Шығыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты



бет75/80
Дата05.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#26116
түріМетодические рекомендации
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Жүректен жүрекке Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оларға әріптер таратылады. Олар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс .
Үлгі: А-әрпі
-Сен досыңды қалай жақсы көресің?
-Адалым, ардағым ...
-Өмірде дос болмаса не болар еді?
- ажарсыз, армансыз...
С-әрпі
-Досыңды неліктен жақсы көресің?
-Сырлас, сымбатты болғандықтан.... (Оқушылар өз пікірлері арқылы сабақты қорытындылайды.)
Н.Б. Қойбасарова
38 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану»
Семей қ.
Іздеген жетер мұратқа.


Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.
Міндеттері:

  • Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

  • оқушылардың ерік- күшін дамытуға ықпал ету;

  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.
Шаттық шеңберге тұрып оқушылар сол жағындағы көршісімен сәлемдесіп, көршісіне болашағына жетелейтіндей бір жақсы лебізін білдіреді.
Мысалы:
- Армысың, Арман! Мен саған өмірде армандаған барлық армандарыңа жетуіңе тілектеспін!
Әр оқушының лебізі тыңдалып болғаннан кейін оқушылар М. Мақатаевтың «Аңса жаным» әнін хормен айтып шығады.
Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,
Орнасын деп жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса, жаным, зарығып шарша, жаным,
Қанша ғұмыр қалса да қанша амалың.
Мен сағынсам, сен- дағы сағын, жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөлсіз, ашусыз бауырлардың,
Алқам - салқам аңсаймын қауымдарын.
Болса- дағы көңілім қанша жарым,
Білінбейді солармен шаршағаным.
Жайлап ескен жақсыдан жан саламын,
Аңса, жаным, жабықпай, аңса, жаным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет