Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары


Шикізатты кешенді пайдалану



бет5/5
Дата12.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#174323
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция-6 ОХТ

Шикізатты кешенді пайдалану
Қолданылуы
Мұнай өңдеудің жалпы схемасы
    • Үдеріс 470-540С температурада, 2-7 МПа қысымда жүзеге асырылады.
    • Термиялық крекингтің негізгі өнімдері: мұнайхимиялық синтездің шикізаты – көмірсутекті газ, крекинг бензин, термиялық газойль, керосинді-газойлды фракция, крекинг қалдық.
    • Термиялық крекинг бензинінің химиялық тұрақтылығы жəне ок-тан саны (66-68) төмен.

Термиялық крекинг
    • Каталитикалық крекинг алюмосиликатты катализатор қатысында бу фазасында 400-500С-та, атмосфералық қысымда жүреді.
    • Шикізат ретінде қайнау температурасы 500°С-тан жоғары вакуумдық газойль қолданылады.
    • Крекинг өнімдері: газ, бензин, керосинді-газойлды фракция, крекинг – қалдық, кокс.

Каталитикалық крекинг

Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформинг – мұнайды тікелей айдау əдісімен өңдеген бензин жəне лигрин өнімдерін қайта өңдеу үдерісі. Каталитикалық риформингтің мақсаты бензиннің октан санын жоғарылату жəне мұнай-химиялық синтездің бағалы шикізаты ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол, ксилол) өндіру. Октан саны жоғары бензин алу үшін шикізат ретінде 80-180С фракция, ал ароматты көмірсутектер алу үшін қысқа фракцияларды: бензол алуда – 60-85С, толуол алуда – 85-110С, ксилол алуда – 110-140С шикізат ретінде қолданады.

  • Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформинг – мұнайды тікелей айдау əдісімен өңдеген бензин жəне лигрин өнімдерін қайта өңдеу үдерісі. Каталитикалық риформингтің мақсаты бензиннің октан санын жоғарылату жəне мұнай-химиялық синтездің бағалы шикізаты ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол, ксилол) өндіру. Октан саны жоғары бензин алу үшін шикізат ретінде 80-180С фракция, ал ароматты көмірсутектер алу үшін қысқа фракцияларды: бензол алуда – 60-85С, толуол алуда – 85-110С, ксилол алуда – 110-140С шикізат ретінде қолданады.

Үдеріске қолданылатын катализатордың табиғатына байланысты каталитикалық риформинг келесі түрге бөлінеді:
2. Құрамында платина бар катализатор қатысындағы үдеріс – платформинг. Үдерістің катализаторы γ-АI2O3 қондырылған платина (0,3- 0,6%). Катализатордың қышқылдық активтілігін арттыру мақсатында HCI немесе HF (CI немесе F -0,5-1,0%) активтейді. Тасымалдағыш ретінде аморфты алюмосиликаттар жəне цеолиттерде қолданылады.
1. Металл оксидтері негізіндегі катализатор қатысындағы үдеріс – гидроформинг. Үдерістің катализаторлары молибден, хром, кобальт оксидтері, температурасы 480-540С, сутек қысымы 1-2 МПа. Платина катализаторына қарағанда оксидті катализаторлардың активтілігі төмен болғандықтан, бұл үдеріс қазіргі уақытта қолданылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет