-«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысына №38 бағдарды қайта жүргізуге қатысты (бағдар қайта жүргізілді);
- ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығына, әскери қызметін келісім-шарт бойынша Алматы облысында өтеп жүрген С.Р.Жақыповты анасының науқастануына байланысты ауыстыру туралы
(мәселе бақылауда);
- ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысына Өскемен қаласының медицина қызметкерлерін жедел респираторлық вирустық жұқпаға диагноз қою бойынша қосымша қайта даярлауға қатысты
(семинарлар өткізілді, эпидемиялық маусымға дайындық жүргізілді);
- Өскемен қаласының әкіміне
1. №№11,27,43 автобус бағдарларының және № 1 трамвай бағдарының;
2. Тракторная көшесінің бойымен Абай көшесіне дейін жылы аялдамалар орнату және көлік тұратын орындардың қажетті санын ұйымдастыру.
3. «Қазцинк» ЖШС қызметкерлерінің балаларына «№ 1 Балапан» балабақша-бөбекжайынан» орындар беру мәселесін шешу.
4 «Қазцинк» ЖШС ӨК МК ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын пункт ұйымдастыру. (Автобустардың бағдары ішінара қалпына келтірілді, «Қазцинк» ЖШС жанынан бір жылы аялдама орнатылды, «№ 1 Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік балабақша болып табылады. Мемлекеттік балабақшалар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жұмыс істейді;
- Алтай ауданының әкімі Н.Т.Тоқсейітовке:
1. Жаңа Бұқтырма кентінен «Айна» демалыс базасына дейінгі жолды жөндеуге қатысты.
2. Алтай қаласындағы мектептердің компьютер сыныптарын жаңарту туралы;
- ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысына «Сочи» дәмханасының экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге қатысты. («ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 5-бабына сәйкес аталған мәселе Департамент құзыретіне кірмейді);
- ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Г.К.Сүлейменовке «Сочи» дәмханасы жабдықтарының өнеркәсіптік шулары деңгейін өлшеуге қатысты
(мәселе бақылауда);
- Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» МК-ның ШҚО бойынша филиалының басшысы Р.А.Байшыбаеваға «Сочи» дәмханасы жұмысының проблемалық мәселесі бойынша
(бақылауда);
- ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысына «Синегра» препаратын тегін дәрілер тізбесіне кіргізуге қатысты
(бақылауда).
- Ұлан ауданының әкіміне көп балалы отбасы Р.К.Кенжалға баспана беру туралы мәселеге қатысты
(бақылауда);
- Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Т.А.Рахимжановаға «Металлург-5» саяжай кооперативінің жолдарын абаттандыруға қатысты;
- Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Т.А.Рахимжановаға Үлбі өзенінің жағалауына жарық жүргізуге қатысты (бақылауда);
- «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысына 1 топ мүгедегіне пәтер бөлуге жәрдемдесуге қатысты (бақылауда);
- Өскемен қаласының әкіміне Промышленная көшесін абаттандыру және Тракторная көшесінің бойында көлік тұратын орындар ұйымдастыруға қатысты (бақылауда);
- ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысына (қайтадан)
«Синегра 100мл» (Максигра 100мг) препаратын тегін дәрілер тізбесіне кіргізуге қатысты (бақылауда);
|