Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Мемлекеттер арасындағы байланысқа Ұлы Жібек жолы бойымен дамыған сауданың тигізген ықпалы



бет12/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

12. Мемлекеттер арасындағы байланысқа Ұлы Жібек жолы бойымен дамыған сауданың тигізген ықпалы

Ұлы Жібек жолы Жаңа дәуірге дейін Шығыс пен Батысты түйістіріп түрған жол бас жолға айналды, мәдени ауысулар осы артерия бойынша өтті, онымен елшілер мен сауда керуендері, өнерпаздар мен діни ағымдар тоқтамай ағып жатты. Алайда Ұлы Жібек жолының маңыздылығы Батыс өркениеті дәуірлеп өсіп шыққанда толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар бойында ол біртіңдеп тарылып кетті, отарлау саясаты басталды, теңіз жолы ашылды.Бірақ бұл үрдістер кейін жүзеге асты, орта ғасырларда негізгі Ұлы Жібек жолы торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан-шұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылады. Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса маңызды болғанын есте ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын бойынша еуразялық Дала аймағы «варвар» көшпелілерден  басқа мәдени үрдістерді басынан өткізбеген. Бірақ шын мәнісінде бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Тарихшылар оның  үстіне этникалық жағынан алғанда көшпелілер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық-саяси қауымға бірлескен тайпалар еді дейді. «Отырықшылар (жатақтар) мен көшпелілердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқауы – күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандардағы қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен қабірлерінің табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінген аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады. Қам кесектен (өңделмеген кірпіштен) салынған Түгіскендегі сәулетті де берік үй-там (мазар) құрылысы оған шетелдік шеберлер қатыстырылған болуы керек деген ойға келтіреді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтың орта шенінде үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, Жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде мұнда римдік әйнектер мен теңгелер (монеталар), қытай жібегі мен айналары, сырлы ыдыстар, еуропалық қарсы ілгектер (фибула) мен Сасанид Иранынан әр түрлі мөр-тастар жеткізіліп тұрған.

Ұлы Жібек жолы мәдениетінен шығатын бір қорытынды аграрлық өркениеттегі қала мен оның маңайындағы жер өндеушілер мен бақташылардың арақатынасындағы көптүрліліктің жасампаздық сипатымен байланысты. Кезінде А. Тойнби атап өткендей, кез келген мәдени құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита, ішкі және сыртқы пролетариат бар. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің элитасына отырықшы империялардағы билеуші топтармен қатар, Іле, Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендердегі көшпелі-отырықшылардың тұлғалары да жатты. Солардың көпшілігі туралы деректер қазір Тянь-Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Бұл жерде Ислам Ренессансы өкілдерімен қатар, қолдары алтын зергерлер мен құмырашыларды, әскербасыларды, діни қайраткерлерді айтсақ та жеткілікті.

Ұлы Жібек жолы осы кезде жанданып, Орталық Азия қалаларындағы жоғары мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. «Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзына-бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді. Бұл жерде осындай қалалардың қаулап өсуінің өзі К. Маркстің керуен жолы Шығыс қалаларының гүлденуінде айрықша рөл атқарды деген ойын одан әрі айқындай түседі».



Әрине, Ұлы Жібек жолы дегенде барлық құнды бұйымдар тек Қытайдан келді деп ойламау керек. Мәдениеттануда сұхбат ұстынымен қатар мәдени инкультурация деген де бар. Бірақ бұл соңғысы үстем (донор мәдениет) пен қабылдаушы құрылымдардың арасында өтеді. Ұлы Жібек жолының ерекшелігі оның орталықтарының басымдық таныта алмауында болды. Оның үстіне ол кезде мәдени артерияны бақылаушы түркілерде жалғыз үстемдік етуші жүйе әлі қалыптаспады. Тек кейін бұл функцияны ислам атқара бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет