Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет48/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Баянғали Әлімжанов 

ақын, драматург, жазушы, сатирик, 
айтыс ақыны, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен 
өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, 
мәдениет қайраткері:
– Көкшетау өңірінің табиғаты керемет қой шіркін. Туып-өскен 
жерім Бұлақбасы ауылының жазы тіпті жанға жайлы. Қырдың ба-
сында жайылып жүрген бие-құлындар, шырылдаған шегірткелер, 
көсілген көбелектер мен қалықтаған инеліктердің бейнесі, аңқыған 
жусанның иісі әлі күнге дейін мұрнымда аңқып тұр.
Балалық шақ десе, алдымен ауыл балаларының алаңсыз доп 
қуалап жүрген көрінісі көз алдыма елестейді. Көрші ауылдың ба-
лаларымен бөлініп футбол ойнауды ұнатушы едік. Барлығымыз-
дың ойынға берілгеніміз соншалық – ұтылуды намыс санайтын-
быз. Менің бала күнде екі арманым болды. Бірі – футболшы, екін-
шісі – жазушы болу. Футболшы болу маңдайыма жазылмағаны-
мен, әлі күнге дейін футбол десе, ішкен асымды жерге қоямын. 
Құрдастарымның тағы бір сүйікті ойыны болды. Ол – сақа. Қазіргі 
жастардың көбісі сақаның не екенін білмейді. Сақа деген асықтың 
үлкен түрі, яғни сиырдың асығы. Сол заманда сақа жинамаған, ой-
намаған бала болмаған шығар. Сақаның ортасына қорғасын құйып, 
икемді болу үшін оның екі жағын жонамыз. Ал содан ойынға қызу 
кірісіп, кімнің асығы алшысынан түсетінін аңдумен боламыз. Зос-
каның да әбден түбін түсіргенбіз. (Көп аймақтарда оны «ләңгі» деп 
атайды). Өздеріңіз білесіздер, солтүстіктің қысы қатты болады. 
Қар түссе болды, сырғанақ тебуді бастаймыз. Одан қала берді, біз-
дер хоккей ойнадық. Доптаяқ дейтінбіз. Үлкендер қайыңнан басы 
иілген таяқ жасап беретін. Сол таяқпен мұз үстінде допты қуала-
дық. Әрине, барлығымыздың аяғымызда коньки болды деп айта 
алмаймын. Есесіне, пимамыз ойынға жарап жатты. Сол сырғанақ-
ты мен әлі күнге дейін сағынамын. Астанаға көшіп келген үш 
жылдың ішінде немерелеріме, аула балаларына сырғанақ жасап 
беріп жүрмін. Қар жауысымен ерінбей қарды үйіп, үйдің ішінен су 
тасып, сырғанақ жасаймын. Үйде компьютерден бас алмай, аз қоз-


140
ғалатын балалардың барлығы қыс бойы Баян аталары жасап бер-
ген сырғанақта бос уақыттарын өткізуде. Балақайлардың шат күл-
кісін көріп, кейде менің де сырғанақ тепкім келіп кетеді. Сөйтіп, 
балалармен бірге сырғанап та кетемін.
Қызыл галстук таққан балалардың заманында теледидар да, 
компьютер де, ұялы телефон да болған жоқ. Сондықтан болар, ра-
дионы көп тыңдап өстік. Қазақтың небір ән-жырларын, күйлерін 
қазақ ауылдарына сол «ұзынқұлақ» жеткізіп отырды. Футболды да 
радиодан тыңдадық. Біздің тағы бір ермегіміз кітап оқу болатын. 
Сыныптастармен кітап оқудан кәдімгідей жарысатынбыз. Қазақ 
әдебиетінен бастап шетелдің классик жазушылары Марк Твен, 
Джек Лондон, Жюль Верннің шығармаларына дейін түк қоймадық. 
Бір сөзбен айтқанда, кітап біз үшін дүниетанымның бастауы бол-
ды. Кітапты әліге дейін қасиетті санауымыз бала күннен бойға сің-
ген әдет шығар. Кітаппен қатар шахматты да ерекше жақсы көр-
дім. Мектеп қабырғасында, университетте біраз жарыстарға қаты-
сып, үшінші разрядқа дейінгі дәрежеге көтерілдім. Шахматтың 
соңынан қуалап кетпесем де, демалыс сәттерінде осы шаршы тақ-
таны айналдыратыным бар.
Мен қазір бір нәрсеге таңғаламын. Біздің балалық шағымыз 
Кеңес заманында өтті. Октябрят, кейіннен пионерге өттік. Мектеп-
те, жоғары оқу орнында бізді құдай жоқ деп үйретті. Атеистік тәр-
бие берді. Әрине, қызыл империяның теріс тәрбиесімен қатар, 
жақсы жағы болмады деп айта алмаймын. Біріншіден, біздер адал 
болып өстік, өтірік айту, алдау, ұрлық-қарлыққа бармадық. Үлкен-
ді сыйлау бірінші орында тұратын. Атеистік көзқарасқа қарамас-
тан біз Алланы, исламды танып өстік. Мұның барлығы үйде отыр-
ған қариялар мен әке-шешеміздің арқасы. Мектепте мұғалімдер 
Құдай жоқ десе, үйде кемпір-шалдар ауыздарынан Алланы таста-
май, намаздарын оқып отырды. Құран, пайғамбарымызды (с. ғ. с) 
айғайламай, заңға қайшы келмей, ешкіммен ерегіспей, кейінгі ұр-
пақтарына үйретіп келген сол дәуірдегі адамдардың мықтылығы-
на, төзімділіктеріне қайран қаламын. Қанша жерден пионер болып, 
«чесно пионерский», «чесно комсомольский» деп ант су ішсек те, 
біз үшін «олләхи-биллахи» сөзі бәрінен де жоғары тұрды.
Алыста қалған балалық шақтан санада қалғаны мектепте сы-
ныптас қызға ғашық болғаным. Сөз қорымдағы бар көркем сөзде-
ріммен хат та жаздым оған. Ғашықтық сезімімді тікелей айтпасам 


141
да, тым болмаса сезсін деп «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жі-
бек» сынды ғашықтық жырларын сыйладым. Өмір деген қызық 
қой. Бала махаббатым бүгінде аяулы ана, ақ жаулықты әже болған. 
Алыстан қол бұлғап қалған бала күнгі достарым, сыныптастарым-
мен де кездесіп тұрамыз. Арамыздан кейбірінің өмірден озғаны 
өкінішті-ақ. Жүздескен сайын көзім олардың шашындағы ақты
бетіндегі әжімді көрсе де, жүрегім олардың сол баяғы бала кейіп-
терін көреді.
Шынымды айтсам, қазіргі балаларға аяушылықпен қараймын. 
Себебі, күні бойы техникалық құралдарды шұқылаумен өткізетін 
олардың күш, қуатын техника сорып жатыр. Өз басым немереле-
ріме доп, сырғанақ секілді денені шынықтыратын ойындарды ой-
натқызып тұрамын. Ата-аналарға да айтарым – балаларыңызға ес-
те қаларлықтай, жарқын балалық шақ сыйлай біліңіздер.
Жазып алған-Айнұр ОҢҒАРБАЕВА.
«Рейтинг», Шымкент, 
25-08-2015 
– дейді ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет