10. Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттің қазіргі мәдениетпен үндестігіне тоқталыңыз.
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.[2
Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіру бүгінгі таңның ең өзекті мәселелерінің бірі және бұл ірі халықаралық жобаны, оның ішінде Ұлы Жібек жолы бойымен халықаралық туризмді дамытуға Қазақстан белсенді қатысып келеді. Туризм халықаралық қатынаста ұлттық масштаб шеңберінде қарастырылмайды. Орталық Азия мемлекеттері ғаламдық туристік жоба тізбегіне біріккен. «Ұлы Жібек жолы» Жапониядан Еуропаға дейінгі (шамамен 20 ел) елдер өз кезегінде 138 елдің мүшесі бар Әлемдік туристік ұйым жобасына кіреді. Археологиялық ескерткіштер өз кезегінде туризм нысанына айналып, туризмнің инфроқұрылымдық доминанты болып, оның дамуы Қазақстан экономикасының басымдықтарының бірі болды. 1998 жылы Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды қайта өркендету, түркітілді мемлекеттердің мәдени дамуының сабақтастығын сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» бағдарламасын бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Жібек жолын қайта жандандыру – бұл ұқыпты стратегиялық жоспарлауды талап ететін күрделі көп жақты жоба. Жібек жолы – бұл ежелгі маршрут бойындағы жай ғана құрылыс жолы емес, бұл инфрақұрылымның дамуы, тиімді ынтымақтастық үшін ең жоғарғы деңгейдегі қолайлы жағдайда құруды толық жетілдіру заңнамасы, сонымен қатар елдер-қатысушылар арасындағы өзара түсіністік жетістіктері үшін шебер дипломатия. Жібек жолы жүйесін қайта жандандырып, қалпына келтіру тек Қытайдың батыс аудандары үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның басқа да елдері үшін маңызды болып табылады. Бұл континент ішіндегі аймақтар үшін жаһандық ықпалдастықтағы бірден-бір, тіпті жалғыз ғана мүмкіндік болуы мүмкін. Жібек жолын қайта жаңғырту оның бойында орналасқан барлық елдердің экономикасына өзгеріс алып келетіні сөзсіз. Қытай Жібек жолының өз бөлігін қалпына келтіріп, Орталық Азия елдерінің аумағындағы автожол құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларға көлемді қаражат жұмсап келеді. Жобаның негізгі мақсаты ежелгі сауда жолының күретамырын қалпына келтіріп, Жаңа Жібек жолын Роттердамға (Нидерланд) дейін созу. 2008 жылы Женевада 19 елдің, оның ішінде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия мен Иранның министрлері Жібек жолының бір бөлігін қалпына келтіру бойынша көлемді жоба қабылдады. Шамамен 7000 км созылған Жаңа Жібек жолының жаһандық перспективасы тек ежелгі маршруттар ғана емес, жаңа бағыттарды да қамтыған автокөлік және темір жолдардан тұрады. Келешекте Қытайдан Еуропаға дейінгі, Ресейден Онтүстік Азия мен Түркияға дейінгі негізгі континент аралық жолды ашу жоспарланып отыр. Жібек жолының басым бөлігінің бойын¬¬дағы континент іші көлік жүйесінің дамымағанына қарамастан, бұл ай¬мақтарды дамытудың келешегі өте жоғары. Мұнда бай табиғи ресурстар, пайдалы қазбалар және көп халық, мысалы еуразия континентінің барлық аумағының 3/5 бөлігін құрайтын Шанхай Ынтымақтастық ұйымына қатысушы (Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан) елдерінде әлемнің 1/4 тұрғыны шоғырланған. Еуразия елдерінің экономикалық күре тамырын қайта жандандыру тек мәдени-экономикалық айырбас пен өрбуге мүмкіндік туғызып қана қоймай, аймақтағы бейбітшілік пен бірлікті орнықтыруға септігін тигізеді. Жаңа Жібек жолын қалыптастыру Орталық Азия елдері үшін ерекше маңызға ие. Орталық Азия елдеріне географиялық тұрғыдан қарасақ, ол материктің ортасында орналасқан, мұхитқа дейінгі ең жақын қашықтығы 1700 км құрайды, бұл халықаралық сауда үшін табиғи негізгі тосқауыл болып табылады. Жаңа Жібек жолы материк ортасындағы елдерді біршама дамыған Қытай және Еуропамен жан-жақты ықпалдастыққа, сауданың дамуына мүмкіндік туғызып, аймақтағы кедейшілік, қауіпсіздік пен жұмыссыздық мәселелерін шешуге септігін тигізетіндігі сөзсіз. Бүгінде ежелгі алып мемлекеттер жоқ және географиялық шекаралары да өзгер¬ген, ал онда тұрып жатқан адамдар әйтсе де өмірлік маңызы бар экономикалық өзара әрекеттесуге мұқтаж әрі көрші халықтардың өмірі мен мәдениет танымын көксеп келеді. Тарихи, экономикалық және табиғи байланыс, сонымен қатар діни ортақтық халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарады. Елдер арасындағы жан-жақты байланыстарды орнату шеңберінде Жаңа Жібек жолын құруды күшейту, шын мәнінде, үйлесімді дамуға, бейбітшілікке жетуге және халықтардың жарасымды өмір сүруіне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |