Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет38/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– Жырау мен жыршы сөздерін бірінің орнына бірін қолдану 
үрдіске енген секілді. Жыршы дегеніміз жырды орындаушы, ал 
жырау жыр тудырушы адам емес пе? 
– Негізі солай. Бірақ, біршама аймақта көне жырды орындау-
шының өзін «жырау» деп атайды. Жыр орындаушыларының көбі 
өз жандарынан өлең шығарады. «Жырау» деген әдемі сөзді олар-
дан несіне қызғанамыз? Қазір «жыршы-жыраулар» деген сөзді 
қолданып жүрміз.
– Айтыс өнерінен неге кеттіңіз? 
– Жас балалармен жүлдеге таласқандай болмайын деп ойла-
дым. Сосын жастармен сөзіміз жараса қоюы да қиын. Мен сахнаға 
шыққанда қарсыласымды жеңуді көздеп, әдіс-тәсіл ойластырып 
жатпайтынмын. Әйтеуір, көкейімде жүрген аталы сөзді айтып қа-
луды мақсат тұтатын едім. Ең нашар деген айтысымда халықтың 
бір ауыз сөзін сөйлеп қалуға тырыстым. Менің айтысқа шығуыма 
себепші болған кісі – Шәрібек Алдашев. Ол Базар жырауды зерт-
теген адам.
– Алдын ала өлең жаттап алып айтысқа шығатын кездеріңіз 
болды ма? 
– Бір ауыз өлең білмей шығатын кезіміз аз емес еді. Әйткенмен, 
алдын ала ойды жұптап та алған жөн. Құр жаттап алған айтыстан да 
мән қашады. Біздің алдымыздағы ағалардың дәптерін партия тексе-
ріп, цензурадан өтсе ғана шығаратын болыпты. Ол заман өтті. Суы-
рып салатын өнерің болмаса, айтыста шаршы алаңға шығудың да 
қажеті шамалы. Бір айтқан өлең жолдарын барған жерінде қайталап 
жүре беретіндер де жеткілікті. Кейде өзіміз айтқан сөздерді басқа-
ның аузынан естіп жатамыз. Оған не дейсің, енді? 
– Осы күндері халықтың айтысқа деген көңілі суыған сыңайлы...
– Мен өзім айтыс ақындарын сынауға қарсымын. Екеуміздің 
осы әңгімемізді өзгеріссіз қағазға түсірсең, көптеген сөйлемдердің 
дұрыс құрылмағанына көз жеткізер едің. Сенің қаламмен түзеп-
күзеп жіберуге мүмкіндігің бар. Айтыскер сөз сайысына түсіп 
жатқанда түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оның бәрін же-
ңіп шығу ет пен теріден жаралған адамға оңай емес қой. Шәрібек 
ағам «жеке басыңның өкпесін емес, халықтың өкпесін айт» деп 
отырушы еді. Айтыста сол ұстанымнан айныған емеспін. Қарсылас 
ақынның жанына жара салып, абыройын түсіргеннен не пайда? 
Меніңше, сөз жекпе-жегіне шыққанда ойланбай айтып қалған сөз-


108
деріне өкінетін ақындар көп шығар деп ойлаймын. Кейінгі кезде 
«айтысқа тыйым салынғалы жатыр» деген әңгіме шықты. Сонда 
қалай болғаны? 
– Қырғызстанда өткен манасшылардың халықаралық конкур-
сына қатысып, жүлделі оралғаныңыздан хабардармыз. Ағайын ел 
қазақтың манасшысын қалай қарсы алды? 
– 1993 жылы айыр қалпақты ағайындардың елінде қазақ-
қырғыз ақындарының айтысы өтті. Мен тұңғыш рет қырғыз же-
рінде «Манас» жырын жырлаған едім. Осы жолы Манас батырдың 
мың жылдығына шақырту алып қайттым. Ондағы жұрттың Манас 
десе, көңілі алабөтен. Манастың бізге жаттығы жоқ. Түбіміз бір 
көк түрік емес пе? Қала берді «Манас» жырын Шоқан Уалиханов 
ең алғаш ел аузынан хатқа түсірген, Мұхтар Әуезов оны Кеңес 
үкіметі кезінде қорғап қалған, Әлкей Марғұлан зерттеген ғой. 
Қырғыздың мәдениеттанушы ғалымдары маған «Манастың» ең бір 
нәрлі жерлерін дәл тауып айтады екенсіз» деп баға берді. 90 жыл-
дары ел қиын кезеңді бастан кешірді. Сол тұста мен елді-
мекендерді ақы-пұлсыз аралап концерт қойдым. Онда да ел сұра-
нысы бойынша «Манасты» жиі жырладым. Қазір немерелерімді 
осы жырмен тербетіп жүрмін.
– Драматургиялық шығармаларыңыздан сатираның сарыны 
аңғарылады. Күлкінің өзінің алуан түрі бар. Сіз елді қалай күлдір-
генді ұнатасыз? 
– Шығармаларымдағы әзілдер өмірдің өзінен алынған, ешқан-
дай мысқылы, ішкі қыжылы жоқ. Сондықтан, қазақы қалжыңдар 
көңілге тек шуақ сыйлайды.
– Әнге сөз жазады екенсіз...
– Ермұрат Үсенов деген композитор Көкшетауға келіп қалды. 
Сонда ол «Композитор мен ақын жолыққан жерде бір ән тууы ке-
рек емес пе?» деді. Не керек, сол жолы «Сырлы Көкше» атты ән 
дүниеге келді. Одан кейін балам Нұрлан «Ай Көкше» деген өлеңі-
ме ән жазды. Әкелі-балалы бірігіп шығармашылық жұмыс істей 
бастадық. Мен өлең жазамын. Нұрлан ән шығарады. Бір күні ба-
лам «Айым атты қызға ғашық болып қалдым. Маған «Айымға» 
өлең жазып беріңізші» дейді...
– «Ғажайып күй» атты әндеріңіздің үшінші шумағы көңілге 
қонымсыз екенін айта кеткен абзал болар...


109
– Республика деңгейінде жақсы тараған «Азия» тобының 
орындауындағы «Ғажайып күй» деген әніміз бар. Бірде Нұрлан 
хабарласып айтады: «Топ құрамында үш жігіт болғандықтан, 
өлеңге үшінші шумақ керек болып тұр» деп. Мен бір шумақ өлеңді 
оларға жолдағанымша, «Азия» тобының жігіттері үшінші шумақ-
ты өздері жазып жіберіп, содан ол сахнаға шығып кетті.
– «Ән мен анаша» деген музыкалық комедия түсіріпсіз. Кино 
өнері үлкен күш-қуат, қаржы-қаражатты талап етері өз-өзінен 
түсінікті. Осы мәселені қалай шештіңіз? 
– Бір кездері «Қазақфильмде» жұмыс істегенмін. Онда ұлттық 
тақырыптағы бірнеше деректі фильмнің сценарийін жазғанмын. 
Марат Нәбиев деген кәсіпкер азаматпен таныстығым бар еді. Сол 
кісіге хабарласып, ойымды жеткіздім. Қарсы болмады. Киносту-
дияға әйгілі Балуан Шолаққа бата берген Паң Нұрмағанбеттің 
атын қойып, айдар тақтық. Марат камерасын, қажетті құрал-
жабдықтарды алып берді. Киностудияның кеңсесі өз үйімнің ішін-
де. Шопыры да, сценарисі де, режиссері де, бәрі – өзім. Бұған негі-
зі Ақмола облысы театрының әртістері түсті. Басты рөлде Нұрлан 
ойнады. Ол өзі білім алып жүрген өнер академиясының бірінші 
курсында оқитын Жансая Байдарбекова деген қызды кинодағы 
басты рөлге дайындап жатырмын деді. Басты кейіпкерді көрмей 
таңдау деген режиссура тарихында болмаған шығар. Не де болса, 
балама сендім. Бір күні Нұрлан «Кино түсірілімі аяқталған соң 
Жансаяға үйленсем қайтеді?» деп қарап тұр. Мен қалай қарсы бо-
лайын. «Онда кино түсірілімі басталмай тұрып қосылып алыңдар» 
деп екі жастың некесін қидық. Қысқасы, бір мезгілде киноны да 
түсірдік, келінді де түсірдік. Одан кейін «Жер шоқтығы – Көкше-
тау» деген деректі фильм «Паң Нұрмағанбет» киностудиясы арқы-
лы көрермендерге жол тартты. 1932 жылғы қазақ халқының тари-
хи трагедиясы – ашаршылық туралы «Ашаршылық жылғы махаб-
бат» көркем фильмінің сценарийін жазып бітіргеніме де бірнеше 
жыл болды. Қазақтың кереметтігін паш ететін «Ұлы даланың 
аңыздары» деген киноның сценарийі жазылып бітіп қалды. Ал 
сценарийге «жан бітіру» – болашақтың үлесі. Тіпті қазақ ертегіле-
рінен көркемфильмдер түсіруді де көптен армандап жүрмін.
Әңгімелескен Арман ӘУБӘКІР 
«Түркістан» газеті. 


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет