Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын


Төлеу ақынның туған жерге оралуы // Жаңа өмір. – 1989. – 12 сентября



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53955
1   2

Төлеу ақынның туған жерге оралуы // Жаңа өмір. – 1989. – 12 сентября.


Тұғанбай К.А. Абайдың алдын көрген батагөйім // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.

Тұраров М. Ақынға деген ілтипат // Семей таңы.- 1974.- 8 июнь


22 наурыз Әнші, сазгер, қаламгер Жәнібек Кәрменовтің

туғанына 70 жас (1949-1992)




Абай елінің тумасы, жезтаңдай әнші, қаламгер жазушы Жәнібек Кәрменов әншілік дарынымен бала кезінен танылды. М.Әуезов туған жерге келгенде бала Жәнібек үлкен адамның батасын алған. 15-16 жасында әйгілі ән дүлділі Ж. Елебековтің назарына ілігіп, Алматыдағы өнер студиясына қабылданады. Бірақ белгілі бір себептермен оқудан шығып қалады. Кейінен ішкі істер министрі Ш. Қабылбаевтың араласумен оқуға қабылданады. Жүсіпбек Елебековтің төл шәкірті бола жүріп, қайта өмірге әкелді.

Жәнібек репертуарының бас арқауы - Ақан, Біржан, Мәди, Естай, Әсет, Кенен әндері. Ол шырқаған «Әудем жер», «Балқадиша», «Жанбота», «Жамбас сипар», «Інжу маржан», «Үш қара» т.б. әндері әншінің орындауындағы жоғалмайтын, ұрпақтан-ұрпаққа кететін қазына.

Консерваторияда халық әндері кафедрасына басшылық жасай жүріп, Жәнібек талай таланттың бағын ашты.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, республиканың еңбек сіңірген әртісі Жәнібектің артында қалған мұрасының бірі - өзі құрастырған қазақ әндерінің екі томдық антологиясы. Сондай-ақ әр жылдары жазылған «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтық тілі» атты үш кітабі бар. 1992 жылы 22 маусымда көлік апатынан қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Айтқаным Әнші рухы мәңгі тірі // Семей таңы.-1999.-3 маусым.

Алпысбаев Қ. Төл бойы тұнған өнер // Егемен Қазақстан.-199.-2 маусым

Ахметбекова Л. Нұр жауған күн: Ән жұлдызын еске алу кешінен // Семей таңы.-1997.- 22 сәуір.

Әзберген Л. Әнші еске алды: ( Жәнібекке арналған ән кешінен) // Семей таңы.- 1999.- 6 мамыр.

Женісұлы Е. Жәнібек – жастық // Жас алаш.- 2000.- 22 ақпан.

Иманғали М. Асық ойнағаннан гөрі асыл сөзді тыңдауға ынтық болыпты немесе Жәнібек Кәрменов туралы не білеміз? // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 20-21.

Кәрменов Жәнібек (дүниеден өткені туралы мақала) // Жас алаш.- 1992. – 26 маусым.

Кәрменов Ж. Ойламандар жігіттер: (Өлең) // Арна.-2000.-11 ақпан.-14 б.

Кәрменов Ж. Теңбілкөк: (Әңгіме) // Жалын.-1999.-№ 5-6.-115б

Қауғабай О. Өмірден жанып өткен Жәнібек: (әншіге 50 жыл) // Қазақстан мұғалімі.- 1999. – 31 наурыз.

Қарт М. Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрының репертуарына"Жәнібек ән салады" драмасы қосылды: (Қаламгер Д.Сейсенұлының драмалық шығармасы бойынша) // Семей таңы. – 2018.- 29 мамыр.- 1 б.

Мұса Ә. Үнің кетпес құлақтан // Стол. Обозрение. – 1999. –12 наурыз.

Сағымбаева Б. Рухымның сынарындай еді // Жас алаш.-2000.-11 шілде.

Сегізбай К. Ән-адам // Стол. Обозрение. – 1999.-15 қантар.

Сейсенұлы Д. Әз-Жәнібек: яки ән дүлдүлінің өмірден озғанына он жыл // Семей таңы.- 2002.- 21 маусым. – Б. 4.

Сейсенұлы Д. Ән-домбыраның оралуы:[дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовтің домбырасы жайлы] // Егемен Қазақстан. - 2012. - 12 мамыр. - Б. 7.



Тұраров М. Жәнібек Кәрменовке тәнті болдық // Семей таңы. - 1988.- 17 қыркүйек.

12 сәуір Ғалым, атақты геолог және металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтпаевтың туғанына 120 жыл

(1899-1964)



Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған.

Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезовсынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайберді ұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған.«Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

1920 - 1941 жылдары - Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясыныңпрезиденті болған.

1952 жылы - әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.

1955 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.

Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазғанкенін зерттеу және Орталық Қазақстанның(Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдарыкені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанныңметаллогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Әдебиеттер:
Аужанова Г. Қаныш Сәтбаев сан қырлы ғалым: Асылды тот баспас. // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2005. - №5. - Б. 98-99

Ибашева Т. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы : Қысқаша дерек // Түркістан. - 2003. - 2 қазан. - Б. 8

Мұхамедова Р. Қазақтың Қанышы туралы жаңа фильмді түсіру Семейде басталды // Семей таңы. - 2006. - 15 маусым. - Б. 2

Смаилов, К. Ұзын саны 300 000 данамен шыққан кітапты осал деуге бола ма? // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 17 қараша. - С. 8

Тәукебай Е. Қаныш Сатпаевтың 110-жылдық мерекесін үнсіз тойладық // Жас алаш . - 2009. - 16 сәуір

Мұзафар, Б. Ақсақ Темірдің белгітасын тапқан: Қаныш Сәтбаев // Ертіс өңірі. - 2009. - 15 сәуір. - С. 13

Мырзағалиева, Қарылғаш. Ғалым өмірі - тірек сызбалары : мұғалім тәжірибесінен // География және табиғат. - 2009. - №5. - С. 22-24

Жанұлы, И Тау тұлға // Дала мен қала. - 2009. - 14 желтоқсан. - С. 17 : портр.

Нұрғажина, Б. К. Елдің атын ер шығарар (Қ.Сәтбаевтың 110 жылдық мерейтойына) // Білім берудегі менеджмент. - 2009. - №2. - С. 134-136

Сәрсеке , Медеу. Қаныш ағаның құпиясы // Ертіс өңірі. - 2010. - 21 сәуір. - С. 12-13

Қажмағанбетова, Ш. Қ.И.Сәтбаевтың орталық Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі // Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да. - 2010. - №3. - С. 22-23

Асылжан, П. Жалғастырған ұлы өмірін Қаныштың // Семей таңы. - 2006. - 20 сәуір. - Б. 1-2

Қожанов, О Сәтбаев тағылымы // Мәдени мұра. - 2011. - №4. - Б. 54-59

Рсаев, Т. Қазақ ғылымының асқан шыңы // Ана тілі. - 2012.- 15-28 наурыз. - Б. 7

Құлиев, Жұмабай. Рух сардары // Жұлдыз. - 2012. - №11. - Б. 177-183 : фото_

Тілепов, Ж. Қ. Сәтпаев және "Ер едіге" жыры // Жұлдыз. - 2013. - №3. - Б. 173-184

Жанаева , Ш. Өткені - тарих, бүгіні - кемел : Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге - 110 жыл // Егемен Қазақстан. - 2013. - 24 қыркүйек. - Б. 8

Сейтенова, Б. К. Қаныш Сәтбаев туралы білеміз бе? Шылаудың түрлері / Б. К. Сейтенова // Қазақ тілі және өлкетану. - 2015. - №1. - Б. 11-12

Шапиян, Марфуға. Қазақтың Қанышы // Өмір-ай. - 2016. - №6. - Б. 5-7 : портр._

Сімәділ, Қ. "Сәтбаев" ғұмырнамасының 16 басылымы-Халықаралық көрмеде Қ. Сімәділ // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 23-29 маусым (№26). - Б. 20 : фото

Қаныш Сәтбаев// http://library.kz/index.

1 мамыр Алаш, қоғам қайраткері Ахметжан Қозыбағаровтың туғанына 140 жыл (1879-1937)

Ахметжан Қозыбағаров Алаш партиясының белсенді мүшесі, әрі Ахмет Байтұрсыновтың жақын серігі, қазақ ұлтынан шыққан демократиялық зиялылардың бірі. Әрі ол алғашқы білімді дәрігер.

Ахметжан Қозыбағаров 1879 жылдың 1- мамырында бұрынғы Семей облысының Шыңғыстау ауданына қарасты Әтей ауылында, (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) ауқатты шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ахметжан Семейдегі ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітіргеннен кейін 1901-1906 жылдары Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. Сауатты жас Ахметжан студенттік кезінде-ақ қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласады. Осы Омбыда оқыған жылдары Ахметжан қазақ жастарының «Бірлік» атты ұйымына қатысып, Әбілқайыр Досов, Жанайдар Сәдуақасов, Хамза Жүсіпбеков тәрізді саяси қайраткерлермен танысады. Өйткені, Ахметжанның сол студенттік шағында Алаштық тұрғыда қалыптасқан саяси көзқарасы одан кейінгі төңкерістер кезеңінде де еш өзгермеді. Ол шын мәнінде, ұлт мүддесіне қызмет еткен Алаштың нағыз ардагер азаматы болды. Ахметжан оқуын бітіріп келген соң 1906-1918 жылдар аралығында Семейдің Затон жақ бөлігіндегі госпитальда фельдшер болып жұмыс істеді.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен алғаш «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрылғанда, Ахметжан Қозыбағаров оның басшылық құрамына еніп, қоғамдағы саяси жұмыстарға білек сыбана араласады. Ол Облыста қазақ съездерін ұйымдастырып өткізуге қатысып, облыстық қазақ комитетіне мүшелікке сайланады. Сол тұстағы қазақ комитеттерінің тарихи ролін, қазіргі таңда алаштанушылар «ұлттық мемлекеттің негізі, бастау көздері еді» деп бағалайды. Шынында да, аталмыш облыстық комитеттің ұсынысы бойынша ұлттық автономия құру мәселесі, ең бірінші болып Семейдегі қазақ съезінде көтерілді. Ол туралы академик Кеңес Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» атты зерттеу еңбегінде: «Семей съезінің өзіне тән және басты ерекшелігі, онда мемлекеттік басқару мен қазақ халқының автономиясы туралы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер болды» дейді.

Міне, осы қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік түрі, ұлттық автономия, жер, халық милициясы, земство, оқу, сот, дін және тағы басқадай саяси-әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге байланысты. 1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында Орынборда өткен Жалпықазақ съезіне Семей облысынан Ә.Бөкейханов, Г.Потанин, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, М.Боштаев, Ж.Ақбаев, Б.Сәрсеновтермен қатар Ахметжан Қозыбағаров та қатысады. Сондай-ақ, ол «Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиынына депутат болып сайланады. Сол уақыттың өзінде-ақ «Қазақ» газетінде «Ахметжан Қозыбағаров-фельдшер. Пікірлі, ұлтшыл жастарымыздың бірі»- деп атап жазып, үлкен үміт артқан.

1917 жылдың күзінде Семей облысында Земстволық басқару органдарының сайлауы жаппай өткізіле бастаған кезде Алаш қайраткерлері де халықтық биліктен шет қалмау мақсатында оған бір кісідей жұмыла атсалысады. Осындай саяси науқан барысында А.Қозыбағаров бұрынғы Алаш қаласы тұрғындары атынан, алғашқыда Семей уездік Земствосына депутат ретінде сайланып, одан кейін оның басқарма төрағасы болып тағайындалады.

Азаматтық қарсыласу жылдары Семейдегі Земстволық басқару органдары Алашорда үкіметінің және қара халықтың сенім артқан мықты тірегі болды. Олар негізінен милиция, сот органдарын құру, жер бөлу, несие-қаржы беру, шаруашылықты дамыту, азық-түлікпен жабдықтау, денсаулық сақтау, білім беру, ұлттық мектептерді ашу тәрізді тағы басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы мәселелермен айналысты.

Ахметжан Қозыбағаровтың тағы бір баса назар аударарлық қоғамдық қызметі Алаш қаласында ұлттық педагог кадрларды даярлау мен қазақ мектептерін ашу мәселелерімен тығыз байланысты болды. Бұл істерде ол Мәннан Тұрғанбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтармен бірлесіп жұмыс жасады. Сол уақытта Алаш қаласында екі қазақ, бір мұсылман, арнаулы білім беретін қыздар мектептері ашылып, қызмет көрсетті.

Ал 1920 жылдары Семей уезіндегі бастауыш мектептер саны жетпіске жетті. Әрине, бұл бастауыш оқу орындарында білім беретін ұстаздар жағы үнемі жетіспеді, сондай-ақ оқу-құралдарының тапшылығы да қатты сезіліп отырды. Міне, осындай өзекті мәселелер жайында Ахметжан Қозыбағаров 1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі «Қазақ» газетінің №265 санында жарияланған «Оқу құралдары» атты мақаласында айтады. Дегенмен, Семей Земстволық басқару органдары бұл кедергілерді асқан қажырлылықпен шеше білді.

Ахметжан Қозыбағаровтың ұйымдастыруымен 1921 жылы губерниялық ұйымдар бөлген және бұрыңғы Шынғыстау болысы тұрғындарынан жиналған қаржыға қазіргі Абай ауданының орталығы Қаруылдан 70 шақырымдай жырақта Архат тауының қойнауынан аурухана салдырады. Құйылған кірпіштен тұрғызылған аурухананың екі ғимаратында 16 бөлме болыпты. Сол бөлмелердің барлығының едені тақтайланған. Ғимарат шатыры темірмен жабылған. Өзі осы 1921-1922 жылдар аралығында Шыңғыстауда Архат дәрігерлік бөлімшесін басқарады.

Семейде Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде де А.Қозыбағаров біраз уақыт жергілікті әкімшілік орындарда басшылық қызметтер атқарады.



 1937 жылдың 9 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық ішкі істер комиссариаты Басқармасынын жанындағы «үштіктің» Қаулысымен Ахметжан Қозыбағаров кеңес үкіметіне қарсы күрескен астыртын контрреволюциялық ұйымның басшысы ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді. Алайда, арада жиырма жыл өткен соң, яғни 1957 жылы А.Қозыбағаровтың ісінде ешқандай қылмыстық әрекет жоқ деп тауып, ақтады.

Әдебиеттер:
Алаш. Алашорда: Энциклопедия /Құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова.- Алматы: Арыс, 2009.- 228 б.;

Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 жж: Т.3. Кіт.1.- Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 304 б.;

Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж. – мамыр 1920 жж: Т.2.- Алматы: Алаш, 2005.- 496 б.;

Кенемолдин М. Алаштың ардагер азаматы //Абай.- 2011.- №1.- 71 б.;
Кенемолдин М. Семей земство және ұлт зиялылары. //Абай.- 2007.- №2.- 94 б.;
«Қазақ» газеті:Алаш азаматтарының рухына бағышталады /Құраст.: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.- 555 б.;

Сейсенұлы Д. Алаштың Ахметжаны еді… //Дидар.- 2000.- 3 маусым.- 4 б.;
Тәбәрікұлы С. Қайран, Мәннан.- Алматы: Қанағат, 2002.- 163 б.

10 мамыр Абай атындағы қазақ сазды драма театрының

негізі қаланғанына 85 жыл (1934 жыл)

1917 жылы жазушылар М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың ұйымдастыруымен Ойқұдықта тұңғыш рет сахна шымылдығы «Еңлік-Кебекпен» ашылған болатын. Осыдан кейінгі қойылымдар Семей театрының жол басы болды.


1920 жылы жазушы М.Әуезовтың қолдауымен «Ес-Аймақ» деген атпен алғаш ағарту қоғамы жұмыс жасаған. Осы «Ес-Аймақтың» алғашқы мүшелері: Ғалиакпар Төребаев, Уәли Тұрлыбеков, Ахмет Әуезов, Сәруа Арықовалар болды. Қоғамның негізгі мақсаты- қазақ мәдениетін көтеріп, халыққа эстетикалық тәрбие беру болды.

Театрдың алғашқы орындаушылары талантты әншілер: Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жүсіпбек Елебековтер болды. Әдебиет пен өнер босағасын алғаш аттаған ұлттық театрымыздың тұңғыш ірге тасын қаласқандардың бірі: «Қазақтың Станиславскийі» атанған Жұмат Шанин болды.

1934 жылы «Ес-Аймақ» негізінде құрылған Семей театры І. Жансүгіровтің «Кек» атты пьесасымен өзінің алғашқы шымылдығын ашты. Оның тұңғыш режиссерлығына Ғалиакпар Төребаев тағайындалады. Бұл кездегі талантты актерлер: С.Қыдыралин, Ш.Мусин, Х.Байырманов, Н.Атаханов т.б. болды.

Репертуарда: Б.Майлинның «Шұға», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» сияқты тамаша классикалық туындылары болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында театр труппасын Л.В.Леонов деген театр маманы басқарды. Бұл жылдары соғыс тақырыбына жазылған М.Әуезовтың «Сын сағатта», К.Симоновтың «Орыс адамдары», «Малиновкадағы той» т.б. спектакльдері сахналанды.

Театр халыққа өнер көрсеткеннен бастап, көп жылдар бойы режиссер болып талантты актер Б.Омаров тағайындалды. Осы кезде классикалық шығармаларды терең игеруге, сол кездегі заман тақырыбына жазылған пьсаларды қоюға көбірек назар аударылды.

Онан кейін де театр ісін жалғастырушы терең білімді режиссерлер Е.Обаев, Ш.Кәрібаев, Ш.Зұлқаш сияқты өнер тарландары мәдениет саласында өзіндік із қалдырды.

Шығармашылық коллективтің құрамында сахна шебері дәрежесіне дейін көтерілген Қазақстанның Халық әртістері және еңбек сіңірген әртістері Р.Есімжанова, Ж.Сәкенова, Г.Әбдірахманова еңбек етті.

Дара тұлғалар К.Сәкиева, Ә.Жаңбырбаев, Т.Иісова, Б.Имаханов, Ш.Бахтинова т.б. өнер саңлақтарымен бірге кейінгі жас буын еңбек етуде.

2002 жылы Египет Араб мемлекетінің астанасы Каирде өткен 14-халықаралық фестивальда Ш.Айтматовтың «Боранды бекетін» қойып, үлкен шығармашылық табыспен оралды.

Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры әлемдік және еліміздің талай-талай классикалық драмаларын сахнасында түлетіп, өнер сүйер қауымның әлденеше буынына рухани нәр берген айтулы ұжымның бірі.

Әдебиеттер:


Азаматов А. Бас төреші – көрермен /Әңгімелескен А.Сапышев. // Ертіс өңірі.-2005.-15 қыркүйек.-5 б.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна: (Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрына – 70 жыл).-Алматы: ҚАЗақпарат, 2004.-260 б.

Қартов, Мерей. Семейде "Жарқанат" сахналанды // Егемен Қазақстан . - 2017. - 4 қазан. - Б. 10

Қожаев Қ., Ізғұтдинов М. Мерейтой ізеттері. Жетпіс жылдың жемістері // Ертіс өңірі.-2004.-28 қазан.-3 б.

Кәрібаев Ш. Құлаш-құлаш монологтардың заманы өткен // Семей таңы.-2001.-9 ақпан.

Қамбаров Ж. Өнердің қара шаңырағы // Ертіс өңірі.-2005.-31 наурыз.-5 б.

Сейсенұлы Д. Халің қалай, өнердің қара шаңырағы? // Дидар.-1999.-19 қазан.

11 мамыр С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, ақын,

тележурналист Амангелді Сейітхановтың туғанына 50 жыл (1969)
1969 жылы 11 мамырда бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келді. 1989 жылы ҚазМУ-ге түсті.Жоғарғы оқу орныда білім алған жылдары айтыс өнеріне бе бұрып, бірнеше жыр додасына бәйге алды. Абайдың 150 жылдық торқалы тойында Семей облысының бас ақыны ретінде сынға түсті.

Үржарда өткен респбуликлық жыр додасында бас жүлде алып, Алматы обылыснда ұйымдастырылған жыр алыбы Жамбыл мерей тойының бәйгесінде де жүлдеге ілінді. Көкшетауда өткен Ақан сері тойында да жыр сайысына қатысып,жүлдегер атанды.

«Қазақстан» телеарнасында қызмет істеді. Жастар мен әскери тәрбие және спорт бөлімінде бірнеше жобалар дайындап . спорттық және әскери тақырыптағы хабарларды жарыққа шығарды. Спорт жаңалықтарына арналған алғашқы ақпараттық «Құмсағат» бағдарламасы мен футболды насихаттау жөнінде «Футбол, футбол,,,» бағдарламасы бірнеше байқауларында жүлде алды.

1997 жылы «Хабар» агенттігінен шақырту алып, бүгінге дейін сол телеарнада еңбек етуде. Елбасы алғыс хатын алып, жылдың үздік журналисі атанды. С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері. «Қазақ спортына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.149

15 мамыр Ақын, Дәурен Берікқажыұлының туғанына 45 жыл (1974)

1974 жылы 15 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қарабұта ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің түлегі. 1996-1999 жылдары орта мектепте, 1999-2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де ағылшын тілінен дәріс берді.

Қазір «Қазақстан» телерадиокомпаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді. Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді. Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное», «Жас ақындар жырларының антологогиясы» жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің -жырларым» және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясы мен шыққан «Antle meridiem» жыр жинақтарының авторы.2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.47


20 мамыр Ақын, драматург Қашаф Туғанбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1993)

Кезінде қазақтың Маяковскийі атанған, қайнардың тумасы, өзінің саяси-әлеуметтік өлендерімен қалың оқырманды баурай білген ақын, драматург Қашаф Айтжанұлы өмірінің нағыз жемісті кезендерін Семей таңы газетінің редакциясында өткізді.

Ол ақын ретінде республика жұртшылығына ерте танылды. «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде өлең, дастаны басылып жүрген ақын 1958 жылы «Партбилет» кітапшасы басылысымен жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Өткір де өршіл, жүрек қылынтебірентетін нәзік те сыршыл өлендер оқырман көңіліне дөп тиді.

Ақынжанды ақындар Қашафтың келесі өлендер жинағын асыға күтті. Бірақ ақынның екінші өлеңі 21 жылдан соң 1979 жылы шықты. Өлендерінің көпшілігі Маяковский үлгісімен - әр жолы бөлшектеніп жазылған.

Қашаф ақындық өнермен ғана шектелмей, драматургиямен шұғылданды. Соның дәлелі ретінде «Қызыл Қатыран» деген пьесасы бірінші рет Семей облыстық театрында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды. Бұл шығармасында ауыл шаруашылығын коллективтендіру мәселесін негізге ала отырып, сол кездегі ел өмірін бейнелейді.

Қашаф Туғанбаев біраз жыл Абай мұражайын басқарып, театрда әдеби кеңесші болып та қызмет атқарды. Сөйтіп, облыс мәдениетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Әдебиеттер:
Туғанбаев Қ. Ауылым менің осындай // Ертіс.- 1966. – 26 февраль

Туғанбаев Қ. Даланың қожасы: (өлең) // Семей таңы. – 1978. – 20 сентябрь.

Туганбаев Қ. Жеңіс, бейбітшілік, сәби: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1982.-8 май.

Туғанбаев Қ. Қайнар сағынышы: (Өлең) // Семей таңы.-1975.-3 января

Туғанбаев Қ. Новосибирск. Мен Советтің тумасы. Қосылайық домбырам: (Өлендер) // Семей таңы. – 1979. – 13 апреля

Туғанбаев Қ. Партбилет: Өлендер жинағы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 49б.

Алексеев Н. Бір беттен қайтпаған: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.

Имаханов Б. Ақылшы ағамыз еді: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.

Қабылбаев С. Асылдың сынығындай жарқылдаған: (Қ.Туғанбаевтың туғанына 70 жыл) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.

Сапаев Ғ. Асылдың сынығындай жарқылдаған: (Ақынның туғанына 70 жыл) // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.



25 мамыр Ақын, әнші, өнертанушы, Мәдениет қайраткері

Құсмілия Нұрқасымның туғанына 70 жыл (1949)

1949 жылы 25 мамырда бұрынғы Семей облысы Үржар ауданының Елтай ауылында дүниеге келді. Елтай ауылының орта мектебін бітірген. Семей пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, онда Қ. Мұхамедханұлы, Қ. Шаяхметов, Қ. Мәшһүр-Жүсіпов тәрізді тамаша ұстаздардан дәріс алды.

Мұғалім, мектеп директоры, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұжымшар партия ұйымының хатшысы, Үржар аудандық білім бөлінің меңгеруші қызметтерін атқарған. Семей қалалақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылық қызметінде болды.

ҚР Үкіметіне енгізген Алаш қозғалысының 90 жылдығын атап өту туралы ұсыныс қолдау тауып, респбулика көлемінде аталып өтті. Шәкәрімнің 150 жылдық мерей тойы қарсаңында Семей ақынның және әнші Ә. Қашаубаевтың ескерткішін, Қ. Мұхамедханұлының мемориалдық кешенді ескерткішін орнатуға мұрындық болды. «Ұмытпандар мені» атты естелік кітабы жарық көрген.

Айтыс өнерінде өзіндік ізін салған ақын. Қазақстанның 70 жылдығына, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің ашылуына және Ақсут аудандық театрының 30 жылдығына арнлған облыстық ақындар айтыстарында жеңімпаз атанды.

Ұлы Абайдың 150 жылдығындағы Семейдегі гала-концерт оның «Абай тойына тойбастарымен», ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығындағы Астана қаласындағы мерекелік концерт оның «Тәуелсіздік толғауымен » ашылды. «Астан-Байтақ», «Тарбағатай», «Семей-Алаш», Абайдың сөзіне жазған «Өлсем орным қара жер...», «Қалалық қазақ», «Мен сені сағынғанда», «Барқытбек тауым-байрағым», «Төлегетай» , «Соқырдың зары» секілді әндері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.


Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.128

Нұрқасым Қ. Ұмытпаңдар мені.-Алматы: Атамұра,2002.-232 б.

Нұрқасым Қ. Орта жүз қазақтарының кейбір рулары туралы жазылған шежірелері (этногенезі) хақында.-Семей, 2014.-122 б.

29 мамыр Ұстаз, Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің туғанына 105 жыл (1914-1995)


Жақия Шайжүнісов 1914 жылы Абай ауданының Күлмен селосында туған. 1961 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, 1968 жылдан Социалистік Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз. 1953 жылы Семей педагогикалық институтын бітіргеннен бастап бүлдіршіндерді азаматтық жолда тәрбиелеуде аянбай еңбек етті. 19 жасында-ақ Көкпекті балалар үйіне тәрбиеші болып келген уыз жас аз уақытта өзін-өзі көрсете білді. Қам көңіл балалардың жай-күйін жан жүрегімен сезінген парасатты азамат жас болса да жауапкершілікті сезіне білді.

1933 жылдан бастап қырық жылдай Көкпекті балалар үйінің оқу ісінің меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. Ол келешек ұрпаққа педагогикалық, рухани мұра қалдырды. Сондықтан, 1994 жылы облыстағы балалар үйлері ұжымдары өздерінің 80 жылдығына орай өнегелі ұстаз Жақия Шайжүнісовтің педагогикалық және философиялық мұрасына арналған «Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің педагогикалық және рухани философиялық мұрасы» атты ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. Тәжірибелі маман облыстағы балалар үйлері басшыларының арасында кезінде тұңғыш Социалистің Еңбек Ері деген атаққа ие болды, сондай-ақ ол «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағының иегері.

Көкпекті балалар үйі кезінде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақтағы ең үлгілі балалар үйі ретінде екі рет Бүкілодақтық көрмеге қатысты, алтын медальмен марапатталды.

Ғұмыр бойы жетімдерге қамқоршы болған, үлкен жүректі ұстазды еске қалдыру мақсатында Семей қаласында өзінің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатып, орталық көшелердің біріне есімі берілді және педагог атындағы қайырымдылық қоры құрылды.
Әдебиеттер:
Асылжан П. Ізгілік нәрін сепкен: Ж.Шайжүнісовке – 90 жыл // Семей таңы.-2004.-7 мамыр.-6 б.

Рамазанов С. Ұрпаққа аманат.-Алматы: Қазақстан,1997.-208 б.

Сағынаев О. Ұстаз асулары //Семей таңы.-1982.-4,8,10 маусым

Сәрсекеев М. Жомарт жүрек //Семей таңы.-1968.-11 маусым.




10 маусым Ақын Серік Елікбаевтың туғанына 50 жыл (1969)

1969 жылы 10 маусым күні бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында туған. 1994 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылы аталған университеттің қазіргі қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы болып қабылданды.

1966-1997 жылдары Екібастұз жоғарғы педагогикалық колледжінде оқытушы, 1997-2002 жылдары Павлодар университетінің аға оқытушысы, доценті болып жұмыс істеді.

1999 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде аспирантурада оқыды. 2002 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ, орыс тілдерінің практиклық курсы кафедрасының доценті. 2004 жылдан бастап ПМПИ жанындағы аймақтық әдебиеттану орталығы директорының орынбасары ретінде көптеген жұмыстарда іскерлігі мен ұйымдастырушылығын көрсете білді. Қазір ПМПИдің проректоры.

1999 жылы «Назым» атты өлеңдер жинағын шығарған. 2001 жылы шыққан «Жас ақындар антологиясы» жинағына өлеңдері енген. 2002 жылы «Қазақ өлең өрнектері» атты ғылыми-әдістемелік құрал шығарған. 2000 жылғы «Шабыт» халықаралық фестивалінің поэзия номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Филология ғылымдарының кандидаты.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.64


3 шілде Эстрада мен дәстүрлі домбырамен ән айтудың шебері, әнші Гүлдана Ноғайбаеваның туғанына 40 жыл (1979)

1979 жылы 3 шілдеде бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданында туған. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияны, Семей мемлекеттік қаржы институтын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан Мәдениет сарайында әнші.

1998 жылы Шымкент қаласында өткен халықарлық Ш. Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының 2-орын жүлдегері, 1999 жылғы «Татар жыры-99» байқауының лауреаты. 2000 жылы республикалық «Жас қанат» байқауында дипломант, 2002 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалі мен Республикалық Е. Хасанғалиев байқауының лауреаты болды.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.248

Мағжан, А. Елін әнімен әлдилеп, күй күмбіріне еліткен // Ертіс

өңірі. - 2016. - 3 ақпан


24 шілде Өлке зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына

155 жыл (1864-1937)

2009 жылы 27 шілдеде өлкетанушы, тарихшы, энограф, мұрағатшы, ғалым Н.Я.Коншиннің туғанына 145 жыл толды. Николай Яковлевич Коншин – Семей өлкесіне бай мұра қалдырған, Семей қаласы мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, жан-жақты, талантты адам. Оның мінезінен адалдық, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді көруге болады. Ол қазақ халқының адал досы болды.

Н.Я.Коншиннің жалпы зерттеу жұмыстары Семей өлкесіне арналды. Мысалы, «Положение перселенческого дела и переселенцев в Степном крае», «О памятниках старины в Семипалаитснкой области», «Очеркэкономического быта кргиз Семипалатинской области», «Жандармские наблюдения за семипалатинскими чиновниками», «Заметка об одном киргизком джуте», «К истории открытия Кокпектинского округа» және т.б.

Зерттеуші белсенді қызметі үшін, орыс географиялық қоғамы императорының медалімен марапатталды. Н.Я.Коншин бірнеше жыл Семей қалалық думасының мүшесі болды. Ол Семей бөлімшесіндегі батыс-Сібір қоғамында қызмет атқарды және Семей губерниялық мұрағат қорының бірінші меңгерушісі болды. Қызмет барысында ол мұрағатта сақталған құжаттарға каталог жасады. Катаологқа Ертіс аймағында тұратын ұлт өкілдері туралы ақпаратты өлкенің тарихы туарлы мәліметтерді енгізіп отырды.



Танымал зарттеуші Н.Я.Коншиннің еңбектері шығыс Қазақстан тарихы, географиясы, этнографиясында негізгі тарихи құндылық болып табылады (Архив құрстырған буклет бойынша, 2009)
14 қазан Жазушы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т. Айбергенов атындағы сыйлығының,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Роза Мұқанованың туғанына 55 жыл (1964)
1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Көлденең ауылында дүниеге келген.

1987 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдады. 1987 жылы Орталық мемлекеттік мұражайдың әдебиет және өнер бөлімінде, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының Аударма коллегиясында аға редактор болды және ҚР Ақпарат министрлігінде қызмет істеді. 2007 жылдан ҚР Парламент Сенатында жауапты қызметкер.

«Жарық дүние» (1994), «Дүние кезек» (1997) әңгімелер жинағы, «Құдірет-Кие» (2001) әңгімелер мен драмалық хикаяттары, екі томдық шығармалар жинағы (2007) жарық көрді.

2008 жылы «Көркем әдебиет» сериясымен «Жазушы» баспасынан әңгімелер жинағы шықты. 2001 жылы Рабғузидің «Қисса-сұләнбия» кітабын алғаш рет қазақ тіліне тәржімалады.

1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар тетрында М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісімен драмалық қойылымы сахналанды. 2001 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.

«Мысықтар патшалығы» пьесасы «Самсунг» компаниясының «Қазіргі заман драматургиясы» жүлдесіне ие болды. «Шатыр астындағы Мен» атты пьесасы мемлекеттік грант жүлдесін иеленді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т. Айбергенов тындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.120

Әбединова С. Ұрпақ керек... // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 10

- 16 маусым (№ 24). - 10 .

Қорғасбек, Ж. "Мәңгілік бала бейнені іздеу" // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 10 қазан. - Б. 13



15 қазан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының,

«Абай» халықаралық медалінің иегері,

ақын Талғат Ешенұлының туғанына 45 жыл (1974)



Талғат Ешенұлы 1974 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Тарбағатай ауылындағы Октябрь орта мектебін тәмамдаған соң, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінде оқыды. 

1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде тілші, қоғам және саясат бөлімнің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1998-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2004-2005 жылдар аралығында «Жас алаш» газетінің Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі болды. 2005-2008 жылдары «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі. 2009-2010 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамында бас менеджер болып қызмет етеді. 

«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің «әдебиет», «журналистика» номинациялары бойынша (1999 жыл, 2000 жыл) жеңімпазы. Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты. ҚР Президенті стипендиясының (1999 жыл), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006 жыл). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Абай» халықаралық медалімен марапатталған.
Әдебиеттер тізімі
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.67-68

Талғат Ешенұлы // http://alashainasy.kz/omir/talgat-eshenulyi


5 қараша Семей ет комбинатының құрылғанына 85 жыл (1934)


Семей ет-комбинатының құрылысы 1931 жылы басталып, 1934 жылы 5 қарашада іске қосылуы салтанатты түрде ашылып, жұмыс істей бастады.Семей кт-консерві комбинатының маңызы мен роліне сол кездегі цифрлар айғақ: оның жылдық қуаты 250 мың бас ірі қара, 750 мың ұсақ мал және 500 мың шошқаны сатып өңдеу болатын. Комбинаттың маңызы артып, ТМД елдерінде қуаты үшінші, Қазақстанда бірінші орында болып, техниканың ең соңғы жаңалықтарымен жабдықталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қиын-қыстау шақта аянбай еңбек етіп, 1944 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1976 жылы ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.

1992 жылы комбинат «Сарыарқа» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Оның құрылтайшылары ет-консерві комбинаты, мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық комитет және «Индустриальный», «Буденный» атындағы, «Коростель» совхоздары мен «Рассвет» колхозын жекешелендіру ҚР Президентінің 1992 жылғы 8 ақпандағы Жарлығына сәйкес жүргізілді.


Әдебиеттер:


Доғалақов А. Ауыл өнімін арттырудың жолдары // Ертіс өңірі.-2011.-2 наурыз.-5 б.

Мұхамедова Р. «Семей ет комбинаты» ЖШС жұмыс істей бастады // Семей таңы.-2004.-9 сәуір.-6 б.

Нұғманбекова Р. Семейдің ет комбинаты қайтадан атын әйгілемек // Дидар.-2004.-11 желтоқсан.-2 б.

Өз тауарын өндірушілерімізді тани білейік // Семей таңы.-2004.-17 қыркүйек.-3 б.




8 желтоқсан Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазиннің туғанына 45 жыл (1974)
Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазин Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында туған. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, 1999 жылы "әдебиеттану" мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 1999-2002 жылдар аралығында ҚазҰУ-дың Студенттер клубының директорының орынбасары, директоры, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бүгінгі күнге дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында доцент, 2006 жылдан ЕҰУ-да филология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарады. Филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық айтыстардың жеңімпазы, республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері. Бір оқулықтың, бір ғылыми монографияның, отызға жуық ғылыми мақаланың, көптеген публицистикалық мақалалардың авторы, Бірнеше әдеби, ғылыми-танымдық жинақтардың құрастырушысы. Әнші М.Беспаевтың орындауындағы "Сен үшін жаралғандаймын", "Түнгі сыр", "Сүйіктім" әндерінің, "Ақиқат нұры", т.б. ел ішінде танымал әндердің мәтіндерінің авторы. Топтама өлеңдері бірнеше жыр жинақтарында, республикалық әдеби басылымдарда жарияланған.
Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.60

Дүйсенғазин С. Дәстүрлі ментальдық және ұлттық таным // Ақиқат. - 2013. - №6. - 91-93 бет.

Дүйсенғазин С. Өте қауіпті құбылыс // Айқын . - 2017.- 4 наурыз (№ 33). - 12 . Дүйсенғазы С. Қазақ-қырғыз айтыс өнері: өнеге тамыры // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 26 қаңтар-1 ақпан. - Б. 18-19

Дүйсенғазин Серікзат // http://adebiportal.kz/kz/authors/view

11 желтоқсан Музыкатанушы, әнші Талиға Бекхожинаның

туғанына 100 жыл (1919-1995)


Талиға Бекхожина 1919 жылы 11 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

Дарынды өнер зерттеушісі шығармашылығын әнші болудан бастаған. 1941-1958 жылдары Қазақ филормониясының әншісі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында концерттік бригада құрмында жауынгерлерге өнер көрсетті.1962-1980 жылдары Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының музыка бөлмінде кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.

Көп жылдар бойы фольклорлық экспедиция құрамында болған ол Қазақстанның және Өзбекстанның жергілікті тұрғындары арасынан бұрын белгісіз болып келген көптеген әндерді (1500 ден астам) нотаға түсіріп, жазып алды, халық шығармашылығының орындаушылары жайында деректер жинады. Ақын әрі композитор Ш. Құдайбердіұлының әндерін жинап, ноталық негізін алғаш қағазға түсіріп, өзі алғы сөзін жазды.

1995 жылы 17 қыркүйекте Алматыда қайтыс болды.



Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.205

16 желтоқсан КСРО және Қазақстанның Халық әртісі,

Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың туғанына 90 жыл (1929)

Бұлбұл үнді күміс көмей әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді. Әйгілі әнші өнер жолын қаламыздағы ет-консерві комбинатында қатардағы жұмысшы бола жүріп көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. Әншінің өнер жолына бағыт сілтеп жол салған, Семейге жер аударылған жазушы Галина Серебрякова мен жетекші ұстазы, Халық әртісі Надежда Самышина болды.



Әнші репертуарындағы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Е.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Төлебаевтың «Еске алу» және Батыс Еуропа композиторларының шығармаларынан вальс, романс, арияларын жоғары деңгейде орындады. Республикалық радиодан ән шырқау кезеңінде өткерген 1951-1953 жылдар аралығында Бибігүл әншілігін насихаттай жүріп, 1954 жылы Қазақтың Мемлекеттік консерваториясын бітірген соң, Қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына солист болып қызметке тұрады. 1958 жылы Москва қаласында қазақ өнерінің онкүндігінде әншілік биігінен көрініп, сол жолы Қазақ ССР халық артисі атанады. Әнші Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1966), СССР халық артисі (1967).

Халық бағасына әлдеқашан ие болған Социалистік Еңбек Ері (1991). 1968 жылы Семей қаласының 250 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткізілгені тарихтан белгілі. Осы шараға КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова да белсене қатысып, үлкен концерттік бағдарламасымен шығып халық алғысына бөленді. 1968 жылы шілде айында «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Әдебиеттер:


Байсымбек Ж. Еліңе жасаған жақсылығыңды көрсете біл: Әншімен сұхбат. // Дала мен қала.-2008.-1 ақпан.-12 б.

Бибігүл:муз.М.Егінбаевтікі; сөзі:Б.Тікебаеванікі // Мәдениет.-2013.-№ 3.-65 б.

Жақсыбаев Д. Өнерімен өрілген өмір // Ертіс өңірі.-2005.-17 ақпан.-18 б.

Төлегенова Б. «Мен бақытымды сәтсіздіктерімнен таптым»: Әңгімелескен А.Мантаева // Қазақ әдебиеті.-2007.-9 наурыз.-4 б.

Төлегенова Б. Халық махаббаты әрқашан сақталады: Әңгімелескен Г.Рақымжанова // Ертіс өңірі.-2004.-15 сәуір.-18 б.

Төлегенова Б. Сөйлегеннен бұрын ән айтуды үйренген екем // Дидар.-2009.-7 қазан.-5

Ыдырысов Қ. Бибігүл әні: (Өлең) // Семей таңы.1968.-2 март.-4 б.


20 желтоқсан Ақын Ақылбек Манабаевтың туғанына 85 жыл

(1934-1984)

Ақылбек Манабаев 1934 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Қараүңгір ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Сонда оқу бітірген соң «Тарбағатай» газетінің редакторының орынбасары болып қызмет еткен. 1962 жылы Үржар ауданына келіп жұмысшы, кітапханашы, «Алға» газетінде журналист болып еңбек етті.

1967 жылдан өмірінің соңына дейін «Семей таңы» газеті редакциясында әдеби қызметкер болды.

Семейлік ақындар ортасында Ақылбек Манабаев толғаныс, тебіренісі майда, ырғақты, нәзіктікпен, жұмсақтықпен тіл қатып, сырласар сипатымен ерекшеленеді. Ақынның таланты ана сүтімен дарыған тума талант. Анасы Бәтиманы ауыл арасындағы той-жиынға қос атпен алдыратын. Ақылбек сол анасынан нәр алған еді. Ақынның «Жазира», «Самал сазы», «мәуелі бәйтерек», балаларға арналған «Алтын мен көпір», «Тау тескен» атты кітаптары өзі барда жарық көрді.

«Анама хат», «Жүрек сөйлейді» кітаптары қайтыс болғаннан кейін жан жарының араласуымен жарық көрді. Ақын-көпшілік өлендерінде нақыштың нәзіктігіне, сүйріктігіне сүйінгіш, солардан сыр түйгіш қаламгер. «Жазира» атты кітабы сияқты «Самал сазы» да өмірге іңкәр құштарлықпен жазылған. Ақылбек Манабаевтың жазған жырларынан табиғат тамашалары кең орын алады. Сонымен қатар өзінің тұстастарына қарағанда қазақ тілінің өзіне тән поэтикалық-этнографиялық сөздік қоры бай. Ақын ежелгі ізгі дәстүрді де орынды ұстанады. Көп жастардың аузына түсе бермейтін тұрмыс-салтта қалыптасқан бұйымдар мен заттық теңеу, баламаларды жиі қолданады. «Самал сазы» атты жинағына кірген екі баллада аңызға құрылған. 1989 жылы шыққан ақынның «Жүрек сөлейді» атты кітабына негізінен ең таңдаулы өлеңдерді мен балладаларды, «Чили балалары» атты поэма енді. Өміршең де өрелі өлең жолдарынан ақын жанының тынысы, дүрсілі аңғарылады.
Әдебиеттер:
Манабаев А. Арман дүние.-Астана: «Фолиант», 2004.-93 б.

Ахметбекова А. Жырынан самалдай саз төгілткен: («Семей таңының» 80 жылдық мерейтойына орай ақынның журналистік қызметі туралы) // Семей таңы. – 1999. – 24 маусым.

Манабаева Р. Ақылым-асылым өзі: (Зайыбының естелігі) // Семей таңы – 1994. – 8 қараша.

«Семей таңының» ардагері Р.Манабаева 70 жаста // Семей таңы.-2012.-1 мамыр.-3 б.

Ибрагимов Т. Қос қоңыр: (Ақындар А.Манабаев пен М.Ибраев туралы) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.-3 б.

Сапаев Ғ. Арман туған азамат еді: (Ақынның 65 жасқа толуына орай) // Семей таңы. – 1999. – 23 желтоқсан



20 желтоқсан Өлкетанушы, Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі

Шаймардан Қалиақпаровтың

туғанына 80 жыл (1939 жыл)
Шаймардан Қалиақпаров 1939 жылдың 20 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Қызыл Құйған ауылында дүниеге келген. Әкесі Ахмар Қалиақпарұлы мен анасы Мәлипа сол ауылдың тумалары. Екеуі де колхозшы, сауатсыз адамдар болған.

Мектепке 1947 жылы барып 1956 жылы 8 класс бітірген.

1956-1960 жылдары Семейдегі геологиялық барлау техникумын бітіріп, геологиялық барлау партияларында жұмысшы, аға жұмысшы, шебер болып жұмыс істеген.

1960-1990 жылдары әскери қызметте болған. Онда қатардағы солдаттан полковник шеніне дейін өскен.

1961-1964 жылдары Кемерово қаласындағы әскери баланыс училищесін тәмамдаған.

1967-1972 жылдары Ленинградтағы әскери байланыс академиясында оқыған.

1990-1991 жылдары Семей қалалық Қазақ тілі қоғамында қызмет атқарған.

1991-1992 жылдары Семей облыстық Зерде кітабының редакторы,

1992-1996 жылдары Семей метиз-фурнитур зауытында қазақ тілінен сабақ берсе,

1996-2000 жылдары Семей әскери техникалық мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған.

2000 жылдан бері жұмыс істемейді, тек шығармашылық жұмыспен ғана шұғылданады.

Әдебиетке 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагаринның ғарышқа ұшуы себеп болған. Сол күні кездейсоқ «Слушай товарищ, человек в космосе» атты шағын өлеңің Түркстан әскери округының «Фрунзевец» газетінде басылып шығады.

Содан бері газет-журналдар беттерінде 250-дей мақалалары жарияланған. Солардың ішінде қырыққа тарта әңгімелелер бар. Алғашқы әңгіме 1978 жылы Орталық Азия әскери округының газеті «Боевое знамяда» «Материнское поле» атпен жарық көрді. Кейіннен «Ана тілегі», «Дәлел», «Судьба Оразбая», «Ынталы бала», «Қанаты қиылған аққу», «Батыр анасының жүрек сыры», «Диірменге саяхат» - «В мельницу», «Синявин жотасындағы ерлік», тағы басқалар. Жиыны 40 тарта әңгімелелер жарық көріпті.

Алғашқы кітабы «Курск шайқасының қаһарманы» «Қазақстан» баспасынан 1988 жылы, таралымы 10 000 дана болып шықты. Осыдан кейін әр жылдары: «Крематорий Бухенвальда не принимает» (1998 жылы шықты), «Герой из Прииртышья» (1999), «Чтоб вступили в строй солдатский» (1999), «Зауал шақ» (2001), «Ұрпақтар тағдыры», (Алматы, 2001), «Өрге жетелеген өнер» (2002), «Қарапайым қаһарман» (2002),«Полк главного направления» (2005), «Мобилизованные войной» (2006), «Адольф Янушкевичтің ізімен» (2008), «Әже мен немере» (2008), «Ауылым әрқашан есімде» (2013), «Мубарак Раъметуллин», 2016 год, «Побеждали с патриотизмшм в сердце», 2017 год, атты кітаптар оқырмандар қолына тиді.

Жиыны 15 кітап баспалардан басылып шықты.

Және мақалаларым 4 жинаққа енді: «ХХІ век – без ядерного оружия» (2001), «”Етжеңді” “Егемен Қазақстан”» (2003), «Әз-аға» (2011), «Продолжая традиции старших поколений» (2017)

Тақырыптары әртүрлі: қарапайым адамдардың тағдырын суреттейді, тарихи оқиғаларды қамтиды.

Шығармалар қазақ, орыс тілдерінде деректі материалдарға сүйеніп жазылған.


Әдебиеттер:
Калиакпаров, Ш. Герой из Прииртышья : Документальная повесть.- Семипалатинск : 1999. - 115 с.

.Калиакпаров, Ш. Полк главного направления . - Семипалатинск : 2005. - 257 с. -

Калиакпаров, Ш. Мобилизованные войной. - Семипалатинск : Интеллект, 2006. - 202 с.

Калиакпаров, Ш. Люди нашего времени . - Семей : ИД Интеллект, 2016. - 196 с.

Калиакпаров, Ш. Крематорий Бухенвальда не принимает : повесть // Семипалатинск, 1998. - 73 с

Калиакпаров Ш. Побеждали с патриотизмом в сердце //Семей : ИД Интеллект, 2017. - 476 с.

Махудаев , Р. Офицер всегда в строю // Вести Семей. - 2009. - 24 декабря. - С. 7


24 желтоқсан Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, қоғам қайраткері

Самат Сләмбекұлы Сүндетбаевтың

туғанына 90 жыл (1929-1967)


Самат Сүндетбаев 1929 жылы 24 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы бастал­ғанда Самат небәрі 12 жас­та еді.

Әкесі соғысқа аттанып, үй шаруасының барлық ауыртпашылығы оның иығына түсіп, қаршадайынан таңның атысы мен күннің батысына дейін ұжымдық шаруашылықта еңбек етті.

1947 жылы орта мек­тепті алтын медальға біті­ріп, Семей қаласындағы сау­да техникумында оқуға тү­седі. Техникумды өте жақсы бағамен аяқтаған соң, 1950 жылы Ф.Энгельс атындағы Ленинград сауда институтында оқыды.

1954-1958 жылдары Гурьев, Ақтөбе облыстарында облыстың сауда басқармасы бастығының орынбасары, 1961-1963 жылдары Қазақ КСР Сауда министрлігінің бөлім меңгерушісі, коллегия мүшесі болды. 1963 жылы Қазақ­стан Компартиясы Орта­лық Комитетінің Жеңіл тамақ өнеркәсібі және сауда бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне жоғарылатылды.

1964 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі Жоғары дипломатиялық мектепке жі­берілді. С.Сүндетбаев 1967 жылы маусымда жоғары дип­ло­матиялық мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп, Йемен Халық Республикасына дипломатиялық қызметке жіберілді. 1967 жылы 11 желтоқсанда өз қызметін абыроймен атқару кезінде америкалықтарды қолдайтын топтың қолынан қаза табады.

КСРО Сыртқы істер ми­нистрлігі мен Қазақстан Үкіметі С.Сүндетбаевтың сүйе­­гін сол кездегі астана­мыз – Алматы қаласына әке­ліп жер­леп, басына арнайы ескерт­­кіш орнатты. 1968 жылы 28 қазанда КСРО Жоғарғы Кенесі Президиумы дипломат С.Сүндетбаевтың ерлігі және Отанына адал берілгендігінің үлгісін көрсеткені үшін қаза тапқаннан кейін «Құрмет бел­гісі» орденімен марапаттады.

Дипломат С.Сүндетбаевтың есімін сақтауда Қарауыл ауылының орталығында көше аталған, ол оқыған Семей техникумында мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 20 жыл толуына орай «Дип­ломатиялық қызмет мұра­жайында» жерлесіміз Самат Сүндетбаевқа арналған арнайы стенд ашылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін еліне, жеріне адал қызмет етіп, халқының болашағы үшін құрбан болғандар ешқашанда ұмытылмақ емес.


Әдебиеттер:
Ақбердин Т. Халқының сүйікті перзенті // Ана тілі. – 2010. – 9-15 қыркүйек. – 7 б.

Жүнісжанов М. Есімі енді белгілі болған елші: Абай ауданынан шыққан, қоғам қайраткері, елші С.Сүндетбаев туралы // Егемен Қазақстан. – 2014. – 13 тамыз. – 10 б.

Ыдырысов Е. Дипломат Самат Сүндетбаев // Ертіс өңірі. – 2003. – 18 сәуір. – 27 б.

Айы-күні белгісіз даталар:

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың

туғанына 95 жыл (1924-1994)


Әйтікеш Толғанбаев 1924 жылы Семей облысы Шыңғыстау ауданы Қарауыл селосында дүниеге келген. Арғы тегі Ырғызбайдан тарайды. Өскенбай,  Мырзатай, Өсер, Жортар  бірге туысады. Өскенбайдан – Құнанбай, одан – Абай, ал Мырзатайдан    Жұман-Толғанбай- Әйтікеш туады. Әйтікеш жас күнінен музыкаға әуес болып өседі. Анасы Бибісара  Өтелбаева Жігітек руының қызы - өте тамаша даусы бар әнші болған екен. Әсіресе, Абай әндерін нақышына келтіре орындайтын. Немере ағасы Шәкәрім тауда жалғыз тұрғанмен Әйтікештің әкесіне жиі келіп әңгіме-дүкен құрып қайтады екен. 
Әйтікештің бауырлары шетінен музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Алғаш ауылға радио торабын тарқанда бала Әйтікештің қуанышында шек болған жоқ. Радиодан берілетін Совет скрипка мектебінің шебері М.Полякиннің концертін есі кете тыңдайтын. Он жасында басқа аспаптарды еркін меңгерген Әйтікешке  скрипканың сиқырлы үні ерекше әсер етті. Сөйтіп, скрипкашы болуға бел шешеді. Қазақ балалары арасында скрипка аспабына құмартып, оның сиқырлы үніне жүрек тебірентіп, жан-тәнімен берілген Әйткеш 1936 жылы Алматыдағы музыкалық-драмалық техникумға оқуға түсті. Техникумның скрипка бөлімін басқарған сол кездегі алғашқы ұстазы И. А. Лесман: «Өмірде бірінші рет осындай алғыр, дарынды оқушыны кездестіріп отырмын» деп шәкіртінің талантын қатты бағалайды. Бірақ дарынды талант өнерін одан әрі ұштай алған жоқ, сұм соғыс басталды арман-мақсатына жете алмады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы басталып, қан майданға аттанған, скрипкасын үнемі жанынан тастамаған Әйткеш Толғанбаев адам төзбес қиын жағдайларда өнердің құдіреттілігінен рухани нәр алды.Қырғын соғыста жүріп, тұтқынға түссе де күдерін үзбей скрипкасын қасынан тастаған жоқ. Берлин, Вена; Таранто, Рим қалалары мен Польша, Франция елдеріндегі тұтқындардың күшімен қойылатын концертте музыка әлемінде аттары даңққа бөленген – Бах, Моцарт, Гайдн, Бетховен, Шуберт, Верди, Поганин,Вивальди,Чайковский және тағы басқа ұлы композиторлардың классикалық шығармаларын скрипкада орындап, жауын өнер құдіретіне табындырды. Сондай-ақ қазақтың халық әндерін скрипканың сиқырлы үнімен орындау арқылы туған жерге сүйіспеншілігін көрсетіп, жауынан кек алды.

Соғыс біткен соң 1945 жылы Рим елшілігінде қызметке қалдырылды. Бірақ дарынды музыкант ондағы қарыны тоқтыққа салынбай, туған жерге сағынышты шыдатпай Отанына оралды. Бірақ туған жері оның асыл арманын көкке ұшырып, «қылмыскер» ретінде 25 жылға сотталды. Түрмеде адам шыдай алмастай жан-түршігерлік оқиғалардың куәсі болған Әйткеш онда да скрипкасын тастаған жоқ. Өмірлік серігі болған скрипкасының арқасында аман-есен босап шыққан музыкант еркіндікке шыққаннан кейін де тағдыры атлқыға түсіп, қиыншылық көрді. Жазықсыз қуғынға ұшыраған Әйткеш денсаулығынан айрылса да шындық іздеуден жалықпай, ақыры еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Президентіміз Н.Назарбаевқа өтініш жазғаннан кейін ғана ақталды. Өмірін күреспен өткізген, өз өмірін халқына арнаған батыр ағамыздың «Қатал тағдыр тәлкегі» атты деректі повесі сол қатал өмірінен сыр шертеді.
Әдебиеттер:
Ахметбекқызы А. Европаны тамсандырған азамат // Семей таңы.- 1997.- 31 маусым.

Жанғалиев Т. Ажалмен бетпе-бет: (Ә. Толғанбаевтың «өмір-дастан» атты кітабы хақында) // Семей таңы.- 2001.- 7 қыркүйек.- б.5

Жәкеева Г.С. Бағалы ердің бағасына жетейік: (Ә. Толғанбаевтың туғанына 80 жылдығына орай) // Ертіс өңірі.- 2003.- 14 ақпан

Қамбаров Ж. Әлемді шарлаған әмбебап скрипкашы Әйткеш Толғанбаев туралы сыр // Ертіс өңірі.-2012.-5 желтоқсан

Кәкен А.Қазақтың Паганиниі: қазақтың тұңғыш скрипкашысы Ә.Толғанбаевқа - 90 жыл // Семей таңы. - 2012. - 28 тамыз. - Б. 5

Мұқан А. Тұңғыш симфонист композитор // Мәдениет.-2011.-№ 7.-34-37 б.

Оспанов М. Скрикашы: Поэма.-Абай.-2004.-№ 1.-72-78 б

Рысбекұлы, А."Музыкант" деректі фильмінің тұсакесері // Семей таңы . - 2012. - 9 қараша. - Б. 7

Толғанбаев Ә. Қатал тағдыр тәлкегі.- Алматы, «Ана тілі», 2001.- 133 б


Жазушы, ұстаз Тайыр Жомартбаевтың туғанына 135 жыл

(1884-1937)



Қазақтың педагог жазушысы Тайыр Жомартбаев Абай ауданында 1884 жылы туған. Уфа қаласындағы Медресе – Ғалияны бітірген соң (1910-11) Семей қаласындағы медреселерде сабақ берді, революциядан кейін өмірінің ақырына дейін совхоз мектептерінде, техникумдарда ұстаздық етті. 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің сапалы жаңалық – прозаның, оның ішінде романның тууы еді. Бұл жанрға алған қалам тартушылардың бірі – Абай төңірегінде болып, жастайынан ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өскен белгілі педагог, ақын-жазушы Тайыр Жомартбаев еді.

1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан оның «Балаларға жеміс», «Қыз көрелік» атты кітаптары жарияланды. Алғашқы еңбегі ағартушылық қызметімен тікелей байланысты - өлеңдер, аудармалар жинағы болса, соңғысы қазақ прозасының тұңғыш көлемді ізденістерінің бірі болуымен ұлттық әдебиетіміздің тарихынан өзіндік орын алады.

«Қыз көрелік» - әйел теңдігі, ағартушылық тақырыбын заманында ешкімге ұқсатпай, өзіне тән көркемдік ізденіспен өрнектеген шығарма. Бұл туындыда М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» болса, С. Торайғыровтың «Қамал сұлуындағыдай» қазақ халқы тіршілігінде әлеуметтік теңсіздік, жастардың бақытқа жетуіне кесе көлденең тұрған ескі әдет-ғұрып, қатал озбырлық пен қиянат жайы негізгі мотив етіп алынбайды.

Туындының негізгі ой қазығы – оқығаны арқасында өз басының теңдігін сақтап, бақытына қол жеткізген әдепті қыз Ғайникамал тәрізді қазақ қызын дәріптеу.

Роман өлең үлгісімен жазылған. Әйел теңдігін сол кездегі туындыларда кеңінен айтылғаны мәлім. Осы сәйкессіздікті, жағымсыз өмір салтын сынауда ақын өзгеше логикалық қисын табады. «Кәріні жас құшақтау мін болмаса, кемпірді жас жігіттер неге алмайды?» деген дәлелді сауал тастайды. Ғалым Б. Кенжебаев белгілі монографиясында 20 ғасыр басындағы әдебиеттің дамуында әйел теңдігі тақырыбын жазуда екі концепцияның болғандығын айтады. Бірі – ескілік әдет-ғұрып әлі де күшті, жастардың махаббат еркіндігіне жетуіне мүмкіндік жоқ деп келетін трагедиялық шығармалар жүйесі болса, екіншісі заман өзгеріс үстінде, өз еріктері үшін бел шешіп күресе білген жастар мақсаттарына жетуіне болады деп келетін оптимистік үлігдегі туындылар еді.

«Қыз көрелік» романы сол кездегі қазақ романдарының алғашқы қарлығаштары деп аталуы заңды құбылыс. Ол туралы ғалым-аудармашы С. Талжанов былай дейді: «Ұлы Октябрьден кейін туашақ қазақ романының толғағы бұрынырақ басталған. Нәресте проза – «Қыз көрелік» пен С. Көбеевтің «Қалың малы» еді. Бұл екеуі де роман деп атала береді»


Әдебиеттер:
Зұлхаров Ғ. Қазағым-қандасымды еркелеттім: (алғашқы қазақ романының бірі - "Қыз көреліктің" авторы Т.Жомарбаевтың шығармашылығы хақында)// Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - 12-13 б.

Зұлхаров Ғ. Қазағым -қандасымды еркелеттім: алғашқы қазақ романдарының бірі -"Қыз көреліктің" жарық көргеніне 100 жыл) // Семей таңы . - 2013. - 15 қаңтар. - Б. 6

Қабышев Т. Абайдың поэзия дәстүрін дамытушы // Семей таңы.- 2004.- 26 қараша.- б.4

Қабышев Т. Заман жайлы жырлаған// Семей таңы.- 2004.- 25 маусым.- б.4

Құлбарақов С. «Қыз көрелік» – қазақ прозасының қарлығашы // Абай.- 2002.- №1.- 472

Қазақ совет энциклопедиясы т.4.- Алматы, 1974.- 472 б.

Қазақ халқының атамұралары.- Алматы, 1999.- 830 б.

Мұхамедханов, Қ. Тайыр Жомартбайұлы // Кітапта: Көп томдық шығармалар жинағы 4 том. –Алматы: «Алаш», 2005.-160 б.




Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Райымжан Мәрсековтің

туғанына 140 жыл (1879-ө.ж.б)

Райымжан Мәрсеков 1879 жылы бұрынғы Семей облысы Өскемен уезі Айыртау болысында дүниеге келген. Райымжан Мәрсеков - ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен ірі қоғам қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жоғары білімді заңгер, Семей географиялық қоғамы бөлімшесіне мүше (1902-1911) болып, далалы өлкені зерттеу ісіне өз үлесін қосқан тарихи тұлға.

1908-1912 жылдары Р.Мәрсеков Омбы сот палатасының шақыртуымен сонда қоныс аударып, адвокатура саласында қызмет жасады.

Райымжан Мәрсековтің алғашқы зерттеу мақалалары 1899 - 1900 ж.ж. «Дала уалаяты» газетінде жарияланып тұрды. Райымжан Мәрсеков 1902 жылы 22 желтоқсанда Семей орыс географиялық қоғамына мүше болуға өтініш беріп, мүше-қызметкер ретінде қабылданған. 1917-1919 жылдары Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетіне Х.Ғаббасовпен бірге редакторлық етті.

Р.Мәрсеков 1917 жылы күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына депутат болып сайланды.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен арыстарымыз А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедовтермен бірге Райымжан Мәрсеков те Алаш автономиясын құруға бар жан-тәнімен кіріскен.

Қалың елі қазағының сауат ашу, қоныстану, жер мәселесі, шаруашылық, ел билеу ісі, сайлау, тіл, дін сияқты саяси-әлеуметтік өзекті мәселелеріне қаламымен де, қызметімен де үн қоса отырып Р.Мәрсеков жас Алашорда үкіметінің Семей облысындағы басшыларының бірі болды. Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 жылдың 25 маусымындағы «Әскери полк туралы» Жарлығына сәйкес Р.Мәрсеков Алаш милициясын құру ісіне басшылық етті.

Р.Мәрсеков Семей облыстық Қазақ комитетінің төрағасы қызметіне қоса, облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. Сонымен бірге ол жаңадан құрылған Облыстық қазақ сотының төрағасы лауазымын қоса атқарған. 1918 жылы ол Семей облыстық Земствосының төрағасы қызметін атқарды.

Большевиктік үкімет тарапынан қуғын көріп, тәркілеуге ұшыраған Р.Мәрсеков 1923 жылы Қытайға өтуге мәжбүр болды. Қоғам қайраткері 1937 жылы ұсталып, хабар-ошарсыз кеткенге дейін, соңғы демі таусылғанша халқына қызмет етті.

Әдебиеттер:


Әлина Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры: (адвокат) // Дидар.-1999.-10 шілде.-2 б.

Мәрсеков Р. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6- том.-Алматы, 2004.-427 б.



Ұлы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарыққа шыққанына 110 жыл

(1909 жыл), ал сол Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Кәкітай

Ысқақұлы Құнанбаевтың туғанына 150 жыл (1869-1915 ж.)

2009 жылы Ұлы Абайдың шығармалар жинағының алғаш шыққанына 100 жыл толды. Бұл абайтанушы ғалымдар мен әдебиет, мәдениет саласының зиялы қауым өкілдері үшін атап өтер, айтулы оқиға. 1904 жылы Абай дүниеден өткен соң ақын ұрпақтары, оның артында қалған мол шығармашылық мұрасын жинауға ден қояды.

1909 жылы ұлы ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы Санкт-Петербургтегі И.Бораганский баспасынан жарық көреді. Ең алдымен бұл істе өлшеусіз еңбек сіңірген Кәкітай Ысқақұлы болды. Ол жиналған Абай өлеңдерін мұқият қарап, текстологиялық түзетулер жасап, өлеңдерін топтастырып, тақырыптар тауып қояды. Ең бастысы Кәкітай Ысқақұлы тұңғыш рет Абайдың өмірбаянын қағазға түсіріп, шығармаларын жүйелеген.

Кәкітай (Ғабдүлхакім) Ысқақұлы Құнанбаев (1869-1915) - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы. Абайдың інісі Ысқақтың баласы 8 жасынан бастап ауыл молдасынан 4 жылдай сауатын ашып, түрікше, арабша хат таныған. Оның ерекше дарындылығын байқаған Абай оны өзіне бала етіп алады. Семейге жіберіп орыс тілін үйретеді. Сонымен 1-2 жылдың ішінде орыс және шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқи алатындай дәрежеге жетеді. Абайдың кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл күйі тақырыбындағы өлеңдер жазумен айналысқан. Ол өзінің Абай ағасына ризашылығын білдіріп, 24 жыл ішінде ол кісінің үйретуімен терең білім нәрімен сусындағанын жазады. Ол Абай ағасы қайтыс болғаннан кейін ақынның баласы Тұрағұлмен бірге ақын мұраларын жинастырып баспаға әзірлеп, осы істердің ұйытқысы бола білді.

«Қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған жас, жұртышылықтың көрнекті өкілі болған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін ерекше айту керек» – деп жазады М. Әуезов. Кәкітайдың алғаш бастырған Абай жинағы өзгеріссіз күйде 1922 жылы Қазанда және Ташкентте қайта басылып шыққан. Кәкітай ақындық өнерге құлай берілмесе де, Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға өлеңмен хаттар жазған.

Ұлы Абайдың талантты баласы, аудармашы Тұрағұл Абайұлы «Әкем Абай туралы» деген құнды естелік жазып қалдырды.

Абай шығармаларын жинап, кітап етіп шығаурға еңбегі сіңген үшінші жан - Әнет ұрпағы Мүрсейіт Бікеұлы. 1961 жылы шыққан Абай Құнанбаевтың Академиялық толық шығармалар жинағындағы анықтамалық сілтемелерде «Мүрсейіт Бікеұлының жазуымен» деген сөздер жиі кезігеді.

Абай шығармаларын жинауға ұлы Шәкәрімнің қатысқаны да дау тудырмайды. Ұлы М.Әуезовке Абай жайлы көп материал берген Шәкәрім екені қазір айтылып та, жазылып та жүр.


Әдебиеттер:
Абай: Энциклопедия / Бас ред. Р.Нұрғали.- Алматы, Атамұра, 1995.- 720 б.

Абайдың балалары // Абай Құнанбаев.- Алматы, 1995.- 38-40 б.

Бейсенбаев М. абай және оның заманы.- Алматы, Жазушы, 1988.-114 б.

Ердембеков Б. Кәкітай: (Ақын жинағын алғаш бастырушы, ақын шәкірті Кәкітайдың өмірі мен шығармашылығы туралы) // Семей таңы. - 2009. 22 қазан. – 3 б.

Досжан Д. Абай айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 368 б.

Ибраев М. Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов // Семей таңы. – 1991. – 30 наурыз.

Құнанбаев Қ. Абай // Абай. – 1992. – N 3. – Б. 11-12.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі // Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1994.- 336 б.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі //Абайдың ақын шәкірттері.-Алматы, Дәуір, 1994.-336 б.

Медеуханұлы Ә. Асыл жандарды ұмытпайық: Кәкітай Ысқақұлының туғанына 140 жыл // Семей таңы.-2008.-18 желтоқсан.-3 б.

Мұхамедханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-кітап.– Алматы: 1994.-5-20 б.

Ысқақұлы Қ. Абайдың өмірі // Абайды оқы таңырқа. – Алматы, 1993. – 33 – 37.



Құнанбай қажы Өскенбайұлының туғанына 215 жыл (1804-1886)

Құнанбай Өскенбайұлы– Абайдың әкесі, аға сұлтан, қоғам қайраткері. Тобықты елін билеген беделді адам болған. Әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығарған жоқ. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарды, кейін болыс басқарушысы болып сайланып, тобықты елін биледі. Келе-келе дуанды басқаратын аға сұлтан дәрежесіне дейін жетіп, даланың беделді де, білікті әкімдердің қатарына көтерілді.

Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтанып ұстанып қана қоймай, қара танудың, сауат ашудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына өте қажетті екенін ұғынып, өз ауылынан қазақ балаларына арнап тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына мұғалім жіберуді сұрап, хат жолдайды. Кейін орысша сауатты Ғабитхан деген татарды мұғалім етіп тағайындайды.

Бүгiнде қасиеттi Қарқаралы шаһарындағы тарихи һәм қасиеттi мекен, 160 жылдық тарихы бар еңселi мешiт тiкелей осы Құнанбай қажының есiмiмен байланысты. Қазақтың бас ақыны Абайдай ұлы кемеңгердi өмiрге келтiрген Құнанбай бабамыз ел билеген әдiлеттi де беделдi әкiм ғана емес, мұсылманның бес парызын мүлтiксiз атқарған аса иманды кiсi болған. Бұған дәлел – ол кiсiнiң қажылық жолмен қасиеттi Меккеге барып, мұсылман елдерiнен барған адамдар түсетiн "Үй-Тақия" ("Тәкие") қонақүйiн салғызуы мен Қарқаралы қаласында мешiт құрылысының бой көтеруiне тiкелей мұрындық болуы. Бүгiнде осы бiр қайраткер тұлғаның елi үшiн еңсерген елеулi iстерiн бiрiмiз бiлсек, бiрiмiз, өкiнiшке қарай, бiле бермеймiз.

Мұрағат деректерiне үңiлер болсақ, мешiт салу жөнiндегi алғашқы әрекет сол кезде Қарқаралыда аға сұлтан болып тұрған Құспек Тәукиннiң басшылығымен басталғанымен, мешiт құрылысын қашан бастап, қай жерге салу, жұмыс күшiн қайдан алу сияқты мәселелерде Құнанбай қажының есiмiнiң көбiрек аталатындығына куә боламыз. Ұлы жазушы М. Әуезовтың пiкiрi бойынша, Құнанбай 1849 жылға дейiн Кiшiк-Тобықты болысының болыс управителi қызметiнде болып, одан кейiн 1849-1852 жылдары Қарқаралы округiне аға сұлтандыққа сайланған кезiнде мешiт тұрғызылған. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген аягөздiк қазақ тарихшысы Құрбанғали Халид өзiнiң 1910 жылы Қазан қаласында жарық көрген "Тарауих Хамса" деген кiтабында былай деп жазады: "Қарқаралыда Құспек алынған соң, орнына Тобықты Құнанбай мырза Өскенбайұлы 1849 жылы сайланады.

Құнанбай аға сұлтан сайланысымен сол жылы-ақ мешiт салдырып, құрбандық шалдырып, рәсiм жасады. Оның тәуiр-ақ әдiлеттiлiгi мен жомарттығы бар едi. Осы мешiтке бiрiншi болып имам Хасан Сейфоллаұлы тағайындалған едi".

Қабырғасы қаланған күннен сан алуан кезеңдi басыннан өткерген бiр жарым ғасырдан артық уақытты қамтитын тарихы бар, сол кездегi Орталық Қазақстандағы бiрiншi мешiт саналатын қасиеттi мекеннiң тағдыры да оңай болмады. Алғашында халықтың ыстық ықыласына бөленiп, рухани сұранысын қанағаттандырып отырған Алла үйiнiң жағдайы Кеңес үкiметiнiң қызыл жалыны шарпыған кезiнде тiптен нашарлап кеттi. Дiндi қастерлеген ел ақсақалдарына "дiншiл" деген күйе жағылып, халық мешiттен қашып, бес мезгiл намазын жасырынып үйде оқуға көштi. Соның салдарынын халық қастерлеген қасиеттi мекен иесiз қалды...

М. Әуезовтың «Абай Құнанбаев» атты ғылыми зерттеу монографиясында Құнанбай 1804 жылы туған, 80 жасқа келіп қайтты деп баяндалған. Құнанбайдың дәуіріне ең жақын дерек 1835 жылғы архив анықтамасы. Оны Семей қаласынан кездестіріп, бірінші рет пайдаланған М. Әуезов болатын. М.О. Әуезовтің сөзімен айтқанда «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол – феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманның айқын таңбасы бар».

Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып білу – Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
Абай : Энциклопедия..- Алматы,1995.- 720 б

Арғынбаев Х. «Абай жолы» - қазақ тұрмысының айнасы// Абай.- 1997.- №1.-54-58 б



Жолдасова Т. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі.-Алматы,38 б.

Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші:




  1. Бекхожина Т.

  2. Берікқажыұлы Д.

  3. Дүйсенғазин С.

  4. Елікбаев С.

  5. Ешенұлы Т.

  6. Ибрагимов Т.

  7. Кәрменов Ж.

  8. Коншин Н.Я.

  9. Көбдіков Т.

  10. Көксегенов А.

  11. Құжыманов Е.

  12. Манабаев А.

  13. Мұқанова Р.

  14. Ноғайбаева Г.

  15. Нұрқасым Қ.

  16. Сәтбаев Қ.

  17. Сейсенұлы Д.

  18. Сейітханов А.

  19. Сүндетбаев С.

  20. Төлегенова А.

  21. Туғанбаев Қ.

  22. Тілегенов Б.

  23. Тілеуханов Т.

  24. Шайжүнісов Ж.

  25. Шәкеев Н.


Мазмұны:

Құрастырушылардан -1

Негізгі бөлім -2

Айы-күні белгісіз даталар -2


Аталып өтілетін және еске алынатын күндер -4

Семейлік Кеңес Одағының батырлары -5

Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші 28



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет