Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы



бет3/3
Дата06.01.2020
өлшемі274,39 Kb.
#55479
1   2   3
Байланысты:
«Ұлттық таным және дін»


Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. 



Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарларкульті мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді.

Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттікағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.[1][2][3]



Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық толсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, әлеуметтік-саяси мұрат- мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және ұлттық рухтың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұлттық рухтың буырқана бой көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. ¥лттың рухани тәжірибесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, Ұлттық рухтың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді.

Рухани дамыған тұлға қалыптастыруды мынадай бағыттар арқылы жүргізуді ұсынбақпыз:

1) Танымдық бағыт  таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, дүниетаным, ғылым, дін, сындарлы ойлау білу, сананы жетілдіру, өз-өзіне баға беру, шешен сөйлеу қабілеттерінен құралады.

2) Адамгершілік бағыт – ол жеке тұлғаның жеке қасиеттерінен тұрады: жауапкершілік, мейірімділік, әділдік, қайырымды да адал, үлкенге құрметтеп, кішіге қамқор бола білу, ар-ұятты, тән және жан сұлулығы, өзінің қадір-қасиеті, ата-ананы қадірлеу.

3) Ұлттық бағыт – ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, елін, туған жерін сүю, тілді, дінді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық спортты дәріптеу, табиғатты аялау, әдебиетті, мәдениетті қастерлеу, т.б. бөліктерден тұрады.

4) Әлемдік бағыт – азаматтық, толеранттылық, басқа адамның құқықтарын құрметтеу, өзге ұлттармен ынтымақтастық, полимәдениеттілік, тілдің үштұғырлығы, ұлттаралық қарым-қатынас, т.б. жатады.

Қазақ елінің және мемлекетінің қазіргі кездегі қалыптасып жетілуі өте күрделі геосаяси жағдайларда жүзеге асырылуда. Әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген елдері біздің дамуымызға, қалыптасуымызға, алға қарай жылжуымызға көз тігуде. Егер біреулері қуаныш пен ризашлықпен қарайтын болса, ал енді біреулері қызғанышпен салқын пиғылмен қарап отыр. Әрине, мемлекетіміздің болашағы жастар. Олардың дүниетанымы, құндылықтар әлемі, рухани болмысы, наным-сенімі еліміздің болашағының айқын үміті болып саналады. Осы бағыттан алғанда, қазақ елінің қазіргі қалыптасып дамуы, осыдан бір ғасыр бұрыңғы тарихи жағдайлармен өте көп ұқсастықтарға ие. Ол кезде де қазақ зиялылары Ресей империясының рухани езгісінде болған, туған халқын еркіндікке, бостандыққа, тәуелсіз ел болуға шақырды. Бұл мақсаттың басты кілті ретінде олар рухани-бостандықты беліглеп, ата дінімізді ислам діні терең игеріп, ондағы құндылықтарды, имандылықты жүзеге асыру үшін қайта жаңғырту қажеттіктерін алға тартты.

Бұл бағытта орасаң еңбек еткен қазақ зиялыларының алдыңғы қатарында Абайдың шәкірттері – Шәкәрім, М.Ж.Көпеев, Ғұмар Қараш болды. Егерде ол кездегі рухани жағдайлаға тоқталатын болсақ, жалпы алғанда XX-шы ғасыр басындағы Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында жәдидшілдік өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс болатын. Ағартушылық сипатта жүрген жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеп,  патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Қазақ зиялылары өз көзқарастарында қоғамдағы тоқыраудың себеп-салдары мен оның мәнін ашу жақтары, қоғам өмір-тіршілігінің жан-жақты тұстарын сынға ала отырып, осы жағдайды реттеу бағытында келелі пікірлер айтты.

Нақтырақ тоқталатын болсақ, Шәкәрім, Ғұмар Қараш сынды тұлғалар өз заманында қоғамға жаңаша ойлау үрдісін ұсына білді және руханият арнасында елеулі пікірлер мен көзқарастарын қалдырды, бүгінгі тілмен айтқанда ислам дінінің зайырлы ұстанымын негіздеушілер болды деп те айтуымызға болады. Ендеше, қазіргі кездегі әртүрлі жат бағыттағы діни түсініктер қоғамымызда белең алып келе жатқан шақта, олардың алдын-алу шаралары жүйелі түрде қолға алынып отырған кезеңде, жоғарыда аталған ойшылдардың байсалды ұстанымын ашып көрсетіп, оның ішкі мәнінен жетіп, зиялылар танымындағы ой сарынын салыстырмалы талдап, оны қоғам талқысына ұсыну мәселелері зерттеуге зәру бағыт.Қазіргі жаһандану заманында рухани бірлік идеясы ерекше маңызға ие болып отырған кезде, еліміздің ислам дініне қайта бетбұрыс дәуірі басталғанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының діни дүниетанымын зерттеп, оның оңды, тиімді, құнды жақтарын игеру, қазіргі жас ұрпақтың рухани әлеміне баға жетпес құндылық болар еді.

Діни құндылықтар сенімді қалыптастырудың сара жолы. Осы ойларға байланысты әрбір ұлттың дініне қарай қалыптасқан танымы бар деп айтуға болады, ал енді танымына қарай иманы қалыптасады, иманына қарай тілі, ділі, менталитеті қалыптасады. Тіліне қарай әрбір ұлттың әдет-ғұрпы, дәстүрі, тұрмыс-салты, өзіндік ойлау жүйесі дүниеге келеді.

Жалпы дін мәселесін қарастырғанда, барша дінге ортақ ол ақиқатты тану болса, онда осы аққиқатты тану жолы да, бір дінмен, немесе бір ғана данышпанның пікірімен шектеле алмайтындығы аксиома. Дін көп болғандықтан оның танымның арналары да көп. Осының дәлелі ретінде Шәкәрім ойлары біздің жоғарғы айтқан бағытынымызды қолдап береді. Осы мәселеде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз заманында осы мәселелердің тамырына тереңдей бойлап зерттеген ойшыл. Сондықтанда ол:

Жердің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар хауіп,

Дін көбейді сондықтан.

Сол көп дінде шешу бар,

Сол шешудің арты бар.

Адасқанға кешу бар.

Кешудің де шарты бар [1, 264б], - деп осылайша үн қатқан болатын. Әрине, Жаратушыны және оның жаратқан нәрселерін танудың жалғыз, дара жолы жоқ. Жалпы ғылым туралы мәселе қозғағанда, біз міндетті түрде дін және таным мәселесіне тоқталмай кетпейміз. Ойшылдар осы төңіректе діни сенім мен танымның ара жігін аша білген. Шәкәрім болса халқына барлық дінде қауіп барын ескертеді, себебі жердің бетін дәл тауып орныққан ешқандай діннің жоқ екендігін өлеңінде баса айтып отырып, діни фанатизмге қарсы ойлар айтқан. Сол көп діннің өзінде шешу барын айтады. Шешуді табуға ұмтылатын адам болып отырғаны анық. Сондықтанда шындықты тануда адам кейде адасуы да мүмкін. Бұл қалыпты жағдай біздіңше, сол адасқан адамдарға кешу бар, сол кешудің де шарты барын айтып отыр. Яғни сол уақыттың өзінде діни таным мәселесінде болған проблемалар қазіргі таңда да жиі кездесуде. Оның негізгі шешімі ойшыл ғылым мен білімнің дұрыс бағытпен жүруінде деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңдегі маңызды мәселелердің бірі дәл осы жағдай әлемдік қауымдастыққа ортақ құбылыс.




Өз заманындағы дін қалпы мәселелерін терең баяндаған Шәкәрімнің 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Мұсылмандық шарты» еңбегінде ислам дінінің басты қағидаларын, иман, құлшылық ету негіздерін халыққа түсінікті қылып жазып шығаруды мақсат еткен еңбегінің орны ерекше. Ойшыл бұл еңбегіненде діни наным-сенімді мейлінше халыққа түсінікті тілмен жеткізгендігін көреміз. Ол ең әуелі иманның шарттарына тоқталған. Алла тағаланың барлығына ақылмен ойлап иман келтіруге айрықша мән берген. Өз пікірін Құраннан, ғұламалар пікірінен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Сонымен бірге өлеңдерінде де Құранға сүйеніп, пікірін бекіткен. Бұл бағытта жазған «Арақ-ақыл, мастық-ой, жар -хақиқат» атты өленінде:

«Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,

Молдалар маған коймақ кәпір деп ат.

 «Ақылыңа сынат, -  деп, - дәлел айтқан»

Құраннан табылады талай аят» [3, 38б] - деп Құраннан табылатын көптеген дәлелдердің шын мәнін ұғынуды айтады. Ойшыл осы өлеңін жалғастырып:

«Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,

Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.

Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,

Бетіне перде жапсаң неше қабат,

Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,

Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат»[3, 38б], - деп, Құранға ерекше баға береді.




Шәкәрім өз өлеңдерінде Кұранды ұқпай, қате түсіндірген тәпсірші, молда, сопыларды катты сынға алады. Құранда бейнелі түрде айтылғандарды тура мағынасында қабылдаған молда, сопыларды мысқылдайды. «Бейісте бар сұлу жар» атты өленінде:

«Молдеке-ау олай емес қой,

Қыз құшып, жеміс жемес қой,

Мысалмен айтқан кеңес қой,

Тәпсірлеуге миын тар» [3, 59-60б], - деп, Құрандағы бейіс, тозақ туралы жазылғанды тура қабылдаған молдекенді күлкі етеді. Сонымен қатар, мысалдап айтқанды ұқпаған, тәпсірді жетік білмеген сол кездегі білімі таяз молда, сопыларды қатты сынайды. Шәкәрім




Қай қоғамда болмасын адам өлтіру, тонау және т.б. бірнеше қылмысты істердің барлығыда қоғамда көрініс тауып, бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Жасаған қылмысына қарай жазаға тартылып келе жатқан жандардын барыда анық. Заң алдында жауапқа тартылады. Осыдан қоғамда әділдік мәсслесі шешілген деп айта алмаймыз. Енді соның тамырына тереңдеп бойлайық. Пайғамбарлар осы әділдікті қоғамда орнатуға ұмтылған тұлғалар. Ойшылдар дүниетанымында әділдікті екі түрін бөліп қарастырған, біріншіден өзі өмір сүріп отырған қоғамда әділеттілікті орнатуға күш жұмсаса, екіншіден, әрбір адам өз іс-әрекетіне екі өмірде де жауапты деген қағиданы ұстанды. Яғни бұл өмірде заң алдында, о дүниеде жұмақ пен тозақтың тұрғандығын баяндау арқылы, халқын бұл өмірде жақсылық жасауға шақырады.

Әрине, өлім мен өмір, ар мен иман, о дүниедегі жұмақ пеп тозақ бай мен кедейге, хан мен қараға ортақ. Сонда барша жамағатқа ортақ әділдік болып отыр. Сондықтан да болар Шәкәрімнің «қиянатың бар болса иманың жоқ, маған десе, мың жылдай қыл ғибадат» деген өлең жолдарынан адамның ішкі әлеміне баса назар аударып, «ар ілімін» қалыптастырған болатын. Әділетті қоғамды орнатудың қаңқасы ойшылдар дүииетанымында сомдалып, жасалынған. Бірақ ол қай қоғамда болмасын басы бүтін орындалмай келе жатқан келелі мәселенің бірі. Себебі әділетсізділікті қоғамға алып келетін адам. Ал, жиырмасыншы ғасырдың басында осы әділетсіздіктің шарықтау шегіне жеткен кезі болатын. Бұл көріністің сипатын біз XXI ғасырда да көріп жүрміз. Әділеттілік орнаған қоғам әрқашан әр мәртебесін түсірмейді, адам өмірінің құндылығын бағалайды, өзгенің хақысын жемейді, өсімқорлық пен парақорлықтан айығудың арнасына түседі. Мұндай қоғамда көрініс тапқан келеңсіздіктердің шығу себептеріне ойшылдар барынша үңілген.

Біздіңше, егеменді ел болып қалыптасып, даму стратегиясын анықтаған мемлекет барынша әділеттілік заңдылығын алға қоюы шарт, ал сол уақытта Қазақстан өзге елдің боданында болған елдің қоғамынан қандай әділдікті іздеп отыр. Мәселе осында болып отыр. Ойшылдардың дүниетанымындағы әділдік мәселесіне діни-философиялық тұрғыдан келгеніміз дұрыс секілді. Себебі «адам жүрегіндегі Алла тағала Өзінің мейрімділігімен адамға үнемі ақыл беріп, әрекетін дұрыс жолға бағыттап отырады. Халықта мұны «ұят» деп атайды. Бірақ өкінішке қарай адам өзінің жүрегінің әмірін үнемі тыңдай бермейді. Ол өмірдің түрлі «жылтырағына» алданып, жиі Құдайға қарсы [ұятына қарсы] әрекеттер жасап, оның зардабын тартып отырады» [6, 32б]. Ойшыл-ақындар ұятыңа қарсы келмесең әділдікте болғаның дейді. Ар мен ұятты мықты ұстаған адам иман жолында берік адам. Ойшылдар о дүниеде адамды иманы ғана қорғаштайтындығына кеңінен тоқталған. Сондықтанда бұл өмірде бар ғұмырыңды иман жолында қызмет етуге арна деген келелі ойлар қалдырған.

Қазіргі таңдағы күн сайын өзгеріп отырған саяси-әлеуметтік, мәдени-ақпараттық, халықаралық және аймақаралық қатынастардың ішіндегі дін мәселесі де өз маңыздылығын жойған емес. Дегенмен, бұл қазақ даласынан шыққан Шәкәрім, Ғұмар Қараш сынды ойшылдардың қылышынан қан тамып тұрған заманында еш нәрседен шімірікпей, сүбелі шығармаларды жазып қалдырған. Осындай дара тұлғалы азаматтардың әрбір шумақтағы ойы мен зерделі шығармаларына жете зер салып, қастерлей алмасақ, бүгінгі егемендікке қол жеткізген ұрпақ тарапынан кеткен кешірілмес қателік болып табылады.

Ойымызды түйіндей келе, келесі қорытындыларды жасағымыз келеді. Біріншіден, даналар дүниетанымының қайнар бастаулары мен рухани нәрлерін ұлттық рухани дәстүрлер, шығыс мәдениеттері мен мұсылмандық философиясын құрайды. Зиялылар енбектерінде ислам діні, кұдайға сену, тануы және қоғамның барлық дерлік салалары жайлы пікірлер ислам қайнар көздері Құран, хадис, шариғаттан бастау алады. Дегенмен, оның діни ағартушылық жаңашылдығы өзінен бұрын және катар өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократиялық үрдіске, өркениетке жетуді насихаттаумен де сипатталады.

Екіншіден, ғылым және мәдениет саласындағы ой-пікірлердің маңыздылығы зиялылар шығармашылығында үлкен орынған ие. Кеңес кезеңінде біз түсінбеушілікпен теріске шығарған қазақ руханиятының зиялылары Шәкәрім, Ғұмарлардың дәл осы ислам мәдениеті мен руханилығы идеяларын жақтады, ақыл мен ғылым адам үшін Жаратушыны ұғынуға жол ашады деп есептеді. Қазіргі діни жағдайдың құбылмалы шағында ислам мәдениеті мен философиясының негіздерін теориялық негізде тереңірек зерттеу, исламның рухани-адамгершілік қуаты мен гуманистік бағытын айқындау ерекше маңызды мәселе екендігі белгілі. Осыны дамыту арқылы ғана рухани жаңғыру, халықтардың өзара түсіністігі мен өзара келісімділігі, толеранттылық басты нәрсе болып саналатын исламның ұстындарына надандық пен кібірлік, зұлымдық пен бүліктің қайшы келетіндігін дәлелдеуге болады. Бүгінгі күні қазақстандық ғалымдарға бұрынғы идеологиялық таңбалардан арылып, қазақ ойшылдарының шығармаларына және оның ғылымға қосқан үлесіне жаңаша көзқараспен қараудың мүмкіндігі туды. Осы бағытта көптеген ғылыми еңбектер қатарының толтырылуы қуантарлық жағдай.

Үшіншіден, қазіргі таңда ерекше мәнге ие болып отырған діни топтар мен бірлестіктердің мәселесі де қозғалады. Экстремистік көңіл-күй біздің елімізде жатжерлік діни ағымдар тарапынан байқалып отырғандығы мәлім. Әсіресе, төзімсіздігімен ерекшеленетін шетелдік түбірге ие кейбір ислам жамағаттарының әсері аңғарылады. Бұл жастар арасына таралып отыр. Атын атап, түсін түстемесек те, жалпы жұртшылыққа белгілі бұл кері ағымдар рухани ізденіс үстіндегі жастардың танымы қалыптаспағанын пайдаланып әрекетін іске асырмақ ниетте. Осының салдары діни білімнің таяздығынан, ата-ана тәрбиесінің немқұрайлылығынан деп ойлаймыз. Бұл тек бірнеше ғана мысал. Оның себеп-салдарын жан-жақты қарастыруға болады. Заңмен дінге қатысты қатаң саясатты бекітіп тастаудың да қаупін ескерсек, біздің мақсатымызда зайырлы қоғамымызда барынша конституциялық құқықтарын сақтай отыра, халықты діни ағарту мәселелеріне көңіл бөліп, оның неғұрлым дұрыстығын қадағаласақ, соғұрлым жақсы нәтижені аларымыз анық.

Даналар танымынан біздің аңғаратынымыз қашанда халқының басына қандай күн тусада, рухани жағынан кемелденуге шақырғандығындығына көзіміз жетеді. Себебі рухы зор халықты ешқандай күш басып ала алмайды, оны көшпенді қазақ халқы тарихтың әр кезінде айқын дәлелдеген. Сондықтанда өз заманының кесек тұлғаларының өзін және олардың қыл қаламынан туындаған шығармаларын, сол шығармалардың өзегіне айналған өміршең идеяларын біз және болашақ ұрпақ қастерлей білуі керек.

Сонымен, тұлғаның рухани моделін қалыптастыру рухани құндылықтардың негізгі қайнар көздері – салт-дәстүр, мәдениет, ғылым-білім, дүниетаным, адамгершілік арқылы жүзеге асады. Осы тәрбие жолында жоғарыда айтылып кеткен тәрбие мектептері үлкен рөл атқарады. Халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі - мәдениет, әдебиет, дін, салт-сана, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі. Тәрбие саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Жастарға білім беру мен тәрбиелеу осы негізде жүйеленуі қажет деп есептейміз. Үлкен ғұлама-педагог Л.Фейербах: «тәрбиенің мақсаты - бақыт, ал соған жету - қуаныш» деп санаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет