Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет40/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– Өткен жылы «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл 
толды. Өзгерген ештеме жоқ, «баяғы жартас, бір жартас...» 
күйінде қалды деп күйінеді сарапшылар. Сіз не дейсіз? 
– Тіл туралы бәріміз де жырладық. Алла әр халыққа ерекше 
түрін, тілін берген. Алланың жаратқан тілін басқаның жоюға қан-
дай хақысы бар? Бірақ, осы біз «тіл, тіл» дегенді көп айтып кеткен 
жоқпыз ба? Мұны кейде теріс пиғылдылардың бізге қолданып 
отырған саясаты ма деп ойлап қаламын. Осы мәселені әдейі ушық-
тырып, бар қазақтың ойы, назары осы мәселеге ғана аусын деген 
саяси ойын болуы да мүмкін ғой.
1989 жылы қазақ тілі Мемлекеттік мәртебе алғанда Шәймер-
ден Дәуренов деген досымыз: «О, тағдырым, ризамын, енді өлсем 
де» деп жазған. Сол күні автомобиль апатынан қайтыс болды. Мұ-
ны тілдің жолындағы құрбандық деп ойлаймын. Материалистер-
дің, атеистердің көзімен қарасаң, бұл түсініксіз нәрсе болуы мүм-
кін, бірақ, мұнда да Жаратқанның бір құпиясы, бір сыры бар.
Одан бері тәуелсіз ел болдық. Қазақ баласы аман тұрса, тіл де 
аман. Енді бір мәселе, бар тілді үйрете алмай жатып, қазақша жаңа 
сөз жасауды әдетке айналдырдық. Достоевский орыс тіліне бір ға-
на «стушеваться» деген сөзді енгізіпті. Соған «Мен орыс тілін бір 
сөзге байыттым» деп мақтанады екен. Ал, бізде екінің бірі келіп, 
жаңа сөз тықпалайды. Бәріміз де ұлт тілінің патриотымыз. Бірақ 
патриот екенбіз деп сөзді жөнді-жөнсіз аударуға бола ма? Қазір 
терминком не түрліні тықпалап жатыр. Халықаралық терминдерді 
аударудан абай болу керек. Адам түсінбейтін сөздерді қаптаттық. 
Орыс тілінің көптеген сөзі өзге тілден енді, одан ештеме құрып 
қалған жоқ. Сол секілді, қазақ тілі де шетелдің сөзін өз заңдылы-
ғына салып алса, ол қазақ тілінікі болып кетеді.
Орыстілді бауырлар жайында. Олар – отарлау саясатының 
құрбаны. Араласа келсек, қазақтың кәдімгі қаракөздері. Сонда біз 


114
олардан безуіміз керек пе? Бір үлкен ғалым ағамыз бар. Балалары, 
немерелері қазақша білмейді. Сол кісінің мерейтойында шөбересі 
келіп, қазақша ән салды. Яғни, олар түптің түбінде қазақшасына 
оралады бәрібір.
– Ал оралмаса ше? 
– Түптеп келсек, ол да қазақтың балалары. Қазақтың «қазақ ті-
лін білмейтін», «қазақ тілін білетін» болып бөлінуіне қарсымын. 
Орыстілді қазақ балаларымен жақсы сөйлесемін. «Сен кімге ке-
рексің? Қазаққа. Сен өлсең көметін де – қазақ. Қиналсаң көмек 
беретін де – қазақ. Өз еліңді тап», – деймін. Кейде сол балалардың 
ішінде сіз бен менен гөрі ұлтжандыларын кезіктіресің. Қазақтың 
күйін тыңдап, көзінен жас төгілген орыстілді қазақтарды да кез-
дестірдім. Менің айтарым, беттен қағу, сыртқа тебу оңай. Түсіну 
қиын. Кетісу оңай, қайта табысу қиын.
Баяғыда Шудың бойында бір ингуш майоры наша тасушының 
ізіне түседі. Ақыры әлгі қылмыскерді қолға түсіріп, оның да ингуш 
екенін біледі. Майор ингуштің нашасын, артық ақшасын тартып 
алып, өзін қоя беріпті. «Неге өйттіңіз» дегендерге: «Біз азбыз ғой. 
Өзімізді-өзіміз ұстап берсек, неміз қалады», – дейтін көрінеді. Осы 
күні кейбір азаматтарда әлгі ингуш майорының санасындай сана 
болса ғой деп күйінесің. Қазір «жемқор» деген жаламен бес мың 
теңге алған қазақты да, жүз мың теңге алған қазақты да жапа-
тармағай қамайтын болдық. Оны көрсетіп беретін де – қазақ. Неге 
өзімізді-өзіміз аямаймыз? Ана бір жолы бір полицеймен сөйлесіп 
қалып: «Ішпейтін, жемейтін ешкім жоқ. Іш, же. Бірақ қазақтың 
мүддесі саудаға түскенде, таразыға салынғанда қазақты сатпа. 
Оныңды ешкім кешірмейді» дедім. Қарапайым қазақ ретіндегі ме-
нің бір пікірім осы.
Енді бір мәселе бар. Қазір заң бойынша адам қай ұлтқа, дінге 
жатамын десе, құқығы бар екен. Мен ондай заңды мойындамай-
мын. Қазақ болып туған ол – біз үшін мұсылман қазақ. Қалай ол 
басқаға айналмақ? Осы адам құқығы деген өзгелер үшін ең бір 
жақсы нәрсеге айналды. Мәселен, Тәуелсіздік алған уақытта сек-
талар келді ғой. Олардың түсінігінше, адам құқығы бойынша, әр-
кім келіп өзінің дінін насихаттауға құқылы екен. Сонда менің 
мемлекетімнің, қазақтың құқығы қайда қалады? Олардың менің 
үйіме келіп, баламды аздыруға құқығы бар да, мен өз баламды он-
дай діннен азғын алыс ұстауға, сектаның азғыруынан алып қалуға 


115
құқығым жоқ болғаны ма? Қысқартыңдар, халықты аздырмаңдар 
деп неге тыйым салмаймыз? Оларға тыйым салғаның үшін басқа 
мемлекеттер ат құйрығын кесіп кетпейді ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет