Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет15/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Қазақ халқының этникалық тарихы барлық Орталық Азиядағы халықтардікі сияқты өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл жерде көптеген халықтар мен тайпалардың тағдыры тоғысып жатты.

Қазақстан территориясындағы этникалық үдірістің қалыптасуы қола дәуірінен бастау алады да, бірнеше кезеңге бөлінеді. Антропологиялық жағынан этникалық үдірістің қалыптасуы ұзақ уақыт мекен еткен еуропалық текті нәсілдер тұрақты сақталып келді де, уақыт өте келе монғол тектестер болып өзгерді. Сонымен қатар тілдік өзгерістер байқалды, иран тілдес ежелгі тайпаларды түркі тілдес кейінгі тұрғындар ығыстырды. Ғұндардың келуімен Қазақстан территориясында монғолоидтық белгілердің және түріктердің араласуы байқалады. Этникалық үдірістің шешуші кезеңі б.з.б. VI ғасырда түріктердің жаппай көшіп келуіне және түрік қағанатының пайда болуымен байланысты. Осының бәрі Қазақстанда халықтың түркіленуі–антропологиялық бет-бейнені біртіндеп монғолоид түріне айналдыра бастады. Монғолдар аймақтық этникалық сипатын өзгеріске ұшыратты, атап айтқанда антропологиялық кескіні бойынша- монғолоидтық белгілер шарықтай түсті. Моғол дәуірінен кейін (ХIV-ХVғғ.) этникалық құрамы тұрақтанып, ортақ этникалық сипатқа халықтың бірігуіне әкелді.

ХV ғ. екінші жартысында қалыптасқан халық «қазақтар» деген атпен мәлім болды. «Қазақ» атауының шығуы ұзақ уақыт бойы зерттеушілер пікірталасына, халықтың өз шығу тегі туралы көптеген аңыздар тудыруына арқау болып келеді. Деректерде бұл сөз әуелі әлеуметтік мәнде қаралып, «өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп, жеке өмір сүруші адам» деген мағынаны білдіреді (В.В.Бартольд). «Тарихи-Рашиди» деректер бойынша «қазақ» атауы Жетісуға көшіп кетуші Жәнібек пен Керей бастаған саяси топтың аты ретінде, әуелі «Өзбек-қазақтар», кейіннен «қазақтар» (казак) түрінде қолданылған. Жәнібек пен Керей хандығы нығая түскенде оларға қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады. Біртіндеп «қазақтар» атауы Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда пайда болған түркі халқының атына айналды.

Көшпелі өмірдің сапырылысуына байланысты қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ және күрделі үдіріс. Әрбір топ көптеген ұйымдасқан этникалық топ пен кішігірім бөлімдерден тұрды, олар бір-бірімен өзара күрделі қоғамдық байланыстармен байланыста болды.

Қазақ халқының құрылу үдірісі этникалық территориясына байланысты қалыптасты. Этносаяси және этникалық-шаруашылық жағдайына байланысты Қазақстан территориясында үш жүз қалыптасты: Ұлы, Орта және Кіші жүз.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде қалыптасты. Алғаш рет қазақ жүздерінің атауы ХVII ғ. бас кезіне жатады. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған.

Ұлы жүз қазақтары негізінен Шу мен Талас бойы, Іле өзені, Жоңғар мен Қаратау тауларына дейінгі Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгелдей жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шаңышқы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді.

Орта жүз қазақтары Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамына қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа-рулары кіреді.

Кіші жүз қазақтарының негізгі территориясы – Батыс Қазақстан. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы үш күрделі тайпалар одағынан: Әлімұлы, Байұлы, Жетірудан тұрады. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет