Баянғали Әлімжанов
Жамаш Нұралиннің ертеректе шыққан
өлеңдер жинағына жазған алғы сөз
262
Қойгелді атамыздан Әбіш, Әбжан туады дедік.
Әбжаннан Әкімжан мен Аманжол аталарымыз туады.
Әкімжан атамыздың Күлше, Шолпан деген екі әйелі болды.
Әуиден деген балалары соғыста хабарсыз кетті. Қыздары Кәп де-
ген апамызды бала кезімізде көрдік, Степнякта тұрды. Зейнолла
деген қаба сақал жездеміз болды. Әкімжан атамыз ұзақ жылдар
Тассуда тұрды. Сүйегі сонда жерленді. Ұғыш жездеміз де сонда.
Тассу ауылы қазір мүлде жоқ, нарық заманында халқы жан-жаққа
бытырап көшіп кетті. Үйлерді, қора-жай, баздарды әркімдер түгін
қоймай бұзып әкетіп, үлкен қалаларға құрылыс материалы ретінде
сатып жіберді. Қазір ауылдың жанындағы зират қана қалды.
Аманжол әтәйім мен ес білгелі Кеңащыда тұрды. Степнякта,
Бұлақбасында тұрғанда біздің үйге жиі келіп тұратын. Әтәйім кел-
се бір жасап қалатынмын. Қаталдау, асаулығына қарамай жақсы
көретінмін. Сәнді, таза киінетін. Ер мінезді, бір беткей, бай кісі
болды. Саудагер болған дейтін. Қалтасы тола ақша болатын қа-
шанда. Бір жолы Кеңащыда Қажыкен деген кісі әтәйіммен бәсте-
седі. Әлгінің бір жақсы биесі бар екен, әтәйім ылғи «маған сат!» –
десе, ана кісі қимай, сатпай жүреді екен. Бір күні екеуі бір үйде
кездесіп, ерегесіп қалып, Қажыкен: «Аманжол, осы қазір, үйіңе
бармастан, қалтаңнан қолма-қол жүз сомдықтың төртеуін шыға-
рып берсең, бием сенікі!» – депті. Екеуі бәстесіп, жұрт алдында
қол алысады. Әтәйім төс қалтасынан бүктемелі үлкен былғары кү-
мәжнегін алып шығып, төрт жүз сомдықты суырып беріпті. Анау
да ер екен, сөзін жұтпай, төрт қағазды алып, кемінде алты жүз сом
тұратын биесін тастап жүре беріпті.
Жоқшылық кезінде Мәтеннен (Макинка станциясы) ұн әкеліп
сатады. Жарты қап шемішкені бірге ала келеді. Сол жарты қап
шемішкені стақандап сатқанда, тапқан табысы ана ұн сатқаннан
асып кетіп, соның пайдасы тиді бәрімізге деп отыратын анамыз.
Аманжол әтәйімнің зайыбы Қалиман апамыз сары кісі болды.
(Майке тәтем аумай тартқан шешесіне). Бұлақбасында тұрғанда,
төрт-бес ер балалары болыпты. Соғыстан кейінгі бір жылдарда
Степнякта, әсіресе, Бұлақбасында бір жұқпалы ауру, қызылша бо-
лу керек, балаларға қатты қырғын салыпты. Әлгі бес-алты баланың
263
бәрі сонда қайтыс болыпты. «Сол кезде бір үйден бірнеше өлік
қатар шыққан күндер де болды. Біреуін көміп келгенде, екіншісі
өліп жатқанын да көрдік қой», – деп отыратын үлкендер. Әтәйім
мен апамның содан Базкен (Асылтас) мен Майке (Зәуреш) деген
екі қызы қалды. Бәзкен апамыз Мәдениетте тұрды, күйеуі Қари
Айдарбекұлы жездеміз екеуі бертінде қайтыс болды. Қари жезде-
міздің ағасы Қами өмір бойы мұғалім болған кісі.
Мен жас кезімде елдегі ескі кітап, қолжазбаларды жинауға құ-
мар болдым. Ондайлар кездесе бере ме? Бірақ, сирек болса да, кө-
ненің көзі қарияларда сақталып қалған құнды дүниелер табылып
қалатын. Аманжол әтәйім үйінен алған сондай бір қолжазба – сар-
ғайып кеткен қалың дәптер болатын. Ескі, зерленген ағаш әбдіре-
ден алып, Қалиман апам сол бір сарғайып кеткен дәптерді маған
берді. Сиямен, арабша жазылған біраз нәрсе бар еді. Ежіктеп, ай-
ырып оқып көргенімде, «Ермек батыр» деген жыр болып шықты
бірі. Бұл – баяғы Еңлік пен Кебектің тұяғы, тау-тастың арасында,
жөргегінде ораулы күйінде жалғыз қалған жетім бала туралы дас-
танның көшірмесі.
Майке апамыз бір ғажап адам. Ол кісі менің ағам Мейраммен
түйдей құрдас, бірге өсіп, бірге оқыды. Кішкентайымыздан тәте-
леп өстік. Ашуы да бар, ер мінез, ақ жарқын, әзілқой кісі. Тәтемнің
қызық әңгімелері бір төбе.
Бала кезім, әй, бес-алты жастамын-ау, бір күні Майке Қайрат-
пен қашып кетіпті деген хабар дүңк ете түсті. Ал, айғай-шудың
әкесі болды! Түнделетіп менің анам Бәтима мен Баймолда ағамыз-
ды әтәйім қуғыншыға жіберді. Жігіттің ауылына барса, есік тарс
жабық! Қағып-қағып, ешкім ашпағасын, Баймолда басымен жай
кете ме, қораның төбесіне шығып, төбені тесіп, ішке түсіп, есікті
ашады ғой! Содан, Майке қыз «өз еркіммен келдім, сүйдім-күйдім,
тидім» дегесін, қуғыншылар кері қайтады. «Артынша, алдынан
өтуге келген құдаларын Аманжол мылтықпен қуыпты!» – деген
қаңқу тағы жетті.
Сөйтсек, Кеңащыға құдалар келген. Қайрат жездеміздің руы –
Қылды Қарауыл, менің шешемнің руластары. Құдықағаштан.
Ағайынды Кәмен, Жәмен Жақсыбергеновтер. Үлкендері бас бо-
лып, Кеңащыдан бір кісілерді қосып, әтәйімнің үйіне келеді. Ішін-
де Қабжан бар. Сол кісі қызық қылып айтатын. Жиында Кеңащы-
дан Ермағамбет ағамыз, әтәйімнән жасы көп кіші болса да, өмір
264
бойы Адас деп сыйласып өткен көршісі Аманжол Ахметжанов бар
екен. Құдалар келіп, сөз бастағаннан-ақ қанына қарайып отырған
әтәйім бір кезде қаһарына мінеді. Қабырғада, кілемде ілулі тұрған
мылтығын ала салып, оқтай бастағанда құдалар зытты дейді. Сүрі-
ніп-қабынып, шәркейлерін шала-шарпы іле салып, шұбыра тар-
тқанда, орнынан тұра берген Адас – Аманжол көрші қымыз тола
піспе шелекті аударып алып, аппақ қымызды ақтара салды дейді.
Ең қызығы, Кеңащының көшесінде алды-артына қарамай шұбыра
қашқан Қылды Қарауылдардың алдында Керейдің шалы Ермағам-
бет атамыз зытып барады дейді. Ерекең үйіне келгесін Мәрия тә-
темізге: «Аманжол үйінде кебісім қалып қойыпты, барып алып
келші», – дейді. Мәрия кебісін әкеп беріп: «Ата, сіз неге қашты-
ңыз? Құда емес, ағасың ғой!» – дейді. «Ой, кім біледі, Аманжол-
дың мінезі жаман, атып тастайды екен деп зәрем кетті!» – депті
жарықтық.
Содан, бұл әңгімені әркім әр саққа жүгіртіп қойды. Алдына ке-
ліп отырған құдаларын мылтықпен қуғаны несі деп айыптағандар
да болды. Әзілге сайып, құдалардың шұбыра қашқанын күлкіге
айналдырғандар да аз емес. Бұрыннан бір ерегістері бар екен де-
гендердің сөзі де қалыпты құлағымда. Аманжол сүйікті кенже қы-
зы Майкені өзіне көңілі жақын бір кісінің баласына қосуды ойлап
жүр екен, Қайратқа қимай, қаһарына мінген ғой деген де сөз ай-
тылды. Қысқасы, үш жылға дейін әтәйім қызымен де, құдамен де
хабарласқан жоқ. Ол екі арада екі бала – Мақсұт пен Бағдаш туды.
Үш жылдан кейін, Аманжол әтәйімнің ашуы басылып, райынан
қайтты-ау дегенде, ақырын Қалиман апамнан хабар алып, Майке
тәтем балаларын көтеріп, жездеміз Қайратпен Кеңащыға келеді.
Есіктен кіріп келгенде мінезі қатты деп аңызға айналған Аманжол
әтәйім сағынған қызын құшақтап тұрып, көзіне жас алып: «Қайтіп
шыдап жүрдің осынша уақыт келместен? Сен қашан келсең де мен
алдыңнан шығар едім ғой!» – депті. Немерелерін иіскеп, жадырап,
жарасып кетіпті. Бірақ, өле-өлгенше құдаларының есігін ашпай
кетті.
Бұл түйіннің шешуін тапқым келіп, кейде оймен шолып қоя-
тынмын. Апырмай, сонша неге қатып қалды екен құдасына, – дей-
міз кейде. Бұл сұрақтың жауабын тіпті бертінде, екі-үш жыл бұ-
рын Майке тәтем айтты. Сөйтсек, отызыншы жылдарда, совет өкі-
метінің ақырып тұрған кезінде, Қайрат жездемнің әкесінің ағасы
265
Кәмен белсенді болған екен. Аманжол әтәйім Қалиман апамызға
жаңа үйленіп, қырда ақ отау тігіп отырғанда, Кәмен үкіметтің аты-
нан ақ отауды ескіліктің, байлықтың көзі деп, кәмпескелеп, тартып
алған екен! Зорлыққа амалсыз көнсе де, ішінен иілмеген, сынбаған
әтәйімнің енді келіп сүйікті қызы сол әулеттің жігітіне қосылғанда
қаны қайнауы заңды ғой. Қайта, атып жібермеген құдаларын, құ-
дай сақтап! Міне, бұл да бауырмал қазақ елін тап тартысына
ұрындырып, бір-бірімен қырқыстырып қойған құйтырқы саясат-
тың зардабы емес пе? Сол араздықты жеңіп шыққан Майке апамыз
бен Қайрат жездеміздің махаббат күші қандай десеңізші!
Аманжол әтәйім қайтыс болғанда, Майке тәтем әкесі өзіне мұ-
ра ғып қалдырған көп ақшаны, жобасы, он мың сомның о жақ, бұ
жағында, орамалға түйіп, қойнына салып жүреді... жабдық кезінде.
Бұл 1972 жылы, ол кезде он мың сомға Алматыдан кең сарайдай
екі үй алуға болады, екі-үш машинаның құны. Содан, әбігерленіп,
әр шаруамен басы қатып жүрген тәтем, бір кезде керегі боп, қара-
са, әлгі көп ақша жоқ! Ал, зәресі кетеді! Ешкімге білдірмей, ағасы,
менің әкем Тақанға келеді. Осылай да осылай, ақшаны жоғалтып
алдым, ертең әтәйімді жөнелтуге ақша тауып беріңіз дейді. Әкем
сасқалақтап, барын қарастырайын дейді. Кісі жөнелтуге он мың
емес, бірнеше жүз сом жетеді. Сөйтіп, Майке тәтем уайымға батып
жүргенде, оған Балғия деген ауылдас әйел келеді. Оның күйеуі
Байзақ ұста, Аманжол әтәйіммен, Қалиман апамызбен өте сыйлас
болған кісілер. Қалиман апам көп кісіге көрсете бермейтін үлкен,
оюлап жасалған ескі ағаш әбдіресін Балғияға ашады екен дейді
оның қызы, менің құрдасым Баян. Біздің «Аран» фильміндегі әде-
мі ескі сандық осы! Оны Сұлушаш Қалиман апамнан кезінде қол-
қалап сұрап алған екен. Содан, Балғия апамыз Майкеден жайлап
сыр тартады: «Сен ақша жоғалттың ба?» «Иә!» – дейді Майке тә-
тем. «Қанша?» «Ойбай, көп! Он мың сомдай!» «Е-е, бәсе, өзім де
солай ойлап едім! Сенің ақшаң шығар деп! Мә!» – деп, орамалы-
мен қолына беріпті. «Құдықтың басында, темір науада, судың
ішінде жатыр!» – депті Балғия. «Мұнша ақша ауылда кімде болуы
мүмкін, деп ойладым. Әрине, тек сенің әкеңде ғана бар ондай ақ-
266
ша. Содан, ешкімге тіс жармай, аңысын аңдасам, ешкімнен тырс
еткен дыбыс жоқ! Шыдай алмай, саған келдім!» – деп ағынан жа-
рылады. Қуанған Майке тәтем алғысын жаудырып, сүйіншісін бе-
рейін десе, Балғия апамыз үзілді-кесілді бас тартып, бір тиын да
алмапты!
Ләйла тәтеміздің үлкен ұлы Еркетай Шымкент, Созақтың қызы
Маринаға үйленгенде, құтты болсын айтып Майке тәтем, Қайрат
жездем, Ұғыш жездем бәрі барады. Дуылдатып тойлайды. Ерке-
тайдың атасы Сүйіндік құдамыз Ұғышпен ежелден тістесіп, қал-
жыңдаса беретін. Ұшпа мінезді Ұғыш жездемнің ондайда тіпті ұс-
тамасы ұстап кетіп, шиқылдап біраз жерге шырқап кететін. Той
үстінде Сүйіндік құда Ұғыш жездемді «ал, алдың» астына алады.
Ішпей отырған жездей не болса да құданы қымбатқа түсірейін деп:
«Мына қызыл-мызыл, ақ-мағың өзіңе, мен коньяк қана ішемін!»
деп кергиді. «Е-е, мен саған коньяк құямын, бірақ тауысып ішетін
болсаң ғана құямын!» – дейді құда. «Әкел кәне, құйғаныңды кө-
рейін!» – дейді жездей.
Содан, коньякты тауысып ішіп, гүжілдеп тарайды. Тассуда тұ-
ратын Ұғыш жездемді Майке тәтелерім Бірсуатқа дейін ала кетеді.
Түннің бір уағы боп қалған, Майкенің үйіне қонатын болып, шай-
пай ішеді. Енді ұйқтар кезде, масаң Ұғыш жездем қалтасын қарап,
ақшасын түгендейді.
– Әй, менің жүз сом ақшам жоқ! Қайда қане, табыңдар! – деп,
шу шығарады.
– Кет, қайыршы неме, сенің ақшаңды немене, біз ұрлап алды
деп отырсың ба? – деп, тәтем де қайнап шыға келеді. Қайрат жез-
демде үн жоқ, жатады диванда. Ал, содан Ұғыш жездем мен Май-
ке тәтем ұрсысады келіп.
– Біздің үйден, балалардан көріп отырсың ғой! Біреудің ала жі-
бін аттап көргеміз жоқ! Ондай пәле зәу-затымызда жоқ! – деп тә-
тем шығады.
– Сенің үйіңнен басқа ешқайда кәстөмімді шешкем жоқ, ақшам
қайда кетеді? – деп жездем салады пәлені.
– Өйтетін болсаң, кет, айда, қайқай! – дейді тәтем.
267
– Кетсем кетем! –деп, жездем бір байы жоқ құрдас әйелінің үй-
іне баруға оқталады.
– Ол қатынның үйіне барып қонып көр тура, апамыз Мәймінә-
ны алып келіп, сирағыңнан сүйреп шығарамын! – дейді Майке қа-
һарланып.
Долданып, ыза буған Ұғыш жездем: «Онда мен үйге жаяу ке-
темін!» – дейді. – Кетсең кете бер! – дейді тәтем.
Содан, Ұғыш жездем түн ортасында, қақаған аязда, он сегіз
шақырымдай жердегі Тассуға жаяу тартып отырады. Оны кете
қоймас, далаға шыққасын суық сорып, есі кіргесін қайтып келер
деп, бұлар қала береді.
Содан жездей түнімен жүре береді, жүре береді. Біраздан соң
аяз сорып, мастығынан айыға бастайды. Енді кері қайтайын десе,
намыс жібермейді. Не керек, тоқтамай тартады ғой. Арасында тая-
ғына сүйеніп, демалады. Ұйқы қыса бастағанда, өзін-өзі зорлап, ілби
береді. Ақыры, таң сібірлей бергенде, Тассудың сайына жетеді. Сол
кезде артынан аудан орталығы Степняктан шыққан таңғы автобус
та келіп қалады. Соған отырып, «ух» деп, үйіне аман жетеді.
Ал, үйде қалған Майке тәтем біраздан соң, Ұғыш жездем қай-
тып келе қоймаған соң: «Ойбай-ай, масқара ғып айдалада үсіп қа-
лар ма екен?» – деп, түнімен уайымдап, таңертең Қайрат жездем
екеуі машинамен Тассуға келеді.
Келсе, Ұғыш жездем үйде. Дудәмнің (Мәймінә, шын аты Мә-
рия, тәтемізді Дудә дейтінбіз) ойында дәнеңе жоқ, сіңлісі мен
күйеу баласы келгенге мәз болып, шайын жасап, арқа-жарқа болы-
сады. Енді ес жиғасын бір-біріне: «Әй, кешегің не?» деспей ме!
Сөйтсе, Ұғыш жездеміз жоғалды деп шулатып жүрген жүз сомды
тойға шашу деп Ләйла тәтем мен Өсербай жездеме берген екен де,
Сүйіндік құдамен ерегәісіп коньяк ішіп жүргенде, тарс ұмытып
қалған екен!
Бір күні Қайрат жездем ескі «Мәскібіш» машинасымен Бір-
суаттан Кеңащыға қарай жолға шығады. Қақаған қыс. Қасында
шешесі. Артында – Майке тәтем. «Мәскібіштің» пеші дұрыс істе-
мейді. Күн аяз, терезені қырау баса береді. Қырау басқан сайын
268
жездей артқа қарай қолын жаяды. Апай алақанына бір уыс тұз сала
қояды. Тұзбен терезені сүртіп, тазартып отырады.
Әлқисса, орта жолға келгенде, Степняктан өтіп, Кеңащыға қа-
рай шыққасын, тоқтап, жездей түседі де, капотын ашып, бірдеме-
сін шұқылайды. Оны көрген апай түзге отырып ала қояйын деп,
түсе қалады. Алдында отырған кемпірдің ештемеде жұмысы жоқ,
бұйығып, қалғып кеткен. Содан, жездей жөндеуін жедел бітіріп,
машинаға мінеді де, бір-ақ тартады! Апай «а» деуге шамасы кел-
мей, айдалада аңқиып қала береді! Жездей рөлді ұстағанына мәз.
Елде, жерде жұмысы жоқ, желбезегі желпілдеп, желдей ұшып ке-
леді.
Бір кезде терезені қырау басып кеткесін, артқа қол жаяды. «Тұз
әкел!» дейді. Үн жоқ, дым жоқ! «Өй, тұз әкел деймін!» – деп оды-
райып артына қараса, тұз да жоқ, қыз да жоқ! Содан бұрылып
алып, апайға қайтып келеді. Келсе, ана кісі әрі тоңған, әрі ыза бол-
ған... Көзінің жасы бүршік-бүршік боп бетіне қатып қалған... .
Сақылдаған сары аязда сақиып тоңған тәтеміз кері бұрылып,
Степнякқа, Ләйла тәтемнің үйіне қарай тартқан екен. Қайрат жез-
дем қайтсын, ары-бері жалынады, оған қайырылмай, «мәшинәңмен
қоса құры, көрмегенім сол болсын» деп, тулаған тәтемді енесі ара-
ға түсіп, әупірімдеп тоқтатып, мәшинаға мінгізіп, Кеңащыға аман-
есен жеткен екен!
Бір жолы Майке тәтем Қарағандыға барады. Қасында бір па-
луан қайнысы бар, қара шамаданда құнан қойдың тұтас еті бар.
Баратын үйдің нақты әдірісін білмейді. Бірақ, ылғи барып жүрген
үйі, вокзалдан қашық емес. Және, көзге таныс, өзі жақсы білетін
бір керемет, ешқашан өзгермейтін, мәңгілік адастырмайтын бір
белгісі бар. Ондай белгісі бар үйдің әдірісін қайтеді, қанша жыл
келіп жүргенде, бірден соған ат маңдайын тіреп, тура табады екен.
Содан, пойыздан түскесін, мойнын созып қарайды, белгісі көріне
қоймағасын, бұрынғы барып жүрген бағытымен бір-екі бұрылыс-
тан өтеді де, өзі білетін әлгі белгісін айнала іздейді. Бұрын алыстан
мен мұндалап тұратын көзіне ыстық белгі жоқ! «Көкке ұшып кетті
ме, жерге кіріп кетті ме, лағанат!» деп, қобалжи бастайды. Енді,
269
амал жоқ, өтіп бара жатқандардан сұрайды. «Мына жердегі Бреж-
неві бар үйді білесіңдер ме?!» Жастар жағы бастарын шайқап,
мырс-мырс күліп, мысқылдап кете береді. Сөйтіп жүргенде әй-
теуір бір орыстың шалы білетін болып шығады! Әуелі күлді дейді!
«Әй, Брежнев өлгелі қай заман! Оның суретін өлісімен алып таста-
ған! Міне, мына алдыңда тұрған үй!» депті. Сөйтіп, зорға тауып
барған екен. Кейіннен: «Әй, Брежневтің өліп қалатынын, оның су-
ретін алып тастайтынын мен қайдан білейін! Ылғи соған қарап,
адаспай тауып жүргесін...!» – деп күледі. Күлмегенде қайтсін!
Бір күні Ұғыш жездем жалақысын алады. Жолдас-
жораларымен ептеп «жуады». Содан, жұрт тарағасын, ептеп қызып
алған жездеміз, айдалада, малдың соңында, аттың үстінде келе жа-
тып, қаншасы кетіп, қаншасы қалды екен деп, қиялданып, ақша-
сын санамай ма!? Күн желкем екен, абайсызда қолындағы бар ақ-
шасы ұшып кетеді. Өңкей советтік үш сомдықтар Тассудан Терең-
құдық пен Торатөлгенге қарай кетті дейді қалықтап! Ақкөңіл жа-
рықтық әр жасыл қағаздың соңынан алақтап қуады келіп! Содан не
керек, бұйырғанын, әр шөптің түбіне тіреліп, басына ілініп қалға-
нын теріп алып қайтады. Кеткені кетеді солай желмен ұшып!
Талғат туралы бір-екі ауыз сөз айту мұнша қиын болар деп кім
ойлаған!
Биыл ғана алпыс үш жасқа толып, зейнеткер атанса да, қызме-
тінен қол үзбей, Еңбекшілдер аудандық пошта торабын басқарып
жүріп жатқан.
Қырық жылдан астам уақыттан бергі адал еңбегі лайықты ба-
ғаланып, аудандық мәслихаттың шешімімен «Еңбекшілдер ауда-
нының құрметті азаматы» деген атақ беріліп еді. Тәуелсіздік кү-
нінде тапсырылады екен, тойлаймыз деп қуанып жүрген...
8 қараша күні таңертең жұмысқа барғалы жатып, аяқ астынан,
бір-ақ сәтте бақиға өте шықты. Жай қыңқыл-сыңқыл болмаса, өмі-
270
рі шындап ауырдым деп дәрігерге барып көрмеген адам. Жүрек-
тен... Төбеден жай түскендей боп қала бердік... Міне, енді қырқы...
Жарықтық Талғат жездем елінің сүйкімді, сыйлы азаматы еді.
Көңіл айта келген кісілер «Талғатпен бір кездесіп, бес-он минут
әңгімелесіп, әзілдесіп қалсақ, біразға дейін жанымыз рахаттанып
жүруші едік! Талғат өмірден өтті, енді арамызда жоқ дегенге сене
алар емеспіз!» десіп, қимастық сөздерін айтып жатты. Белгілі жур-
налист, ақын Бақберген Амалбек Талғат Досымбеков алпыс жасқа
толғанда «Егемен Қазақстан», «Арқа ажары» газеттеріне жазған
мақаласын «Жан-жағын жадыратып жүретін жан» деп атауында
біраз мән жатыр.
Ол өзінің азаматтық парызын адал атқарды. Қай салада болса да,
жұмысына жан-тәнімен беріліп істейтін. Онда бір үнемі биікке ұм-
тылып тұратын арманшылдық, өмірге құштарлық бар еді. Қайнап
жатқан қызметтің бел ортасында жүріп, қоғамдық міндетін орнымен,
артығымен атқара жүріп, айналасындағы адамдардың мұң-шерін
бөлісуге де, көңілін көтеріп, демеп, сүйеп жіберуге де үлгеретін.
Талғат жездем алпысқа толғанда:
Өмір – өзен ғой,
Адамдар қонақ кемеде,
Уақыттың желі тоқтауға сірә көне ме?
Сексенбай атаң, Мәнзила апаң мәпелеп,
Көтеріп еді «бота» деп сені төбеге,
Аруақты жерден, әулетті елден өркендеп,
Қазақы орда,
Көнеден алдың өнеге...
Сақтаған дінін,
Тілі мен дәстүр, салтымды,
Степняк біздің атақты жер ғой
Тонналап алған алтынды.
«Алтыны қайда, кеткен бе көшіп?» дегенде
Міне деп айтам,
Алтындай жарқын халқымды!
Өсетін елдер бір-бірін сыйлап ардақтар,
Еңбегін ердің сарапқа салып салмақтар.
Емес пе нағыз самородный сары алтын,
271
Жарықтық Ғазиз,
Сапура менен Талғаттар!
Солдатқа барып,
Шөл кезіп құмнан аттадың,
Көк шаймен басып түркімендердің аптабын.
Содан ба екен, әйтеуір ыстық болатын
Кушкадан жазған Кеңащыға сәлем хаттарың!
Жұмысқа кірдің алатын бүркіт төстеніп,
Әкімдер менен әпкеме ғана честь беріп.
Фотокорр болып түсірген өзің суреттер –
Шежіре ғұмыр, тарихи нағыз естелік!
Жігерің менен білігіңді билік таныпты,
Қызметтің түрлі қиырына да салыпты,
Баспахананы,
Поштаны түгел реттедің,
Бір тиын жемей басқардың Халық банкті! – деп жазған өле-
ңімде оның өнегелі өмір жолының сәулесі бар.
Біз жезде-балдыз болғалы қырық жылдан асып бара жатыр
екен. Егіздің сыңарындай болып кетіп едік. Әр кездескеніміз бір
хикая, жарасымды әзіл-қалжың, өлең-жыр еді. Оның біразы менің
«Деген екен» атты кітабыма еніп, Талғатты өмірі көрмеген кейбір
оқырмандар оның есіміне сырттай қанық болып жататын.
Біздің елге келген сапарында Ғафу Қайырбеков ағамызға, жа-
рықтық Ғафекеңе: «Ауылға келгелі Алматының жартысын жоқ-
татпай, жанымнан табылып жүрген жайсаң жездем Талғат!» деп
таныстырғаным әлі есімде. Дәмдес болып, бір күн мәжіліс құрған-
нан кейін жездемнің жақсы қасиеттерін дәл таныған көреген ақын
«Өмір оттары» атты кітабына:
Жігіттің ең жақсысы жан аңсары,
Арман-ау соған көңіл жалғасқаны,
Баяштың сүйенетін бәйтерегі –
Аман бол, айналайын Талғат сары! – деп ағалық көңіл, разы-
лықпен ақ тілегін жазып беріп, бір көтеріп қойған.
Оның өмірге құштарлығы сондай – жан-жақты адам еді. Ағай-
ын-туыстың ұйтқысы, бауыр-туыстарының қамқоршысы болатын.
Кітап, газет-журналды мүмкіндігінше қамтып оқып, әр саладан
272
хабардар болып жүретін. Спортқа да қатты қызығатын, дойбыдан,
шахматтан, мылтық атудан облыстық жарыстарға да қатысып,
жүлдегер де болған. Тіршілікте жілік соғу, гир көтеру, қарт ойнау
сияқты сайыстарға да қызу араласып, бәсекенің көрігін гулете
қыздырып, өзінің табиғи тура қойылған саңқылдаған даусымен
жұртты еліктіріп әкететін. Қыза-қыза келгенде, домбыраны ала
салып, келсін-келмесін суырып салып өлең шығаратын және оның
өлеңдері баяғы аңыз болған Қиясбайдың өлеңіне көбірек ұқсаңқы-
рап кетіп, жұртты қыран-топан күлкіге батырып, думан-тойда кө-
ңіл көтеруге әбден жарап жататын. Сұлушаш апайымыз екеуі ту-
ған-туыс, жолдас-жоралардың той-томалағын қол ұстаса басқарып
та жүре беретін және пәлен сағат, тіпті құдалықтарда бірнеше күн
тік тұрып жасаған қызметтеріне көк тиын да алмайтын, тіпті ол
туралы сөз де болмайтын. Және соның бәрін рахаттана жүріп жа-
сап, ойын-тойдың гүлі мен сәніне айналған, қос аққудай жарасқан,
шын ғашық болып қосылған апа-жездеміз елдің шынайы алғысына
бөленуші еді. Сол ризашылық, шынайы құрметтерін көрсеткен
қалың ел, берісі аудан мен облыс, әрісі Астана мен Алматыдан
келген туған-туыс, құда-жегжат, дос-жаран қабырғасы қайысып,
Талғатты ақтық сапарға шығарып салды. Алладан рахмат, пайғам-
бардан шапағат, Талғат жездеміздің жаны жәннатта болсын, ар-
тыңда қалған бала-шаға, немерелеріне, бауыр-туыс, ел-жұртына
жақсылық, ғұмыр берсін!
Талғаттың атасы Сексенбай құдамыздың әкесі Досымбек бо-
лыс болған кісі екен. Совет заманында да біраз жауапты қызметтер
атқарады. Ақыры, репрессия кезінде қысымға алынып, қуғынға
ұшырайды. Қызылту жағынан Степнякқа бой тасалап келсе керек.
Жұмысын істеп жүрсе де, қызыл жағалылар тыныштық бермей,
түртпектеп, аңдығандарын қоймапты. Сонда ол кісі Құранды үйдің
шыға берісіндегі маңдайшаға қоя салатын көрінеді. Есіктің ескі
ағаш маңдайшасында Құран жасырулы тұрады деп кімнің ойына
келсін, солай аман сақтап қалған екен! Бір күні бір жиында До-
сымбек ақсақал алдарына ас келгенде, табаққа «бісміллә» деп қол
сала бергенде, партия-совет қызметкерлері тіксініп: «Не дейсіз?!»
273
– деп шүйліге бастайды. Сонда, жарықтық Досымбек: «Пісті мә,
деп жатқаным ғой!» – деп құтылып кеткен екен.
Сексенбай атамыз (құда демей, ата деп сыйлап өттік) зор дене-
лі, ұзын бойлы, жуан, толық адам болды. Жүзі көненің жел мүжі-
ген балбал тастары сияқты болып көрінетін маған. Сонау қадым
заманнан бізге дейін үзілмей келе жатқан ескіліктің қалың сыры,
куәгері, сақтаушысы сияқты. Мұндай кісілер барда сан ғасырлық
асыл қазыналарды уақыт шаңы көме алмайтындай, көшпенділер-
дің көне салт-дәстүрін, рухани әлемін ешқандай кәмөнезм жұта
алмайтындай күй кешіп, айрықша бір қуаттанып қалушы едім.
Маңайында Степняктың, Шаңқайдың, Кірпіш сарайының
адамдары үйіріліп жүретін. Ол кісі әңгіме айтқанды, қарт ойнаған-
ды жақсы көретін. Нүркен (Нұрахмет), Ғазиз, Мұқыш, Қасен, Бей-
сен, Қайырбек, Қайдар, Алмас, Өміртас, Серік, Серкен, Байзолла,
Шахман құдаларым гүжілдесіп, таң атқанша әңгімені де, қартты да
соғатын. Бәрі де ол кісінің атын атамай, «Дәу ата» дейтін. Дәу ата-
лары түні бойы малдас құрған күйінен жазбай, қаққан қазықтай
болып отыратын. Түнімен дабдырлаған құдаларға Мәнзила құдағи
ләм деп аузын ашпайтын. Әжімді жүзі көне күміс теңгенің бедері-
не ұқсайтын ақ жаулықты құдағидың түбі Қанжығалы, Ереймен-
таудан болатын.
Сексенбай атаның күйеу баласы Ғазизді Қазез дейтін жұрт. Со-
ғыста жүргенде: «Елге аман барып, ағайын-туыспен бір дәм тат-
сам, шіркін! Содан кейін өліп кетсем, арманым болмас еді!» деп
армандайды екен, бомба мен оқтың астында. Құдай сол тілегін бе-
ріп, елге аман келеді. Содан кейін, қалған өмірім олжа деп, уайым-
қайғысыз өмір сүрген ғой! Сексеннен асып қайтты, шашында бі-
рен-саран ғана ақ болды. Жіп-жіңішке, кішкентай ғана кісі еді. Әй-
елі Сапура – Сексенбай атамыздың қызы, дәу, толық, сары кісі. Он
баланың ата-анасы.
Сексенбай құдамыз мені баласынан да кіші екеніме қарамай,
өте жақсы сыйлап, құрметтеп өтті. «Сбатым» деп, жымиып қарсы
алатын, төрге шығаратын. Мен де ол кісіні кейде құда десем, көбі-
не ата деп ардақтадым. Әңгіменің тиегін ағытып, небір хикаяларды
қозғаушы еді жарықтық. Біраз әңгімелерін сол кезде қағазға түсі-
ріп қойғаным да бар. «Қиссас-ұл-Әнбиә» кітабын алғаш рет сол
кісіден көрдім. Рабғузидың осындай кітабы бар деп, университетте
ғұлама ұстазымыз Бейсембай Кенжебаев айтып отыратын. Тек сол
274
кісі ғана біледі деп жүрген аса бағалы көне кітап құдамыздың үй-
інен шыға келгенде, қолымызға ұстап көргенде бір керемет күй
кештім. Бағзы замандарға барып келгендей болдым. Қағазы әбден
сарғайып, қатты мұқабасы мүжіле бастаған, қадымша жазылған
қалың кітап небір құпия сырларды жасырып тұрған бір көмбе, құ-
пия қазына сияқты көрінеді. Сексенбай құда судыратып біраз оқып
берді. Бірақ, менің есіл-дертім осы кітапқа ауып, ақыры, қолқалап
жүріп, сұрап алдым. «Қарамнан артық көретін кітабым еді, сенен
басқа бір адамға бермек түгілі, ұстатпас та едім! Саған қидым, сба-
тым, қадірлеп сақта!» – деп, сыйлады жарықтық. Оған қоса, кіш-
кентай, шағын, жұқа «Бәдуам кітабы», хисса, аңыз кітаптарын да
берді. Оған қоса, «Ахтари кәбир» деген қалың, үлкен кітапты да
берді. Жақсы сақталған, бірақ тілі қазақша емес, оқуы қиын екен.
«Бұл кітапты мен өзім де оқи алмаймын. Мұны оқу үшін арнайы
білім керек. Бұл кітап лұғат шешеді!» – деді. Ол кісіден алған қа-
ғаздардың арасында араб қарпімен басылған әлдебір кітаптың бір
бетінің жоғарғы жағының төрттен бірі жүргені де есімде. Онда
жобамен: «Татмақ-татып қармақ (көрмек), астың тұзы татымақ», –
деген сөздер бар болатын. Соған қарағанда, өткен заманда жарық-
қа шыққан түсіндірме сөздік болар деп топшылаймын. Өкінішке
орай, сол бір жыртынды қағазды жоғалтып алдым! Ал, Сексенбай
Досымбеков атамыздың сеніп тапсырған кітаптары менің жеке ар-
хивімде сақтаулы тұр! «Қиссас-ұл-әнбиәні» әр жылдары бірнеше
рет қызыға оқып шықтым.
Сексенбай құданың інісі Байман балуан тұлғалы, қарулы кісі
болатын.
Бір күні бригадада түнгі күзетте жүрсе, жарығын сөндірген бір
машина қырманнан шығып, Степнякқа қарай ұрлана тартып бара
жатқанын көзі шалып қалады. Астында жарау буырыл ат, қолында
қақ сойыл, өзі балуан Байман неден қорықсын, әлгінің артынан
тұра қуады. Қуғынды байқап қалған машина арқырай қашады.
Жолсыз далада әрі қараңғы түнде бар жылдамдығына баса алмай,
бұлталақтап келе жатқан темір көлікті қазанатпен қуып жеткен
Байман қайың сойылмен қайқайтып тұрып соғады кәбеңкенің тө-
бесінен. Әйнегі күлпарша болған машинаны сартылдатып сабай
бергесін, амалы құрыған шопыр тоқтайды. Ұрыларды ұстағасын
аясын ба, дымын қоймай боқтап: «Ал, қане, шығыңдар былай!»
деп, кәбеңкені ашып қалса, шопырдың жанында ағасы Сексенбай
275
отыр екен дейді! Енді ағасын сабай ма, қамай ма, қайтеді? Тілге
кеп, жөн сұраса, жемнен қысылған соң, бірнеше қап қалдық жем
алуға келген екен түнделетіп! Содан, Байман: «Сендерді көрдім
деп тірі жанға айтпайын! Ертең бәрімізге бәле болады!» – деп, аға-
сының алған жемін қырманға қайта апарып төккізіп, аман-сау қоя
беріпті! Әне, қандай заман, қандай адам болған!
Бір жолы, тоқсаныншы жылдардың басында, Талғат жездем,
жанында Сұлушаш бар, Алматыдан елге қарай шығады пойызбен.
Плацкарт вагон, оп-оңды астарын ішіп отырса, екі милиционер
әрлі-берлі өтіп, бұларға қарағыштай береді. Сөйтсе, Талғаттың бір
кнопкалы бәкісі бар екен, ет турап болғасын үстелдің үстіне қоя
салған ғой. Ана екеуі соны көріп қалып, аңдып жүріпті. Біраздан
соң келіп, бастайды әңгімені.
– Мынау сіздің бәкіңіз бе?
– Жоқ! Осы жерде жатқан бәкі! – дейді, бірдемені сезе қойған
Талғат сасқалақтап.
Милиция оған қарасын ба, қолма-қол протоколдап, тергеп, қа-
ғаздарын толтырып алады. Дүкенде ашық сатылып жатқан көп бә-
кінің бірі екенін көріп тұрып: «Бұл кнопкалы бәкі – суық қару, ар-
найы рұқсатсыз алып жүруге, сақтауға тиым салынған! Заң бой-
ынша жауапқа тартыласыз!» – дейді. «Оу, мен бұл бәкіні ашық
түрде сатып жатқан заңды дүкеннен алдым ғой! Егер де бұл тиым
салынған суық қару болса, онда неге дүкенде ашық сатуға рұқсат
беріледі заң жүзінде?!» – дейді Талғат. «Онда біздің жұмысымыз
жоқ! Сіздің рұқсат қағазыңыз жоқ, бітті, жауапқа тартыласыз!» –
деп, әдірісін жазып алады.
Сөйтіп, арақ ішпеген, сап-сау, тып-тыныш әйелімен келе жат-
қан үп-үлкен кісі күдікті болып шыға келеді. Ол кезде Талғат жез-
дем аудандық Халық банкін басқаратын. Біраз уақыт өткен соң,
Қарағандыдан бір тергеуші Степнякқа іздеп келіп тергейді. Одан
кейін повесткамен шақыртады Қарағандыға. Талғат жанына досы
Темірхан Омаровты алып, екеуі барады. Барса, вокзалдағы темір
жол милициясындағы бастық майор тіпті жөндеп сөйлеспейді де.
«Ертең кел, арғы күні кел», – деп әуре қыла бастайды.
276
Темірханның КГБ-да істейтін бір майор інісі бар екен, екеуі со-
ған барып айтады жағдайды. Бір көмегі тиер деп, әуелде көздеп бар-
ғандары да сол екен. Ол кірісіп, звондағасын жағдай шұғыл өзгере-
ді. Әлгі керек қылмаған тергеушілер алдарынан шығып, «ағалап»,
істі біржола жауып тастайды. Сонда деймін-ау, жай жатқан бір бә-
кінің соңына сонша түсіп, қанша уақыт, күш-қуаттарын жұмсай-
тындай, милицияның басқа маңызды жұмыстары жоқ па екен?!
Нұғыман Төлеуов біздің ауданда, Қоғамда мұғалім болды.
Аудан орталығына келгенде Бұлақбасындағы біздің үйге соғып,
кейде қонып кететін. Ол кезде қазіргідей ағылып жатқан машина
жоқ, автобуспен, ат-арбамен жүретін уақыт. Аудандағы жұмыста-
ры бір күнде бітпей қалса, ауылдан келген кісілер ағайын аралап,
құда-жегжат жағалайтын. Бұның бір жақсы жері – үйімізге келген
қонақтардың әңгімесін құмарта тыңдайтынмын. Сөзі тәуір жан-
дардың әңгімесін әке-шешеміздің жанында жантайып жатып, құ-
лаққа құя береміз. Ал енді кейбір бейпіл ауыз, бетімен сөйлейтін-
дер болса, әке-шешеміз бізге оларды тыңдатпауға тырысатын. Не
қонақты ақырын жөнге салатын, не бізді ойнаңдар деп шығарып
салатын. Осы күні ойлап қарасақ, соның бәрі бір үлкен тәрбие
мектебі екен ғой!
Нұғыман бізге құда, Аманжол әтәйімнің бәйбішесі Қалиман
апамыздың інісі. Аузы үлкен, сары кісі болатын. Әңгімесі қызық
еді.
Соғыс кезінде әскерге алынады. Бірақ, бұл кісіні майданға жі-
бермей, тылдағы опергруппаға қосады. Қасында Гаропченко деген
бір батыр болыпты.
Орманда соғыстан қашып жүрген бір бандыны ұстағандары
тура кино сияқты! Таулы, тастақ жерге, қалың орман ішінде бекі-
ніп алған жау алдынан келгендерді көздеп атып, алдырмапты. Ар-
ты ну орман екен. Содан, опергруппа екіге бөлініп, бір тобы аты-
сып, алдарқатып тұрады да, екінші тобы ту сыртынан, қалың қыр-
шаны қиып отырып, тығылып келіп, төбесінен бір-ақ басады.
277
Абай мектебінде, тоғызыншы-оныншы класта оқып жүргенде
мен екі жыл Ләйла тәтем үйінде тұрдым.
Сүйіндік құда мені баласынбай, сол жасөспірім кезімде де
емен-жарқын әңгімелесіп, тіпті, сырласып тұратын. Әдемі әзіліміз
де бар еді.
Ол кісі маған: «Ұры Ақымбет!» – деп қалжыңдайтын. Мектеп
оқушысымын, оның себебін білмей, жауабын бере алмай жүрдім.
Бір күні Әкімжан атама айтып едім, ол кісі күлді:
– Жоға, біз ұры емеспіз, Сүйіндік сөзге сынық қып айта береді!
Сен оған «қалмақсың» деп айт! – деді.
Ұғып алдым. Келесі жолы Сүйіндік құда тағы да: – Әй, ұры
Ақымбет! – дей бергенде:
– Ұрлық қалмақтан қалған! Сен қалмақсың! –дедім.
Сүйіндік құда қып-қызыл боп қарқылдап күлді. Қиқылдап, қы-
зылкеңірдек боп дауласа кетті.
– Жоқ! Мен қалмақ емеспін! Мен Абадан батырдың тұқымы-
мын! – деді. – Мұны саған кім айтты? – деп сұрады сәлден кейін
сабасына түсіп.
– Әкімжан атам айтты!
– Әкімжан менімен ойнай береді! Абадан батыр қалмақпен со-
ғысқа барып, жеңіп келген. Сонда, қалмақтың қызын алып келген!
Біз содан тарағанбыз! – деді.
Шіркін, шалдардың бір ауыз сөзінде бір-бір тарих жатушы еді
ғой!
Қалмаққа жиен Сүйіндік құда – Ақсары Керей, Шуылдақ.
Ұзын бойлы, қызыл сары жүзді, ашаң денелі тентектеу кісі бола-
тын. Бала күнімде мен ол кісіні аңыздың батырларына ұқсатушы
едім. Сөйтсем, шынында да Абадан батырдың тұқымы екен!
Күлшат құдағи да ұзын бойлы кісі еді. Сексен бес жасқа келіп,
қайтыс болғанға дейін тіп-тік қалпында жүрді. Қараторы, иман
жүзді құдағимызды да бала күнімізден апа деп сыйлап өстік. Кейін
білсек, ол кісі Әбсәләм қажының ағасы Бәтік қажының қызы екен.
Артық сөзі жоқ, биязы құдағи өңкей арқырап тұрған батырдың
тұқымдарын сабырымен, ақылымен жеңіп, жөнге салып отыратын.
278
Өсербай жездем Ләйла тәтемізді алып қашқаннан кейін, үш
жылға дейін біздің жақ құдалыққа бармай қойды. Тағы да Аманжол
әтәйімнің ұйғарғаны! Ол кісі, алдында ағасы Әкімжан тұрса да, біз-
дің әулетті билеп тұрды – не айтса да заң! Құдалармен қалыңмал
жөнінде келіспей қалған ба, олар айтқанын бермей қойған ба, әй-
теуір, бір түйткіл бар. Негізі, біздің үйдің қыздары түгел қалыңсыз
кетті де, түскен келіндердің бәрі қалыңсыз келді! Бірақ, ескінің
адамдарының салт-дәстүрге қатысты қилы әңгімелері болмай тұра
ма!? Содан, біз Ләйла тәтем үйіне астыртын барып келеміз, бірақ,
құдалармен ашық қарым-қатынас болған жоқ. Біздің оқитын мекте-
біміз де құдалардың үйінің дәл түбінде. Ләйла тәтем мектепте физи-
ка, математикадан сабақ береді. Өстіп жүргенде, жиеніміз Еркетай,
артынан Ербол өмірге келді. Содан, бір күні Сүйіндік құда Аманжол
әтәйіммен базарда кездесіп қалады. Жылы шырай танытып, оңдап
сәлем беріп, сөзді бастайды. Қысқасы, құдалыққа келіңіздер, сый-
құрметті көріңіздер, айтқаныңыздың бәрін беремін! – дейді қол қу-
сырып. Екеуі осыған келіседі. Әтәйімнен рұқсат болғаннан кейін, не
тұрыс, ат-арбаны қамдап, артынып-тартынып Бұлақбасынан Перво-
майкаға (Бірінші Май ауылы, Степнякта, арасы көп болса, бір-ақ
шақырымдай) құдалыққа аттандық. Есімде қалғаны, біздің жақтан
Кеңесбайдың баласы Алдиярбек атамыз да барды. Ақымбет, аталас
туыс, әрі көрші. Ол кісі жемпаз болатын, жеңді білектей қазыны тұ-
тастай бір-ақ жұта салатын. Содан, құдалықта ойнап-күліп, қыздың
жасауын беріп, ертеңіне ауылға қайтарда, құдалар кит береді. Ал
айтқан қалыңмалдан хабар жоқ! Алданғанын сонда бір-ақ білген
Аманжол әтәйім китке берген кеңірдек барқытты лақтырып тастап,
шығып жүре береді. Осыдан басқа берері жоқ қой, далада қалмасын
деп, шешем ол барқытты іліп ала жөнеледі! Сөйтіп, біраз қызық
болған! Бертінге дейін айтып, күліп жүрді, жарықтықтар! Содан
кейін құдалармен өмір бойы жақсы сыйласып тұрдық!
Менің әйелім Әлияның әкесі, қайын атам Бақыш – Суан Сатай
батырдың ұрпағы.
1993 жылы Жетісуға барып, үш бірдей ақындар айтысына қа-
тысып, творчестволық сапармен үш апта жүрдім.
279
– Сатай батыр қалмақтың Мұқыр деген батырын жекпе-жекте
өлтіріп, сол жер кейіннен Мұқыр аталып кеткен! Мұқыр деген
станция бар, – деп еді маған сонда журналист Кемал Құсайынов.
Білімді, қайраткер, ұлтжанды азамат Кемал сол кезде Талдықорған
облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқаратын.
Сатай батырдың тұқымы қайын атам Бақыш нағыз еңбектің
батыры еді. Өте еңбекқор, ақ адал маңдай терін мал соңында аямай
төккен жандардың бірі. Екі жүздей қойы болды. Бір күні Сарыбел-
ге барып, демалып жатсақ, кешке маңыратып қойды айдап әкелді.
Үйге кіре беріп, баласы Дүйсенғалиға айғайлап: «Дүйсеш, ана са-
рытөбел қойды бөлек қамай салшы, желіндеп тұр, түнде қоздап
қалса, қойлар басып кетпесін!» – деп, үйге қарай жүре берді де,
бөгеліп: «Ана қаратөбел мүйізді қойды да қосып қамай саларсың,
екеуі бір күнде қашқан, ол да қоздап қалатын шығар!» – деді. Мен
шыдай алмай күлкімді зорға тежеп, ол кісіге көрінбей қала бердім.
Артынан қылжақтап, жеңгелеріме, балдыздарыма айтып, шалға
білдірмей, әбден күлдік! Не деген малсақ адам, екі жүз қойдың
қайсы қай күні қашқанына дейін қайдан біледі десейші!
Қой семірткенін де көрдім. Жүгеріні ерінбей-жалықпай, бал-
тамен турап беретін. Жыл сайын он шақты тоқтыны күзде борда-
қылай бастайды. Содан бір жыл бағады, екі жыл бағады да, бір-ақ
сояды. Сонда кәдімгі меринос-сарық қойлар денесін зорға көтеріп,
аяғын әрең басады екен. Қараңғы қорадан шығармай, жем-шөпті
уағымен, жүйелеп беріп отырады екен. Бір қойды сойды біз бар-
ғанда. Қайын енеміз Асылхан апа ауырыңқырап жүретін, сол кісіні
қойдың терісіне салып, терлету үшін сойды. Әлгі қойды қайнаға-
мыз, балуан тұлғалы Батан (Батырхан) екеуміз зорға көтеріп жық-
тық. Апамызды теріге орап тастаған соң, етін таразылап сатты
ауылға. Пышақ үстінен, таласа-тармаса үлестіріп әкетті. Сонда, ба-
сын, жүрек, өкпе-бауырын, шек-қарынын, ішмайын есептемегенде,
таза сатқан еті елу бес килограмм болды. Бес сомнан (онда Совет
заманы) сатып, бір қойдан екі жүз жетпіс бес сом ақша шығарды!
«Бопыр» деген қызық сөзді де осы Сарыбелде естідім. Бопыр
деп қойдың езіліп, үгіліп, шашылған құрғақ құмалағын айтады
екен. Бопыр ұйысып, қи болады.
Қойқорада бопыр,
Оны тауық шоқыр.
280
Сол бопырда балдыз
Ойға батып отыр! – деп әзілдедім бірде, Мағжан деген кіш-
кентай балдызыма.
Қайын жұртымның тұрған жері – бұрынғы Талдықорған облы-
сы, Панфилов ауданының Сарыбел ауылы. Сарыбел бір кезде
атақты Головацкий басқарған колхоздың бөлімшесі болған, алты
жүздей үйі бар үлкен ауыл. Жаркенттен әрі, тауға қарай орналас-
қан. Ауылдың шетіндегі биік қабаққа шығып, жан-жағыңа қарасаң,
табиғаттың бір керемет суретіне сүйсінесің. Ұзын, кең сайдың ор-
тасын қақ жара ағып жатқан Тышқан өзені билей бұралаңдап, сыл-
дыр қағады. Сайдың арғы бетіндегі биік жоталар асқар тауға жал-
ғаса созылып кете береді. Жоталардың кейбір беткейі жайпақ кел-
ген, жайылып жатыр. Ал енді кейбірі пышақпен кескендей, тіп-тік
жар. Бұларды керіш, қызыл керіш деп атайды. Қызыл керіш дейті-
ні – балшығы қызыл, су тасқыны кезінде ол жерлерден су қып-
қызыл болып ағады екен. Киноға сұранып тұрған, дап-дайын ға-
жайып көріністер! Батан қайнағамыздың дөкей доңғалақтары бұ-
дыр-бұдыр, астынан бұзау өткендей биік, ескі ЗИЛ – Мормонымен
қойдай тастары теңкиіп-теңкиіп жатқан асау Тышқан өзенін кешіп
өтіп, таудағы жайлауға барып, бір жасап қалушы едік!
Сарыбел мен Жаркенттің екі арасында Садыр, Тұрпан деген
ауылдар бар. Сарыбел таза қазақ ауылы, Садырда негізінен ұйғыр-
лар тұрады, ал Тұрпанда қазақ, ұйғыр аралас отыр. Осы Тұрпан-
ның аты бағзы замандардан жеткен көне атауды еске түсіреді. Ма-
нас жырында:
Бекіп қалған Бейжіңнің,
Бетін ашқан Ер Қосай,
Байланып қалған базардың,
Бағын ашқан Ер Қосай,
Тұрып қалған Тұрпанның,
Тұсын ашқан Ер Қосай! – деп келетін ескінің сөзін қырғыз
манасшысынан жүз елу жыл бұрын Шоқан Уәлиханов жазып алған.
Ежелден жеткен аңыз бойынша, Сатай батыр қайраты мол,
кеңпейіл, момын адам болыпты. Тіпті, дұшпан қалмаққа да қатал
болмаған көрінеді. Ұйықтап жатқан қалмақ батырының үстінен
түссе, ақырын оятып: «Иә, неғып жүрсің? Соғысты қояйық, қонақ
бол!» – дейді екен әдеппен. Анау жөн сөзге тоқтамай, соғысты
бастап кетсе, Сатай батыр ашуы келгенше бар күшін салмайды
281
екен. Әбден жынына тиіп, ашу қысқанда барып қайраты тасып,
айбыны асып, аянбай айқасып, жауын жайратып тастайды екен.
Біздің Әлия да ашуланғанда шаруаны жапырып жібереді ғой. Негі-
зі, менің балдыздарымның бәрі жұмысқа мығым, ерінуді білмейтін
ұқыпты жандар. Бірақ, Әлия бәрінен ерекше еңбекқор, әкесіне тар-
тқан, шаруа дегенде шаршауды білмейтін, бала-шаға қамы дегенде
ештемеге қарамайтын, өзін-өзі аямайтын, табаны жерге тимей ке-
тетін қызық адам. «Қой, денсаулығыңды ойла, деміңді ал!» деп,
қойғыза алмаймыз ғой! Атамыз жарықтық солай еді, таң алагөбе-
ден тұрып алып, шаруаға кірісіп кететін. Өзіне де тыным жоқ, өз-
гелерге де тыным бермейтін. Бірақ, малын бағып келген соң, кешкі
асын ішіп, ерте жатып қалушы еді. Бақсам, адал еңбектің батыры
Бақыш атамыз бірдеме білген екен! Осы күні ғұлама дәрігерлердің
айтуынша, адам ерте, кешкі сағат онда ұйықтап қалса, жақсы ты-
нығады! Әсіресе, түнгі сағат он мен екінің арасындағы ұйқының әр
сағаты басқа уақыттағы ұйқының екі сағатына татиды. Қысқасы,
табиғи заңдылық бойынша, күн батқанда адам да ұйқыға батып,
күн шыққанда бірге шығуы керек екен ғой! Бұрынғының адамдары
соның бәрін оқымай-ақ білген-ау!
Бақыш атамыздың әкесі Қастей бай болыпты. Аласапыран за-
манда, он алтыншы жылғы дүрбелең кезінде арғы бетке өтіп кет-
кен екен. Атамыз 1932 жылы Қытайда туып өскен. Ол жақта, жас
күнінде, атақты көкпаршы болыпты. Өмірдің қиындығын да көріп,
қайрат-жігермен бәрін жеңіп, тағдыр мен тарихтың жүгін арқалап,
бүкіл әулеттері, ағасы Нұрәділ, інілері Жұмағұл, Тұран бәрі 1962
жылы шекарадан өтіп, елге оралған.
Енеміз Асылхан Іліпбекқызы, 1940 жылы туған, қой аузынан
шөп алмайтын момын, мейірбанды кісі еді. Қолы берекелі, санды-
ғынан қоры үзілмейтін, шәйнегі үздіксіз қайнап тұратын. Жаз
бойы жайлауда, Сарыбелдің сайында үй тігіп, малды таудың бөк-
теріне жайып жіберіп, адал еңбекпен бала-шаға өсірген жандар
жұбын жазбай жарасып жүретін. Асылхан апа 1992 жылы, елу екі
жасында дүние салды.
Атамыз 1994 жылы Көкшетауға, біздің Кеңащыға келді. Кел-
генде де зорға келіпті. Қасында келіні Гүлсараның сіңлісі, менің
бажам Айдынның анасы Гүлбағиса бар, пойызбен шыққан ғой Ал-
матыдан. Алпыс екі жасында, өмірінде пойызға мінгені бірінші рет
екен. Күн ыстық, вагон қапырық, жүре келе жүрегі аузына тығы-
282
лып, басы айналып, әбден азап көреді. Жолда екі жерде жедел
жәрдем шақырып, әупірімдеп аман-есен жетеді.
– Дүниенің тозағы пойыз екен! – деп күрсінді үйге кеп, есін
жиып, өзіне-өзі келген соң. – Құдай-ай, әжептәуір Бақыш деген
атым бар еді, пойызда өліп қалыпты деген атқа қалдыра көрме деп
тіледім жаным қысылғанда!
Қалай өмір сүруін де, қалай өлуін де ойлаған қайран қазақтың
қариялары-ай!
– Әйтеуір, құдай сақтап аман жеттім. Енді қайтіп пойызға мі-
нерімді, қалай қайтарымды білмеймін! – деп, кәдімгідей уайымдап
отыр.
– Онда қайтарда сізді самолетпен жіберейін! – дедім.
– Апырай, ә? Оныңа мініп көріппін бе? Қиын болып жүрмесе...
– Ойбай, ата, уайымдамаңыз! Тіпті, кетіп қалсаңыз да, пойызда
өліп қапты дегеннен гөрі, көкте ұшып кетіпті деген аты жақсы ғой!
– дедім, әзілдеп. Атам күліп жіберіп, басын шайқап, ойланып ба-
рып, әрең келісті.
Сонымен, елде аунап-қунап, біздің туыстардың ауылдарында
қонақ болып, біраз демалып, жақсы болып қалды. Гүлбағиса ол
кезде ауылсоветтің хатшысы болатын, бір жұмадан соң ол Жар-
кентке жүріп кетті. Біз сол кезде Кеңащыда аудан, совхоз болып
салып берген жаңа, зәулім үйімізге кірдік. Менің қырық жасқа
толғанымды тойладық. Әкем мен атам жаңа үйдің қорасында әңгі-
мелесіп, оны-мұныларды шұқылап, бірдеме істеп жүреді. Екі қа-
рияның қатар жүргені бір жарасымды сурет! Өтіп бара жатқан
өмір-ай, сол кезде әкем Тақан жетпіс үш жаста, ал қайынатам Ба-
қыш алпыс екі жаста екен. Міне, қазір, осы сөздерді жазып отыр-
ғанда, мен де алпыс екідемін!
Машинамен ауыл аралап жүргенде, біздің жердің тамаша таби-
ғатына, жаз ортасындағы жап-жасыл, қалың шөбіне қызыға қарап
отырған атам бір кезде:
– Паһ! Не деген әдемі жер! Шөбі қандай жап-жасыл! Нағыз
қой бағатын жер екен! Менің қойларымды бір-екі ай жайып алса
ғой, шіркін! – деді. Ол кісінің шынайы сөзіне, шаруа көзіне риза
болып, әбден күлдік...
Ауылына қайтарда Талғат жездем де Алматыға баратын бо-
лып, екеуін бірге ұшырып жібердік... .
283
Аумалы-төкпелі, аласапыран тарихи оқиғаларды бастан кешір-
ген адал еңбектің батырын жасы ұлғайғанда құйын заман тағы да
қинады. Өмір бойы мал бағып, жиып-теріп кассаға сақтап қойған
қырық мың сом ақшасы нарық заманында түгел құнсызданып, күй-
іп кете барды! Ондай ақшаға ол кезде Алматыдан бірнеше үй алуға
болатын! Ал, амалың бар ма заманға, әйтеуір, «балалар аман бол-
сын!» деп, бұны да жеңіп шықты ақсақал. 2000 жылы, 68 жасында
өтті өмірден...
Балалары мен немерелері ата жолын жалғастырып келе жатыр...
Біз туып-өскен Көкшетаудың Степняк қаласын жергілікті ха-
лық бірнеше шағын аудандарға ауызша бөліп-ақ тастаған. Біздің
Бұлақбасынан басқа Қазауыл, Шаңқай, Жармау, Капай, Жөкеаяқ,
Кірпіш заводы, Октябрь, Абай, Первомайка деп ат қойылып, айдар
тағылған бір қаланың ішіндегі ауылдардың өз мінезі, өз келбеті
болатын. Бұлақ басының балалары қыр астындағы Первомайка
мектебіне барып оқыдық. Абай ауылы да өз іргесіндегі осы мек-
тепке келіп оқыды. Менің немере ағам Жарылғасын Әбішевпен
бірге Балтабек Айнабаев, Марат Кәкімов, Сағидолла Әшімов сияқ-
ты сайдың тасындай бір әдемі балалар мен қыздар жарасып жүре-
тін. Бізден бір-ақ класс жоғары оқыса да әжептәіур сақа көрінетін.
Осы балалардың ішінде Сағидолла бір төбе – оқуға да алғыр,
спортқа да бейім еді. Мектептің түбінде, аумағы ат шаптырым жер-
дей элеватор күні-түні дүрілдеп жұмыс істеп тұратын. Әсіресе, күз-
дігүні, орақ кезінде қауырт, қарбалас бір тынбайтын, сондағы гүріл-
деген, гуілдеген дауыс қайнаған еңбек ырғағындай, өмір әуеніндей
сезілетін. Сағидолланың анасы Мәпруза апай сол тіршіліктің бел
ортасында жүрген бас қаһармандарының бірі еді. Ұзын байлы, тұл-
ғалы, сымбатты, екі бетінен қаны тамған шырайлы тәтеміз көк ком-
бинезон киіп, білегін сыбанып, белін буынып еңбек майданына
шаққанда менің бала көзіме баяғының алып батырларының серігі
секілді көрінетін. Тіпті, кейде мен ол кісіні көк аспанның шексіз
биігіне шырқап бара жатқан алып лайнердің штурманына да, көк
мұхиттың көз жеткісіз айдынында алысқа жүзіп бара жатқан кеме-
нің боцманына да ұқсатушы едім. Ол кісінің жары Әсен ағамыз өмір
284
бойы шахтада істеген. Бұл үй өнегелі, өркенді үй болды. Әсен аға-
мыз алпыс жасқа толғанда Сағидолла мен жары Бикен бізді әдей-
ілеп шақырып, туған-туыстарымен бірге тойлап едік. Арнау өлеңді
көп жазбайтын, негізі тойларда домбырамен айтатын мен сол жо-
лы ағамызға арнап мынадай өлең жаздым.
Көтерген көптің жүгін шағын боймен,
Қайсарлық, ізгі ниет, тәуір оймен.
Елге сыйлы әсем жан – Әсен аға,
Алпысқа келдің бүгін абыроймен!
Өмірдің көп іздедің кеніштерін,
Тағдырдың көрдің өр мен еңістерін.
Отбасың – саясы мол мәуелі бақ,
Осы ғой жеткен мұрат, жеңістерің!
Мәпруза – абзал ана, асыл жарың,
Ұсынған дүйім жұртқа ғасыр нанын.
Өлеңі – еңбек, еңбегі өлең болған,
Жасай бер, қол ұстасып асылдарым!
Ел сүйсініп, дұшпаның қызғанатын,
Ардақты Сағидолла азаматың.
Ақайнар, ақ көңілін аспанға атып,
Досына түсіп берген қазанатын!
Осындай қадірлі бол санаттағы,
Сәбира, Гүлнәр, Болат, Жанат – бәрің.
Түлеген бір ұядан балапандар,
Талмасын қияларда қанаттарың!
Өшпесін ата-ананың өнегесі,
Белгілі өшіргеннің ел емесі.
Орны толмас Қайдардың қайғысына,
Ем болсын өсіп, өнген немересі.
Әсеке, шал болуға Сізге ертерек,
Балалар тал болғанда, Сіз – бәйтерек,
Жетпіс, сексен, тоқсанды тойлағанда,
Жүрейік ортасында біз де еркелеп!
285
Ұрпағың оңды-солып алды танып,
Соларға ал, жігеріңді жанып-жанып.
Тілейді зор денсаулық, бақытты өмір
Ініңіз Баянғали Әлімжанов.
Достарыңызбен бөлісу: |