Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– Демек, жақсылықты жырлау керек дейсіз ғой. Өзіңіз не жа-
зып жүрсіз? 
– Біз халыққа рух беретін, рухани нәр беретін дүние жазуымыз 
керек деп ойлаймын. Өзім де батыр бабаларымыз жөнінде шағын 
дастандар жаздым. Ата-бабаларымыздың жыраулық дәстүрінің 
негізінде қазіргі поэзияның үлгісінде «Байғозының жебесі», «Ба-
луан Шолақ пен Иманжүсіп», «Жұмабек батырдың жұлдызы», 
«Марал ишанның аманаты», «Бекет атаның үйі», т. б. шығармала-
рыммен көпшілік таныс болар.
Шығарманың халыққа тарауы да қызық қой. Жыр-дастанды 
айтқанда, айтысқа қатысқанда өнеріңді халық қалай бағалағанын 
өзің де көріп отырасың. Ал, жазылған кітаптің, шығарманың тағ-
дырын сен біле бермейсің. Сендердің бас редакторларың Жұме-
кеңнің өзі айтып еді. Баяғыда Жұмекең ауылдас ағайыны ауырып 
жатқан соң, көңілін сұрай барыпты. Әлгі кісінің төсегінің бас жа-
ғындағы менің «Хикматтың хикаялары» деген кітабымды көреді 
ғой. Сөйтсе, әлгі сырқат жан осы бір жақсы кітап оқысаң, көңілің 
көтеріліп қалады деп сүйсініп отыр екен. «Деген екен» деген кіта-
бым шықты. Балам Нұрлан Өнер академиясында оқып жүргенде 
ұстазы Амангелді Сенбинге беріп жібердім. Қойнына салып жүріп 
оқыпты. Кейде сабақтан тыс уақытта, мұғалімдерді шақырып ала-
ды екен де, шаршап барасың ғой, кел сенің көңіліңді көтерейін 
деп, қойнындағы кітабын шығарып, қызық бір оқиғаны оқып бе-
ріп, өзі де күліп, өзгені де күлдіреді екен. Бір-бірімізді көруге дәм 
жазбады. Бірақ ол кісінің өнерін мен де сырттай сыйлап жүрдім.
– Жыршылық өнеріңіз де бар. Оны кімнен «жұқтырдыңыз»? 
– Өзім – солтүстіктің жігітімін. Жастайымыздан орыстың ба-
лаларымен төбелесіп өстік. Сондайда, жеңіліп бара жатсақ, үйге 
келіп, батырлар жырын оқып-оқып алып, төбелеске қайтадан кіріп 
кете беретінбіз. Сондықтан жыраулар дәстүрінің, жырының адам 
бойына ерекше қуат, нұр беретінін білеміз. Бірде, сахнада жыр ай-
тып отырсам, бір әже келіп, маңдай терімді қолорамалымен сипай 
сүртіп, немереме жұғысты болсын деп баласының маңдайына жа-
ғып, «айналайын рухымызды оятып, делебемізді қоздырдың ғой» 


118
деп батасын берген еді. Шығарманың рухани нұр беруі – үлкен 
баға. 90-жылдары ауылға ешкім келмейтін кезде ауылдарды ара-
лап, концерт қойдым. «Батыр Баянды», «Жанақтың Рүстем Төреге 
айтқанын», Қасымның «Өзім туралысын», «Манасты» айтамын. 
Халық сондайда еңсесі көтеріліп, нұрланып кетеді.
Атам Әлімжан қиссашы екен. Марқұм шешем Бәтима «Қалқа-
ман – Мамырды» Шәкәрім ақталмай тұрған уақытта жатқа айта-
тын. Шәкәрім ақталған тұста қайтып кеткені, өкінішті. Өзімнің 
алғаш оқыған жырым – «Қобыланды батыр». «Манастың» қазақ-
шасын бала кезден, «Батыр Баянды» 1975 жылдан, Мағжанның 
атын атауға болмайтын кезден білемін. Рымғали Нұрғалиевтан жа-
зып алып, айтып келемін. Жырдың арқасында біраз жерді арала-
дым. Негізі, жыршы, жыраулық өнер әлем халықтарының бәрінде 
бар. Мысалы, француздардың соңғы жырауы 150 жыл бұрын қай-
тыс болып кеткен. Соны тірілте алмай жүр француздар. 3-4 жыл 
бұрын Қырғызстанда әлем халықтары эпостарының бірінші дү-
ниежүзілік фестивалі болды. 28 ел қатысты. Алаңда тұрып жырла-
дық. Ескі дәстүрді әлем қатты іздеу үстінде. Оны саяси саудаға 
салып жатқандары да бар. 2009 жылы Қалмақстанда «Әлем халық-
тары эпостары – Жаңғар ұрпақтарының жерінде» атты үшінші ха-
лықаралық фестиваль өтті. Башқұрттар, осетиндер, адыгейлер, бу-
ряттар, қырғыз-қазақ, т. б. ұлт өкілдері қатысты. Біздің эпостың 
бәрінде батырлар қалмаққа қарсы күреседі ғой. Қандай ел екен деп 
барсақ, өзіміз секілді, тағдырлас халық екен. Енді-енді есін жиған. 
Әсіресе «Жаңғар» деген жырын қатты насихаттайтын көрінеді. 
Олардың да аспаптары домбыра деп аталады. Біреулері «Тор-
ғауытпын», келесісі «Дүрбітпін» деп қояды. Эпостан естіген тірі 
дүрбіт, тірі торғауытты көрдік. Соғыс кезінде 120 мың қалмақты 
бірақ жер аударған. Соның жартысы қырылып, қалғаны арып-
ашып қайта келген. Оларға Эрнест Неизвестный жасаған үлкен 
ескерткіш қойыпты. Жаның ауырады. Бізде де аштықтан үш млн. 
қазақ кетті ғой. Оларды да солай дәріптесек, қанеки? 
– Сіз ауылда туып, Алматыға келдіңіз. Қайта ауылға оралды-
ңыз. Облыс орталығында қызметте жүрдіңіз. Осының барлығы 
шығармашылығыңызға қалай әсер етті? 
– Мен әуелі ауылдан Алматыға оқуға түсуге келіп, осында 16 
жыл тұрақтаған адаммын. Ол кезде маған Алматыға сыю қиын ти-
ді. Ауылда өскен балаға Алматы сондай салмақты, сондай білімді, 


119
сондай қорқынышты, қайшылықты болып көрінді. Бірінші жылы 
тіпті жаңа жылға дейін қар жаумай қойды. Солтүстіктің қысын 
сағынып біраз қиналдым. Келе-келе үйреніп кеттім. Үлкен-үлкен 
ұстаздардан сабақ алдым, одан Жазушылар Одағында жұмыс істе-
дім, қазақтың көзі тірі үлкен-үлкен ақсақалдарын көрдік. Замандас 
қатарларымызбен сыйлас болдық.
Ауылға перзенттік парызым алып келді. Анам Бәтима төсек 
тартып жатып қалды. Ағам – қалада, апаларым – тұрмыста деген-
дей. Елге барсам – шешем қаладағы ауруханада, әкем үйде жүдең-
кіреп қалғандай. Жарым Әлиямен ақылдасып, ауылға көшуді жөн 
деп санадық. Ауылдан қалаға үйрене алмаған басым, енді ауылға 
көндіге алмай біраз қиналдым. Газет-журналдарда, теледидарларда 
жарқырап жүрген адамға ауылға сыю оңай ма? 
Не болса да, жеңгең екеуіміз қол ұстасып, елге кеттік. Ұлым 
Нұрлан кішкентай. 11 айдан соң шешем қайтты. Әкеймен он бір 
жыл тұрдық.
Кеңес уағында бәрі жақсы. Мектеп, балабақша бар. Отын тегін. 
Мал көп дегендей. Алайда, ағайынның ұғым-түсінігі, білімі Алма-
тыдағы мәдени ортадай емес. Бірақ, адамгершілігі, бауырмалдығы 
ыстық. Тез бауыр басып кеттік. Кезекпен қой бағамыз, малдың ал-
дынан шығамыз, сиыр сауамыз, мал соямыз. Сөйтіп жүріп-ақ өнер 
сапарына шығып тұрдық. Ауыл шығармашылығыма көп тақырып 
берді. Айтыстарда ауыл тақырыбын көп жырладым. Бір кітабымды 
«Ауылдың ақ самалы» деп атадым.
1994 жылдардан ауыл жағдайы төмендей түсті. Оны да көрдік. 
Ақша құнсызданды. Мал таусылды. Жағдай қиындады. Теледидар, 
радио, газет-журнал, жарық жоқ. Жарықта жазатыныңызды жаза-
сың, мал жайлайсың. Кешке далаға шықсаң, қап-қараңғы түн, қап-
қараңғы ауыл. Қозғалыс жоқ. Тып-тыныш.
– Сол кезде басыңызға небір түнек ойлар келген болар? 
– Әкем төсек тартып жатты сол шақта. Ол кісі соғыс кезінде 
осындай қап-қараңғы түнде, қардың үстінде жатты. Және жай 
жатқан жоқ, соғысып жатты. Әйтеуір бізді ешкім оқтың астына 
алып жатқан жоқ қой деп жұбаттым өзімді. Әйтпесе, керемет қиын 
болды. Тассу деген іргеміздегі ауыл тұрғындары түгел қалаға қаң-
ғыды. Тек зираттары қалды қаңырап.
Кеңес үкіметі кезінде ауыл тұрғындарының жиған ақшалары 
да күйіп кетті. Молдабай деген ағайынымыздың 17 мың сом ақша-


120
сы бар екен. Бір күні Көкшетаудан телефон шалып: «Жаңа «Мос-
квич» келіп тұр, аласыз ба?», – дегенде: «Жигули» аламын», – деп 
бас тартқан еді. Екі айдан соң «Жигули» де, басқа да жоқ, ақша 
құнсызданды. Қалғаны Қызылордаға құдалыққа барып келуге ғана 
жарады. Іргелес совхозда бір ақсақал 30 мың сом ақша жинаған 
екен. Күйіп бара жатқан соң совхозға келіпті ашуланып. Партор-
гтың қолында не бар, жандары ашып: «Мына холодильникті ала 
ғой», – десе, қария: «Не айтып отырсыңдар, маған машина керек», 
– деп бас тартыпты. Бір айдан соң холодильник 160 мың болып 
кетті. 30 мың соммен жер құшып ақсақал қалды. Оны да көрдік. 
Қабдеш Ермағамбетов деген екі мәрте Ленин орденін алған жыл-
қышы ағамыз болды. Сол жылдары Қабдеш ағамызбен жолығып 
қалсам: «Мал азайып барады», – дейді. Облыс орталығына бір ба-
рып келу үшін жанармайды бір ірі қараға айырбастайды. Бармасқа 
тағы болмайды. Сонымен, бітті ауылыңыз.
Астананың біздің жаққа тиген бір пайдасы – дөкейлердің біра-
зы барды да малдың бағасын көтерді. Жылқы 10-16 мың теңгеден 
1000 долларға қымбаттады. Соған шүкір дедік.
Жазушының, ақынның еңбегі, өнері қайда отырғанына байла-
нысты емес қой. Қаламы мен қағазы болса, тізесіне де қойып жаза 
береді. Мен ауылға осы сеніммен барғанмын. Жақсы шығарманы 
ауылда, Алматыда, Америкада отырып жазасыз ба, бір Алла біледі.
Әкеміз қайтқан соң, балалар Алматыға оқуға аттанған соң, 
ауыл-аймақтың ризашылығын алып, елмен қоштасып, Көкшетауға 
келдік. Көкшетауда біраз жыл тер төктік.
– Енді Алматыға қайта келдіңіз...
– Қайта келдіңіз дегенде... Бұл ұлымыз Нұрланның отауы ғой. 
Біздің үй Көкшетауда. Қазіргі Алматы – орны ерек қала, әрине. 
Біздің кезіміздегі Алматыдан өзгерген. Басқа дәуірдің адамдары 
едік. Басқа дәуірге келдік. Біз де өзгерген шығармыз. Бірақ сол 
кездегі Алматы әдемі секілді. Ауыл да ыстық. Бірақ мен енді қай-
тадан ауылға барамын деп тағы айта алмаймын.
Әңгімелескен Қарагөз Смәділ.
«Қазақ әдебиеті» газеті, 2010 ж. қаңтар



121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет