Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет36/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
Серік Жетпісқалиев
 
«Алаш үні» газеті, 2004 ж., 23 қараша.
– Сізді мемлекеттік тіл мәселесі қаншалықты толғандырады? 
– «Қазақ тілінің болашағы бар ма, жоқ па?» дейтіндер бар. Он-
дайда «мен тұрғанда саспаңдар! Мен барда қазақ тілі де жасайды» 
деп жауап беремін. Бәріміз қазақтың баласымыз. Біз жүрген жерде 
ұлтымыздың да мәдениеті жасай бермек. Құайға шүкір, қазақша 
сөйлейтін жастар жеткілікті. Олар ана тілінің ғұмырын кем деген-
де 50-60 жылға ұзартады. Әрбір қазақ мүмкіндігі жеткен жерге 
дейін туған тілін тарату керек. Біз Кеңес үкіметінің кезінде оқы-
дық. Менің елім – Көкшетау облысына қарасты Степняк қаласы. 
Әйгілі Біржан салдың туған жері. Мен 1954 жылы тың игеру тұ-
сында дүниеге келгенмін.
Тың төсін тілген кезде түренімен,
Қазақтың қан саулаған жүрегінен.
Рас қой? Түп тамырымызды қиратып, қопарып кетті. Ескі ата-
бабамыздың зиратын асты-үстіне аударып тастады емес пе? Сонда 
ана тілінің мәселесі алғаш рет алдымыздан шықты. 60 жылдары 
домбыра «ескіліктің сарқыты» деп қараланып, ұлттық аспабымыз-
дың дауысын естуге зар болып қалдық. Соған қарамастан, оқушы 
кезімізде «оллаһи-биллаһи» деп ант су ішетінбіз. Ата-ананың тәр-
биесі солай еді. Мұсылман діні үйде отырып-ақ партияның ұран-


104
даған саясатын жеңіп шықты. Бір күні қаладан ауылға қыдырып 
маңдайы торсықтай бозбала келді. Бәріміз қонақты айналсоқтап 
жүрміз. Ол айтқан сөзімізді түсінбейді. Бала көңіл қазақтың «қа-
зақша білмеймін» дегеніне нанғысы келмеді. Бойымызды ыза 
буып, оны соққыға жыққымыз келді. Табиғи заңдылықтың бұзыл-
ғанын ішкі түйсігіммен сезінгендей болдым. Өйткені, жылқы кісі-
нейді, ит үреді, мысық мияулайды. Сол сияқты қазақтың да қазақ-
ша сөйлеуі заңды деп есептейтінмін. Адам дүниеге келгенде ана 
тілімен бірге туады деп ойлайтынмын. Мектептердің өзінде қазақ 
балаларын әртүрлі ұлттармен бірге орысша оқыта бастады. Қазақ 
мектептері бірінен соң бірі жабылды. Степняктағы алты қазақ мек-
тебінен ең ақыры бір-ақ мектеп қалды ма, қалмады ма, оның өзі 
белгісіз. Кейінгі жылдары мен мекен еткен Кеңащы деген таза қа-
зақы ауылдың балалары орыс мектебінде оқытылды. Сондай-ақ, 
«қазақ мектебінде оқитын оқушылардың деңгейі төмен» деген тү-
сінік болды. Қолымнан келгенше жақсы оқыдым. Осылайша, миы-
ғынан күліп қарайтын орыс ағайындардың пиғылына тойтарыс 
бердік. Ол заманмен салыстырғанда қазір тәуелсіз елміз. Қазақ 
халқының тарихи тағдыры ерекше. Қос қапталымызда азуын Айға 
білеген екі империя (Қытай, Ресей) тұр. Әйтеуір, Алла қолдап, 
аман-есен осы күнге де жеттік.
Үйде «Қазақ эпосы» деген кітап жатты. Оның ішіне жеті батыр-
лар жыры кіреді. Қыстың ұзақ кешінде әкем Тақан әлгі кітапты оқи-
ды. Алпамыс батырды зынданнан қашан шығарасың деп жылай-
тынмын. Балалармен төбелесіп, таяқ жеп қалсам, батырлар жырын 
оқып-оқып алып, қайтадан сонда барып есе қайтаратынмын.
– Еліміздегі әскери оқу-орындарға батырлар жырын жат-
татса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, патриоттыққа 
үндейтін мақал-мәтелдерді оқытып, қыл аяғы байырғы қару-
жарақты бөлшектеп тұрып, жас жауынгерлердің көкейіне сіңіру 
қажеттігі сөзсіз...
– Бұл күнде жастар кітап оқудан қалды ғой. Сондықтан, жыр-
ларды дискімен тыңдатып, артистерге ойнатқан әлдеқайда ұтымды 
шығатын секілді. Оның рухани құны өлшеусіз. Нағыз ерліктің, 
батырлықтың көкесі сонда жатыр. Бұрын телеарнадан ұлттық рух-
ты оятатын «Бес ғасыр жырлайды», «Халық қазынасынан...» деген 
секілді хабарлар жүргіздік. Ал енді тәуелсіздік алған уақытымызда 
жастарды дала дәстүріне тәрбиелейтін телехабарлардың болмауы 


105
ұлттығымызға сын ғой. Бұл мәселемен талай жерге хат жаздым, 
талай жерге табан тоздырып бардым да. Жоғары жақтағылардың 
біреуі селт етсеші... Телеарналардың басында қазақ балалары төл 
ертегімізді, төл аңыздарымызды көрмей, білмей өсуіне мүдделі 
топтар отыр ма деп те қорқамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет