды 
әдемі жас қызды көріп, өмір сүргісі келіп кетеді. Екеуі бір-біріне 
ғашық болып, ақырында, қол ұстасып, елге бірге аттанады. Қан 
майданда, өлім аузында табысқан жандар махаббаттың қадірін біл-
ген ғой, екеуі өмір бойы жарасып өтті.
Баласы Қайыргелді Қиықов – абзал дәрігер, стоматолог, елі-
міздің айтулы азаматы. Қазір зейнетте, өткен тарихты түгендеп, 
шежіре жазып жүреді. Зайыбы Бақыт Құсайынқызы Есмағамбето-
ва менің нағашы апам, Абай мектебінде мұғалім болып қызмет 
істеп, зейнетке шықты. Екеуі бір ауылдан – Құдықағаштан, бір 
мектепте оқыған. Сол мектепте бір-біріне ғашық болған апа-
жездеміз бір-біріне өмір бойы ғашық болып келеді! 
Нағашы апам Бақыт бізге орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бер-
ді. Әдемі, сүйкімді, мейірбанды жан. Маған берген бір ақыл-кеңесі 
өмір бойы есімде қалды. «Баянғали, сен орысша диктант, мазмұн-
дама, шығарманы өте жақсы жазасың! Түсінігің де тамаша! Бірақ, 
сөйлеуіңде, дауыстап оқуыңда кемшілік бар. Произношениең дұ-
рыс емес! Оны жөндеу үшін күн сайын, оңашада жарты сағат, тіпті 
болмаса он-он бес минут дауыстап орысша кітап оқы!» – деді. Бұ-
рын ішімнен оқып, бәрін түсінетін мен ол кісінің тілін алып, күн 
сайын, ешкім жоқта орысша кітаптарды дауыстап оқи бердім. 
Әуелде тілім бұралып, кәдімгідей талатын болды да, келе-келе кө-
сіліп кете бердім. Бір-екі аптада кәдімгідей төселіп қалғанымды 
байқап, Бақыт тәтем маған риза болды. Мен ол кісіге алғыс айт-
тым. Енді қазір мен сол ақылды қазақша үйрене алмай қиналып 
жүрген бауырларыма айтып жүрмін! Дауыстап қазақша кітаптарды 


260
оқи берсеңдер, үйреніп кетесіңдер деймін. Ал неге оңашада оқу ке-
рек? Себебі, басқа адамдардан қысылып, ұяласың, сондықтан, сөзге 
тілің келмей жатқанын ешкім көрмегені дұрыс! Оңашада үйреніп, 
жаттығып алған соң, көпшіліктің алдына шыға беруге болады.
Бақыт тәтемнің әкесі Құсайын Есмағамбетов менің анам Бәти-
маның немере ағасы, қылды қарауыл, ол туралы шежіреде таратып 
жазғанмын. Құсекең шаруашылық басқарған, ел ағасы болған ар-
дақты кісі еді. Ол кісінің зайыбы Мәриям тәте көзі үлкен, жүзі 
жарқын, сұлу әйел еді. Батыр ана атанып, алтын белгі алған. Ол 
кісінің қыздары Қарлығаш пен Тоты да батыр ана атанды. Торғай, 
Көгершін, Ақмарал деген де қыздары бар. Мен Бақыт тәтеме: «Өң-
кей аң-құстардың ішіндегі адамы сенсің ғой!» деп әзілдеймін. Тор-
ғай менің құрдасым, бірге оқыдық. Оның сіңлісі Көгершінге бірде: 
«Сен Торғайдан үлкенсің ғой!» – дедім әзілдеп. «Қалайша?! Тор-
ғай үлкен менен!» – деді, шынымен. «Енді өзің ойлап көрші, тор-
ғайдан көгершін үлкен емес пе?!» – дедім. Жиеннің әзілін түсінген 
Көгершін әбден күлді. Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Кенжегүл на-
ғашыларымның бәрі де көздері үлкен, келбетті, көрікті кісілер! 
Мұхамедсәлім Кәшімовтың есімін елден емес, университетте 
оқып жүргенде ұстаздарымнан естідім. Совет заманына дейін «На-
сихат қазақия» тағы да басқа бірнеше кітап шығарған белгілі қай-
раткерлердің бірі болған. Ал енді бертінде, энциклопедиядан қара-
сам, ол кісі біздің Еңбекшілдер ауданында туып, өскен, өмір сүр-
ген деп жазылыпты. Бірақ, бұрынғы –соңғы бір адам ондай кісіні 
көрдік, білдік демейді! Бұл не жұмбақ? Білмеймін! 
Біржан сал елінде, кербез Көкше жерінде Құдықағаш атты 
ауыл бар. Бұл бір ежелден құт дарыған, қаймағы бұзылмаған қаза-
қы ауыл. Осы Құдық-ағаштай сулы, әсем жерлерге қоныстанған 
ауыл адамдарынан көне даланың дарқандығы, жұмбақ бір самалы 
есіп тұратындай көрінетін. Арғы-бергісін түгендемей-ақ, бір ауыз 
сөзбен айтсақ, Құдықағаш қазақтың небір ардақты ұл-қыздарының 


261
туып-өскен жері. Оның ішінде әйгілі «Жас қазақ» әнінің авторы 
Рамазан Елебаевтың орны бір төбе! Терең тамырлы, игі дәстүрлі 
ауыл мектебінде Рамазан Елебаевтың музейі бар. Соның бәріне 
бас-көз болып, шырқырап жүрген ұстаз, әнші-ақын Жамаш Нұра-
лин ағамыз.
Жұмаш Нұралин 1930 жылы Еңбекшілдер ауданында, Құдықа-
ғашта туып, 1952 жылы Қарағанды қаласында оқып, тіл-әдебиет 
пәнінің мұғалімі мамандығын алғаннан кейін, Омбы облысының 
Шарбақкөл ауданындағы Томар орта мектебінде еңбек еткен.
1956 жылдан 1996 жылға дейін туған ауылының мектебінде 
(оның ішінде он бес жыл мектеп директоры) ұстаз болып, балалар-
ға ана тіліміз бен әдебиетіміздің сұлу сырларын шертіп, қазақ елі-
нің рухани байлығының дәнін бүлдіршін жүректерге молынан 
сеуіп, қияға ұшырған. Оның шәкірттері өсіп-өркендеп, әр салада 
еңбек етіп жүр. Баласы әрі шәкірті Бақытбек Нұралин жас та бол-
са, облыстық, республикалық айтыстарда өнер көрсетіп, танылып 
қалған алғыр ақын, қарымды журналист. Өз басым Жамаш ағамыз 
секілді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін халқымыздың 
халықтығын сақтап қалу жолындағы қажырлы күрескерлер деп 
санап, ерекше құрметтеймін.
1962 жылы «Қазақ республикасының халық ағарту қызметінің 
үздігі» атанған, бес медальмен марапатталған ұстаздың тағы бір 
қыры – оның ақындық, әншілік, сазгерлік өнері. Сонау 1951 жылы 
Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында Мәскеуде, 1957 жы-
лы республика жастар фестивалінде Алматыда келістіре ән шыр-
қады. Ұстаз аға жүрек жарды сырларын, табиғат туралы толғаныс-
тарын, адамгершілік хақындағы ойларын, ынтымақты, ізгілікті аң-
сайтын жырларын бұрын мерзімді баспасөз бетінде жариялап кел-
се, енді міне, тұңғыш рет топтастырып, жеке кітап етіп ұсынып 
отыр. «Мақпал-Көкшем» деп аталатын бұл жинақ қалың елдің ор-
тасында табиғаттың аясында, таза еңбекке бар ғұмырын арнаған 
ардагердің ұзақ жылдар бойына көрген-білгенінің жемісі іспетті. 
Мақпал – Құдықағаштың іргесіндегі кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді 
бір биік, Жәкең айтса, одан асқан тау жоқ сияқты. Туған жерін, 
елін сүйген Жамаш аға жырларына оң сапар тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет