Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі



бет94/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

72. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі

Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.

М.Тынышбаевтың елге адал қызмет етудегі келесі қызметі — 1916–1917 жылдар еншiсiне жатады. 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерiлiсiнiң салдарын (Жетiсу облысындағы қазақ-қырғызға жасалған қанды қырғын, халықтың босқындыққа ұшырап, бұрынғы жұпыны күйлерiнен-де айрылуы және т.б.) күнi бұрын-ақ болжап, көтерiлiстi болдырмауға тырысты. М.Тынышбаев күшi басым империялық билiкке қарсы шығудың, қарусыз халыққа тек қайғы-қасiрет әкелетiнiн алдын-ала түсiнiп, елдi сабырға шақырған «Қазақ" газетi төңiрегiндегi зиялылармен бiр пiкiрде болды. Кейiн осы көтерiлiстiң зардабын жою iсiмен айналысты [3]. Ол 1917 жылдың ақпанында дүниеге келген Уақытша Үкiметтiң Түркiстан Комитетi құрамына мүше болып, халық трагедиясын шешуге барынша атсалысты. М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметiнiң келесi бiр өте маңызды кезеңi — Алашорда үкiметi тарихынан табылады. 1917 жылдың соңына таман Ресейдегі биліктің дағдарысы мен анархияға ұшырауы Алаш зиялыларының ұлттық автономия мәселесін көтеруіне ықпал етеді. Бiрақ басталып кеткен азамат соғысы бұл шешiмнiң орындалуына қолайлы жағдай туғыза қойған жоқ. Соған қарамастан Алашорда үкіметі бұрынғы империя метрополиясы мен отар аймақтарында пайда болған түрлі саяси билік құрылымдарымен келіссөздер жүргізіп, қазақ мүддесін қозғауға ұмтылды. М.Тынышбаев белсенді мүшесі болған ұлт автономиясының көсемдері, ең алдымен халықтың амандығын, бүтiндiгiн сақтауға тырысты [4]. М.Тынышбаев қатарлы зиялылар кеңестiк билiктiң қайшылықты қуғын-сүргiн саясаты жылдарында, ел мүддесіне адалдықтарынан титтей-де жаңылған жоқ. Мұхамеджан Тынышбаев инженерлік кәсібін жалғастырып, ағартушылық және зерттеушілік жұмыстармен қоса айналысты. Ташкент қаласында орналасқан Қазақ Халық Ағарту институтында түркі-моңғол тарихынан дәріс оқып, физика, математика пәндерінен сабақ берумен айналысады. Fылыми еңбектерi арасында қазақ халқының этникалық және саяси тарихына арналған зерттеулері — «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтардың шығу тегі», «Қазақ хандығының құрылуы», «Қырғыз-қазақтар 17–18 ғасырларда», «Ақтабан шұбырынды» және т.б. көкейкестілігімен маңызы зор саналады [5]. Бұл еңбектердің тарихи-ғылыми құндылығын бүгінгі тәуелсіз еліміздің тарихи шежіресінен кездестіруге болар еді. Мұхамеджан Тынышбаев кәсiби қызметiнде Жетiсу жол құрылысы, Қызылорда, Алматы қалалары сәулет-ғимарат нысандарын жобалау және салу, Түркiстан-Сiбiр темiр жолын тұрғызу тәрізді ірі техникалық туындыларын қалдырып үлгерді. Әсіресе тұңғыш қазақ инженерінің атақты Түркiстан-Сiбiр темiр жолын салудағы еңбегi өлшеусiз [6]. Қазақстан көлік және коммуникация әлеуетін қалыптастыруда Мұхамеджан Тынышбаевтың көшбасшы екенін бүгінгі ұрпақ ұмытпағаны ләзім. Кеңес үкіметі Алаш зиялыларының іс-әрекеттерін жіті назарда ұстап, 1937–1938 жылдары жаппай жазалауға ұшыратты. М.Тынышбаев 1930 жылдың тамыз айының 3-жұлдызында кеңес билігі тарапынан саяси қуғындауға түсті[7]. Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тарихи құжаттар мен деректер елімізде, ТМД елдері қалаларының (Мәскеу, Петербург, Самара, Уфа, Том, Қазан, Ташкент, Қоқанд, Ашғабад және т.б.) мұрағат қорларында және алыс шетелдерде түрлі ресми-қоғамдық мекемелермен жеке коллекционерлер қорларына шоғырланған. Оларды іздеу, жинау, деректанулық талдау жұмыстары үздіксіз жалғаса берсе деген ойдамыз. Еліміздің тәуелсіздігі осындай, аға ұрпақтың жанқиярлық еңбегі мен тағылымға толы өмірі арқылы еңселене, кемелдене түспекші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет