Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде.
Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.
Шыңғыс Айтматов
Макинск қаласының
«№5 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі:
Искакова Гульжан Сералиевна
Кіріспе
“Қазақ тіліне тән дыбыстарының әліпбиі” Қазақ тілінің әліпбиі негізінде құрастырылды.
“Қазақ тілінің тән дыбыстарының әліпбиі” бастауыш сыныптарына арналған көмекші кітап.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеруге көмектеседі.
«Қазақ тіліне тән дыбыстардың әліпбиі»
( Дидактикалық материал)
Мазмұны:
1.Қазақ тіліне тән дыбыстардың қазақ тілінде, орыс тілінде айтылуы...............................................................
2.Қазақ тіліне тән дыбыстардың сөз құрамында жазылуы...................................................................................
3.Әріптердің сөз құрамында кездесуі.....................................................................................................................................
4.Тақпақтар ...............................................................................................................................................................
5.Диктанттар жинағы ..............................................................................................................................................
6.Көрнекілік................................................................................................................................................................
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады. Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.
Әліпби үш рет өзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) орыс әліпбиі. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
І бөлім.
Қазақ тіліне тән дыбыстардың
қазақ тілінде, орыс тілінде айтылуы.
Ә — қазіргі қазақ алфавитіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялвқ ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды.
Мягкий, при произнесении этого звука кончик языка прижимается к нижним зубам, язык продвигается вперёд, спинка языка приподнимается. Звук схож с английским звуком [æ] (map, plan).
Ғ, ғ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Тіл артынан жұмсақ таңдайға жанасып кері қайтуы және өкпеден шыққан ауаның шолақ тілді дірілдетуі әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын ұяң дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.
Қазақ тілінде Ғ дыбысы тек қана жуан (а, ы, о, ұ) дауыстылармен тіркесіп айтылады (мысалы, ғасыр, тоғыс). Ғ дыбысы сөз басында сирек қолданылады (мысалы, ғибрат, ғүрып), сөздің соңында кездеспейді[
Звонкий, заднеязычный, при произнесении этого звука задняя часть языка смыкается с задней частью нёба, образуя щель, через которую выходит поток воздуха с участием голоса.
Қ, қ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырасуынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қ-ны айтқанда фонациялық ауа ауызқуысы арқылы үзіліп, шұғыл шығады. Қ - дауыс қатысы жағынан қатаң, айтылу жолы жағынан шұғыл, жасалу жағынан тіл асты дыбыс. Оның ұяң сыңары - "ғ".
Қ қазақ тілінде өте жиі қолданылып, сөздің барлық буынында кездеседі және тек жуан дауыстылармен тіркеседі. Мысалы, қайық, ақын, аққу. ботақан, құлыншақ, бардық
Глухой, заднеязычный, при произнесении этого звука задняя часть языка смыкается с задней частью нёба, после чего воздух мгновенно вырывается. Главное различие между звуками «к» и «қ» в том, что звук «к» является среднеязычным (при произнесении поднимается средняя часть языка), а звук «қ» является заднеязычным,то есть при его произнесении поднимается
задняя часть языка.
Ң, ң — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Тіл артының жұмсақ таңдайға нық тиюінен жасалатын мұрын жолды дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ол дауыс қатысына қарай үнді, жасалу орнына қарай тіл арты, жасалу тәсіліне қарай шұғыл дауыссыздар тобына жатады. Сөз басында кездеспейді, ал сөздің ортасы (жаңа, кеңес) мен сөздің соңында (таң, желең) кездесе береді
Сонорный, в отличии от переднеязычного зубного звука «н», при его произнесении участвует только задняя часть языка, которая тесно прижимается к заднему нёбу и
воздух проходит через нос. Похожий звук есть в английском языке [ŋ] (long, sing).
Ө, ө — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Жіңішке, еріндік, ашық дауыстыдыбысты таңбалайтын әріп. Сөз басында және оңаша айтылғанда алдынан жіңішке "у" тәріздес қосалқы дыбыс пайда болады, сондықтан ол дифтонгоид дауыстылардың тобына жатады. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Ал, "көген", "әнер" тәрізді сөздердің айтылуында "көгөн", "өнөр" болып дыбысталғанымен, екінші буында "е" әрпі жазылады
Мягкий, губной, при произнесении этого звука губы сильно вытягиваются вперёд, язык продвигается вперёд.
Достарыңызбен бөлісу: |