– Соңғы кезде әркім орайы келген салада жұмыс істеуге бей-
ім. Армандап түскен оқуы жолда қалып, қаражаты дұрыстау
әртүрлі қызметке ауысып кететіндер көп. Өзіңіз таңдап алған
мамандық бойынша жұмыс істеп келесіз бе?
– Менің екі арманым бар еді. Бірі – жазушы болу, бірі – фут-
болшы болу. Мектепті тамамдаған соң, қазақ тілі мен әдебиеті
бойынша оқуға түспек ниетім көп кедергіге ұшырады. Үйдегілер
«Қазақ тілінің болашағы жоқ» деп кері тартты. Мен де оңайлықпен
райымнан қайтпадым. Шешем мінезді кісі еді, «көңілі қалаған
оқуына барсын» деп батасын берді. Мен оқуға түскен 70 жыдары
ҚазМУ-дың журналистика мен филология факультеттері қазақ ру-
ханиятының ордасы болатын. Сол кезде Алматыда қазақша жал-
ғыз мектеп қана болды-ау деймін. Жастар ұлтымыздың өткені мен
болашағы жайында сөз қылып егілетін, өз-өздерін қамшылап ши-
рығатын. Сол азаматтар егемендікке қол жеткен жылдары белгілі
бір дәрежеде әдебиетіміз бен мәдениетімізге елеулі үлес қосты да.
М. Әуезов атындағы драма театрында Кенен Әзірбаевтың жүз
жылдығына байланысты айтыс өтті. Бұл тұңғыш рет домбыра ұс-
тап, айтысқа шығуым болатын. Сонда ана тілі туралы былай жыр-
ладым:
Еліңе қылған енбегің,
Мақтаусыз кетер деймісің?
Жақсылық қылсаң халқыңа,
Ақтаусыз кетер демісің?
Төгіліп тұрған текті тіл,
Жоқтаусыз кетер деймісің?!
– Парсы елінде ардақты ақындарының ескерткішінің түбінде
сол ақынның өлеңдері оқылып тұрады екен. Жырауларға қойылған
ескерткіш қасына арнайы техникалық құрылғы қойып, неге
жұртты жырмен сусындатпасқа деген ой келеді кейде...
– Оны қойшы. Біз тірілерге жырлап алсақ та жаман емес. Ата
мұрамызды насихаттайтын арнайы мемлекеттік бағыт-бағдарлама
жоқ. Әлемде жыраулық өнерді зерделеуге деген құлшыныс байқа-
106
лады. Француздардың ең соңғы жыршысы осыдан 150 жылдай бұ-
рын көз жұмған. Қандай озық ел болса да, ұлттық мұрасынан ай-
рылып қалып отыр. Қазір Еуропа елдерінде жыраулық дәстүр мүл-
де жоқ. Шығыстың өзінде санаулы елдер ғана ұлы өнерін сары
майдай сақтап қалған жайы бар. Менің Мағжан Жұмабаевтың «Ба-
тыр Баян» поэмасын жырлауым өте қызық болды. Ұстазымыз
Рымғали Нұрғалиевтың айтуымен Ұлттық кітапхананың сирек кі-
таптар бөлімінен «Батыр Баянды» алғаш оқығандағы әсерімді сөз-
бен айтып жеткізу қиын. Ол кез Мағжанның әлі ақтала қоймаған
тұсы еді. Содан поэманы жаттап алып, домбыраға қосып айтып
жүрдім. Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдығына сол поэманы пье-
саға айналдырып, сахнаға қойдым. «Батыр Баян» – ұлт-азаттық
жырлардың шоқтығы биігі.
– «Зиялы бар ма, әлде жоқ па?» деген сыңайдағы әңгіме жиі
айтылады. Ал сіз не дейсіз?
– Уақытында бізге «бай-болыстардың бәрі жаман» деп үйретті.
Саясаттың сандырағына сендік те. Осы күні зиялы қауымды қара-
лап, олардың арасына от тастап қоюға құмарлар табылып қалып
жүр. Мұның да артында сұрқия саясат жатқандай көрінеді. Тамы-
рына балта шабылған ұлт өмір сүруін тоқтатады. «Сендерде қай-
раткер де, зиялы да жоқ» деген ұғымды сыналап санаға сіңіру түп-
тің түбінде өзімізге қауіпті екенін түйсінетін кез әлдеқашан жетті.
Әрине, орыстілділердің ел тізгінін ұстап отырғаны жаныма бата-
ды. Ел ортасына шыққан айтыста шенеуніктерді жақсылап тұрып
сынап та аламыз.
– Ақынның негізгі миссиясы да сол емес пе? Сыпыра жырау,
Асанқайғыдан бастап, Бұқарға дейінгі, одан бергі зар заман ақын-
дары ел үшін еңіреп, егіліп өткен. Бетің бар, жүзің бар демей,
ханның жүзіне тіке қарап тұрып айтқан толғауларын қалай ғана
ұмытармыз...
– Ой, айналайын-ау, бұлардың құлағына түк кірмейді ғой.
Әйтпесе, сен жазған мақалаңнан бір шешім шығады деп күтіп
жүрсің бе? «Сөз сүйектен өтеді» деген қазақ баласы едік. Қазір
«айттым», «баяғыда айтып тастағам», «айтып жүрмін» дегеннен
асқан кімің бар? Бүгінге дейін «айтып жатырмыз», «айтып жатыр-
мыз», ал шын мәнінде істеп жатқан түгіміз жоқ. Өтірік деші.
107
Достарыңызбен бөлісу: |