Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Жұптастыру
Психологиялық ахуал (ынтымақтастық атмосферасын) қалыптастырады.
Оқушыларға гүлдер мен жапырақтар таратып,сол бойынша жұпқа бөледі.
Оқушылар шеңбер құрады. Олар гүлдер мен жапырақтарды таңдап алып, бір-біріне тілек айта отырып, оларды бір-біріне сыйлайды.Осы заттар арқылы олар бірнеше жұпқа бөлінеді. Топ ережелерін құрады.
1)Білу.
«Ми шабуылы»стратегиясы
Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір - бірімен байланысы, қарым - қатынасы, күрес - тартыстары, шығармадағы оқиғалардың дамуы болып есептеледі. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді. Белгілі бір тәртіппен дамиды.
Композиция (құрылыс)- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Ал еңбекке баулу пәнінде композиция дегеніміз - бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. Енді қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Композиция туралы толық түсінік алады.
Жұптасып қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.
Оқушылар өз ойларын айтып, сабақтың тақырыбын ашады.
2) Түсіну.
«Жигсо»стратегиясы
Ойлан, жұптас,талқыла
«Көңілді ханзада» композициясын құрастырудың технологиясын бірлесіп үйрену. Интерактивті тақтадан толық мәлімет беру.
Жұпта жұмыс жасап тәсілін талқылатады
1.Жұмыс жасау ретін жаздырады.
2.Өз түсінгендерін айтқызып , әңгімелетеді
Дәптермен жұмыс.Түртіп алу.Көңілді ханзада» композициясын құрастырудың технологиясын дәптерге жазып алады.
Реті бойынша жеке-жеке айтады.
Сергіту жаттығуы.
3) Қолдану
Композиция жасау «Көңілді ханзада»
Өз түсінгендері бойынша қажетті материалдарды пайдаланып композиция жасауды ұсынады. Жұмыс барысында бағыт- бағдар көрсетіп қадағалап отырады.
Қажетті материалдарды пайдаланып «Көңілді ханзада» композициясын жасайды.
4) Талдау.
Венн диаграммасы
Жасаған жұмыстарын жұпта талдатқызады.
Венн диаграмасына қағазбен және матамен жұмыс ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазғызады.
Жасаған жұмыстарын жұпта талдайды. диаграмасына қағазбен және матамен жұмыс ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, диаграммаға өз ойларын жазады.
5) Жинақтау.
«Бумеранг» тәсілі
\Сұрақ-жауап\
Оқушыларға сабақты қорыту мақсатында жазбаша сұрақтар дайындап,бір-біріне сұрақ қою тапсырылады.
Оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақтар қояды.
Композиция дегеніміз не?
Сюжет дегеніміз не?
Олардың айырмашылығы неде?
Қайшымен жұмыс жасау ережесі?
Қағазбен жұмыс жасау ережесін айт? т.б.
6) Бағалау.
Критериалды бағалау.
Оқушыларға жұмыстарын жұпта өз критериалары бойынша бағалатады. Табыс критерийлері бойынша оқушылар бағаланады.
Оқушыларға жұмыстарын жұпта өз критериалары бойынша бағалайды.( Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағалайды.)
Аты
жөні
Балл
Баға
Кері байланыс
«Керемет бақ» жаттығуы
Оқушылардан жалпы сабақ бойынша кері байланыс алады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады.
Үй тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс
«Көңілді ханзада»тақырыбында ертегі құрастыру
Оқушылар күнделікке тапсырманы жазады.
«Көңілді ханзада»тақырыбында ертегі құрастырап келеді.
Рефлексиялық кезең.
Оқушылар композиция туралы толық түсінік алды. Берілген тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды,сыни тұрғыдан ойлауды үйренді.Жұмысты тиянақты ,ұқыпты жасады. Оқушылар сабақ барысында әр тапсырманы қызыға орындап, бірден белсенділік танытып жатты. Құралдармен жұмыс жасау икемділіктері төмен оқушыларда жұмыс барысында қиындықтар туындағанын байқадым. Олармен жеке жұмыс жүргізуді қолдануым керек.