«Шығармашылық жоба» пәні оқу бағдарламасынан (силлабустан) көшірме


Шағын кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері мен сипаттамалары



бет6/7
Дата27.04.2023
өлшемі108,5 Kb.
#175616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.Шығармаш жоба, 4-5 кезеңдер, 14-15 апта

1.2. Шағын кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері мен сипаттамалары
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақатрының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап,өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды [25].
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспортттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру – праволық формаларына байланысты, пайдадан амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден, т.б. заңға қарсы емес түсімдерден тұрады.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылады. Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту – стратегиялық маңызды мәселелердің бірі ретінде экономикалық дамудың басты бағыттарының бірі болып қалыптасып отыр.
Осыған орай, жыл сайын Елбасы және Үкімет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға ерекше назар аударылып, нақты міндеттер айқындалып келеді.
Шағын кәсіпкерлік саласы дамуының әр кезеңінде мемлекеттің негізгі міндеттері - шағын кәсіпкерліктің жедел дамуына жағдай жасау, мемлекет пен жеке сектор арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, жеке кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатының жаңа тәсілдерін жетілдіру болып табылады [26].
2-суретте шағын кәсіпкерліктің тұрақты даму сызбасы бейнеленген.
Шағын кәсіпкерлікті қызмет салалары бойынша орналастыру әр түрлі салалардағы бәсекелестік ортаның ерекшелігін атап өтуге болатын, рынокқа кірудегі кедергілер, оның ішінде әкімшілік кедергілер, қызметті лицензиялау тиісті қызметтер мен өнімдерге сұраныс, өнімділік (шағын кәсіпкерлікке қатысты ресми және ресми емес нормаларды айтуға болады) меншікті мемлекеттіксіздендіру сияқты бірнеше факторлармен анықталады [27].
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.



Сурет 2 – Шағын кәсіпкерліктің тұрақты даму сызбасы
Ескерту – [26] әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.


Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50% келеді, (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар. фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартуда орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет