Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет52/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүсіп Мамай ақсақалдың атақ-даңқын алғаш тоқсаныншы 
жылдары естіген едік. Қытайда, Шыңжан өңірінде, Қызылсуда тұ-
ратын қырғыздардың ішінде аса үлкен манасшы бар екен, Манас, 
Семетей, Сейтек жырын, олардың ұрпақтарын қоса бастан-аяқ ай-
тып шығып, оны қағазға түсіріп, он бес-жиырма кітап етіп басты-
рыпты, көлемі жүздеген мың жол болады екен деген әңгіме аңызға 
бергісіз емес пе! Манастың мың жылдық тойында, Таласта кездес-
тік. Ақ сақалды, жүзінен нұр төгілген жан екен. Құрметпен берген 
сәлемімді ықыласпен алды. Қолымды ұстап, сәл бөгелді. Мен бір 
рухани тазалықты, жылы шуақты сезіндім.
– Көкшетауда Көкмоншақ деген ел бар ма, естіген жоқсың ба? 
– деп сұрады, танысып-білісіп, сөйлесе келе.
Мен естімегенімді, бірақ қырғыздар бар екенін айттым.
– Олар Абылайхан заманында барған қырғыздар ғой. Ал Көк-
моншақтың тарихы әріде жатыр! – деп, алысқа ой жүгірте бір қа-
рап қойды. – Манасты ұмытпай айта бер! – деп ақ тілегін білдірді 
қоштасарда...
Енді міне, арада жиырма жылдай уақыт өткенде абыз ақсақал-
дың тоқсан алты жасында бақилық болғанын естіп отырмыз. Жа-
рықтық жақсы жасаған екен. Қырғызстанның ең жоғары мәртебелі 
«Ел батыры» атағын алып, туған халқының алғысына бөленіп, бү-
кіл дүниежүзіне даңқы тарап, кешегі асылдардың соңынан аңызға 


168
айналып кете барды. Ең бастысы – атадан балаға мұра болып, көне 
дүние қойнауынан үзілмей жалғасып, өркенін жайып келе жатқан 
киелі жырды, ғұлама Әлекеңнің, Әлкей Марғұланның сөзімен айт-
қанда, «жойқын эпопеяны» жаңа заманда жоғалтып алмақ түгілі, 
жаңғырта, жалғастыра түсіп, өзінше құлпыртып, қайта айтып бер-
ді, хатқа түсіріп, кітап етіп бастырып, бүгінгі қырғыздың ұл-
қыздарына аманаттап тапсырып кетті. Қадым заманғы қасиет да-
рыған даналардан қалған қырғыздың адамзаттық мәні бар ұлттық 
рухани қазынасын молайтып, байытып, өсер ұланға үлгі-өнеге 
болған асқар тау, ғасыр жасаған асыл ата туған елінің алдындағы 
ұлы парызын ақ-адал атқарып, Манас жырында айтылғандай, 
«мәңгіні көздей үзілді». Бауырлас қырғыз елінің қайғысына ортақ-
тасып, қазақ халқының бір баласы ретінде көңіл айта отырып, абыз 
ақсақал иманды болсын, жаны жәннатта болсын, артында қалған 
ұрпақтарына, қалың қырғыз халқына жақсылығы болсын, атаның 
жолын жалғар жас манасшыларға ғұмыр берсін дейміз! 
Тұрсынбек Кәкішевтен айырылдық деуге бола ма? Қазақ пен 
Тұрсекең ажырамас бір ұғым болып баяғыда тұтасып кеткен! 
Таулар алыстаған сайын биіктей береді. Аруақ алыстаған сай-
ын жақындай бермей ме? Тау тұлға тарих әлеміндегі өз орнына 
жайғасты.
Қазақтың абызы, әдебиеттану ғылымының алыбы, кең ақыл, 
биік ойлы, турашыл, шыншыл ғұлама, аяулы, саялы ұстаз енді біз-
ге бұрынғыдан да ыстық, бұрынғыдан да қадірлі, қасиетті, киелі 
күйінде жақындай түскен тәрізді.
Тұрсекеңнің жазған еңбектері, том-том кітаптары бір төбе бол-
са, үйретуден жалықпаған ұстаздығы бір төбе. Ол кісінің тәрбие-
леп өсірген шәкірттерінің алды Алаш ақсақалы атанып отыр. Ал 
кең далада ана тіліміз бен әдебиетімізді көзінің қарашығындай 
сақтап, қазақ рухани байлығын, білім нұрын таратып жүрген мың-
даған шәкірттері айбынды да саналы рух күрескерлері емес пе?! 
«Шындық ащы ғой! Бірақ, керек, амал не!» – дейтін Тұрсекең 
ауыр күрсініп. Шындық, әсіресе, тарихи шындық талқыға түскенде 
табаны таймай, қатпар-қатпар, қайшылықты тағдыр, тарихты ащы-


169
тұщысымен қоса қопара зерттеп, парасат таразысына тарта білген 
Тұрсекең өмірде де, ғылым, білімде де осы шыншылдық жолынан 
айныған емес. Ұлағатты ұстаз, асыл азамат ағаның шәкірттеріне 
ғана емес, бүкіл Алашына аманаты да осы болар-ау! 
Жарықтық Тұрсекең жиын-тойда бата берген сайын «Лә хаулә 
уә лә қууата иллә биллаһ» деген дұғаны жиі айтушы еді. Аса дін-
дар болмаса да, ғалымның аты ғалым ғой. Молдалар айтады: «Бұл-
дұғаның төресі!» дейді. Иман нұрына бөленіп, жаныңыз жәннатта 
болсын, аяулы аға! 
Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Әлімқұл Жамбылов біздің 
заманға аман жеткен, аталардан аманат арқалап жеткізген асқар 
таудай ағамыз еді.
Әлімқұл аға, кешегі Әсімхан, Көкен, Манап, Көпбай, Қалихан, 
Тәушен, Кеңес сынды нар тұлғалы айтыс ақындары маған көне 
дүниеден келген, ерекше бір рухты жеткізіп тұрған, өзгеше бір 
әлем, аңыздың адамдары сияқты болып көрінетін. Бұл кісілер арғы 
бабаларымызды көрген, ескі үлгі, есті сөзін тыңдап, өнегесін ал-
ған, енді қайтып келмейтін ежелгі дәуір мен бүгінгі ұрпақтың ара-
сын жалғастырған алтын көпір, сарқылмас қазына еді ғой. Қаһар-
лы саясаттың ызғарынан қазақтың асыл сөзін, айшықты өнерін 
сақтап қалуға тырысып, жүрек тереңіне жасырып, өшіріп алмай, 
өлтіріп алмай, жан шуағымен жылытып, кейінгі ұрпаққа аман-есен 
табыстаған да осы абыздарымыз емес пе?! Жүздерінен шуақ, көз-
дерінен мейір төгіліп, аппақ сақалдары жарқырап, шапан-бөркі 
жарасып, сөйлеп кетсе «айналайыннан» бір жазбайтын жарықтық-
тар сап түзеп шыға келгенде, қазақ рухани әлемінің айдынын шал-
қытып, айбынын асырып тұрушы еді, шіркін! 
Әлімқұл ағамызбен 1982 жылы Қармақшыда, Тұрмағамбеттің 
100 жылдығында алғаш жүздескенбіз. Шәкәрім Құдайбердиевтің 
баласы Ахат пен Совет Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаев 
сынды ардагер ақсақалдар, фольклоршы ғалымдар Мардан Байділ-
даев, Шәрібек Алдашев, айтыс ақыны Надежда Лушникова, даң-
ғайыр жыраулар және басқа да айтулы адамдар бас қосқан алқалы 
жиында әңгіме-жырдың тиегі ағытылып еді. Сонда жұртшылық 


170
Әлімқұл ағаны Жамбыл атамыздың немересі деп ерекше құрмет-
теп отырды. Ол кісі оған мастанбай, қарапайым, нағыз ауыл қаза-
ғының аңқылдақ мінезінен бір жаңылмай, үлкенге іні, кішіге аға 
бола білді. Қазақтың тойы белгілі ғой, қонақтан қонақ, мәжілістен 
мәжіліс, өлең-жыр. Сонда Әлекең бір шаршауды білмейді. Ал сөй-
ле десе, сөйлеп береді, өлең айтуын қолқаласа, өлеңді де соғады. 
«Менің қарлықпайтын, қажымайтын керзіби даусым бар, шаршап 
қалады екен деп қорықпаңдар!» – деп, күлдіріп қойып, тамағын бір 
кенеп алып, жосылта жөнелетін. Сол сапарда біз сырлас болып
аға-інідей сыйласып кеттік. Одан бергі уақытта талай айтыстарда, 
үлкен-үлкен елдік тойларда кездесіп, әңгімелесіп, пікірлесіп жүр-
дік. Соңғы жылдарда ол кісі баласы Бекмұраттың қолында, Алма-
тыда менің бажам, әнші Сүлеймен Ибрагимовпен көрші тұрды. 
Дәм жазғанда, кездесіп, сәлемдесіп тұратынбыз. Өмірі сыйласты-
ғынан жаңылмай өтті.
Жарықтық Әлімқұл ағамыз иманды болсын, жатқан жері жай-
лы, жаны жәннатта болсын! 
Дүйсембі Әріпов ақсақалдың «Күнделіктер сөйлегенде» және 
«Тұлғалар тағлымы» атты қос кітабы – мазмұны бай, көрген-
түйгені мол адамның өмір жолынан сыр шертетін ғибратты дүние-
лер. Бұл кітаптардың бір қызық жері – күнделіктер өмірдің жанды 
сәттерін фотокадрлар сияқты, бар шынайы болмысымен, нақты 
деректерімен алдымызға әкеледі, өткен күндерден сыр шертеді. 
Тарихи адамдар жайында өзі жиып-тергенін, көрген-білгенін ой 
таразысынан өткізіп, қауым елге тарту қылып тартады. Өйткені, 
автордың өзі айтары бар айтулы азаматтардың бірі.
Мен бұл кісіні 1984 жылдан бері білемін. Жазушы Кемел То-
қаевтың алпыс жылдығына орай Маңғыстау өңірінде оқырман-
дармен кездесулер өткізіп, поезбен Қызылордаға қарай аттандық. 
Біздің купеге келбетті бір азамат бастаған бір топ кісі кіріп келді.
– Кемақа, сізге сәлем бере келдік. Менің аты-жөнім – Дүйсембі 
Әріпов, Бейнеу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы-
мын! – деді әлгі кісі. – Сізді сапар шегіп барады деп обкомның бі-


171
рінші хатшысы Саламат Мұқашев айтып еді, енді біз серік бола-
мыз! 
Содан, Бейнеудің азаматтары дастархан жайып, әңгіме-дүкен 
құрып отырдық. Талай күндер жол үстінде, кездесуден кездесу, 
шаршаңқырап келе жатсақ та, жадырап, жарасып-ақ қалдық. Бі-
раздан соң Кемел аға маған жыр айтшы деп, қолқа салды. Ақы-
рындап бастап, «Арқалық батырды» бір-екі қайырып, қоя салдым. 
Аупартком батырлар жырын неғылсын деген ой да жоқ емес. 
Сөйтсем, Дүйсекең:
– Баянғали, мынау мен естімеген дүние екен, айта түсші, айна-
лайын! – деп, шынымен қызығып отыр! Ал, мұндай тыңдаушың 
болса, қайтіп жырламайсың! Шаршағанның бәрі былай қалып, қы-
за-қыза «Манастан» да біраз қайырдық. Дүйсекең әр сөзге, оқиғаға 
мән беріп, үлкен ықылас білдіріп, қошеметтеп қояды. Сөйтіп, сөз 
ұғатын секретарьмен бір көргеннен сыйлас, сырлас болдық та кет-
тік! 
Арада біраз уақыт өткен соң мен Бейнеу ауданына Дүйсекеңді 
арнайы іздеп келдім. Ақтауда курстас досым Қыдырғали Әдеков-
пен кездесіп, ақын Ғалым Әріпов серік болып, талай қызықтарға 
қарық болып, Бейнеуге жеткеніміз бір бөлек әңгіме. Мұнда келген 
себебім – өзім қызмет істейтін «Жұлдыз» журналына Дүйсембі 
Әріпов сынды энциклопедиялық білімі бар әрі іскер бірінші хат-
шының материалын шығару керек деп ұсыныс жасаған едім. Ре-
дакция менің ойымды құптағасын, жолға шыққаным ғой.
Бейнеуде Қарлығаш жеңгеміздің дәм-тұзын татып, Дүйсекең-
мен бірнеше күн емін-еркін әңгімелесіп, ол кісінің жиған кітапта-
рын, күнделіктерінің кейбір беттерін, әртүрлі ғылымнан хабардар 
ететін цитаталарын сол кезде оқығанмын. Ой жүгіртіп көрсем, 
адамзаттың ақыл-ойы тудырған рухани қазынаға терең бойлап, 
інжу-маржанын сүзіп алуға ұмтылған, өз елінің аңыз, тарихын 
ерекше сүйген сирек азамат, асыл адам екен. Басқасы басқа-ау, 
қызмет бабымен ауыл-ауылды аралап жүргенде, көп шаруаның 
арасында уақыт тауып, ауыл кітапханасына барып, жай ғана хал-
жайын сұрап қоюмен шектелмей, кітап қорын түгендеп, ақтарма-
лап, облыс, ауданнан таппай жүрген сирек кітаптарды жаздырып 
алып, оқып, уағымен қайтарып бергеніне нанасыз ба, нанбайсыз 
ба?! Мұндай кітапқұмар, білім-ғылымға құштар, оқи білетін, оқы-
ғанын тоқи білетін бірінші басшылар сирек-ау қашанда! 


172
Содан, Дүйсекеңмен Шопан ата, Қошқар ата, Масат ата бейіт-
теріне бардым. Ерекше есте қалған бір жағдай – Сам құмын арала-
тып жүріп, көл-көсір әңгіменің тиегін ағытқан Дүйсекең бір кезде 
маған бір аңызды айтып берді. Неге екенін білмеймін, әңгімесін 
аяқтаған соң: Баянғали, осы оқиғаны бір поэма немесе дастан, жыр 
етіп жазсаң қайтеді ? – деп қарап тұр. Жоқ дей алмадым. Жарайды 
деп кесіп те айта алмадым. Себебі, ол кезде мен айтысқа шыға бас-
тағаныммен, қазіргідей өлең-жыр жазбаушы едім. Ол кісі де менің 
онша құлшына қоймағанымды сезді-ау деймін, көп қадала бермей, 
басқа сөзге ауысып кете берді. Бірақ, марғасқа адай ағамыздың 
Сам құмының ішінде ақ сұңқардай саңқылдаған дауысы құлағым-
нан кетпей, маған сыйға тартқан сол әңгімесі жаныма ұялап қала 
берді.
Содан, ширек ғасырдай уақыт өткенде, ойымнан шықпай жүр-
ген әлгі аңыз ақыры «Жел сыбырлаған шындық» деген жырға ай-
налды. Ризашылығымды білдіріп, Дүйсембі ағамызға арнадым.
Сағат Арынұлы ақсақалдың есімін біраздан бері білемін. Ол 
кісінің жазған бірталай мақалаларын баспасөзден, ғаламтордан 
оқығаным бар. Қоғам өмірінің сан алуан мәселелеріне, тарихи тұл-
ғаларды зерттеу, тану ісіне жедел үн қосып, даулы, күрделі тақы-
рыптарға батыл қойып кетеді және айтарын бүкпесіз ашық айтып, 
шындық үшін шырылдап жүргені қашанда.
Қаламгер Арынұлы нені айтса да арынды айтады, көбінесе 
орынды айтады. Тіпті кейде артық кетіп қалуы да мүмкін, батыл 
айтамын деп батырып та жіберетіні де рас, бірақ соның өзінде ол 
кісінің жазғандары қызықты оқылады, ой қозғайды, бейтарап қал-
дырмайды. Ал мұның өзі түптің түбінде қоғамдық зердеміздің қи-
сайып кетпеуіне, шындық жолынан айнымауға қызмет етіп жат-
қандай көрінеді.
Қаламы қарымды, кеудесі қазына, ойы алымды, сөзі қуатты, 
алпыс жылдан астам уақыт Алаштың жоғын жоқтап, мұңын мұң-
дап, жиған-терген білімін, өмірлік тәжірибе байлығын кейінгі ұр-
паққа берсем деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген, кешегі 
батыр бабалардың ерлік жолын зерделеп тануға өз үлесін қосып 


173
келе жатқан ескінің көзі, тынымсыз ізденімпаз жанның еңбегі 
құрметке әбден лайық. Арғы атасы атақты Байғозы батыр жоңғар-
дың қанжарынан қаймықпай қарсы шауып, шынжырын үзіп еді, 
Сағат ағамыз қаламын бүгінгі қоғамдық-саяси өмір-тіршілік пен 
шежіре-тарихтағы көзбояушылыққа, көпе-көрнеу бұрмалаушы-
лыққа, жалғаншылдыққа, ғылым-білім мен қауымдық ой-пікірдегі 
көп өтірікке көк найзадай кезеп, қажымай-талмай қайсарлықпен 
арпалысып келеді. Ардагер ақсақалдың сан алуан өмір құбылыста-
рына арналған, ондаған жылдардың белестерін қамтитын ойлы, 
өткір өлеңдерінен де осы өзіндік мінезі, белсенді өмірлік ұстаны-
мы айқын танылып, шындық деп шырылдаған дауысы анық есті-
ліп тұр. Сексеннің сеңгірінен асқан ардақты ағамызға Алаштың 
асқар тауы болып аман-сау жасай беріңіз, еңбегіңіздің жемісін кө-
ре беріңіз деп, інілік ізетпен игі тілегімізді білдіреміз! 
Әзімбек туралы алғаш сырттай естігенім – Ауғанстандағы со-
ғысқа қатысқан суырыпсалма ақын екен, өлеңді тоқтаусыз шығара 
береді екен деген сөз еді. Біраз уақыт өткен соң, 1989 жылы Алма-
тыда өткен алғашқы Наурыз айтыста жүздестік. Әзімбек сонда 
жарқ етіп көзге түсті, жақсы өнер көрсетті, айтыс жанкүйерлеріне 
бірден танылды. Әселхан Қалыбековамен айтыста тапқыр әзілде-
рімен көрерменді баурап алып, ықыласқа бөленді. Ерік Асқаров-
пен айтысы да жоғары деңгейде өтті. Екеуінің сахнаға қол ұстасып 
бірге шығып, қалың елдің алдында жарасып тұрған сәті – қазақ 
ақындар айтысына қуатты жас толқынның келгендігін әйгілеген 
бір тамаша, қайталанбас көрініс екен ғой! 
Оның ең басты ерекшелігі – өлеңді әсем әуенмен әдемілеп, тө-
гілтіп, тыңдаушыға ерекше әсер беріп айтатындығы еді. Әзімбек 
домбырасын бабына келтіріп, сәнімен тарта бастағаннан-ақ, жұр-
тшылық қол соғып, делебесі қозып, қиқулап жіберетін. Ол талай 
айтыста топ жарып, бәйге алды, айтысқа өзіндік өзгеше ырғақ, сұ-
лу әуен әкелді, сахнаның сәні болды. Содан былай біз Әзімбекпен 
сыйлас болдық, талай дүбірлі айтыстарда кездесіп жүрдік.
1989 жылы Ақтөбе қаласында, орталық футбол стадионында 
ақындар айтысы өтті. Оны ұйымдастырған сол кездегі облыстық 


174
мәдениет басқармасының бастығы, менің құрдасым Қази Жасеке-
нов бастаған, ғалым, ұстаз, ректор Мұхтар Арынов, ақындар Жақ-
сылық Айжанов, Амантай Өтегенов сынды ақтөбелік азаматтар 
қостаған бір қуатты топ болатын.
Бес-алты мың адам жиналған ашық стадионда үш күн қатары-
нан республикамыздың әр қиырынан келген ақындар атадан қал-
ған төкпе өлеңді дүрілдетті. Әр ақынның тауып айтқан сөзіне ста-
дионға жиналған қалың қауым гу-у ете қалып, дүркірете қол со-
ғып, Ақтөбенің аспанын дуылдаған қиқуға толтырып жібергендей 
болады. Сонда, Әзімбек Жанқұлиев пен қарағандылық Қуаныш 
Мақсұтов алдарына жан салмай, ақтық сында бас жүлдені жеңіп 
алу үшін бетпе-бет қалып, жекпе-жек кездесті. Бірін-бірі ренжіт-
пей, іремей реттеп, әбден ырғасып, жырласып бақты. Әзімбек 
әуенімен үйіріп әкетсе, Қуаныш қиқуымен қайырып алады, Қуа-
ныш қоғамның күйіп тұрған мәселелерін қозғап, сөздің салмағы-
мен басып бара жатса, Әзімбек ойнақы әзілімен жұртты күлдіріп, 
көтеріп алады. Не керек, қайсысына берерін білмей қазылардың да 
басы қатып, ақыры, бас жүлдені екеуіне бірдей беруге шешім қа-
былдаған! Өзім көзбен көрген, Әзімбектің әуені әуелеп, тыңдау-
шысын рахатқа бөлеп, өнері өрлеген, қошеметке бөленген айрық-
ша шабытты шақтары еді бұл! 
Алайда, жарқырап шыққан жас ақынның жаны мен тәнін ауған 
соғысы салған жара үнемі мазалап, қинап жүретінін көпшілік біле 
бермейтін. Оның зардабын Әзімбек өмірінің ақырына дейін тарт-
ты, жан мен тән азабын әсем әуен, өлеңімен жеңіп, өзіне -өзі дем 
беріп, айтыс өнерінен рухани қуат тауып, «бұраңдаған қисық жол-
дүниеден» өз жүгін өзі көтеріп өтті.
Жастайынан әділетсіз соғыс өртіне шарпылып, тағдырын күйік 
шалған, кей-кейде күйініп, күңіренетін ақын айтыс өнерін сүйіп, 
көрерменін сүйіндіріп өтті. Айтыс тарихында Әзімбек деген аты 
қалды, тыңдағанның құлағында әсем әуені қалды! 
Әзімбек екеуіміз үлкен аламандарда бірнеше рет айтысып, сіз-
бізімізден жаңылмай, тәуір сөйлеп, жақсы баға алғанбыз. Өмірде 
де ол мені бірде аға тұтып, бірде жездеке деп әзілдеп, әрдайым 
құрметін білдіріп жүретін.
Соңғы жылдардағы айтыстарында «Барады өмір өтіп-ай...» де-
ген бір мұңды өлең жолдары бой көрсетіп жүрді. «Әй, аман бол! 


175
Аман-сау кездесуге жазсын!» – деуші едік, көңілін көтергіміз ке-
ліп...
Өмір, уақыт ағыны солай! 
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында, «Қазақ-
фильмде»
 
жаңарқалық жылқышы Өзаман Исатаев туралы деректі 
фильм түсірдік.
Өзаман ағамыз алты айлығында отқа құлап, сол қолы бырысып 
күйіп, шолақ болып қалған. Қолының басы (кисть) шынтағына жа-
быса бітіп кеткен. Өмірге құштар жан сондай қиындыққа қарамас-
тан, күреске түскен. Қазақша күрестен спорт шебері. Талай жарыс-
тарға қатысып, жеңімпаз, жүлдегер болған.
Әкесі Исатай балуан бертінде, жүз жасап барып, қайтыс болды.
Жаңарқа жері әнші, өнерпаз, балуандардың тамыр жайған құт 
мекені ғой. Көшбасшылары, қос көсемі – Диқанбай Биткөзов пен 
Ғазым Жарылғапов ағаларымыз бастаған өңкей балуан, өнерпаз, 
әнші жігіттер сайдың тасындай! Даладай дархан, жаны жайсаң 
қаншама азаматтармен танысып, төс қағыстырып, дос болып кет-
тік. Бұл жөнінде кезінде, сексенінші жылдары «Қазақ әдебиеті» 
газетіне мақала жазып едім, ол қазір қолда жоқ.
Әуелде бір қолымен күресетін балуан қазақ жайлы әңгімеме 
киношылар онша сеніңкіремеді. Режиссер Георгий Емельянов пен 
оператор Юрий Литвяков барлауға барып келді. Сапардан келген 
соң:
– Спасибо тебе за такого героя! – деп, Георгий Александрович 
менің қолымды алды. Сөйтіп, киноға құлшына кірісіп кетті.
Өзаман ағамыз – бір лаулап жанып тұрған кісі. Әнді де келісті-
ріп айтады, әп-әдемі даусы бар. Тек қана домбыра пернесін баса 
алмайды! 
Алты айда отқа құлап болдым молақ,
Атандым мен екінші Балуан Шолақ.
Домбыра төгілдіріп тарта алмаймын,
Өкініш көкейдегі жалғыз сол-ақ! – деген бір ауыз өлең шы-
ғарып бердім. Өзаман оны жаттап алып, тебірене айтып берді.


176
«Палуан» («Борец») деректі фильміне лейтмотив етіп «Ақсақ 
құлан» күйін алатын болдық. Оны күйші досымыз Мұрат Кари-
муллин орындап берді. Бір тиын қаламақы төлеп жатқан ешкім 
жоқ! Мұрат та сұраған жоқ! 
– Мен қазақ өнерінен және достарымнан еш нәрсемді де 
аямаймын ғой! – деді жалындап.
Сөйтіп, «Палуан» деп аталатын деректі фильм өмірге жолдама 
алды. Республикалық, облыстық газеттерге қазақ азаматының өр 
рухына риза болып, сүйсінген қаламгерлердің жылы пікірлері жа-
рыса жарияланды. Амал не, Госкиноның сол кездегі басшылары: 
«Не хватало калек пропагандировать!» деп, фильмді одақтық эк-
ранға шығармай, республикалық қана дәреже беріп, жылы жауып 
қоя салды. Ал, не істейсің билікке? Әйтпесе, қысы-жазы ат үстін-
де, құла дүзде жылқы бағып, шу асауларды құрықтап, тақымына 
басып жүрген, өзі балуан, өзі өнерпаз, ардақты әке, рухы күшті 
азамат Өзаман Исатаевты мүгедек деуге аузың бара ма? Қайта: 
«Міне, тағдыр сынына сабырлылық танытып, қайрат-жігерімен 
қиындықты жеңіп шыққан қазақ ұлы осындай!» – деп, әлемге көр-
сететін-ақ жөні бар емес пе? 
Негізі, әлі де кеш емес. Ол фильм алтын қорда сақтаулы.
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-
драма театрының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 
Мұратбек Үкібайұлы Оспанов 1957 жылы 17 қарашада бұрынғы 
Көкшетау облысындағы Еңбекшілер ауданының Мамай ауылында 
дүниеге келген. Ол 1975 жылы орта мектепті, бұдан кейін Алма-
тыдағы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын тәмам-
дап, актер мамандығына ие болды. М. Оспанов еңбек жолын М. 
Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма теат-
рында актер болып бастайды. 1980 жылы ол М. Әуезовтың «Еңлік-
Кебек» пьесасы бойынша қойылған спектакльде Кебектің ролінде 
ойнап, «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Аталмыш театрда 
Назым Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархадты, Ғ. Мүсіре-
повтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Қодарды, «Амангелді-
сінде» – Кете, Флучектің «Бір құты мұнайында» – Жеңіс, У. Шек-


177
спирдің «Юлий Цезарінде» – Антоний, т.б. рольдерде ойнады. 
Ерекшеленген табиғи дауысының арқасында көркем сөз оқу шебе-
рі ретінде конкурстарға қатысты. Осы жылдары Ш. Айманов 
атындағы «Қазақфильм» киностудиясының дубляж бөлімінде 300 
кинофильмді, 70-ке жуық мультфильмді қазақшалауға қатысты. 
Қазақ радиосының алтын қорына 57 әдеби хабар жазып, «Қазақте-
лефильмде» 38 фильмде дикторлық мәтін оқыған. Республикалық 
теледидарда жүргізуші ретінде «Терме», «Ән-шашу», «Замана дау-
сы» сияқты хабарларға қатысты. 1994 жылдың желтоқсанында 
Көкшетау облыстық әкімшілігі Қазақ театрын ұйымдастыруға ша-
қырып, 1995 жылдың қаңтарында театрдың Бас директоры және 
көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды. Театр 1996 жылы 
наурызда Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклімен 
ашылды. Бүгіндері театр репертуарында 70-тен артық спектакль-
дер бар. Соның 30-ға жуығының режиссері М. Оспанов. Оның әр 
спектаклі өзіндік режиссерлік шешімімен, қайталанбас образдық 
ізденістерімен, мағыналы символикалық мизансценаларымен 
ерекшеленеді. Бұлардың қатарында терең психологиялық дүние-
лер де, кең көлемді классикалық шығармалар да, ойлы комедиялар 
да бар. Осы жылдардың ішінде труппа кәсіби деңгейі жоғары 
ұжымдардың қатарына қосылды. Жақында тілшіміз Мұратбек Ос-
панов туралы тереңірек білмек оймен ҚР еңбек сіңірген қайратке-
рі, Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлы-
ғының лауреаты, жазушы, ақын-драматург Баянғали Әлімжановқа 
жолығып әңгімелескен еді.
– Байеке, сіз Алматыдан білім алған өнер адамысыз. Бүгіндері 
Көкшетауда Ш. Құсайынов атындағы қазақ драма театрының тіз-
гінін ұстап отырған Мұратбек бауырыңызбен сол бұрынғы астана-
да ма, әлде Көкшетауда таныстыңыз ба? 
– Мен Мұратбек Оспановтың өзін көргеннен бұрын жер жар-
ған дауысын естідім. Сонау заманда Алматының үлкен алаңында 
өтетін 1 Мамыр демонстрациясы мен 7 қарашадағы парадтар осы 
Мәкеңнің дауысымен басталып, сап түзеген жұрт пен әскер колон-
налары оның дауысынан кейін «Ура-а-а» деп атой салатын. Жа-
ратқан иеміз зор табиғи дауыс пен әртістік өнерді сыйлаған адам 
бар деп сырттай еститінбіз. Сосын Мұратбекті М. Әуезов театрын-
да әртіс екенін, оның үлкен рольдер сомдағанын, тіпті шетелге 
дейін барып, Париж сахнасында өнер көрсеткенін, елімізде ең 


178
мықты және үлкен деген әртістермен бірге гастрольге шығып, бі-
ріне іні, біріне баладай жарасып жүргенін білдік. Ал өз басым Мұ-
ратбекті ол кезде көрген емеспін. Одан кейін бір телетілші онымен 
үлкен терменің хабарын жүргізіп жатты. Бірде теледидардан қа-
раңғыда май шамның жарығымен күңірентіп ұлы Абайдың «Ес-
кендір» деген поэмасын оқып отыр. Сөйтсем, Мұратбек екеуміз 
Еңбекшілдер ауданынан екенбіз. Ол Мамай ауылынан екен. Ол да 
мен туралы сырттай білетін. Мұратбекпен кейін елге келгесін жа-
қынырақ таныстым.
– Азаматтар арасында: «Қазақ театрының іргетасын қалауға 
мен де ат салыстым» дейтіндер баршылық. Осы игілікті істің ауыр 
жүгін кім көтеріп еді? 
– 1996 жылы наурыз айында Көкшетауда театр ашылатын болып, 
соған Мәкең директор болып келді. Жаңа дүниені бастау қашан да 
қиын екені белгілі. Ал, өнердің ордасын көтеру оңай шаруа емес. Осы 
жұмысты осындағы азаматтар бастағанымен, оның барлық ауыртпа-
лығы Мұратбектің мойнына түсті. Соның барлығын бұл қара нардай 
қайыспай көтеріп, жарқыратып театрды ашты. Оның салтанатты 
ашылуына арнап «Ақбидай» Мәдениет сарайында:
Мұратбек келдің міне туған жерге,
Шығарды туған жерің сені төрге.
Еңбегің жемісті боп жаға берсін,
Көкшетау, Бурабай мен сексен көлге... – 
деп арнау айттым. Сөйтіп, айтқан аманатымызды, артқан сенімі-
мізді Мұратбек ақтады деп ойлаймын. Сол жылдардан бері теат-
рдың жүріп өткен белесі, оның жолы үлкен жол. Оның шыққан 
биігі үлкен биік. Осының барлығына ұйтқы болған Мұратбек. Бұл 
театрдың қазақ өнері мен мәдениетінің ортасында өзіндік үлкен 
орны бар. Әсіресе, бұл ақмолалық және көкшетаулық көрермен-
дерге ыстық театр. Мұндай дәрежеге Мәкең өз ұжымының шебер-
лігі мен талантының арқасында қол жеткізді. Сондықтан оның 
өнер жолындағы еңбегіне біз лайықты баға беруіміз, оны құрмет-
теуіміз әбден орынды деп ойлаймын. Бүгіндері ол ердің жасы елу-
ге толып отыр.
– Сіздің «Құдалық» деген қойылымыңызды көрермендер жақ-
сы қабылдағанының куәсі болғанбыз. Осы туындыңыздың шығу 
тарихы туралы айтсаңыз? 
– Бірде маған ол: «Қазақтың құдалығын театр сахнасында көр-


179
сетсек қайтеді. Бұл дәстүр мүлдем шектен шығып кеткен, адамды 
сондай ұятқа қалдыратын, бір қинайтын дүние болып бара жатыр. 
Соны көрсетсем деймін, бірақ жаза алмаймын, әттең!» деді. Мен өз 
ойымда жүрген сөзді айтқан Мұратпен бірден келісе кеттім. Ол 
кезде өзім Кеңащы ауылында тұратынмын. Күнде көріп жүргенім 
қазақи құдалық болатын. Ол жөнінде өлеңім де бар еді. Бұрында-
ры театрға барғанда, пьеса жазсам деп армандайтынмын. «Құда-
лықты» күліп отырып, 40 күнде жаздым. Ол кезде ауылда жарық 
та жоқ. Соның салдарынан электромашинка жағынан біраз қиын-
дықтар көрдім. Осы пьесамды Мұратбек пен Айжан Оспановтарға 
арнаймын деп шекесіне жазып, қолына тапсырдым. Оған бұл 
туындым ұнады. Бұдан кейін де пьеса жөнінде біраз әңгімелесіп 
жүрдік. Келісім бойынша мен олардың репетицияларына қатысқан 
жоқпын. Бірде Қызылжарда ақындар айтысында жүрсем, жігіттер: 
«Сенің пьесаңның премьерасы бірінші сәуірде болайын деп жа-
тыр» деді. Дереу осында жетсем, шағын зал адамдарға лық толы 
екен. Күнделікті өмірден алынған, қазақ дәстүріне сәйкес келмей-
тін жат қылықтарға толы пьесам қалай шығады екен деп қатты 
толқыдым. Пьеса барысында көрермендер күле бастағанда, со-
ңында шапалақтарын қатты соққанда жүрегім орнына түсті. Өзім 
сияқты жат көріністерді сезіне білетін, оған өз фантазиясын қосқан 
режиссер Мұраттың еңбегіне қатты разы болдым. Бұл туынды-
мызды Астанадағы, Алматы мен Керекудегі зиялы көрермендері-
міз жақсы қабылдады. Мұраттың бұл еңбегін Тұрсынбек Кәкішов 
сынды үлкен ағаларымыз жоғары бағалады.
– Көрікті Көкше ежелден дарынды адамдарға толы екенін қа-
зақ елі жақсы біледі. Осы қатардан өзінің лайықты орнын алатын 
Мәкеңнің еңбектері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет