Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі өнеге тұту



Дата26.06.2018
өлшемі52 Kb.
#44471
Тақырып: «Ұрпаққа ұран болған - ұлы жеңіс!»
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған слайд. Кітап көрмесі. Қанатты сөздер
• «Сен жаудан қашсаң, өмір сеннен қашады.» Бауыржан Момышұлы.
• «Соғыстың ең алғашқы құрбаны – ақиқат» Джонсон Хайрам.

«Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» Мұхтар Шаханов.
Кітап көрмесі: «Мың тағзым саған Ұлы жеңіс.»
Әдісі: баяндау, сұхбат, мерекелік монтаж, сахналық көрініс, мәнерлеп оқу.

ӨТУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастырукезеңі:
1. Сыныптантыс іс шараның тақырыбы, өткізілу мақсаты, жүргізілу жоспарымен таныстыру.

ІІ. Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, бүгінгі мерекелік кешіміз Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына байланысты «Ұрпаққа ұран болған – ұлы жеңіс.» деген атпен өткелі отыр. Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, оларды үлгі - өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды - жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды

Көрініс: « Соғыс қасіреті!»
Немересі: Әже, әже! Мен бүгін «бестік» баға алдым. Мен сондай бақыттымын!
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, тамағыңды іше ғой, балам!
Немересі: Қазір тамағымды ішіп, қозыларыммен ойнап, атқа мініп келемін.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашисттері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7 - де ресми түрде мәлімдеді. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Аттан! – деді,
Ол қазір аттанады,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырлардың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Әжесі: Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Ел әлсіреп күшті дауыл тезінен,
Тыныш жатқан берекелі Отанға
Қанішердің көз қадарын сезіп ем.
Әкесі: Тыңда, балам, тыңда, күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің –
Барлығы саған аманат.
Әжесі: Оралшы аман жеріңе,
Көрісші туған еліңмен.
Мәскеу үшін шайқас

Мәскеу алаңындағы күрес 1941 жылы 30 қыркүйек басталды. Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қаншама әскерден тек 28 батыр аман қалып, жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В.Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жлқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. осы 28 панфиловшылардың барлығын Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бұл Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Олар жауды 1942 жылы қаңтарда астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ленинград үшін шайқас.

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті.



1941 жылы 8 қыркүйек айынан 1943 жылы 18 қаңтарға дейін фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда Кеңес әскері бұл әрекетке тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистер аштықтан, суықтан қалтыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек бір ғана жол арқылы байланыс жасады, мұны жау күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. 1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқаста аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды.

Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов пен 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен Бақтыораз Бейсекбаев ерлігі ұмытылмақ емес.


Сталинград үшін шайқас.

1942 жылы17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды.1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді.

Қазақстандықтардың Еділ бойындағы қаһарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде «Сталинград Шығыстың кілті» деп көрсетілді.Сталинград бағытындағы шабуылдау және қорғаныс шайқастарына Қазақстан жерінде құрылған және жасақталғандивизиялар мен құрамалар қатысты.

1943 жылықыста Сталинград түбінен 600-700 шақырым жерге қуылды


- Бұл соғыс дүниежүзін қамтыды, 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 - да бұрын соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атты. Міне, жеңіс күні осылай келді.
- Дүниежүзі халқы бостандық алды. Халық Отан, жер, ел ұғымын терең сезіне түсті.
- Ешкімде ұмытылған жоқ, еш нәрседе ұмыт қалған жоқ.
- Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жауды жеңген солдаттар.
- Қазақ ұлдары Брест қамалын қорғады. Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев жеңіс туын тікті.(1945 жылы 30сәуірде)

Талқыланатын тақырыптар:

  1. Көрініс « Соғыс қасіреті!»

  2. Ұлы Отан соғысының басталуы. Германияның КСРО-ға шабуылы.Шайқастар жөнінде мәлімет беру.(Мұғалім)

  3. Мәншүк Маметованың өмірі мен ерлігі. (Жәния)

  4. Стихотворение Булат Окуджава (оқушы)

  5. Әлия Молдағұлованың өмірбаяны.

  6. Соғыстан қайтпаған солдат. (Рахат)

  7. Стихотворение Т. Лаврова

  8. Қорытынды сөз тарих пәні мұғаліміне беріледі


Мұғалім: Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып, соғысқа аттанған ата - апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бізді осы тәуелсіз бақытты күнге жеткізген батыр ата – апаларымыздың күш жігерінің арты екенін білеміз.

Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті, Қазақ халқының алдында соғыс зардаптарын жою, экономикасы мен мәдениетін, өнер кәсіпті ауыл шаруашылығын, ғылым мен техниканы дамыту тұрды. Тарих тағлымына көз жіберсек қазақ халқы қаншама қиындықтарды басынан өткізіп, бәріне тойтарыс беріп, өзінің шабандылығымен төзімділігі мен парасаттылығын көрсете білді. Егеменді ел, тәуелсіз Қазақстан болып, көшбасшы болып, әлемге танылды.
Каталог: uploads -> doc -> 07bd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07bd -> Сабақтың тақырыбы: хіхғ ІІ жартысындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі
07bd -> Сабақтың тақырыбы: § Ежелгі Вавилон Сабақтың мақсаты
07bd -> Сабақ №21 Мерзiмі 08. 02. 16 Тақырып Мөлдір бұлақ жасыл құрақ Құндылық қиянат жасамау
07bd -> Әдебиеттік оқу Кімнің мекені жақсы? Қызығушылықтарын ояту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет