Шығармалары деректі дүниелер


күлкіге көміп кететін Байекеңнің көргені, көкейіне түйгені көп



Pdf көрінісі
бет34/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

күлкіге көміп кететін Байекеңнің көргені, көкейіне түйгені көп 
екені айдан анық. Бүгінгі әңгімемізге ақынның бұрын айтыла қой-
маған ой-пікірлері арқау болады.
– Баян аға, оқырмандарға айтар, ойда жүрген түйінді пікір-
лер де, көкейде бар шығар-ақ.
– Ондай ойлар бар. Солардың бірі – Біржан салдың бүгінгі жа-
рияланып, ұсынылып жүрген бір суреті жөнінде. Партия-совет ке-
зеңінде жоғарыдан «Біржанның суретін табыңдар» деген бұйрық 
түседі. Оның суреті салынды ма, фотоға түсірілді ме, жоқ па, ол 
беймәлім. Содан, тапсырма алып сасқан бір басшы өзінің үйіндегі 
әкесінің бе, атасының ба, біреудің ұлттық киіммен түскен суретін 
«Міне таптым» деп алып барған... Ал, оны көргендерден қалған 
естелік әңгімелерге қарағанда суреттегі Біржан мен мына Біржан-
ның арасы жер мен көктей дерлік. Әуелі оның ұлы, кәдімгі «Те-
міртас» әнінің кейіпкері – Теміртастың атқа отырғанда аяғы жерге 
тиетіндей алып денелі адам болғанын еске алайық. Қазір Бурабай-
да тұратын Біржан немересі, Теміртасұлы Мұхамедқали да еңге-
зердей ірі адам. Енді мен сізге Солтүстік Қазақстан облысының 
Уәлиханов (бұрынғы Қызылту) ауданындағы Өндіріс ауылында 
тұратын Уәли Оразбаев деген ақсақалдан естіген әңгімемді айтай-
ын. 1913 жылы Ресейде патшалық құрған Романовтар әулетінің 
таққа мінгенінің 300 жылдығына орай сол жақта бір күрес болатын 
болады. Содан Балуан Шолаққа қолқа салады. Ол айтады: «Менің 
жасым ұлғайып қалды, одан да Бәсентиін Оразалы палуанды апа-
рыңдар, бір жықса сол жығады», – дейді. Айтқанындай, Оразалы 
палуан абыроймен оралады. Сол Оразалы айтып отырады екен, 
«Інісі, шәкірттері болып Біржан сал төңірегінде, жанында жүрдік», 
– деп. «Тұлғасы қандай еді?» – деп сұрағанда: «Біржан сал да мен-
дей болып қалар, маған таяу еді», – дейді екен. Енді мен өз кезе-
гімде Оразалының қандай болғанын анықтай түскім кеп, жаным-
дағы Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ драма теат-
рының директоры Мұратбек Оспановты нұсқаймын: «Мына Мұ-
ратбектен қалай?». Олай дейтінім – Мұратбектің бойы – 185 см, 
салмағы – 105 кг, ірі жігіт қой. Сонда Уәли Оразбаев мырс етіп: 
«Оразалының жанында Мұратбегің бала ғой!» – деп салған. Осы-
дан кейін Біржан атамыздың қандай болғанын ойлай беріңіз. «Ор-


99
та бойлы, ақсары кісі еді» деп жазып жүргендер, оның руының 
Ақсары болғанын арқау етіп жүрсе керек. Ал мүсінші, марқұм Тө-
леген Досмағамбетовтің Степняктағы Біржан бейіті басындағы 
және «Көкшетау» Мәдениет сарайы алдындағы екі ескерткішінің 
де бет-әлпеті әлгі ұсынылып жүрген суреттегіге келмейді. Небір 
ғаламат туындылар қашаған талантты Төкең Біржан бейнесін оның 
ұлы Теміртас кейпінен іздесе керек.
– Электрониканың, техниканың тұрмысымызға дендеп кет-
кен заманында ата-бабамыздың көне өнерін ұстанып, жыр ай-
татыныңыз таңғалдырады. Және магнитофон мен теледидардың 
«наушниктерінен» құлағы тұнып, миы ашыған жұрт жырыңыз-
ды тамсанып отырып тыңдайды. «Батыр Баянды» не себепті 
жырлап кеттіңіз? 
– Атам Әлімжан хиссашы, жырларды жатқа айтатын болыпты. 
Осы өңірдің жұрты Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамырын» кезінде 
менің анамның ауызынан естіген екен. Өзім 4-класс оқып жүрген-
де «Жазушы боламын» дейтінмін. ҚазМУ-дің филология факуль-
тетінде оқып жүрген кезім еді. Бір күні арнайы курс өткізіп тұрған 
Рымғали Нұрғалиев: «Мағжан Жұмабаев деген қазақтың великий 
ақыны болған. «Батыр Баян» деген поэмасын 1922-1923 жылдары 
Ташкенттен шыққан «Шолпан» журналы басқан. Пушкин атында-
ғы кітапханадан тауып алып оқуларыңа болады. Мағжан он бес 
жылдан соң ақталады» – деді, сосын маған қарап: «Сенің өзіңнің 
де атың Баян екен, сенің тауып оқығаның дұрыс», – деді. Расында 
да Мағжан он төрт жылдан соң ақталды. Ғұлама ұстазым бір-ақ 
жылға қателесіпті! Содан мен Пушкин атындағы кітапхананың 
сирек қолжазбалар қорынан «Шолпан» журналын, одан Мағжан-
ның «Батыр Баянын» тауып алып оқып, көшіріп алдым. Төте жа-
зумен жазылған екен. Поэма бірден қатты ұнады, одан ерекше әсер 
алдым. 1975-1976 жылдардан бері жырлап келемін. Әдеби орта-
ларда айтып жүрдім, осы поэманы біраз адам менің аузымнан ес-
тіп, танысты. Ол кезде жырын жырламақ түгілі, Мағжанның атын 
да атай алмас заман еді. Келесі әңгіме, Мағжан ақталып, «Батыр 
Баян» баспасөзде жарияланып, жұрттың еш қиындықсыз оқуына 
мүмкіндік туды. Енді оны жырлаудың жұртқа керегі бар ма деп 
ойлағам. Олай емес екен!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет