Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет46/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– Эпостың мыңжылдығына қандай сый әзірлеп бардыңыз? 
– Елбасымыз Н. Назарбаев бастаған мемлекеттік делегацияның 
құрамында тойға қатыстым. Өмірбек Байгелді, Шерхан Мұртаза, 
Қалтай Мұхамеджанов, Бекен Жылысбаев, Кенжеғали Сағадиев, 
Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Шаханов сияқты халқымыздың ардагер 
ұлдарымен бардық. Таласқа аттандық. «Манастың» күмбезіне аял-
дадық. Қалағаң: «Ал енді араларыңда қайсысың құран оқисың?» – 
деді. Сонда жасымның кішілігіне қарамастан: «Рұқсат па?» – де-
дім. «Манастың» күмбезінің түбінде құран оқыдым. Таласқа қарай 
бет алған тұста қырғыздың азаматы: «Баянғали, «Манасты» айт, 
Таласта тұрып «Манасты» дариядай тасытпасаң жарамайды» деп 
қолқалады. «Алдымда менен де үлкен ағалар тұрған жоқ па, осы 
кісілер сөйлесін» деп шегіне бастап едім: «Жоқ, «Манасты» баста, 
«Манасты» айт» деп қадалған ойынан қайтпай тұрып алды. Аянып 
тұруға уақыт жоқ, жырды жорғалата жөнелдім. Міне, осы сапар 
көп түйінді шешкендей. Рас, біраз жылдар арадағы байланыс үзі-
ліп қалды. Сөйтсе де, «Манасты» қалың қазақтың арасында қал-
тқысыз айтып жүрдім.
«Манастың» мыңжылдығында Базарбай Сөлпиев пен Асанхан 
Жұманәлиев екеуі: «Сен қазақсың, «Манасқа» салым қос» деді. 
Салым деген не нәрсе? Жырды өз тарапыңнан жаңғыртып, бай-
ытып қосып айтуды осылай дейді. «Сен, қазақ жағынан Ер Көкше 
атаңды жырла» деді. Ойланып қалдым. Бірақ тәуекел ете алмадым. 
Себебі, «Қалай мен жанымнан жыр қосып, «Манасты» өзгерте-


135
мін?» деген ойдың шырмауынан шыға алмай отырып қалдым. Кей-
ін, бірақ, «Айкөл Манас пен Ер Көкше» деген жыр шығарып, 
«Аңыз бен аспан» деген кітабымда жарияладым.
– Жыршы, жырау мен манасшының айырмашылығы неде
сонда? 
– Мысалы, Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев жүздеген 
мың жол жырды мұра ғып қалдырған, кітапқа түсірген. Ал олар-
дың арғы жағында Тыныбек, Келдібек, Наймантай, Балықауыз деп 
жалғасып кете беретін есімдер қаншама. Қазақтың бұрынғы жы-
раулары да сондай болған. Ал «Манастың» кітабын біз аяқталған 
жыр деп есептейміз. Мұны бұзбай, бастапқы қалпын сақтап орын-
даудың өзі жеткілікті деп тиянақтаймыз. Шын мәніне келсек, бұл 
дұрыс емес. Оларда жаттап айтқан адамды «манасшы» демейді. 
Сондағы оқиғаларды сақтай отырып, оған өзінше бояумен үн қос-
қан, ары қарай жалғастыра білген адамды манасшы деп айтады. 
Қырғыз ағайындар: «Дүниежүзіндегі барлық эпостық жырлар өлі 
эпостар» дейді. Олар қағазға түскеннен кейін жолы аяқталып, ғұ-
мыр дариясы тоқтаған болып саналады. Ал «Манасқа» келсек, бұл 
– әлемдегі дара да жалқы тұрған тірі эпос. «Манас» ғұмыры әлі 
күнге дейін жалғасып жатыр. Мұны сарқылмас сазбен, үзілмес үн-
мен әлі талай ұрпақ тоқтатпай шырқамақ. Демек, манасшы болуы-
ңыз үшін алдымен оқиғаның бәрін санаңызға саф ауадай сіңдіріп 
алуға тиіссіз. Одан әрі тағы бастапқы нұсқаға сүйеніп, өз тарапы-
ңыздан баяндай отырып байытасыз. Ең бастысы, болашақ манас-
шыға аян берілуі керек. Аян болмаса, қандай күшті ақындарға да 
«Манасты» айтуға болмайды деген сенім бар қырғыздарда! 
Жоғарыдағы әңгімеге орай, мен манасшыларға: «Мысалы, се-
нің бүгінгі шығарған жырың мықтылардың сөзіндей асыл да мар-
жан болмай жатса, жырдың сапасына нұқсан тимей ме, бұрынғы 
бастаулар бүлінбей ме?» – дедім. Біздің жыршылардың негізгі 
ерекшеліктері – төл мұралардың мұртын бұзбай мүлтіксіз орын-
дауында, – дедім. – Ал мұндай ен байлықты өзгертуге хақымыз 
жоқ. Суырыпсалма ақындар үшін жырды орындап шығу өте жеңіл, 
бір сөзді ұмыта қалсақ, өз жанымыздан қоса саламыз. Мұны көп-
шілік байқай бермеуі мүмкін. Себебі, топ алдында тоқтап қалмау 
маңызды. Бірақ, аталардың асыл сөзін өзгертпей айту парыз!» – 
дедім. Бірақ, қырғыздарда жағдай мүлде басқаша. Олар: «Дұрыс 
айтасыздар. Мұны да айта білуіміз керек, сонымен қатар, манас-


136
шылар эпосты жалғастыруға, дамытуға үлес қосулары тиіс» дейді. 
Тіпті менен: «Қазақта манасшы жігіт бар екен деп естіп, қуанып 
жатырмыз. Жаттап айтады екенсіз. Шынымен жаттағаныңызды 
орындайсыз ба?» деп сұрады. «Жаттап айтпағанда, енді мені ой-
ынан шығарады демексіздер ме? – дедім. – Менің ойымнан шығар-
ған жырым сіздерге ұнай ма, жоқ па? Аталардың асыл сөзін айтып 
тұрып, арасында қысқартып өзімше толғаймын. Төл нұсқаларым 
бар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет