Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет41/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

– Әңгімеміздің басында түрлі бағыттағы өнер, әдебиет ағым-
дары туралы сөз бастап қалдыңыз. Сол пікірге қайта оралсақ.
– Әдебиет – жеке әлем. Біреу гүл егеді, біреу ағаш, біреу тікен 
өсіреді. Адамзаттың бойындағы ізгі сезімдерді, қасиеттерді оята-
ды, жақсылыққа бағыттайды. Қазір сол әдебиетіңізде неше түрлі 
ағымдар шықты. Адам бойындағы жыртқыштық сезімдерді оята-
тын, шамадан тыс мұңға батыратын дүниелер пайда болды. Франс 
Кафканың өзі: «Мен өлген соң дүниелерімді жағып жіберіңдер», – 
деген. Сол Кафка бір кезде Еуропада мода болды. Оны оқымаған 
кісі жазушы, әдебиетші емес деп танылды. Ервин Кош деген 
Югославияның сатирик-жазушысы: «Мен де Кафканы оқып көр-
дім. Бірақ, дүние одан да қасіретті ғой. Оның үстіне, ананың қор-
қынышын, қайғы-қасіретін оқып неге жындануым керек?», – дейді.
Бізде де сондайды үлгі қылу бар. Мысалы, жас ақын-жазушылар 
келеді. Өмірді жаңа бастап жатыр, шын қайғы-қасіреттің не екенін 
білмейді, білмей-ақ қойсын, бірақ мұң, қайғы-қасірет іздеп аласұра-
ды. «Қожанасыр» деген пьеса жаздым. Оған хан: «Әй, данышпандар 
өмір өткінші, өмірде мән жоқ деп жатады. Ал, сенікі не күлкі?», – 
дейді. Сонда менің кейіпкерім: «Алдияр, ақыры өледі екенбіз, жы-
лап өлгенше, күліп өлгеніміз жақсы емес пе?», – дейді.
Көп күле берсең, тағы жынды болып кетесің...
Көшедегі адамдардың түріне қараңызшы, шаршаған, қажыған 
халық көресіз. Тіршіліктің қиындығы жүйкені жеп қояды. Проза-
мыз, поэзиямыз, пьесамыз не беріп жатыр халыққа? Өзің шаршап 
барасың театрға. Одан жылап шығасың. Немесе, өзің қалжырап 
келесің, өлең оқысаң, ол тағы жылауық.
Сондай ауыр мұң әсер еткен бе, қазір қит етсе, ойпырмай, ел-
дің бәрі сарнап қоя береді. Қиянат көрмеген кісі жоқ. Өзі қиянат 
істемеген, бірақ оған барлығы қиянат жасаған. Өз басым көп адам-
нан жақсылық көрдім. 17-ге толмаған кезде ҚазМУ-дің филфагіне 
оқуға түстім. Сол шақта да «қазақ тілі құриды екен» деген сөз бол-
ған. «Физика-математиакаға бар. Қазақ тілінің болашағы жоқ» де-
гендердің сөзіне құлақ аспай, айтқанымнан қайтпадым.
Бірінші емтихан – шығармадан үш алдым. Екінші емтиханға 
келсем, әдемі, қасқабас азамат, қасында көрікті келіншек отыр. Ма-


116
ған «С. Дөнентаевтың өмірі мен творчествосы» деген сұрақ келіпті. 
Дөнентаевтың қай кезде өмір сүргенін білгенім болмаса, не істеп, не 
қойғанынан хабарым жоқ. Бірақ, шығармашылығымен таныспын. 
Мен үшін ақын – ақын, жазушы – жазушы. Оның мансабы, мандаты 
қызық емес. Сонымен қолымды көтердім де, «Аға, С. Дөнентаевтің 
өмірі мен қызметін білмейді екем, творчествосын айтуыма бола 
ма?», – дедім. Бір сәт өлі тыныштық орнады. Бір орынға он бала та-
ласып тұр. «Бар, айналайын, келесі жылы оқып кел» деуге толық 
моральдік қақысы бар ана кісінің. Бірақ, сәл кідіріп барып, «Божа-
лыста», – деді. Қуанып кеттім. Ал бір сарнайын сосын. «Бозторғай 
зорлық көріп тұрымтайдан...» деп бастап, ал кеп соқтым. Риза бо-
лып кетсе керек, «Шығармадан үш алыпсың ғой, бес қоя алмаймын, 
төрт қоямын», – деді күліп. Сол қасқабас кісіңіз – өзіміздің Тұрсын-
бек Кәкішов. Қасындағы апайдың фамилиясы – Түрікпенова.
Үшінші емтихан – тарихтан. Экзаменаторлар бір ер адам мен 
бір әйел баласы екен. Фамилиясы не Ықсанов, не Ысқақов. Сам-
бырлап жауап беріп жатырмын. Ол кісі емитхан қағазымды ашты 
да: «Шығармадан үш алыпсың ғой, бес қоя алмаймын, төрт қояй-
ын, өтіп кетерсің», – деді. 17-ге толмаған мен қалай істегенімді 
өзім де білмеймін, қағазды қос қолыммен басып қалдым. «Аға, – 
дедім, – не екі қойыңыз, не бес қойыңыз. Төртіңіздің керегі жоқ». 
Сасып қалған ол қасындағы келіншекке сұрақ қойғызды. Бірдеме 
деп жауап бердім. Ана әйел жауабыма қанағаттанбады. Сол кезде 
экзаменатор ашудан қып-қызыл болып кетіп: «Мына баланың кө-
зінде от бар ғой. Ол оқымағанда кім оқиды?», – деді де, қолымдағы 
қағазды жұлып алып, нығыздап тұрып бес қойып берді. Сөйтіп, 
ылғи төрт алғандармен ұпайым теңесті.
Төртінші емтихан – неміс тілі. Сөздік береді екен. Судыратып 
бірдеме оқып едім, сұрақтың астына алды. ГДР туралы сұрасын. 
Германияны мен қайдан білейін? Әкем марқұм соғысқа барған ғой. 
Берлинге қырық шақырым жетпей майданнан оралған. Сол кісі 
«Лейпциг» деген қаласында зоопаркін көрдім, Дрезденде сурет 
галереясы бар деп отыратын. «Дрезден галерей» деп бір соқтым. 
«Лейпциг зоо» деп екі соқтым. Содан «зоо»-дан аңдарға түстім 
ғой. Германияның аңдарға не қатысы бар! Бірақ мен аңдар туралы 
немісше бірдеме білем, соны шатып-бұтып айтып, емтихан алушы 
жас жігіт пен қыздан бес ала алмасам да, төрт деген баға қойды-
рып шықтым. Осы жақсылық па? Жақсылық әрине. Егер сол кезде 


117
«Сау бол, айналайын, десе» мен филфакқа қайта айналып келер ме 
едім, жоқ па, Құдай біледі. Кезінде көп адамдардан жақсылық көр-
дім. Қазіргі заманның өзінде адамдарды бұзылып кетті деп жата-
ды. Иншалла, жақсы адамдар да, жақсылық та бар қазір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет