Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ә.Бөкейхан 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға



бет75/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Ә.Бөкейхан 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат етіп Ш.Құдайбердіұлын ұсынған. Бірақ ақын өз орнын Т.Нұрекенұлына берген. Сондай-ақ, 1905-1906 жылдары Семейде Ә.Бөкейханның жетекшілігімен және қатысуымен өткен саяси жиындардың барлығына дерлік Ш.Құдайбердіұлы ұлт зиялыларының өкілі ретінде қатысқан. Ақын Алаш қайраткерлерінің ақыл және еңбек күшімен шыққан «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне белсене араласып, мақала, өлең жазып тұрған. Екі басылым арасында өзара пікірталас туғанда бітістіруші-дәнекер болғаны тағы бар. Ә.Бөкейхан 1914 жылы мұсылман сиезіне қатысты сериялық мақалаларында қазақ тілінің мықтылығын дәлелдегенде, Абайдың қатарында Ш.Құдайбердіұлының орнын айрықша атайды. «Қазақ» газетінде Алаш қайраткерлері Шәкәрімнің жарияланған кітаптарына оң баға беріп отырды. Бұл дәстүр төңкерістен кейін де жалғасып, А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында», басқа да қайраткерлердің оқулықтары мен мақалаларында ақын шығармашылығы лайықты сөз етілді. 1917 жылы Ш.Құдайбердіұлы Алаш қозғалысының жуан ортасында жүрді. Алаш партиясын құру және Алаш автономиясын жариялау шарасына даярлық ретінде облыстарда қазақ сиездері ұйымдастырылғанда, ақын өз өңірінде (Семейде) 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен жиынға қатысып, сөз сөйлейді. Ш.Құдайбердіұлы Алаш Орда үкіметі жарияланатын 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен II жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылады. Алаш партиясының Семей облыстық комитетіне ақынның өзіне жақын тартқан 4 шәкірт-інісінің (А.Қозыбағарұлы, Т.Абайұлы, Х.Ғаббасұлы, А.Молдабайұлы) кіргені де біраз жайды аңғартса керек. Осы тұста ол: «Оқыған жастың етегін, Қабыл алдым жетегін, Босқа жатып нетемін» деп жазды. 1917 жылы қараша-желтоқсан айларында земство сайлауы болғанда, Ш.Құдайбердіұлы Семей уездік земствосына Шыңғыс болысынан сайланады. Ертерек, 1878-1880 жылдары Шыңғыстаудың болысы болып, ел билеу ісін тәжірибесімен өткерген ақын жаңа заманның да билігін көреді. Облыстық земствоға бірнеше рет қатысады. М.Боштайұлы басқарған облыстық қазақ сотының мүшесі болады. Осы шамада аталған сот земство мәртебесі аясында Алаш Орданың атынан сот билігіне қатысып отырғанға ұқсайды. Біраз зерттеушілер «Алаш Орданың қазысы, биі болды» деуі сондықтан. Ахат Шәкәрімұлы естеліктерінде де осындай мәлімет бар. 1918 жылы Алаш қаласында большевиктер қолынан қапыда қаза болған ұлт сардары Қ.Нұрмұхамедұлының жаназасында Ш.Құдайбердіұлы «Өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен дәлелдеді. … Құдай тағала қазаққа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті» деп аталы сөзін айтты. 1919-1931 жылдары ақын біраз уақыт шығармашылықпен айналысып, «Таң», «Қазақ тілі» басылымдарымен араласып тұрады. 1924 жылы Германиядан келген профессор М.Кучински Қ.Кемеңгерұлының жол бастауымен Құдайбердіұлымен дидарласады. 1930 жылы үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында өмірден баз кешіп, кайғымен жатып қалады. ОГПУ мұнда да тыныштық бермейді. Оның «Елсізде қалған мен бір шал» дейтіні – осы шақ. 1931 жылы 2 қазанда ауданға бет алып келе жатқан ақынды ОГПУ қаныпезерлері екі рет атып, мерт қылады. Құрқұдыққа тасталған оның сүйегін баласы Ахат 1961 жылы аршып алып, мұсылман ғұрпымен Абай зиратының қасына қайта жерлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет