Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың ағартушылық қызметі



бет51/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

47. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың ағартушылық қызметі

  ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты – Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы атақонысы Сырымбетте өткен. Жасында ауыл молдасынан хат таныған Шоқан 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Корпуста бірге оқыған досы, кейіннен үлкен этнограф-ғалым болған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», – деп, Шоқанның қабілетін ерекше бағалаған. Шоқанның зерттеушілік қабілеті корпуста оқып жүргенде-ақ оянған. Жазғы демалыстарда Шоқан ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мен дастандарын жазып алған. Ш.Уәлихановтың алғашқы жазып алған ауыз әдебиетінің түрі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. Шоқан 1852 жылы орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Костылецкий арқылы көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысып, оның көмегімен ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне араласқан.

 

Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында жинаған материалдарының негізінде «Тәңірі (Құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазған. Шоқан 1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы материалдар жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапардағы материалдары бойынша «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектер жазған. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса жоғары бағалаған. 1857 жылы небәрі жиырма екі жасында әйгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тяншанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға әйгілі саяхатын жасайды. Ресей тарапынан да зерттелмеген таныс емес беймәлім өлкенің тілі, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, жағырапиясы жайлы Шоқан жинаған мәліметтер бүкіл әлемдік ғылым саласына қосылған үлкен үлес болатын. Шоқан 1863-1864 жылдары Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазған.



 

Ш. Уәлиханов өз заманындағы білімдар ғалым, ізденімпаз саяхатшы болумен қатар, туған елінің әдебиетін, мәдениетін тұңғыш зерттеуші де болған. Шоқан қазақ халқының ақындық қабілетін «Түркі тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады, қазақтар жаратылысынан өлеңші және ақын», – аса жоғары бағалаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан оларды славян халықтарының ауыз әдебиетімен салыстыра келе: «Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарындағы, әсіресе, славяндардағы осы тектес шығармалармен бір сарындастығына қайран қалдым», – деп жазады «Жоңғария очерктері» деген еңбегінде. Шоқанның «Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» деген еңбегінде ел арасындағы аңыз-ертегілер туралы айтылған.

 

Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға көп көңіл бөлген. Қырғыз халқының «Манас» жырын бірінші баспаға ұсынған да, оны орыс достарына таныстырған да – Шоқан Уәлиханов. Ш.Уәлиханов: «Манасты» даланың «Иллиадасы», «Семетейді» қырғыздың «Одиссеясы», – деп бағалаған.



 

Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөлген.

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1865 жылы отызға жетпеген шағында қайтыс болған. Сүйегі Алматы облысының аумағындағы Алтынемел тауының бауырындағы Көшен – Тоған деген жерге қойылған.



 

Шоқанның қазасына байланысты Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», деп жазған. Шоқан Уәлиханов туралы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасы бар.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет