Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет55/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

2 ақпан, 2015 ж
.
Ермахан – менің жақсы көретін қаламгер інілерімнің бірі. 
Оның жаңалық, жақсылық десе, елең ете қалып, жалпақ жұртқа 
жариялап, жар салып жүретінін көріп жүрміз. Қазақ баспасөзіне 
қосқан батпан-батпан үлесі бір төбе, байсалды, имандылық жо-
лында жүрген жанның әзіл-қалжың жатақханасының балконында 
жантайып жатып алып, шуақты күлкіден шашу шашуы қандай жа-
расымды! Ал «Аққудың сыңары» кітабын оқып, азаматтығына, 
қаламгерлік қарымына риза болған едім. Ол кітап қос аққудай жа-
расқан жарларынан айырылған аяулы әйелдердің жан сырын шер-
тіп, әсерлі жеткізе білуімен құнды.
Бұрындары шыққан әзіл, сықақ шығармаларын тілеулестікпен 
оқып, ойша жақсы бағалап жүрген сатирик жазушы Ермахан Шай-
хыұлының мына бір қызық дүниелерін – «Әріп әлемін» оқып шы-
ғып, ойға қалдым. Шынында да, Ермахан тауып кеткен екен. Әріп-
терді ойната отырып, әзілдің көрігін қыздырып, қазанын қайната 
түскен. Және бұл тек дыбыс қуалап, әріптерге елтіп кеткендік 
емес, мұнда біраз нәрсе бар. Әуелі, нағыз әдебиетке тән мәдениет-


190
ті, әдемі, астарлы әзіл бар. Дыбыс үндестігі, сөз әуені бар. Және 
бір ерекшелігі – жазушы әр әңгімесін бір ғана әріптен басталатын 
сөздерді тізе отырып, белгілі бір ойға бағыттап, жүйелеп жазып 
шыққанда, туған қазақ тіліміздің тұнып жатқан байлығынан тағы 
да бір сусындағандай болдық. Көпшілік қауым біле бермейтін, біл-
се де есінен шығарып алған қаншама ескі сөздер, жергілікті диа-
лект сөздер қайтадан ойнап, жаңғырып, жарқырап шыға келген! 
Бұл –осы әңгімелердің басты табысы. Жарайсың, Ермахан, ерле-
дің! Қаламыңды еркін сілтеп, қанатыңды жая беруіңе қашанда ті-
лектеспін! 
Нұрғожа аға туралы ойлағанда, менің көз алдыма, неге екені 
белгісіз, сонау жетпісінші жылдары, Тың өлкесінің орталығы Це-
линоградта, қақаған аязда тас көшені бойлап, аяңдап келе жатқан 
қазақ ақынының аласапыран ойлар кешкен күйі орала береді...
Иә, сол кезеңде ата дініміз бен ана тілімізге төнген қара бұлт-
тай қаһарлы қауіп «қазағым – халқым» деген әр азаматтың қабыр-
ғасын қайыстырып-ақ жібермеп пе еді?!. Сол уақытта жергілікті 
жерлердегі, облыс орталықтарындағы саналы да санаулы азамат-
тардың қазақтың тілі мен тарихы үшін жасаған қарапайым, адал 
әрі айрықша еңбектері үлкен ерлікке пара-пар деп бағалауымыз 
керек. Өйткені, олар рухани майданның алғы шебінде жүрді, саяси 
шешімдер жүзеге асатын тіршілік қазанында қалың бұқара халық-
пен бірге қайнап, ащы-тұщыны бірге көрді. Сөйтіп жүріп, айла-
амалын тауып, ақыл, рух қуатын жұмсап, күресіп-ақ бақты. Нұр-
ғожа ағамыздың солтүстіктегі қазақ жырының дәстүрін сақтап, 
жалғастырған еңбегін де біз осы тұрғыдан танып білсек құба-құп. 
Жазушы ағамыз Алдан Смайыловтың айтуынша, Целиноградта 
көптеген қазаққа қатысты іс-шараларға, соның ішінде, тұңғыш қа-
зақ театрын – Қалибек Қуанышбаев атындағы театрды ашуға да 
Нұрғожа Оразов белсене ат салысқан екен.
Ана тіл, ата тарих үшін бүкіл қажыр-қайратын сарп еткен қа-
ламгердің поэзия, проза, деректі проза, зерттеу еңбектері енді ру-
хани қазынаға айналды, ол әрдайым іздеген жанды сусындата бер-
мек. Әз Тәуке ханның тұсында қол бастаған батыр бабасы Мама 


191
батыр жайлы дастаны, халқымыздың қасіретті тарихының бір ке-
зеңін арқау еткен «Қаракүйік» романы үңіле оқыған кісіге бірталай 
сыр ашатын құнды дүниелер. Ақындығы мен жазушылығына, қай-
раткерлігі мен жорналшылығына қоса Нұрғожа ағамыз үлкен ше-
жіреші, солтүстік өңірі тарихының білгірі еді. Кеудесі тола қазына, 
зерттеулері тола тың дерек, көрген-түйгені мол ақсақал ағамыз 
қазақтың айтулы тұлғаларының қай-қайсысы туралы да сағаттап 
әңгімелеуден жалықпайтын.
Целиноградтың үскірін аязы мен арқыраған боранында шы-
ныққан, шыңдалған ақсақал ақын Алаш астанасы Алматыдан Ар-
қаға қоныс аударғанда, алғашқылардың бірі болып, қуана құптап, 
құшақ жая, аңқылдап қарсы алғанын жаңа астаналықтар аңыз қы-
лып айтады. Қайта түлеп, екінші тынысы ашылып, қанаттас қазақ 
қайраткерлерімен қол ұстасып, Астананы қазақыландыруға да 
құлшына кірісіп кеткен Нұрғожа Оразовтың бұл еңбегі де айрық-
ша атап өтуге лайық.
Нұрағаң ашқан «Сарыарқа», кейіннен «Жаңа Сарыарқа» жур-
налының айналымы кеңейіп, әдеби кеңістікте елеулі орын алды.
Қайран Нұрағаң, бауырмал, ақкөңіл, мейірбан еді. Қаламдас 
іні-қарындастарынан жан шуағын аямай, аялап, ардақтай білді. 
Үлкен абырой-беделге ие болды. Аяулы жеңгеміз, қазақы үлгі-
өнегені өмірлік мұратындай биік ұстаған Айман тәтеміз екеуі қос 
аққудай жарасып жүретін. Ардақты ұлы Нұрай ата жолын жалғас-
тырып, үлкен азамат атанды.
Жан-жағын нұрландырып жүретін Алаштың абызы Нұрағамыз 
енді аңызға айналып кете барды. Жаныңыз жәннатта болсын, жақ-
сы аға! Құдай тағала балаларыңызға, немерелеріңізге ұзақ ғұмыр, 
бақыт, береке берсін! 
Аяулы замандасымыз Серік Шөкелекұлы Есполовтың өмірден 
озғанына да жыл толып қалыпты. Біз Кеңащыда тұрғанда, Серік 
мектепте директор еді. Жаңадан қазақ тіліне көшірілген мектептің 
қазақ тіліне, қазақылыққа көшуі оңай болған жоқ. Сол күрделі өз-
герістің қайнаған ортасында жүрген кеңестік заманның перзенті 
Серік мұғалімдер қауымымен бірлесе отырып, ана тілімізді орнық-


192
тыруға, жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп, ұядан қияға ұшыруға 
үлкен еңбек сіңірді.
Бір қызығы, оның зайыбының да есімі Серік болатын, жұрт 
көбінесе Света дейтін. Оның ата-анасы Шахман мен Қадес апамыз 
ырымдап қойған ғой. Серік десе дегендей, қос Серік жұбын жазбай 
өмірлік серік болды, қосағымен қоса ағарды, өркендері өсті. Мен 
оларға: «Қайсың басшы, қайсың серіксің?!» – деп әзілдеуші едім. 
Жымиып күліп қоятын.
Кейіннен Секең Кеңащы ауылдық кеңесінің төрағасы болды. 
Жұртқа жайлы, көпшіл азамат еді. Совхоз директоры Қалиасқар 
Әйткенов, ауылдың ардақты ақсақалы Мамау Әубәкіров бастаған 
ардагерлермен тізе қосып, ауылды сақтап қалуға күш-қайратын 
жұмсап бақты.
Өмір жолы оны әр қияға салды. Айтыс, тартысты да бастан 
кешті. Соның бәрінде де ол адамшылық қасиеттерін биік ұстап, 
табандылығын, қайрат-жігерін танытты. Кейінгі жылдары аудан-
дық мәслихаттың төрағасы болып жүргенде де еліме болсын, елдің 
азаматтарына болсын деген ниетінен жаңылмай, қолынан келге-
нінше қажырлы еңбек етті.
Серік адамдармен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол үнемі 
көпшіліктің ортасында жүретін. Ел-жұртын сыйлады, ел-
жұртының құрметіне бөленді.
Біздің жадымызда ол осындай жарқын бейнесімен қалды. Ал, 
ауданымыздың тарихында атқарған еңбегін, ардақты есімін есте 
қалдыруды ел болып ойластырып, қолға алуымыз керек.
Сонау алпысыншы жылдары, ауылда, бала күнімізде «Ленин-
шіл жас» газетін асыға күтуші едік. Әй, бір түгін қоймай оқитын-
быз таласа-тармаса! 
Әдебиет, мәдениет, спорт тақырыбындағы дүниелерге бір дү-
рілдеп қалатынбыз. Ғалам ғажайыптарына аузымыздың суы құри-
тын. «Күмбір-күмбір күмбездер» айдарымен шыққан материалдар, 
әсіресе Ақаңның – Ақселеу Сейдімбековтың мақалалары кеудеміз-
ді күмбірлетіп жіберетін. Ойлап отырсақ, сол кездің өзінде «Ле-


193
ниншіл жас» қазақ жастарына білім мен елдік рухтың сәулесін 
шашқан екен ғой! 
Студенттік шақта да ол біздің серігіміз болды. Ол кезде «Ле-
ниншіл жаста» өлең, әңгімелері, мақалалары шыққан адам – ерек-
ше құрметке ие болып, көптің аузына ілініп, санатқа кіретін. Бе-
сінші курсты бітіретін жылы менің де қазақ әдебиетіндегі детек-
тивтік шығармалар туралы бір әдеби сын мақалам – «Детектив ди-
дары» деген атпен көл-көсір болып шыға келді! Оны жариялаған 
ұстазым, редактордың орынбасары Сағат Әшімбаев ағамыз! Ал-
шайып атқа мінгендей болып қалдым! Сол жылы оқу бітіргесін, 
Сағат Әшімбаев мені «Лениншіл жасқа» қызметке алды. Бала кү-
німнен аңыздай көрген аяулы газетімнің дыраудай тілшісі болу 
дегенің өмірімдегі керемет оқиғалардың бірі! Келген бетте Қасым 
Аманжоловтың «Өзім туралысы» мен Мұқағали Мақатаевтың 
«Реквиемін» сабақтастыра қараған көлемді мақалам жарияланғаны 
да айрықша есімде.
Ол кездегі «Лениншіл жас» қайнап жататын! Жан-жақтан қа-
лыптасқан қаламгерлер мен жас талапкерлер қаптап келіп тұра-
тын. Мен Ырым Кененбаев, Жақау Дәуренбеков басқаратын бө-
лімдерде қызмет істедім. Бірталай іссапарларға шығып, ел, жер 
көрдім. Жұрт газет оқитын, жария сөзді қадірлейтін, құлақ асатын 
заманда халық арасында «Лениншіл жастың» беделі өте зор екені-
не көзім жетті. Таралымы үш жүз мыңға жуықтаған жалынды ба-
сылым исі қазақ жастарының ұйтқысы, ой қозғаушысы болып еді. 
Ол дәуірдің жастары «Лениншіл жасты» оқып, «Лениншіл жас-
пен» сырласатын, ой бөлісетін, жанайқайын жеткізетін. Оқырман 
хаттары тура бір тасқын судай ағылып, жауап беруге үлгере алмай, 
кейде арнайы уақыт бөліп, апталап хаттарға жауап жазумен айна-
лысатынбыз.
Редактор Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз бізге үлкен ақсақалдай 
көрінуші еді, сөйтсек, елуге де келмеген кезі екен ғой. Қызметкер-
лермен стол теннисін ойнайтын, әсіресе, оның мықты қарсыласта-
ры Несіп Жүнісбаев, Ерғали Сағатов болатын. Фойеде теннис сто-
лы ұдайы тұратын, барлық газет-журнал редакцияларының қыз-
меткерлері ауық-ауық шар соғып, қан таратып, шер тарқатып кете-
тін.
Тағы бір қызық оқиға – 1978 жылы шахматтан редакция бірін-
шілігі өткізілді. Ұйымдастырушысы әрі бас төрешісі, әрі белсенді 


194
қатысушысы – спорт бөлімінің меңгерушісі Несіп Жүнісбаев. Жұ-
мыстан кейін, түскі үзілісте ақ тер, көк тер боп ал соғайық шах-
матты! Газет тарландары Серік Әбдірайымов, Аян Нысаналин, 
Орысбай Әбділдаев, Әшірбек Көпішев, Жарылқап Бейсенбаев, 
Жақыпжан Нұрғожаев, Қайырбек Асанов, Шәкизада Құттаяқов 
сынды ағаларымыз бастаған біраз мықты шахматшылар бар. Бізге 
үлкен көрініп, «шал» атанып жүрген о кісілер сонда қырықтың о 
жақ бұ жағында ғана екен-ау! Қызық болғанда, қортынды есепте 
бірінші орынға ең жас қызметкер мен шыға келейін! Ал Несіп бі-
рінші рет шахмат жарысына арнап бір үлкен, әдемі металл кубок 
дайындаған екен. «Осыдан бастап, жыл сайын чемпион атанған 
кісінің аты осы кубокқа жазылады да, редакцияда сақтаулы тұра-
ды!» – деп хабарлады. Сөйтіп, «Лениншіл жас» газетінің шахмат-
тан 1978 жылғы чемпионы Баянғали Әлімжанов!» деп, граверге 
ойдырып, жаздырды да қойды! Бұл менің шахматтан қол жеткізген 
ең биік шыңым! Әбден рахат болды – анда-мында барғанда шах-
матқұмарлардың, тіпті, кәсіби шеберлердің де, ортасында, әрқайсы 
шахматтағы өз жетістіктерін айтып жатқанда, яғни, бірі ауданның, 
бірі облыстың, бірі түрлі мекемелердің жеңімпазы болғанын айтып 
күпілдегенде: «Мен «Лениншіл жастың» чемпионымын!» – деп 
шыға келемін! Сонда барлығы дуылдап, ерекше қолпаштап кетеді 
– «Лениншіл жасты» құрметтегендіктен, әрине! Әсіресе, Жазушы-
лар одағында мықты шахматшы Қажығали Мұқамбетқалиев аға-
мызбен түн ортасына дейін қырқысып ойнағанда, осылай айбар 
көрсетіп қоюшы едім! Оған да, міне, қырық жылдай болып қалып-
ты! Алаштың ардақты газетінде қызмет істеп, шығармашылық із-
деністердің жолынан өтіп, қаламдастармен ой да кешкен, ойнап та 
күлген тамаша кездерді қашанда сағынышпен еске аламын!Тоқсан 
бес жылдық торқалы той, еліміздің көсем сөзбен бедерленген ру-
хани тарихының тойы құтты болсын! Қазақ халқымен бірге жасай 
бер, «Лениншіл жас – Жас Алаш»! 


195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет