Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ш. Құдайбердіұлы – ақын, философ, тарихшы, қоғам қайраткері



бет97/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

73. Ш. Құдайбердіұлы – ақын, философ, тарихшы, қоғам қайраткері

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы, сазгер, тарихшы және философ.

 

1858 ж. 24 (11) шілдеде Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Қарауыл ауылында Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.



 

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы әрі өзінің немере ағасы - Абай Құнанбаевтан тәрбие алған. Абай оның азамат әрі ақын болып қалыптасуына үлес қосқан. Ол Шығыс және батыс классикалық әдебиеттерін оқиды. Өз заманының білімді адамының бірі болған – орыс, түрік, парсы, араб тілдерін жетік меңгеріп, философиялық, діни, психологиялық еңбектерді көп оқыған.

 

«Жастық туралы», «Кәрілік туралы», «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табайық» өлеңдерінде жастарды  Абайдан білім алуға шақырса,  өлең-жырларында “Өмір”,“Сәнқойлар”,“Ызақорлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”, “Тойымсыз нәпсі” атты өлеңдері жағымсыз қылықты сынға алған, «Жастарға», «Иманым» т. б. өлеңдері шынайы сезім, адамшылық, білімге деген құштарлықты жырлаған.



 

«Қалқаман-Мамыр» (1888), «Еңлік-Кебек» (1891), «Айсұлу-Нартайлақ», «Крез патша», «Ләйлі-Мәжнүн» (1907) поэмалары, қазақ халқының қалыптасу тарихы туралы «Түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі», «Шежіре», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» философиялық трактаты, «Бәйшешек бақшасы» философиялық ойларының авторы. Шәкәрім А. С. Пушкиннің «Дубровский» және «Метель» шығармаларын қазақша өлең түрінде, Л. Толстой, Физули, Хафиз әңгімелерін өлең және проза түрінде, А. Фирдоусидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын еркін аударған.  

 

Шәкәрім Абай дүниеден өткен соң, 1905 жылы қажылыққа, Арабия, Түркияға барып, белгілі Александр кітапханасында жұмыс істейді. Қайтып оралған соң, Шәкәрім туған ауылынан жыраққа кетіп,  әдеби шығармашылыққа бет бұрады. 1917 ж. ауылда, 1925 ж. өмірінің соңына дейін Саят-Қора аңшылық үйінде тұрады.  1931 жылы 73 жастағы ақынға бай-кулак  элементтерімен байланыста  деген айып тағылып, ату жазасына кесіледі.



 

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 ж. 29 желтоқсанда КСРО Бас Прокуратурасының шешімімен қылмыстық ісі болмауы себепті ақталады, бірақ еңбектерін шығаруға тыйым салынады. 1988 ж. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығы толығымен ақталды. 

 

1989 ж. белгілі ғалым Мұхаммедрахым Жармұхаммедұлының басшылығымен ойшылдың жинағы жарыққа шықты. Шәкәрімнің алғашқы академиялық өмірбаянын Шәмшиябану Сәтпаева жазды. Кейін Бақытжан Қанапиянов Шәкәрімнің бірнеше өлеңін аударып, 1992 ж. «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Шәкәрімнің соңғы күзі» фильміне сценарий жазды. 2008 ж. Роллан Сейсенбаев Шәкәрімнің үш томдығының презентациясын өткізді.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет