«Шығармашылық жоба» пәні оқу бағдарламасынан (силлабустан) көшірме



бет4/7
Дата27.04.2023
өлшемі108,5 Kb.
#175616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.Шығармаш жоба, 4-5 кезеңдер, 14-15 апта

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................25




ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................26



КІРІСПЕ


Жобалық жұмыстың өзектілігі:
Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Жобалық жұмыстың мақсаты:
Қазақстанда кәсіпкерлік пен шағын кәсіпкерлік істің даму тарихы мен заңдылықтарын зерттеп, олардың жаңа нысандары мен түрлерін дамыту жолдары мен тетіктерін анықтау.
Яғни, кәсіпкерліктің инновациялық формаларын анықтап, тетіктерін іздестіріп, оның кластерлік жүйеге түйісу үлгісін қалыптастыру.
Жобалық жұмыстың міндеттері:
-кәсіпкерлік пен шағын кәсіпкерлік істің теориялық негіздерін анықтап, зерделеу;
-шағын кәсіпкерліктің мән-мазмұнын, ерекшіліктерін зерттеп, өзекті мәселелерін анықтау;
-еліміздегі шағын кәсіпкерлікті қолдау шараларының бағыттарын анықтап, оларды дамытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Шағын кәсіпкерлікті зерртеу деңгейі:
Кәсіпкерлік жайлы ғалымдар мен зерттеушілер әр уақытта өздерінің әр-алуан түсініктерін ұсынды, ол әртүрлі қоғамда түрліше талқыланды.
Кәсіпкерлікті кешенді зерттеуге өздерінің классикалық еңбектерін арнаған авторлар мыналар: Р. Контильон, А. Смит, Ж. Б. Сэй, К.Маркс, Й. Шумпетер, П. Друкер, Р. Хизрич.
Кәсіпкерліктің әртүрлі нышандарының орын алуына байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің әр алуан тұжырымдарын ұсынады. Кәсіпкерліктің жеке нышанының рөлі, қалыптасу көздері және орны туралы ой-пікірлерді отандық ғалымдар Е.Б.Жатқанбаев, А.А.Әлімбаев, О.С.Сәбден, А.Е.Есентүгелов, Р.Ә.Байжолова, Б.Г.Мұхамеджановтардың жұмыстарынан көруге болады.
Қоғамның өмір сүру жағдайына немесе дамуына байланысты жеке – дара кәсіпкерлік ұғымы түрліше талқыланады. Қазіргі уақытта рынокты экономикаға тән жеке кәсіпкерліктің орны алуына байланысты іскерліктің осы нышанына байланысты қалам тербелген отандас ғалымдар еңбектерінен де көруге болады. Олардың қатарына Көшербаева А.Б., Смағұлова Н.Т., Бектемісова С.Т., Алталиева А.А., Тоқсанова А.Н. және басқалары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет