Шыңғыс хан ұлы көсемнің шынайы есімі емес



Дата08.02.2022
өлшемі15,36 Kb.
#124543
Байланысты:
Шыңғысхан


Шыңғысхан



Ұлы қолбасшы туылған кезде оны Темүжін деп атаған. Ол "темірші, темір" мағынасын білдіреді. Алайда 1206 жылы ол өзін "Шыңғыс хан" деп атаған. Хан сөзі "әмірші" мағынасын береді, ал "Шыңғыс" сөзінің мағынасын ғалымдар әлі талқылап, ортақ шешімге келе алмай жүр. Бірақ олардың басым бөлігі бұл қытайдың "Чжэн", яғни әділ сөзінен шыққан дегенмен келіседі.

  • Туылғанда жұдырығында бір уыс қан болған

Шыңғысқан туылған кезде жұдырығында бір уыс қан болған деген аңыз бар. Бұл оның келешекте ұлы қолбасшы болатынын көрсететін белгі болған. Шыңғыс ханның туған жылы әлі күнге дейін нақты белгісіз. Ғалымдар ол 1155, 1162 және 1167 жылдары туған деп таласуда.

Ұлы көсемнің түр-әлпетін әртүрлі суреттейді. Кейбір дереккөздерде ол еуропалық нәсіл сияқты көк көзді, жирен шашты, ұзын бойлы болып сипатталса, кейбір деректерде Шыңғыс хан азия ұлттарына тән мығым денелі, ат жақты, сығыр көзді болып сипатталады.

Хорезм империясы кезінде ірі мемлекет болған, алайда Шыңғыс ханның әскері халықтың 3/4 қырып тастаған. Ирандықтар халық санын 700 жылдан кейін әрең дегенде қалпына келтірген.

Наймандарды жеңген кезде Шыңғыс хан алғашқы іс-қағаздар ісімен танысқан. Наймандарға қызмет еткен ұйғырлардың бір бөлігі Шыңғыс ханға қызмет етіп, монғол мемлекетінің алғашқы шенеуніктері мен ұстаздарына айналған. Монғолия әлі күнге дейін ұйғыр әліппесін пайдаланады.

Шыңғысхан 1227 жылы 65 жасында көз жұмған. Оның не себепті қайтыс болғанын ғалымдар әлі зерттеу үстінде. Бір нұсқа бойынша оны тұтқынға алынған қытай ханшайым өлтірді десе, екінші бір нұсқада жаудың жебесі тиіп ол аттан құлап өлген деседі. Ұлы қолбасшының қайда жерленгені де жұмбақ күйінде қалған. Бір аңыз бойынша ол Ыстық көлдің түбіне көмілген екен.


https://kaz.nur.kz/1762640-sygys-han-turaly-siz-bilmejtin-togyz-derek.html

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет