«Арқа ажары»,
4 тамыз, 2007 жыл.
182
Мен үшін Көкшетау театрының орны бөлек. Оның ең алғашқы
қадамдары, ұйымшыл, бауырмал жас дарындардың ел ықыласына
бөленген жұлдызды сәттері әлі күнге көңілге ыстық. Шіркін, несін
айтасың, жасындай жарқылдап, тау суындай сарқыраған албырт,
арынды өнерпаздар Көкше халқын баурап алып, өнер шуағын, жан
нұрын молынан төгіп еді ғой! Ал, осы театрдың негізін салушы-
лардың алдыңғы қатарында ерлі-зайыпты Қайрат пен Жанар қол
ұстасып, жарқырап келе жатыр. Міне, кешегі жап-жас Қайрат бү-
гінде ел ағасы жасқа келіп, құрдасы Құмарбек Қалқатаев екеуі
театрдың заңды ақсақалына айналды.
Актер Қайрат Мырзаболатовтың еңбегі үлкен, белесі биік. Ол
сомдаған рөлдер дараланып тұрады. Тақырбас, ақсақ Қарабай не-
месе азып кетіп, адамдыққа қайта оралған Таған, жер-көкке сый-
май, ақыры айдалаға безіп кеткен король Лир және басқа да ірі-ірі
образдарды өзіне ғана тән өрнекпен, ерекше шабыттанып, жан бі-
тіре ойнағаны есімізде. Бір спектакльде бір-біріне ұқсамайтын үш
бірдей соқталы тұлғаны бірінен кейін бірін («Абылайханда» –
Ораз, Бұқар жырау, Қалдан-Серен) сомдағанда, «жарайсың!» дес-
тік. Мұндай жағдай театр өнері тарихында бола қалса да, сирек-ау!
Құлашы кең, келбеті айқын, мүмкіндігі мол, кез-келген күрделі
деген образдарды сомдауға күш-қуаты еркін жететін, тек Ақмола
театрының ғана емес, бүгінгі қазақ сахна өнері жұлдыздарының
бірі деген жоғары бағаға лайықты Қайрат өмір- өнер жолында
қиындықты да аз көрген жоқ. Қайсарлығымен, рухани қайратымен
бәрін де жеңе білді. Ең бастысы, өнерін ештемеге айырбастаған
жоқ! Бүгінде оған сол өнері үшін үлкен құрметпен алғыс айтамыз!
Қайрат менің «Ән мен анаша», «Айхан» фильмдеріме түсті.
«Құдалықта» Стақан құданың, «Қожанасырда» Ханның рөлдерін
келістірді. «Қайран кемпір-шалдар-айда» (Спектакль «Отыз тістен
шыққан сөз» деп аталады). Атаның, зайыбы Жанар Құсайынова
Апаның рөлін ойнады. Бұл ата мен апа кешегі кәмпеске, ашаршы-
лық, репрессия, соғыс, тың игеру, тоқырау – бәрін көрген, тұтас
бір дәуірдің куәгерлері, елдің келешегін ойлаған, жас ұрпаққа ұлт-
тық, имандылық, адамгершілік үлгі-өнеге берген, қазірде басым
көпшілігі өмірден озған көненің көзі, қазыналы, мейірбан, қайта-
183
ланбас тұлғалар еді. Оларды көріп отырған көрермендер ерлі-
зайыпты дарындардың шынайы, табиғи ойынына соншалықты бе-
ріліп, аяулы жандармен сағынысып, қайта табысқандай күй кешіп,
қимастықпен көздеріне жас алады. Мен бүгін Қайратты елу жыл-
дық мерейтойымен құттықтай отырып, жан-жарың Жанар екеуің
жұбың жазылмай, өнер көгінде бірге өрлеп, сол аталар мен апалар
сияқты абыройлы, ұзақ, бақытты ғұмыр кешіп, немере-
шөберелердің қызығын көруге нәсіп етсін дегім келеді!
Дәстүрлі қазақ ауылынан шыққан, тереңдегі түп-тамырдан нәр
алып өскен Құдайберлі Мырзабеков – айтыс өнерінде домбырасы
күмбірлеп, ашық үнімен саңқылдаған, поэзияда қайталанбас қол-
таңбасын қалыптастырған дарынды тұлға. Жалындап жүрген жас
күнінде Көкшеде «Темірқазық» атты жастар ұйымын құрып, ұлт
шаруасына қызу араласып, батыл бастамалар көтергені де көңілі-
мізде сайрап тұр. Бодандықта отырған 1991 жылдың қытымыр
қаңтарында, партия-советтің іргесі сөгілмей сіресіп тұрған кездің
өзінде Абылай ханның 280 жылдығын ақындар айтысымен бастап
кеткен жас перілердің сең бұзардай арынын Абылайын сағынған
алаш жұрты қызу қолдап, қиқулап көтеріп әкеткенде, ақ үйдегі
ағаларымыз басып тастаудың ретін таба алмай, амалсыздан қолда-
ған еді. Үш күн бойы Көкшетау аспанында Абылайлаған жыр,
ұран қалықтап, елдің рухы әуелей шарықтап еді ғой, шіркін! Сонда
көтеріп шыққан ақ туың биікте желбірей берсін, Құдаш!
Қойлыбаймен жолымыз айтыс өнерінде тоғысты. Талай дүбірлі
дода, аламандарда ақ тер, көк тер болып бірге жүрдік. Кейде поез-
бен бірге барып, бірге келеміз. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы емін-
еркін шарлап жүріп, алуан-алуан ой кешкен, қиял қанатына мінген
әдемі бір кездер екен-ау! Сол сапарларда ағалы-інілі боп сырласа-
мыз, сан тарау әңгімелерді арғы-бергіден қозғап, кеңес құрамыз.
Сонда Қойлыбайдың ойлы, өрелі өрендердің бірі екенін байқап,
184
іштей риза болып қалушы едім. Келе-келе ол өзі ыстығына күйіп,
суығына тоңып көрген айтыс өнерін талдай зерттеп, дөкей доктор
болып шыға келгенде, алғашқылардың бірі болып ағалық ықылас-
пен арқасынан қақтым!
Қойлыбай Асановтың туған жері Жаңарқаны сонау сексенінші
жылдары аралап, нар тұлғалы марғасқа азаматтарымен, әсіресе
әнші, балуандарымен төс қағыстырып табысқан едім. Мұндай құт-
береке дарыған, ұл-қыздары өңкей өнерпаз, дарынды, шетінен па-
луан, зерделі болып шығатын ерекше өңірді мен өте жақсы көріп
кеттім. Осы заманның Балуан Шолағы Өзаман Исатаев туралы де-
ректі фильм түсіруге де мұрындық болдым. Қойлыбайды алғаш
көргенде-ақ жаңарқалық екенін білген соң бауырыма тартып жүре
бердім. Өйткені, мен үшін жаңарқалық болу деген сөз – жақсы бо-
лу деген сөзбен бірдей! Бейне, Жаңарқада жаман адам жоқ сияқты!
Және де жаңарқалықтардай кілең даңқы жер жарған дарабоздар-
дың шоғырында жақсылардың санатына кіру, кіріп қана қоймай,
жұлдыздай жарқырау тіпті қиын! Ол үшін өзіндік бірдемең болу
керек! Міне, біздің Қойлыбайда осы бірдеменің барын сонау жас
күнінде-ақ сезіп едім, ол үмітімізді ақтады! Бүгінде Қарағанды
өңірінің ғана емес, қазақтың айтулы ақын, ғалым, ұстаз азаматы
болып елудің белесіне еркін шығып, еліне есеп беріп отырған ерен
ініміздің бақ-берекесі баянды болғай!
Қойлыбай екеуміз бірнеше рет айтыстық. Мен сонда оның ай-
тыс мәдениетін түсірмейтін, сөз қадірін білетін, туған елдің мұң-
мұқтажын жалындап жырлайтын ірі ақын екендігін байқадым. Бір
қызық жағдайды атап айту керек. 2001 жылы наурызда Қараған-
дыда Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған республикалық
ақындар айтысы өтті. Жеребе бойынша, Қойлыбай екеуміз шыға-
тын болдық. Дәл айтыстың алдында мен сырқаттанып қалдым –
стоматит. Аузым ойылып, тілім уылып кеткен, сөйлесем ауырады.
Амал жоқ, сахнаға шығу керек. Және сыйлас ініңмен не қиратып
айтыса қоясың! Ойланып, толғанып, сахна сыртында әрі аурумен,
әрі жырмен арпалысып буырқанып жүргенімде, Қойлыбай келе
қалды. «Байеке, ауырсаңыз да айтысты бірдеме ғып алып шығасыз
ғой, сізге сенеміз. Бірақ, қазір залда облыс әкімі Камалтин Мұха-
меджанов отырады. Сол кісінің көзінше айтатын бір әңгіме бар!
Жайық Бектұров ағамызға Қарағанды қаласында бір көше беру
мәселесін азаматтар көптен бері көтеріп келе жатыр! Бірақ, әлі нә-
185
тиже шығар емес! Біз айтсақ, өзіміз ғой деп, елемей қалдыра сала-
ды. Сіз осыны ретін келтіріп, әкімнің тікелей өзіне, халықтың кө-
зінше сахнадан шегелеп тұрып айтып кетіңізші!» – деп қарап тұр!
Ал керек болса! Мен Қойлыбайды бұрынғыдан да жақсы көріп
кеттім! Елдің сөзін сөйлеп, елдің мүддесін көздеп тұр ғой азамат!
Сонымен, айтыстың үстінде:
Алаштың бір ардағы Жайық еді,
Құрметке қандай үлкен лайық еді,
Тірідей темір үйде өртегенде,
Жаланы мойындамай қалып еді.
Түгендеп әдебиет пен тарихыңды,
Қанатын бар қазаққа жайып еді,
Сол Жайыққа бір көше бере алмаса,
Камалтин ағамызға айып енді! – деп айтып жібердім. Қара-
ғандылық қаламгер қауым алымды ғой, осы сөзді ойып алып тұ-
рып газетке басып жіберіпті. Көп ұзамай жастар кітапханасына
Жайық Бектұров ағамыздың есімі берілді! Әрине, бұл мәселе мен
айтқан соң шешілді деген сөз емес, ол ел азаматтарының тізе қос-
қан үлкен жұмысының нәтижесі екені белгілі. Ал, ақын Қойлыбай
інім екеуміз елдік іске қарлығаштың қанатындай су сепкенімізге
де ризамыз! Айналайын Қойлыбай інім, қашанда еліңнің алғысына
бөленіп, өз биігіңе өрлей бер, өркендей бер!
Тоқтар екеуміз Алматыда, университеттің соңғы курстарында
оқып жүргенде кездесіп, танысып едік. Ол журналистика, мен фи-
лология факультетіндеміз. Сол жылдардан бері әрі замандас, әрі
көкшетаулық, жерлес деп, жақын тартып, сыйласып жүрдік. Оқу
бітірген соң, ол қызметке Көкшетауға кетті де, мен Алматыда қал-
дым. Міне, осы кездерде елге келген сайын алдымыздан Тоқтар
жарқырап күліп қарсы алатын немесе шығарып салатын. Кейіннен,
1987 жылы, тағдырдың жазуымен, анам қатты ауырғасын, Әлия
екеуміз ата-анама қараймыз деп елге, Еңбекшілдер ауданының Ке-
ңащы ауылына көшіп келгенде, Тоқтармен тіпті жақындасып, ара-
лас-құралас болып кеттік. Тоқтардың зайыбы Роза нағыз қазақы
қалыптағы, түсінігі мол, кеңпейіл, өрелі жан әрі қаламгер екен.
186
Ақын Қорғанбек Аманжолов пен зайыбы Рахила барлығы дос-жар,
сыйлас. Бәріміз бір туғандай болып жарасып, жұбымызды жазбай
жүретін болдық. Қайнаған қызығы, ыстық думаны мол сол бір
күндер өмірдің қайталанбас сәттері болып көкейде сайрап тұр!
Алматының шырайлы, шуақты әдеби ортасының менің көңілімдегі
ойсырап қалған орнын осындай азаматтар толтырып кетіп еді-ау
сонда!
Тоқтар ақжарқын еді, ешкімге жамандық ойламайтын, ғайбат
сөйлемейтін. Адамдармен тез тіл табысып, шүйіркелесіп, табысып
кететін. Ренжіп, күйіп-пісіп, күйреп түсу дегенді білмейтін, кешегі
«шатақтарға» шырт түкіріп қойып, шаруасын дөңгелете беретін.
Жұмыста алғыр, шапшаң болатын. Орысша-қазақша бірдей сілтей-
тін еді. Газет ісіне алғырлық, орысша айтқанда оперативтілік керек
десек, біздің Тоқаң нағыз «опердің» өзі! Оның алдында ашылмай-
тын есік, шашылмайтын есеп жоқ: партия-совет заманының иерар-
хиялық қиыр-шиыр баспалдақтарының иірімдерін жете меңгергені
соншалықты – сол кездегі көп жиындарға дөкейлермен бірге көк-
тен түсіп кеп тұрғанын көргенде, газет басшыларының өзі аузын
ашып, қайран қалатын. Қандай да бір суыт ақпараттарды қатпар-
қатпар көмбелерден суырып алуға шебер Тоқтар бөгесін-бөгетті
бұзып-жарып немесе айналып өтіп, тоқтамай алға тарта беретін.
Сонау сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы Көкше өңірінің атқа
мінген партия-совет-шаруашылық басшыларының ішінде Тоқтар-
мен тоқайласпағаны, төс қағыстырмағаны жоқ шығар-ау! Оның
сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан тақырыбын өзек еткен жедел
дүниелері облыстық, аудандық, республикалық баспасөзде орыс-
қазақ тілдерінде бұрқырап шығып жататын.
Тоқсаныншы жылдары Алматыда Дүниежүзі қазақтарының
құрылтайы болды. Көкшетаудан үлкен топ болып аттандық. «Ай-
сары» совхозының директоры Тоқтабай Қозғанов марқұм бірнеше
мұздатқыш-машинаға жылқының етін лық толтыра артып апарды.
ВДНХ-да киіз үйлерді тігіп, той-думанды дүрілдеттік. Алыстан
келген ағайындармен жүздесіп бір жасап қалдық. Халифа Алтай
атамызға сәлем беріп, әңгімесін тыңдадық. Облыс делегациясы
әбден іріктеліп, сұрыпталған өңшең ығай-сығай. Оған Тоқтарды,
облыстық газеттің тілшісін, әрине, кіргізбеген. Бір кезде Түркия-
дан келген түрік туысқандарды Чапай Әбутәліпов бастаған облыс
басшылары ақ боз үйдің алдында құшақтап қарсы алып жатқан.
187
Құрметті қонақтармен бірге... Тоқтар да жүр мұрны қоңқиып!
Әуелде оны да түрік екен деп жайыла қалған бастықтар, Тоқтар
екенін білген соң, қайтсін, амалсыздан құшақтап қарсы алды! Әне,
біздің Тоқаң, кеңестік «кереметтер» дәуірінің төл перзенті Тоқтар
Баймағамбетов кедергісі көп ақ боз үйге түріктермен бірге еркін
енген сөйтіп!
Енді бірде «Невада-Семей» қозғалысы аясында Павлодарда
Халықаралық акция өтіп, үлкен ақындар айтысы болды. АҚШ-тан,
Шығыс пен Батыстан біраз делегациялар келді. Ішінде... біздің То-
қаң жүр тағы! Жай жүрген жоқ, қозғалыстың белсенді мүшесі бо-
лып, полигонды жабысып, бізбен бірге тас оба үйісіп, жалғанға
жар салып жазып жүр! «Әй, Тоқа, қоңқиған мұрның мына үндістің
көсемінен аумайды ғой!» деп қалжыңдаймын оған, «Невада-
Семейдің» қазақ пен үндіс бейнеленген эмблемасын көрсетіп. Әзі-
ліме мәз болады, осындай үлкен істің ішінде жүргеніне разы! Мен
де разы болушы едім...
Ол – Қарауыл Қанай бидің ұрпағы. Атасы Баймағамбет дала
дәстүрін серт ұстаған, асылдардың сынығы, тамырлы бәйтерек бо-
латын. Өңкей «овкалардың» ортасындағы алақандай Жамантұз
ауылынан шыққан Тоқтар сол тамырдан нәр алған, жастайынан
қысым көрген ана тілінің қадір-қасиетін жан-тәнімен түйсінген,
тағдырына алаңдаған, сары аяздың қысымында шынығып, шың-
далған шымыр рухты азаматтардың сойынан еді...
Тоқтар Кеңащыдағы біздің үйге жиі келіп тұрды. Әрі, Көксең-
гір даласына өтіп бара жатып бір соғып, Көкшетауға кетіп бара
жатып бір соғып, арқа-жарқа болып қалатынбыз. Сонда оның қа-
сында өңкей сайдың тасындай іріктелген совхоздардың бас ма-
мандары бірге жүретін. Баратын бағытындағы директорларға
звондап қойса, олар оны ауыл шетінен күтіп алып жататын. Қор-
ғанбек екеуміз қалжыңдаушы едік: «Біздің Тоқтар мен Мәулидің
бастықтарға ебі күшті, перісі бар! Қолдарынан келмейтіні жоқ!» –
деп. Иә, марқұм қаламгер Мәули Әлімов екеуі әсіресе баспасөзге
жазылу кезінде қыруар еңбек етіп, амалын тауып, аудан, совхоз
басшыларына сөздерін өткізіп, тиражды да асырып алатын.
Өмір, тіршілікте сан алуан тұрмыстық мәселелер бола береді
ғой, сондайда қаламгер қауым алдымен Тоқтар мен Мәулиге келіп
жағдай айтатын. Ал, содан, не керектің бәрін болмаса да біразын
жолын тауып осы екеуі реттеп беруші еді. Бармайтын мекемелері,
188
танымайтын мамандары жоқ-ау сірә! «Остап Бендер!» деп өзін-өзі
көтермелеп, сұқ саусағын жоғары қарай сілтеп қойып, күлетін еді
жарықтық. Сөйткен Тоқаң да кейде әлдебір шаруға әлі келмей қа-
лып, кірісіп кете алмай, кідіріп қалғанда, мен: « Қолыңнан келме-
се, ашып айт! Мен онда Мәулиге айтайын! Сенен гөрі Мәулидің
қолы ұзын, сөзі өтімді дейді ғой жұрт!» – деп, әзілдеп, шымшып
алатынмын. Бітті, Тоқаң тулап шыға келеді. Ұзын құс тұмсығын
саумалап жіберіп: «Кім әй оны айтып жүрген! Қой, Бәйеке, сәл
күте тұр, мен өзім қатырамын бәрін!» – деп, адамның ойына кел-
мейтін неше түрлі айласын тауып, әлгі шаруаны ақыры тындырып:
«Әй, Бәйеке-әй, сен дегенде немді аяйын!» – деп, желдей есіп,
күндей күліп кеп тұратын. Ал енді Тоқтар қолға түспей қалғанда,
Мәулиге де осы жобада әзіл айтып отырып-ақ, шаруамызды мой-
нына артып қоятынбыз! Қадірімізді білген, қалжыңымыз жарасқан
қайран қатарларымыз-ай, амал қанша!
Өмір бізді сындыруда,
Сынауда,
Шама да жоқ
Шыңғыруға,
Жылауға,
Боз қыраулы белден асқан
Құландар,
Белгісіздік
Құрдымына құлауда!
Қайран Тоқаң, Тоқтар досты айналайын Роза алақанына салып-
ақ ұстады, еркелігін де, серкелігін де көтере білді. Қауым ел, дос-
жаран, ағайын-туыс та оның ақ пейіліне қарай қадірлей білді, құр-
меттеді. Тынымсыз Тоқтар, тоқтамайтын Тоқтар тағдырдың бұй-
рығына тоқтады! Иманды болсын, балалары аман-есен өркендей
берсін дейміз!
Абай Сәдуақасұлы біздің ауданда әкім болып қызмет істеген
кезде, ең әуелі қарапайым, кішіпейіл мінезімен елге жақты. Өнеге-
лі, қаламгер әкеден тәрбие алғандығы, асылдың сынығы екендігі
бірден байқалып тұратын. Өзі де қаламгер, ақынжанды азаматтың
189
өресі биік, өрісі кеңдігіне риза болушы едім. Әкімдік жұмысында
атқарған игілікті істерін, жетістіктерін ел адамдары мен басшы-
лық, шаруашылық мамандары жақсы біледі, бағасын береді деп
ойлаймын. Ал менің ерекше риза болғаным – Біржан сал атамыз-
дың өлеңдерін нотасымен тамаша бір том етіп шығаруы! Біржан
салдың шығармалары мұндай кітап болып бұрын-соңды жарық
көрген емес! Көрген, оқыған зиялы адамдар алғысын айтып, жоға-
ры бағалап жатыр! Бұл – Абайдың біздің өңірде, аудан тарихында
қалдырған бір жарқын ізі! Бұдан да басқа ауыз толтырып айтар-
лықтай талай істерді атқарған, айналасына адамшылық шуағын
таратқан, ақыл-парасаты мен азаматтық тұлғасы айрықша көріне-
тін ардақты бауырым Абай, Біржан сал атаңның елінен сені қимай-
қимай шығарып салып тұрып, жолың ашық, ақ болсын, бала-
шағаңның басына бақ қонсын, оң тілеуің қабыл болып, аман-сау
абырой биігіне көтеріле беруге жазсын деген ағалық игі тілегімді
білдіремін! Алла жар болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |