Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53955
  1   2
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі



Сіздердің жаңалықтарды білуге деген

талаптарыңызды қолдаймыз

және көмектесеміз!

Шығыс Қазақстан облысында

2019 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі











Семей – 2019


Алғы сөз:
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 1999 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында оның ішінде Семей қаласында және өңірінде аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде дайындап шығарып келеді. Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар мен әдебиеттер тізімі берілген. Аталып отырған күндер тізбесі айы бойынша реттеліп, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар жұлдызшамен белгіленген. «Айы мен күні белгісіз даталар» туралы анықтамалар мен әдебиеттері беріліп хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Кеңестер Одағының батырларының тізімі хронология тәртібімен анықтамасыз берілген.

Күнтізбе аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткішімен жабдықталған. Күнтізбе мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өз өлкесін танып білгісі келетін оқырмандарға көмекші құрал ретіндеұсынылады.

Күнтізбе туралы ой-пікірлер туындаса, төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

071400


Абай көшесі, 86

Шығыс Қазақстан облыстық

Абай атындағы әмбебап кітапханасы,

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Телефон: 52-43-07

E-mail: semeybib@yandex.ru



1 қаңтар

Ақын Ақаш Көксегеновтың туғанына 70 жыл (1949)


4 ақпан

Әнші Ерлан Құжымановтың туғанына 50 жыл (1969)


18 ақпан

Жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 80 жыл (1939-2017)


28 ақпан

Невада-Семей қозғалысына – 30 жыл (1989)


28 ақпан

Белгілі қаламгер, журналист Дәулет Сейсенұлының туғанына 70 жыл (1949)


10 наурыз

Жазушы Бекежан Тілегеновтің туғанына 85 жыл (1934-1998)


15 наурыз

Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің туғанына 145 жыл (1874-1954)


22 наурыз

Әнші, сазгер, қаламгер Жәнібек Кәрменовтің

туғанына 70 жыл (1949-1992)


12 сәуір

Ғалым, атақты геолог және металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтпаевтың туғанына 120 жыл (1899-1964)


1 мамыр

Алаш, қоғам қайраткері Ахметжан Қозыбағаровтың туғанына 140 жыл (1879-1937)


10 мамыр

Абай атындағы қазақ сазды драма театрының

негізі қаланғанына 85 жыл (1934)


11 мамыр

Ақын, тележурналист Амангелді Сейітхановтың туғанына 50 жыл (1969)


15 мамыр

Ақын, Дәурен Берікқажыұлының туғанына 45 жыл (1974)


20 мамыр

Ақын Қашаф Туғанбаевтың туғанына 95 жыл

(1924-1993)


25 мамыр

Ақын, әнші, өнертанушы Құсмілия Нұрқасымның туғанына 70 жыл (1949)


29 мамыр

Еңбек Ері, педагог Жақия Шайжүнісовтің туғанына 105 жыл (1914-1983)


10 маусым

Жазушы Нұрғазы Шәкеевтің туғанына 90 жыл (1929-2008)


10 маусым

Ақын Серік Елікбаевтың туғанына 50 жыл (1969)


18 маусым

Жазушы Төлек Тілеухановтың туғанына 80 жыл (1939)


3 шілде

Эстрада мен дәстүрлі домбырамен ән айтудың шебері, әнші Гулдана Ноғайбаеваның туғанына 40 жыл (1979)


24 шілде

Өлке зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына

155 жыл (1864-1937)


14 қазан

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Роза Мұқанованың туғанына 55 жыл (1964)


15 қазан

Ақын Талғат Ешенұлының туғанына 45 жыл (1974)


20 қазан

Жазушы Күлиман Жүнісованың туғанына 95 жыл (1924-1999)


5 қараша

Семей ет- комбинатының қосылғанына 85 жыл (1934)


8 желтоқсан

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазиннің туғанына 45 жыл (1974)


11 желтоқсан

Музыкатанушы, әнші Талиға Бекхожинаның туғанына 100 жыл (1919-1995)


16 желтоқсан

Әнші, Қазақстанның және КСРО халық артисі,

Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туғанына 90 жыл (1929)


20 желтоқсан

Ақын Ақылбек Манабаевтың туғанына 85 жыл (1934-1984)


20 желтоқсан

Өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шаймардан Қалиақпаровтың туғанына 80жыл (1939)


24 желтоқсан

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, қоғам қайраткері, жерлесіміз

Самат Сләмбекұлы Сүндетбаевтың туғанына 90 жыл (1929-1967)




Айы-күні белгісіз даталар:


Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1994)

Жазушы, драматург Тайыр Жомартбаевтың туғанына 135 жыл (1884-1937)

Ақын Мырзахан Әбжановтың туғанына 90 жыл (1929-1976)

Ақын Қайрылхан Еркебаевтың туғанына 110 жыл (1909-1943)

Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Райымжан Мәрсековтің туғанына 140 жыл (1879-ө.ж.б.)

Ұлы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарыққа шыққанына 110 жыл

(1909 жыл), ал сол Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың туғанына 150 жыл (1869-1915)

Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийдің Семей қаласына жер аударылғанына 165 жыл (1854-1859)

Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 215 жыл (1804-1886)

Абайұлы Мекайыл (Мекеш) туғанына 135 жыл (1884-1931)

Қоғам қайраткері, журналист Сабыржан Ғаббасовтың туғанына 130 жыл (1889-1917)

Мәдениет қайраткері Нұрғали Құлжановтың туғанына 150 жыл (1869-1919)

Анықтамалар мен әдебиеттер берілмеген

аталып өтілетін және еске алынатын күндер:

20 сәуір

Аякөз қаласының қайта құрылғанына 80 жыл (1939)

Сәуір

Ақын Абай Құнанбаев пен жазушы Мұхтар Әуезовтің туған жерлеріне туристік сапарлардың ұйымдастырылғанына 40 жыл (1979)

15 мамыр

Облыстық ерікті қоғамының құрылғанына 60 жыл (1959)

25 мамыр

Семей облыстық филармониясына әнші Әміре Қашаубаев есімі берілгеніне 40 жыл (1979)

Мамыр

Семей «Көлік» колледжінің құрылғанына 90 жыл (1929)

15 тамыз

Көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатының

ашылғанына 40 жыл (1979)

1 қазан

Семей облысының негізі қаланғанына 165 жыл (1854)




Семейлік Кеңес Одағының батырлары:
С.Ф.Бурлаченко –105 жыл (1914)

Г.Д.Будник – 95 жыл (1924)

К.Ш.Шәкенов – 95 жыл (1924)

А.Ы.Ыбыраев – 95 жыл (1924)

В.А.Засядко –95 жыл (1919)

Н.Д.Авдеев – 100 жыл (1919)




1 қаңтар Ақын Ақаш Көксегеновтың туғанына 70 жыл (1949)

1949 жылы 1 қаңтарда туған. 1977 жылы ҚазМУ-ді журналист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1967 жылы Семей облысы, Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып бастады. 1968 жылы Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарында есепші, аға шопан болды. 1971-1972 жылдары Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1972-1986 жылдар аралығында Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, мәдениет және тұрмыс бөлімінің, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1986 жылдан 1997 жылға дейін Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, кейінгі жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. Өлеңдері мерзімдік басылымдарда жарияланып тұрады. Жинақтары жарық көрген.

Әдебиеттер :


Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.95-96

4 ақпан Әнші Ерлан Құжымановтың туғанына 50 жыл (1969)



1969 жылы 4 ақпанда Семей облысы Ақсуат ауданының Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті бітіріп, 1986-1994 жылдары қарағанды пединститутының көркемсурет факультетінде білім алды. 1994-1996 жылдары осы институтта, 1986 -2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМу-дің философия-психология факультетінде ұстаздық етті. Қазақ философиясының тарихы, мәдениеттану, дінтану пәндерінен дәріс оқыған. 2004-2007 жылдар аралығында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің музыка факультетін тәмамдады. Арқа өңірінің әлі де халыққа танылмай жатқан ақын-композиторларының шығармаларын зерттеп, Қазақ радиосының «Алтын қорына» тапсырған. Дүниежүзілік өнер фестивальдерінде (Франция, Австрия, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея) қазақ өнерін, мәдениетін насихаттап келеді. 1992 жылы қаласында студенттер арасында өткен «Студенттер көктемі» атты республикалық ән байқауында бас жүлдені жеңіп алып алған. 1995 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық Ә.Қашаубаев атындағы, 1997 жылы Тараз қаласында өткен хлықаралық Ш. Қалдаяқов атындағы әншілер байқауларының жеңімпазы, 1998 жылғы «Шабыт» фестивалінде ән байқауы бойынша 1-орын алып,

Ж. Елебеков атындағы республикалық әншілер байқауында лауреат атанды. Республикалық М. Бапиұлы атындағы байқаудың жеңімпазы.


Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б. 236

18 ақпан Сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы, жазушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың

туғанына 80 жыл (1939 -2017)



Белгілі сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұмыстарынан бастады.

1964-1969 жылдары Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.

1976 жылдың 12-сәуірінен Абай қорық мұражайының шырақшысы болды. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы. «Күй әлемі», «Ән өлкесі» «Толқын толғау» атты кітабтары халқымыздың кешегі - бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды.

Жазушы өзі көп жылдан бері қадағалап, бойына сіңіріп жүрген бірқатар игілігі мен өнер тұлғалары енеркшеліктерін, халықтық қайнар бастаулар ырыздығын жүрек сүзгісінен өткізіп, әсіресе саз бен тыңдаушыны қабылдау, тану табиғатын таразылайтын қызғылықты қыруар көзқарастар қорыта алған. Бұл - ән асылы, күй құдіретін тыңдай білетін жанашыр жан тебіреніс-толғаныстары жайлы аллитерациялық эсселер.

2017 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Ибрагимов Т. "Заманды түзетпейді кісі билеп"Көкбай Жанатайұлы -150 / Т. Ибрагимов, Ш. Әбенов // Семей таңы . - 2011. - 13 қыркүйек. - С. 4

Ибрагимов Т. «Жер әңгімеші...».-Семей,2009.-111 б.

Ибрагимов Т. Индираға хат.-Семей, 2002.-304 б.

Ибрагимов Т. Көктем әуендері // Семей таңы.-1986.-26 апрель

Ибрагимов Т. Қос қоңыр: (Ақындар А.Манабаев пен М.Ибраев туралы) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.-3 б.

Ибрагимов Т. Оймен оңаша:Өлеңді сөздер.-Семей баспасы,1999.-209 б.

Ибрагимов Т. Толқын толғау:Аллитреациялық эсселер.-Алматы: «Өнер», 2000.-360 б.

Ибрагимов Т. Шығармалары. Т. Толқын толғау. Зерттеулер.-Астана: «Фолиант», 2011.-400 б.

Ибрагимов Т.Мұражайлық Абайтанудың мұраты биік: (Ақын мерей тойы қарсаңында қорық-мұражай директоры осы төңіректе ой бөлісіп отыр) // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 17 маусым. –Б.4-5

Отанның жоғарғы наградасы «Құрмет» орденімен // Ана тілі.-1998.-16 желтоқсан

Сағатбекқызы А. Рухани басшы // Сарыарқа.-1999.-18 ақпан

Тортаев Қ. Ата махаббаты.-Алматы: Елсана, 1998.-155 б.



28 ақпан Невада-Семей қозғалысына – 30 жыл (1989)




Елу жыл ядролық жарылыстар Семей жерінде сынақ алаңы ретінде жүргізілді. БҰҰ-ның 1997 жылғы Бас ассамблеясында бұл мәселе қаралып, арнайы қаулы қабылданды. Семей халқы 1989 жылға дейін ауадағысы бар, жер асты, жер үстісі бар 473 жарылысты өткізді. Осы сынақтың 354-ін 1963 жылдан кейін ғана жер астына көшірген. Радиоактивті зиянды әсер 1,7 млн.адам өмір сүріп жатқан 711 елді мекенді, яғни 304 м. шаршы шақырым аумақты бүркеген. Зиянды әсері мөлшерінен асып кеткен соң семейліктердің осы қасіретін тоқтатуға атсалысқан Невада-Семей қозғалысының ықпалы ұшан-теңіз. Дүниежүзінде Адам баласына қасірет әкелген осы тажалдың ауызын жабуда халықты көтерген Невада-Семей қозғалысын бұл күнде білмейтін Адам жоқ. Осы қозғалыстың жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтің зор дауысы бүкіл планетаны ұйқысынан оятқаны, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне ашқаны анық еді. 1989 жылы жоспарланып тұрған 18 сынақтың 11-не тойтарыс беріп, Семей өңірінде қасірет түтіні сейіле бастады, дегенмен қаншама Адам жазылмас аурудың құрбаны болғаны және әлі талай ұрпақ азабын тартатыны бір Аллаға аян. 1991 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабуға Жарлыққа қол қойды.

«Семей-Невада» атом мен сутегі бомбаларының сынақтық жарылуынан келген адам түршігерлік зардаптар адамгершілік ары жоғары адамзатты толғандырды. Осы бағытта «Семей-Невада» қозғалысының «Экология-радиация-денсаулық» комитеті өзінің 1-халықаралық конференциясын 1993 жылы өткізді. Онан кейін де бірнеше конференциялар өтіп, мазмұнды тақырыптарда баяндамалар жасалып, көптеген шаралар атқарылуда. Бүкіл әлем семейліктердің жан азабы мен тән азабын жеңілдетуге қол-ұшын беріп, қайырымдылық қорын ұсынып отыр.

Міне, осындай жерде өмір сүрген адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре берді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғындарының басынан осындай сұмдық ахуал өтті. Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіндеп көтеріле беретін, саңырауқұоақ алапат бұлт пен жарық дүниенің ғажайып құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі үшін ол табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Әдебиеттер:
Ақпарұлы Н. Семейге берсең, сауап бер // Ана тілі.-1999.-25 ақпан.-2 б.

Мұхамеджанова А. «Бейбіт өмірді қалайсың ба – бейбітшілікке дайындал»: «Невада-Семей» қозғалысына - 10 жыл // Егемен Қазақстан.-1999.-24 ақпан.-2 б.

Оразалин М. Халықпен бірге қайнасқан // Семей таңы.-1992.-29 ақпан.

Сағымбаева Н. Ысқақова Ғ. Зардаптарды жою үшін қажырлы күрес қажет // Сарыарқа.-1999.-1 сәуір.-8 б.



Сүлейменов О. Қашан да біргеміз: «Невада-Семей» қозғалысына қатысушыларға ашық шақыру // Заң газеті.-1999.-24 ақпан.

Жазушы-журналист Дәулет Сейсенұл

28 ақпан Дәулет Сейсенұлының туғанына 70 жыл (1949)


ы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда "Ақиқат" журналында, еларалық «Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген.

Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді ««Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты.

Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы (2001) мен Абай ауданының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:
Ахметбекова А. Шежіреден сыр гертеді //Семей таңы.-2004.-19 қараша.-6

Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-400 б.

Сейсенұлы Д. Шәкәрім:Ғұмырнамалық баян.-Астана:Фолиант, 2007.-264

Қарт М. Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрының репертуарына"Жәнібек ән салады" драмасы қосылды: (Қаламгер Д.Сейсенұлының драмалық шығармасы бойынша) // Семей таңы. – 2018.- 29 мамыр.- 1 б.


15 наурыз Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің туғанына 145 жыл

(1874-1954)



Кемеңгер Абайдың дидарын көріп, аузынан ұлағатты сөз естіп, қолынан дәм татқан адамдардың бірі – халық ақыны, Жазушылар Одағының мүшесі Төлеу Көбдіков 1874 жылы 15 наурызда бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің Дағанды болысында туды. Әкесі Көбдік кедей шаруа, шешесі ақын болды. Нағашысы атақты ақын Сабырбайдың қиыннан қисындыратын тапқырлығы, шешесі Қуандықтың ақындығы арқасында кезінде Абай көріп, одан үлкен әсер алды. Шешендігі, пысықтығы арқасында жасында біраз жыл ел басқарды.

Жаңа заманды ақын шын жүрекпен тебірене қарсы алды. Өлеңдері Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана бағаланып, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде жариялана бастады. 1948 жылы «Алып күшті Отаным», 1953 жылы «Өмір жыры», 1955 жылы «Өлеңдер» атты жинағы басылып шықты.

Ақынның ең дарынын танытқан «1916 жыл» атты тарихи толғауы. Оның шығу тарихы мынадай: Азамат соғысы кезінде балаларын майданға жібермеу үшін халықтың бір тобы Қытай асып кетпекші болады. Сонда Төлеу атамыз осы өлеңі арқылы туған жер топырағының, туған елдің қасиетін сипаттап, халқын босатыпты.

Коллективтендірудің асыра сілтеу саясаты Төлеу ақынның да өміріне ащы зардабын тигізіпті. Содан 1938 жылы академиядан «1916жыл» жинағы шығарылған соң жоғарыдағы көркем толғаудың авторына іздеу салынады. Ақырында Абайдың інісі Әрхам Ысқақов Барнауыл түбінен іздеп тауып, елге көшіріп әкеледі. Ақынның Шұбартауға бармай, жолда Шарда қалып қоюына бір себеп Құлжабек есімді баласы Шарда дүние салған. Сүйікті тұңғышының мәңгілік орнынан қашықтамауды қалаған.

1922-1941 жыл аралығында ақын шығармашылығындағы толас кезең осымен түсіндіріледі. Шарға көшіп келіп орныққан соң ақынның өлең-жырлары облыстық «Екпінді» газетінде жиі жариялана бастайды. Зая кеткен жылдарының қарымтасын қайтарған іспетті.

Төлеу Көбдіковтің көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы шықты. Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы Мұрат Төлеуов әкесінің «Жырларым» атты төртінші өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 1954 жылы ақынға «Қазақстанның халық ақыны» деген атақ берілді.

Төлеу Көбдіков 1954 жылы 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Шар қаласының бір көшесі, орта мектеп ақын атымен аталды. 62-ші мектепте атамызға арналған мұражай бар. Ақынның зираты жаңартылып, мемлекеттік қорғауға алынды. Ұрпақтары Шар қаласында тұрады.

Әдебиеттер:


Көбдіков Т. Жырларым: Таңдамалы өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 207б.

Азизова М.Жыр дүлдүлі: // Дидар.-1999.-1 желтоқсан.

Алтаев К.Төлеу ақынның өлеңдері: ("Жырларым" атты таңдамалы өлеңдер жинағы туралы) // Семей таңы. - 1975. - 24 мамыр

Әміренов Т. Мінез бітімі // Семей таңы.- 1974.- 7 июнь.

Иманжапар, М.Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - 12 б.

Құлжанбеков Е. Біз Төлеудің ұрпағымыз // Семей таңы. – 1999. – 10 маусым.

Кашаку Г.Төлеу Көбдіковтің елінде... (Ұлы Абайдың алдын төрт рет көрген айтыскер ақын Т.Көбдіков туралы) // Мәдениет жаршысы. - 2011. - № 8. - 4-8 б.

Мұхаметханов Қ. Төлеу ақын // Семей таңы. – 1974. – 15 марта.

Сәрсекеев М. Ел ардагері // Семей таңы.-1974.- 7 июнь

Төкенқызы , Ү. Халық ақынын еске алды: (Абай атындағы кітапханада өткізілген өлкетану оқуы туралы) // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір. - 12 б.

Төлеуұлы М. Әкемді ресейден көшіріп алған Мұхтар Әуезов болатын: [Ақын Төлеу Көбдіков туралы.] // Дидар. - 2012. - 6 сәуір. - Б. 5.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет