Шығыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты



бет67/80
Дата05.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#26116
түріМетодические рекомендации
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
К. Б. Болатбекова
Семей қ.,
«Арман» ясли-бақшасы

Тақырыбы: «Өзін - өзі тану» әлеміне саяхат




Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:

  • адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

  • өзіне деген сенімділігін дамыту;

  • өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

  • Көрнекі құралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картаы, түрлі түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері

  • Балалар, мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздаң ұстап, шеңбер құрайық! Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір –бірімізді жақсы көре аламыз, тани аламыз, бір-бірімізге қарап қолымыздан ұстасып, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері – деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, бір-бірімізге жылуымызды берейік, күлкімізді сыйлайық!

Балалар Ө. Тұрмажановтың өлен жолдарын хормен қайталайды.


Кел, балалар, күлейік!


Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!

Кел балалар, күлейік!


Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!


Әңгімелесу
- Балалар, біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз. Қане, есімізге түсірейікші, сол саяхатымызда біздің қандай көмекшілеріміз болды?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл саяхатымызда «Өзін - өзі тану» әлемінің картасы бізге көмекшіміз болып қала береді.
«Өзін-өзі тану» әлемінің картасы бізге өзіміздің кім екенімізді және қандай екендігімізді білуге көмектеседі?

  • Әркім өзін қандаймын деп ойлайды?

  • Жақсы болу дегенді қалай түсуніге болады?

  • «Өзін-өзі тану» әлемі бізді қандай жақсылыққа үйретті?

  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді еске түсіріп атйықшы?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемі арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді біліп, олармен таныса бастадық. Бұл қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік деп аталады екен.
Тәрбиеші балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назарларын аудартады. -Бұл -өзімізге таныс «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы.
Картада бірнеше аялдамалар берілген.
Тәрбиеші балаларға көрсетеді.

  • «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамалардаң қандай суреттерді көріп тұрсындар?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші түйіндейді.
- Суретте кең байтақ Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың отбасы, достары, туған жері, оның табиғаты бейнеленген екен. Осы картаның көмегімен қызықты әлемге саяхатымызды жалғастырып, тағы да қызықты шығармалармен танысып, ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысамыз.
Әңгімелеу
Тәрбиеші Ә.Асылбековтың «Сүйіспеншілік» әңгімесін балаларға оқып береді.
Дәйексөз
«Сүйіспеншілік - жүректен» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
-Халық даналығында «Сүйіспеншілік-жүректен» деп өте орынды айтылған. айналамыздағы туған-туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды.
Тыныштық сәті
-Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздерінді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріннің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініндер. Ал енді көздерінді ашсандар да болады.
Ойын «Мадақтау»
Баллар шеңбер бойымен дөңгелене тұрып, бір-бірінің сөздеріне күлімсірей қарап, көршісіне жылы сөздер айтады.
-Сен мейірімдісін...
-Сен адалсың...
- Сен әдемісін...
- Сен күштісін...
-Сен жақсысын...
-Сен қамқорсын...
-Сен әдептісін...т.с.с.
Көршісі басын изеп: «Рақмет, сенің сөздеріннің бәрі маған».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет