Шығармашылық тақырыбы:
Дене шынықтыру сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. . Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісенде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқтушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сондықтан мен дене тәрбиесі сабақтарын оқытуда жаңа технология әдістерінің бірі деңгейлеп - саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым. . Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді .
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы халыққа жолдауында “Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру” туралы атап өткен болатын.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсаты:
Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әртүрлі топтарның ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясының ерекшелігі:
Таланттылар өздерінің қабілеті мен ікемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы
Сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне жетелейді.
Бос іспен айналысатын оқушы болмайды.
Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады
Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады және пәнді оқып-үйренуге тиянақты қызығушылығы пайда болады
Ізденіс дағдысы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды.
Деңгейлеп оқыту технологиясы 4 деңгейден тұрады.
Шығармашылық деңгей-өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыда зерттеу жұмысын өткізуге баулу, яғни ол оқушыға кішігірім болса да жаңалық ашқандай әсер беруі тиіс, өзі жаңалық ашқанмен бірдей.
Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқышылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр түрлі логикалық ойындарды талдау, жинақтау, салыстыра білуі қажет етіледі.
Алгоритмдік деңгей-базалық минимумды білімге сәйкес. Бұл деңгейде үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру, амалдарды орындай және құрастыра алулары, күрделі материалдарды жүйелей білуі, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тапсырмаларды еркін меңгергені ескеріледі.
Оқушылық деңгей-үйретушілік деңгей. Бұл деңгейде оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білу қажет етіледі. Тапсырмаларды берілген үлгі бойынша орындай алады.
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Д
А
М
Ы
Т
А
о
Қ
Ы
Т
у
Т
Е
Х
Н
О
Л
О
Г
И
Я
С
Ы
- оқушының өз қабілетіне, болашағына
сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай
білуіне;
- Баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына;
М
Ү
М
К
І
Н
Д
І
К
б
Е
Р
Е
Д
І
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Өз бетімен ісденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамытады;
Достарыңызбен бөлісу: |