Шығармалары деректі дүниелер


Даңғайыр жырау Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына арнал-



Pdf көрінісі
бет43/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Даңғайыр жырау Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына арнал-
ған екінші республикалық жыршы-жыраулар сайысын жүргізу 
үшін арнайы Алматыдан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 
Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығы-
ның лауреаты, жазушы, белгілі айтыс ақыны, жыршы, манасшы 
Баянғали Әлімжанов келді. Екі күнге созылған шараны әдемі жүр-
гізіп, шырайын кіргізген, арасында өзі де «Манастан» үзінді жыр-
лап, халық ықыласына бөленген Баянғалимен бірер ауыз тілдесудің 
сәті түсіп еді.
– Ал, Ақтөбеге қош келіпсіз. Нұрпейіс атамыздың тойына 
орайластырылған жыршы-жыраулар сайысының тізгінін өзіңіз 
ұстадыңыз, не түйдіңіз? 
– Жыршы-жыраулардың сайысы деген бір тамаша думан ғой, 
Нұрпейіс атамыздың тойына арнайы шақырған адамдарға рахмет. 
Бұрын-соңды Ақтөбеде болып жүрмін. 1989 жылдары айтысқа 
келдім, одан Тама Есет Көкіұлының, Есет Көтібарұлының тойла-
рына қатыстым. Қобыландының тойында келдім. «Ақынға қара 
сөзден өлең оңай» демекші, әңгімемді осы той барысында ойыма 
оралған жыр жолдарымен бастағым келіп отыр:
Нұрпейіс атын 
Естігем бала күнімнен,
Жырларын оқып,
Жаттаушы ем таза көңілмен.
Суреті оттай басылушы еді көзіме, 
Жүзінен нұры,
Жүректен жыры төгілген.
Даланы кезген сақалы желмен желбіреп,
Аңыздардағы абыз аталардай көрінген.
Мәңгіге кеткен 
Батырып мұңға мұнартып,
Мыңдаған жылдан 
Аманат жырдан жүк артып,
Балбал тастарды 
Шыққандай жарып қоңыр үн, 
Қазақтың сөзін 
Ғасырға келер ұзартып.


122
Дүние, ғалам 
Жайында кеткен ойға көп,
Жыраудың жыры 
Жерге де, көкке, айға дөп. 
Жынданып жатқан 
Жан-жаққа кейде қараймын, 
Нұрпейіс атадай 
Нұрпейіл жандар қайда деп?! 
Нұрпейісті көрген қазақтың атақты ақын-жазушылары Сәбит 
Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Қуандық Шаңғытбаев 
жырау жайында керемет естеліктер қалдырған. Жалпы көрсе, көз 
тойғандай сымбатты, мәдениетті кісі болған ғой. Өзінің «Нарқы-
зы» мен «Ақкенжеден» басқа қаншама жырларды жырлаған ұлы 
жырау. Біз бала күнімізде мектептен атын біліп, «Ер туралы жы-
рын» жаттап өстік. Енді осындай халық ақынының мерейтойында 
жыршы-жыраулардың республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп 
бас қосуы бір ғанибет болды. Сайысқа қатысушылардың жасына 
шек қойылған жоқ, соның өзі шараның сәнін кіргізді. Сонау Се-
мейден келген қарт жырау, кәнігі жыршы Нығметжанов Дүйсенға-
зыдан бастап он үш-он төрт жастағы жас талап жыршылардың ке-
луінің өзінде өнегелік мәні бар. Жыршылар жасы ұлғайған сайын 
кемеліне келіп, жыр қорларын молайта береді, орындау шеберлікте-
рі жетіле түседі. Кейінгі толқын үшін мұның маңызы зор. Көзімен 
көріп, құлағымен естіп, талай нәрсені көңілдеріне түйіп қайтады.
Осы сайыстан байқағаным – жыршы-жырауларды тыңдайтын 
халық бар екен. Соған қуандым. Өйткені жырды екінің бірі түсіне 
бермейді. Бұл да дәстүрдің үзілмегендігінің көрінісі. Сайысқа қа-
тысқан жастардың сөзді түсініп айтуы, әуен таңдай білуі, домбыра 
тартыстары жақсы, бұлардың қай-қайсысы да осал емес, респуб-
ликалық сайыстарға бұрыннан түсіп жүргендер.
Облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлы тойда жүлдеге екі автокө-
лік қосты, бұл да Нұрпейіс атамызға деген, осы бір киелі өнерге 
деген құрмет деп білемін.
«Жыраулық өнер неге керек?» деп те ойлайтындар бар. Интер-
нет бар, басқа да дүниелер олардың орынын ауыстырып жатыр 
дейміз ғой. Бірақ ғасырдан ғасырға жеткен жыраулық өнердің ор-
ны бөлек екенін естен шығармауымыз керек. Бұл – атадан балаға 


123
мирас болып қалған өміршең өнер. Жырлардың энергетикалық 
қуаты мықты. Нұрпейіс, Мұрын жыраулар жырлаған тарихи жыр-
лар ұрпаққа аманат, оларды ілгері жеткізу – біздің міндетіміз. Жа-
сымыздан өлең-жырға құмартып өстік. Бала күнімізде әкем Тақан 
«Қазақ эпосы» деген кітаптағы 7 жырды мәнерлеп оқып отырады. 
«Алпамысты зынданнан қашан шығарасың?» деп жылайтынмын. 
Осы батырлар туралы жырлар бойымызға қуат беріп, жігерімізді 
жаныды. Қазір жыраулық өнер сияқты ата мұрамызды насихаттай-
тын мемлекеттік бағдарлама жоқ. Әлемде жыраулық өнерді зерт-
теп-зерделеуге деген құлшыныс сезіледі. Француздардың ең соңғы 
жыршысы бұдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеден өтіпті. Өрке-
ниетті ел болса да, ұлттық мұрасынан қол үзіп қалып отыр. Ал 
Еуропа елдерінде жыраулық дәстүр мүлде жоқ. Сондықтан біз осы 
жыраулық өнердің өркендеуіне үлес қосуымыз керек, қолда барды 
қадірлеп, одан айырылып қалмауымыз керек.
– Баянғали, сізді айтыс ақыны әрі манасшы ретінде халық 
жақсы біледі. Бұрынғы-соңғы айтыстар хақында өз көзқарасы-
ңызды білдірсеңіз. Қазір айтысқа қатысып жүрсіз бе? 
– Бұл бір ұзағынан толғайтын әңгіменің тақырыбы. Талай жер-
де айтып та жүрмін. Атүсті айтылатын нәрсе емес, кейін бір реті 
келгенде айтармын.
Айтыс туралы қысқаша айтсам, оны елуге келгеннен кейін 
қойдым. Бас-аяғы 216 рет айтысқа қатысқан екенмін. «Алаш пен 
Манас» деген кітап шығарып, соның ішіне 40 айтысымды енгіздім. 
Олардың арасында Ақтөбеде өткен айтыстардан да бар. Осы жылы 
«Аңыз бен аспан» деген кітабым жарық көрді.
Қазір немен айналысып жүргенімді айтсам, өзімнің шағын ки-
ностудиям бар, кино түсіріп жүрмін. «Ән мен анаша» деген көркем 
фильмді бұрынырақта түсіргенмін. Жақында «Аран» атты филь-
мімді аяқтадым. Жемқорлық туралы осы фильмімнің су жаңа дис-
кісін Ақтөбеге алып келдім. Драматургияда да өзімді сынап көрген 
адаммын, бұл фильмнің сценарийін де өзім жаздым, режиссер ре-
тінде өзім түсірдім, әрі рольге де өзім түстім. Фильмнің қанша-
лықты дәрежеде шыққанына баға беретін көрермен, сондықтан 
қалған әңгімені солардың еншісіне қалдырдық.
– Айтыс ақыны, жыршы Баянғалидың кино түсіргенінен ха-
барымыз жоқ еді, мұныңыз қызық жаңалық екен. Ақан Сатаев-
тың «Ағайынды» фильмінде ойнаған үш ағайынды жігіттің бірі, 


124
Кука роліндегі Нұрлан Әлімжановтың сіздің ұлыңыз екенін біле-
міз. Бүгінде көркем келбетімен, өнерімен көрермендердің көзай-
ымына айналған киноактер, сазгер балаңыз туралы бір-екі ауыз 
айтсаңыз.
– «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген қағида-
ны ұстанамыз ғой. Баламның өмірдегі, өнердегі қадамдарына қуа-
намыз, «тәубе» дейміз. Өзі елгезек, еңбекқор, тіл-көзден аман бол-
сын. Жұрт балаңды танып жатса, жақсы көріп жатса, ата-ана үшін 
одан артық қуаныш бар ма? Алматыда баламмен бірге тұрамыз, 
немерелеріміз бар, шүкір. Жастайынан халықтық өнерге сусындап 
өскен Нұрлан екеуміз шығармашылық адамдары ретінде бір-
бірімізді түсінеміз, біріміз әнін, біріміз сөзін жазып жүрміз. Қыз-
дарымның кішісі Ақкенжем де өнер саласында, актриса, «Хабар-
да» телебағдарлама жүргізеді.
Ал менің кино саласындағы жұмыстарыма таңданатын еште-
ңесі жоқ. Бір кездері «Қазақфильмде» жұмыс істегенмін. Ұлттық 
тақырыптағы бірнеше деректі фильмнің сценарийін жазғанмын. 
Марат Нәбиев деген кәсіпкер азаматтың көмегімен шағын кинос-
тудия ашып алдым. Оған әйгілі Балуан Шолаққа бата берген Паң 
Нұрмағанбеттің атын бердік. «Ән мен анаша» атты музыкалық ко-
медиядан кейін «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген деректі фильм 
түсірдік. Басқа да дайын сценарийлерім бар. Қазақ ертегілерінің 
желісі бойынша көркемфильмдер түсірсем деген ойым бар.
Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.
«Ақтөбе», 30 қыркүйек, 2010 ж.
– Сіздің бір басыңызда сан қырлы өнер бар. Айтыстың ақтаң-
герісіз. «Манасты» таңды-таңға қосып жырлағанда алдына жан 
салмайтын жыршысыз. Сатира сардарысыз. Жазушы-журналис-
тігіңіз тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырыңыз түгел. Кино 
саласында қайдан жүрсіз? 
– Бір ғана айтыстың өзінде 216 рет сөз қағыстырыппын. 22 рет 
бас жүлдеге ие болдым. Пьесаларым қойылып, кітаптарым басы-
лып жатыр. Иншалла, ауыл-елді аралап, осы абыройыма малданып 
жүре беруіме болар еді. Бірақ қандай жақсы кітап, керемет ой бол-


125
сын, оны оқитын адам ғана оқиды. Ал экранның құдіреті үлкен. 
Сол жерден өз ұлтымыздың мұраларын насихаттап, халыққа тәр-
бие беретін дүниелер көрсетпей, неге кеңістігімізді біреуге беріп 
қоюымыз керек. Бойында қазақтың қаны, намысы бар азаматтар өз 
мәдениетімізді өзіміз байытуымыз керек. Шетелдің атыс-шабысын 
түсіріп, оны аударып, елді есінен тандырып жатқандар мен сияқты 
екі аяқты, бір басты адам баласы шығар. Менің олардан қай жерім 
кем?! Жастардың, балалардың санасын сырттан келген сериалдар-
ға неге былғатуымыз керек. Өзімізде көрсететін батыр жоқ па, 
ақын жоқ па? Қазақы болмыстағы, мұсылмандық тұрғыдағы туын-
дыларды түсірсек, ғажап емес пе?! Неге осыны қолға алмаймын, 
мұны мен істемегенде, кім істейді деген ойдан туды. Әйтпесе, ки-
но шығарамын деген мақсатым жоқ еді. Баяғыда жас кезімізде көп 
ақын ағаларымыз «Баянғалидың түр-әлпеті киноға қай жағынан 
болса да келіп тұр» деп күлетін. Мен де барлық бала сияқты кіш-
кентай күнімде киноны жақсы көрдім. Қиялымда актер болуды 
армандадым. Қазір кішкентай ғана фильммен үлкен мәселе көте-
руге болатынын түсіндім. Сөйтіп, тәуекел деп кірісіп кеттім.
– Қаражатты қайдан таптыңыз? 
– Астанада тұратын Марат Нәбиев деген кәсіпкер көмектесті. 
Керек-жарағымызды түгендеп берді. Төрт бөлмелі үйімнің бір 
бөлмесінен киностудия аштым. Балуан Шолаққа бата берген Паң 
Нұрмағамбеттің атын қойдым. Директоры да, көркемдік жетекшісі 
де, сценарийін жазушы да, қоюшы режиссері де, шопыры да, 
есепшісі де, актері де – өзім.
– Одан бері төрт жылдан асты. Осы уақыт ішінде қазақ ки-
носының алтын қорына қандай үлес қостыңыздар? 
– Ең бірінші «Ән мен анаша» музыкалық комедиясын түсірдік. 
Мұнда қазіргі заман тынысы, жастық, махаббат тақырыбы әнмен 
қатар өріледі. Сондай-ақ, өмір туралы ойлар лирикалық сезім мен 
сатиралық тілмен астарлап жеткізілді. Рөлдерде Көкшетау театры-
ның артистері және өз ұлым Нұрлан ойнады. Негізінен, Нұрлан-
ның әндеріне құрылған. Балама «Бас кейіпкерді сомдайтын қыз 
бала тап» дедім. Ол бір күні «Жансая Байдарбекова деген қызбен 
келістім, әке» деп хабарласты. Қызық болғанда, кино мен келінді 
қатар түсірдік. Жансаяны келін етіп, түсіру жұмыстары біткен соң 
құда шақырып, той өткіздік.


126
Одан кейін «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген 45 минуттық 
деректі фильмді өмірге әкелдік. «Ұлы дала аңыздары» және 
«Ашаршылық жылғы махаббат» көркемфильмінің сценарийі дай-
ын. Бірақ қолға алуға әзірге қаражат табылмай тұр. Сондықтан аз 
қаражат талап ететін, бірақ мағыналы туынды жасасам деген ойым 
болды. Сөйтіп, жақында «Аран» фильмі жарыққа шықты.
– Фильм өзегіне қысқаша тоқтала кетсеңіз. 
– Бұл – өмірде қызметте жүрген жақын адамымыздың басында 
болған оқиға. Оның басына нақақ іс түсіп, түн ішінде телефон ша-
лып, көмек сұрағаны, тығырықтан шығар жол іздеп шырқырағаны, 
оған жасаған зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау әрекеттері қат-
ты әсер етті. Әйтеуір ол іс өмірде сәтте шешім тапты. Аман-есен 
құтылды. Осы жайтты көркемдеп, кино тілімен сөйлеттік. Ішкі 
жанайқайыммен айналамыздағы кісі ақысын аяусыз жеп жүрген-
дерді оятқым келді.
– Неге «Аран» аталды? 
– Әу баста «Жемқор» деп қоюға бел байлағанмын. Кейін ойла-
на келе «Аран» деп өзгерттім. Мағынасы кең, ауқымы үлкен сөз 
ғой. Баяғыда терең ор қазып, аңдарды соған жан-жағынан қуып 
әкеп, қамайды екен. Аранға түскен аң шыға алмай, тыпырлап, аң-
шылардың құрығына ілінеді. Оның үстіне, қазақта «Аузын арандай 
ашты» деген сөз бар ғой. Бір сөзбен айтқанда, тойымсыздық, қана-
ғатсыздық деген мағынада.
– Бас кейіпкердің рөлін өзіңіз сомдағаныңыз қалай? 
– Мен де өнердің бір өкілімін ғой. Бір кездері «Қазақфильмде» 
жұмыс істегенім де бар. Бірақ көп ойландым. Халық артисін ша-
қыруға шамам жетпеді. Кім сонау Степняк ауылына барып, киноға 
түсіп жүреді. Оған жағдай жасап, бабын тауып, қасында қас-
қабағын бағып жүру керек. Сондықтан күй талғамайтын өзім тү-
суіме тура келді. Мұнда кәсіби артистер төрт-бес адам ғана. Тө-
леубек Қоңбайұлы, Айбек Құсайынов, Елтай Мұстанов, Гүлмира 
Жакелина, Маржан Бөкешова. Өмірдегі апайым Сұлушаш Досым-
бекова кинода апайымды, құдам – құдамды ойнап шықты. Халық-
тық кино болады деген үміттемін. 10 мың доллар қаржы жұмсал-
ды. Он алты күн ішінде аяқтадық. Мұхтар Ержанов, Валерий Бала-
ков, Ержан Досымбековтің де еңбегін ерекше айта кеткен жөн. 
Музыкасы – таза қобыз бен домбыраның үні. Бала күнімде қобыз-
да ойналатын «Қоңыр» күйін қатты жақсы көретінмін. Сол күйді 


127
кейіннен ұзақ іздедім. Біреу Қорқыттікін, бірі Сүгірдікін алып ке-
леді. Бір күні радиода жұмыс жасайтын Мұхамедқұл досыма біраз 
дәстүрлі музыка көшіріп беруін өтіндім. Сөйтсем, мен таппай жүр-
ген «Қоңырды» Әбікен Хасеновтің орындауында жазып әкеліпті. 
Қуанғанымнан, жылап жібере жаздадым. Сөйтіп Қорқыттың, Тәт-
тімбеттің, Әбікеннің, Біржанның мұраларын енгіздім. Қазір бейне-
таспа арқылы таралу үстінде. Жабайы түрде де сатылып жатқанын 
көріп, екі түрлі сезімді бастан өткердім. Біріншісі – менің жеке 
мүлкімді біреу ұрлап алғандай әсер қалдырды. Екіншісі – жілік 
майы татитын, бюджеті орасан кинолармен бірге менің еңбегімнің 
де насихатталып жатқанына риза болдым.
– Алматыға көшіп келгенсіз бе? 
– Жоқ, екі қаланың ортасында жүрмін. Осында келіп, немере-
лерімнің қасында жиі болғанды тәуір көремін.
– Әдебиетте не жазып жүрсіз? 
– Былтыр «Аңыз бен аспан» деген кітабым шықты. Батырлар 
туралы жыр-дастандарым басылымдарға басылды. Пьесаларым 
Көкшетау, Семей, Павлодар, Алматы театрында сахналанды. Был-
тыр «Батыр-Баян» пьесамды Солтүстік Қазақстан театры қойды. 
Жыршы ретінде Қазақ радиосының «Алтын қорына» «Батыр 
Баян», «Манас», «Бақтыбайдың тезек төреге айтқаны», «Жанақтың 
Рүстем төреге айтқаны» сияқты тарихи жырларды және өз шығар-
маларымды жаздырдым. Бұл халықтың мәдениетіне кішкентай 
болса да қосқан үлесім ғой деп ойлаймын.
Әңгімелескен 
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА 
«Айқын» газеті. 14 қаңтар, 2011 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет